Қазақ тіліндегі араб-парсы, моңғол және орыс кірме сөздерінің тарихи және тілдік аспектілері


Slide 1

I топ

Араб, парсы тілінен енген сөздер:

адам, әлем, ғылым, қоғам, мектеп, білім, тарих, әдебиет, мәдениет, пән, тәрбие, емле, т. б.

Тарихи дерек: Қазақ даласы Х-ХІІ ғасырларда араб халифатының қарамағында болды. Ислам діні тарады. Ислам мәдениетін жасауда қазақ жерінен шыққан көптеген ақын, ғалым, ойшылдардың үлесі мол болды. Әунасыр әл Фараби, Ғаббас әл Жауһари, әл Сығанақи сияқты тұлғалар шықты. Поэзияда парсы тілі, ғылымда араб тілі басым болғанына қарамастан, Ахмет Иассуаи, Ахмет Иүгенеки, Сүлеймен Бақырғани, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқаридай түркі даналары еңбектерін өз ана тілінде жазды.

Slide 2

III топ

Орыс тілінен енген сөздер:

А) Қазан төңкерісіне дейін енген сөздер: болыс, сот, жәшік, кереует, бөтелке, кәмпит, сөмке, тұрба, т. б.

Ә) кеңестік дәуірде кірген термин сөздер: телефон, телеграф, автомобиль, т. б.

Тарихи дерек: Қазақстанның ХІХ ғасырдағы тарихи оқиғалары Ресей үкіметімен тығыз байланысты. Осы кезеңде қазақ даласына қалалар көптеп салынып, орыс қоныстанушыларының саны артып, үлкен өзгерістер болды.

Араб, парсы, монғол тілдерінің сөздері бірнеше ғасыр бойы қолданылу барысында өздерінің бастапқы қалпын мүлде - өзгертіп, қазақ тілінің заңдылығына бейімделіп, біржола кірігіп кеткен. Соңғы жылдарда кірме сөздердің біразы қазақшаға аударылған. Мысалы: самолет - ұшақ, вертолет - тікұшақ, коллектив - ұжым, герб - елтаңба, гимн - әнұран

Slide 3

II топ

Монғол тілінен енген сөздер:

А) ел билеуге байланысты сөздер: ұлыс, нөкер, жасақ, аймақ, жарлық, т. б.

Ә) жер-су атаулары: Тарбағатай, Нарынқол, Нұра, Баянауыл, Зайсан, Қордай, Алтай, т. б.

Тарихи дерек: 1219 жылы Шыңғысхан Қазақстанның ескі қаласы Отырарды қоршауға алады. Отырар тұрғындары қаланы алты ай бойы қорғайды. Тек бір сатқын қаланы ашып бергеннен кейін ғана монғолдар қаланы жаулап алады. Тек Отырар ғана емес, мұнан кейін Сығанақ, Ашнас, Баршынкент, Үзгент қалаларын тонап, халқын қырғынға ұшыратқан.

Жер - су атауларының шығу тарихын зерттейтін ғалымдардың пікірінше Тарбағатай монғолдың «тарбаған» (суыр) деген сөзінен шыққан, «тай» тау деген сөз. Сонда Тарбағатай тауының мағынасы «суырлы тау» деп түсіндіріледі. Алтай «заңғар тау, алып тау» деген сөзден шыққан дейді.

Зайсан көлінің аталуы ол аштыққа ұшыраған көптеген адамдардың өмірін тайдай тулаған балығымен сақтап қалуымен байланыстырады. Сонда Зайсанның қазақша аудармасы «игі, игілік, мейірман» деген мағынаны білдіреді.


Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіліндегі кірме сөздер: шығу тегі, мысалдар және оқу-әдістемелік тапсырмалар
Қазақстандағы қазақ-орыс билингвизмі: теориялық аспектілері, таралуы және тілдік ерекшеліктері
Қазақ тіліндегі кірме сөздер: шығу тегі, мысалдары және сыныптық тапсырмалар
Әл-Кинди және араб тіліндегі философияның қалыптасуы
Қазақ тілінің сөздік құрамы: архаизмдер, неологизмдер, диалектілер, кәсіби және кірме сөздер
Араб тіліндегі ортағасырлық философияның тарихы мен бағыттары
Қазақ тіліндегі этнофразеологизмдердің тілдік сипаты мен қалыптасу тарихы
Ілияс Жансүгіровтің Күй, Күйші, Құлагер поэмаларының лексикасы: архаизмдер, кірме сөздер және стильдік ерекшеліктері
Қазақ тіліндегі мәдени лексика: қыпшақтық қабаттың тарихи-этнолингвистикалық зерттеуі
Қазақ тіліндегі мәдени лексика және оның қыпшақтық қабаты: тарихи-этнолингвистикалық салыстырмалы зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz