Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектебінің 2 а сыныбына арналған Алтын тәж сайыс сабағы


Slide 1

«Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Сыныптан тыс тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Алтын тәж!»

Сайыс сабағы

Дайындаған: Көбенова Ж. З.

Slide 2

Сабақтың мақсаты

Баланың жасырын, тіпті тым тереңде жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау.

Балаға белгілі бір білім беріп қоймай, оны жалпыға таныту.

Оқу білімін байқау, ойын дұрыс айтуға, сөйлеу мәдениетін үйретуге, көпшілік алдында өзін дұрыс ұстауға, сонымен бірге шапшаңдықпен алғырлыққа үйрету.

Slide 3

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар, Т. Аубакиров атындағы 2 а сынып оқушыларының «Алтын тәж» атты сайыс сабағын ашуға рұқсат етіңіздер.

«Алтын тәж» сайысы 6 бөлімнен тұрады.

Ақ өлең оқу.

«Өнер алды - қызыл тіл» Мақал - мәтел.

«Кім епті?» ойыны. Су тасу

«Ой қозғау». Сөзден сөйлем құрау.

«Өнер сайысы»

«Математика - ғылым пірі»

Slide 4

Бұл сайысқа әрбір оқушы өзінің білім деңгейін ұлтжандылығын топ алдында көрсете алатын оқушылар қатысып отыр. Сол оқушыларға сәттілік тілеп, ортаға шақырамыз.

Біреуінің жүрегінің түгі бар,

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар,

Біреуінің күмбірлеген күйі бар.

Біреуінің қатты істейтін миы бар.

Талапкерлерді ортаға шақырамыз.

Slide 5

Бұл сайысқа жеті оқушы қатысады.

Кенесбай Жарқынай

Ибрагим Назерке

Биғараева Мадина

Таубек Алина

Аметалиева Аяла

Танибергенов Ибрагим

Жанаберген Нуртай.

Тең бөлу дүние мүлік қазынаны

Маңдайына әділ қазы жазылады

О, көрермен, қошеметпен қарсы алайық

Ортамызда «Алтын тәж» сайысының әділ қазыларын.

1.

2.

3.

Slide 6

Айыра біл, жақсы менен жаманды

Айыра біл, қарындаш пен қаламды. Айыра біл, соқпағында өмірдің,

Айыра біл, тапсырмаңды алдағы, - деп сайысымызға кезек береміз.

«Мысыр» шаһарының патшасы дүниеден өтіпті. Оның артында қалған не ұлы,

не қызы болмапты. Енді осы «Мысыр» шаһарының патшасын сайлауымыз

керек.

1. Сайыс.

Патша ақылды, сөзге шебер, дарынды болу керек.

Абай, Шәкәрім ізбасарлары.

Slide 7

«Ақ өлең оқу»

Жеті оқушы сайысқа қатысып, оларға әділ қазылар бағасын береді. Соңында қалған оқушы осы сарайдың уәзірі етіп сайланады.

Әділ қазылар алқасы бағаларыңызды беріңіздер.

2. Сайыс.

Өлең, мақал, жаңылтпаш, ертегі, жыр,

Мұның бәрі жанды сөз ішінде сыр.

Елдің сәні сақталар жақсы сөзбен,

Қай жұрт болсын толыссыз осыған құл.

«Өнер алды - қызыл тіл». І. Жансүгіров. Мақал - мәтел айту.

Бұл сайыс соңында қалған оқушы да уәзірі етіп сайланады.

Әділ қазылар алқасы бағасын беруін өтінемін.

Slide 8

3- сайыс. Патша тек ақылды емес, епті де болу керек.

«Кім епті?» ойыны.

Бұл сайыс соңында қалған оқушы сарайдың ақыны етіп сайланады.

Әділ қазылар алқасы бағасын берулеріңізді өтінемін.

Қонақтар сайысы.

Осында отырған қонақтар кімде-кім сыйлық тауып алса, ол сахнаға шақырылады. Және екі оқушыны шақырып, қағазбен орап жарысады.

Қонақтарға сыйлық тапсырылады.

4- сайыс.

«Ой қозғау». Сөзден сөйлем құрау.

1 мамыр -Қазақстан халқының бірлігі күні.

7 мамыр Қарулы күштер күні.

9 мамыр Жеңіс күні.

Әділ қазылар алқасы бағасын беруіңізді өтінемін.

Slide 9

1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні

Slide 10

7 мамыр Қарулы күштер күні

Slide 11

9 мамыр Жеңіс күні

Slide 12

5-сайыс.

Өнерді көп, білген дана болар,

өнерсіздердің ісі шала болар, -демекші кезекті өнер сайысына берейік.

«Өнер » сайысы.

1. Кенесбай Жарқынай - «Бала тілегі» әні.

2. Ибрагим Назерке - «Жау, жау жаңбыр» әні.

3. Биғараева Мадина - «Асыл әже» әні

4. Таубек Алина - «Әкелер» әні

5. Тангирбергенов Ибрагим - «Жарқын жүзді ұстазым»

6. Аметалиева Аяла - «Жас дәуірдің түлегі» әні

7. Жанаберген Нұртай - «Анадай асыл мектебім» әні

Осы өнер сайысымыздың соңында қалған оқушы осы сарайдың бишісі етіп сайланады.

Әділ қазылар алқасы бағаларыңызды берулеріңізді өтінемін.

Slide 13

Патша сарай қазынасын, алтынын есептеп тұру керек.

«Математика - ғылым пірі»

х+45=90+7 56+x=50+20

Бұл сайыста қалған оқушы сарайдың бас уәзірі етіп сайланады.

Әділ қазылар алқасы бағасын беруін өтінемін.

Жеңіп шыққан оқушы «Мысыр» шаһарының патшасы етіп сайланады.

Сайысты қорытындылау:

Осымен «Мысыр» шаһарының патшасы осылай сайланыпты. Бүгінгі «Алтын тәж» сайыс сабағы осымен аяқталды.

Сөз кезегі әділ қазылар алқасына, қонақтарға.

Осымен Мысыр

Шаһарының патшасы жеңіп шыққан оқушы патша атанды. Ол оқушы …

Ол сынып жетекші жағынан, мектеп әкімшілігі жағынан, қонақтар жағынан мақтап мадақталды.


Ұқсас жұмыстар
Гагарин атындағы орта мектептің 22 Б сыныбына арналған ой-танымдық сайыс сабағы
Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектептің 2 А сыныбына арналған етістікті қайталау сабақ жоспары
Н.В. Гоголь атындағы орта мектептің 9 А сыныбына арналған математика сайысының бағдарламасы
Бейнелеу өнері пәні бойынша мектепішілік сайыс - Т. Ибрагимов атындағы жалпы орта мектеп, Отырар ауданы
Оралбаева Айнур Айтбайқызының 2 «А» сыныбына арналған дүниетану пәнінен ашық сабағы: Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі
Т. Бигелдинов атындағы №16 жалпы орта мектебінің Оқуға құштар мектеп жобасы: Иранбек Оразбаев пен Жамбыл Жабаев шығармашылығына шолу
Шұбар жалпы орта мектебінің Информатика - Ақпараттар ғылымы пәні бойынша сайыс бағдарламасы
№119 Маятас жалпы орта білім беретін мектептің 4 А сыныбына арналған сан есім тақырыбы бойынша сабақ жоспары
№62 Н. Төреқұлов атындағы жалпы орта мектептің мектепішілік математикалық-танымдық сайыс
Сан аралықтары: Қарақұм орта мектебінің мектепішілік семинары бойынша 6 Ә сынып математика сабағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz