Сөйлем мүшелерін қайталау




Презентация қосу
Қостанай облысы
Аманкелді ауданы
Б.Қолдасбаев атындағы
жалпы білім беретін орта мектеп
Тақырыбы:Сөйлем мүшелерін қайталау
Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Мұстафина Жұмакүл Амантайқызы

Мақсаты:
• Білімділік – өтілген материалдар
жөнінде алған білімдерін
пысықтау, олардың
грамматикалық белгілерін
меңгерту.
• Дамытушылық – өз бетінше
ізденуге, ойлау қабілетін
арттыруға ықпал ету, жылдам
жауап беруге жаттықтыру
• Тәрбиелік – мақал-мәтел арқылы

Сабақтың әдісі:
Сұрақ-жауап, талдау, ізденушілік

Сабақтың түрі:
Қайталау сабағы

Сабақтың көрнекілігі:
Тірек сызбалар, интерактивті
тақта, тапсырмалар

Сұрақтар
Сөйлем мүшелерін тіл білімінің қай
саласы зерттейді?
Сөйлем айтылу мақсатына қарай
нешеге бөлінеді?
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін
ата?
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелеріне
не жатады?
Толықтауыштың сұрақтары қандай?
Пысықтауыштың сұрақтары
қандай?

Талдау – табыс кілті
Мақалды толықтыр және сөйлем
мүшесіне талда
а) Досы көпті жау ...
... көпті дау алмайды.
ә) Қына ... бітеді,
... басқа бітеді.
б) Сөз ... өтеді,
... еттен өтеді.
в) Алып ... туады.

Талдау – табыс кілті
Сөйлемдердегі тұрлаулы мүшелерді
тауып, қай сөз табынан жасалғанын
анықтаңдар
1. Құрмаш бұл сөзге көнбеді.
2. Көмір қазушылар ауылда бір жұмадай
жатты.
3. Бүгін бұлар Қарашоқыдағы Күнкенің
ауылына да жетпек.
4. Ол – күзетші жас жігіт Кәрібжан айтқан
ән.
5. Бес жердегі бес – жиырма бес.

Ойлан. Ізден. Тап.
Мына тізбек бойынша сөз тіркестерін
жаса

сын есім+зат есім
сан есім+зат есім
есімдік+зат есім
зат есім+етістік
үстеу+етістік
сын есім+етістік

Кім көп біледі?
Шешен кісі ... бастар, адал кісі ... бастар.
Жақсының ... жібек орамал кепкенше.
... – білім бұлағы, ... – өмір шырағы.
Ат сүрінбей ... танымас.
Гүл өссе жердің ..., қыз өссе елдің ...
Ұстазыңды ұлы әкеңдей ...
... бала – арлы бала, ... бала – сорлы бала.

Сұрақ-жауап

Шылау сөйлем мүшесі бола ала ма?
Бастауыш кім? не? деген сұраққа жауап береді.
Анықтауыш - сөйлемнің тұрлаулы мүшесі.
Баяндауыш – сөйлемнің тұрлаулы мүшесі.
-ның, -нің ілік септігінің жалғауы.
Мен,сен,ол,біздер – жіктеу есімдігі.
-ма, -ме, -ше сұраулық шылаулар.
Лепті сөйлем қызметіне қарай негізгі, жетек,
анықтауыш болып бөлінеді.
9. Биылғы күз салқын. Бұл – құрмалас сөйлем.
10.«У» тұйық етістік жасаушы жұрнақ.

Тест

1.Тек тұрлаулы мүшеден тұрған сөйлемді табыңыз?
А)Бәріміз жиналдық В) Бұлтты аспан С) 1945 жыл Д)Жаманға сөз айтпа
2.Сөйлемдегі дара бастаушты табыңыз.
А) балалар тез үйлеріне кетті В) Қазақ халқы тәуелсіздікке жетті
С) Менің айтып отырғаным-ақыл Д) Күле беру ыңғайсыз
3.Тұрлаусыз мүшелерді көрсет.
А) Бастауыш, анықтауыш
В) Бастауыш, баяндауыш
С) Толықтауыш,пысықтауыш,анықтауыш Д) Баяндауыш,пысықтауыш
4.Тура толықтауышты табыныз.
А)Балаша еңіреп жылады В) Асқар сиыр айдап кетті С) Базарлық ақ
орамалға түйілген
Д) Басында қара пұшпақ бөрік
5.Қашан? Қайда? – қай сөйлем мүшесінің сұрақтары.
А) Анықтауыш В) Бастауыш С)Толықтауыш Д) Пысықтауыш
6.Анықтауышты табыңыз. Бүгін аспанда алақандай бұлт жоқ.
А) Бүгін В) Бұлт С) Алақандай Д) аспанда
7. Мезгіл пысықтауышты табыңыз.
А) Далада қар бар В) Олар Абаймен көп кеңесті С) Бұлар жазда келіп
кеткен Д) Бостандық өздігінен келмейді
8. Табыс септігінде жасырын тұрған жалғауын табыңыз.
А) Сәуір айы В) Жүк көтеру С) Ала таяқ Д) Ел қуанышы

Тест сұрақтарының кілті
1. А
2. А
3. С
4. В
5. Д
6. С
7. С
8. В

Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма:
Адамгершілік, имандылық тақырыбына
байланысты даналық сөздер тауып жазу.
Оларға синтаксистік талдау жасау.


Ұқсас жұмыстар
Тұрлаусыз мүшелер
Шұжық - шужык
Сөз мағыналарын үйрету
Синтаксис және оның объектілері
Құрмалас сөйлемді қайталау
Саяхат сабақ
Абай ауылы
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас
Сөйлем мүшелері туралы түсінік
Сөйлемнің негізгі мүшесі
Пәндер