Үстеу. Көктем


Slide 1

Мақтарал ауданы “Жеңіс” мектеп-гимназия” мемлекеттік мекемесі

Сабақтың тақырыбы: “Үстеу. Көктем”

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Мырзагелдиева Маржан Құдайбергенқызы

Slide 2

Мақсаты:

Білімдік -үстеу сөздерментанысу, мағыналық түрлерін оқып үйрену, көктем мезгілі туралы дүниетанымдық мәліметтер беру;

Дамыту - топпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, теориялық материал бойынша белгілерді айқындау ;

Тәрбиелік - өзара сыйластыққа, бір-бірін тыңдай білуге, білімге, құштарлыққа тәрбиелеу.

Slide 3

Үйге берілген тапсырма:

Есімдік кездесетін 5 мақал-мәтел жазып келу.

“Көктем” туралы шығармашылық жұмыс (өлең шығару, әңгіме жазу, шығарма жазу, сурет салу және т. б. )

Slide 4

Есімдіктің түрлерін қайталауға арналған зымыран сұрақтар Балалар сұрақтарға зейін салыңдар!

Slide 5

1. “Біреу” есімдігінің түрін анықта

белгісіздік

2. “Ешқашан” есімдігінің түрі

Болымсыздық

3. “Анау” есімдіктің қай тобына жатады?

Сілтеу

4. “Мен, сен, сіз” есімдігінің түрін анықта

Жіктеу

5. Акула жұтқанының бәрін қорытып үлгермесе де, өзіне ешқандай зиян келмейді. Есімдіктерді тап

Бәрін, ешқандай

Slide 6

6. Етістіктің райларын ата

6. “Әркімге” қай септікте тұр?

7. Есімдікке жатпайтын сөзді тап. Бірдеме, аспан, мен, қанша, бәрі, жылы, көк

Барыс септігінде

Аспан, көк

8. Адасып сенен қалмайды,

Қараңғы жерге бармайды.

Жұмбақты шеш. Есімдік бар ма? Түбірін тап.

Жауап: көлеңке

Есімдік: сенен

Түбірі: сен

9. Ұқсайсың өзің көктемге,

Көктемге бірақ құмарсың.

Есімдік бар ма? Түбірін тап

Өзің

Түбірі: өз

Slide 7

Жаңа сабаққа дайындық

Төменде берілген

сөздерге сұрақ

қойыңдар

Slide 8

жоғары

кешке

әдейі

ертең

ілгері

бүгін

алыс

тез

күндіз

артқа

кенет

керемет

Slide 9

Демек, қайда? қашан? қалай деген сұрақтарға жауап беріп, іс-әрекеттің мезгілін, мекенін, сын-қимылын білдіретін сөздерді үстеу дейміз

Slide 10

Мезгіл

(наречие времени)

Мекен

(наречие места)

Үстеу (Наречие)

Бүгін

Кешке

Жуырда

Бұрын

Биыл

Таңертең

Күні бойы

Кеше т. б.

Төмен

Алыста

Тыс

Алда

Ілгері

Бері

Артқа т. б.

Slide 11

Лексикалық тақырып: “Көктем”

Slide 12 Slide 13

Оқулықпен жұмыс

1-тапсырма

Slide 14

Қар еріп, су ағады,

Сарқырап сайға толады.

Күн ұзарып, жылиды,

Бұл қай кезде болады?

Slide 15

Абай Құнанбайұлы

Жазғытұры

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Түйе боздап, қой қоздап, қорада шу,

Көбелек пен құстар да сайда ду-ду.

Гүл мен ағаш майысып қарағанда,

Сыбдыр қағып, бұлаңдап ағады су.

Slide 16

Оқушы

шығармашылығы

Көктем

Көктем келді нұр шашып,

Далаға шықты күн шашып.

Орманда бұлбұл сайраған,

Балалар ойнап жайнаған.

Қар еріп, жылға ағады,

Сарқырап сайға толады.

Күн ұзарып, жымиды,

Құстар шығып жайнайды.

Орал Бекнұр

Көктем

Барлық адам ұнатқан,

Көктем таңы бұл атқан.

Құстары әнін салады,

Көктем ғой бұл жырлатқан.

Бүршік атып бұтақтан,

Хауыздың жанын шулатқан.

Көкорай шалғын шүйгінде,

Жусаған мал да тойынған.

Дүйсен Қазыбек

Көктем

Көктем келді шырайлы,

Орманда құстар сайрайды.

Далада күн арайлы,

Балалар мәз боп ойнайды.

Көктем келді шаттана,

Әсем гүлдер жайнайды.

Далада мал жайылып,

Күн шаттана жайнады Жұмахан Тұрар

Көктемде бәйшешек гүлдегенде,

Күннің нұр көзі көрінгенде.

Жан жылуы тербелгенде,

Қызғалдақтар түрленгенде.

Күш қуатым алаулап,

Көктем қуат береді.

Құстар салған әнші бақ

Көңілімді демеді.

Сабырхан Ақбота

Slide 17

Көктем

Жасыл кілем жарасып жер бетіне,

Қараған адам тоймайды келбетіне.

Дала жатыр тып-тыныш үнсіз ғана,

Ән салады бұлбұлдар тербетіле.

Убайдина Ақерке

Сәуір келіп жетті енді,

Дала гүл-гүл жанады.

Жырға қосып көктемді,

Әнші құстар сайрады.

Арап Назерке

Көктем келді аңсаған,

Құстар келді жаураған.

Күн жылыды далада,

Біз ойнаймыз қуанған.

Сейіткерім Ақтілек

Көктем келді нұрын шашып,

Гүлдер иісі жұпар аңқып.

Жан-жануар оянып,

Көктем келді асығып.

Хангелді Бекзат

Қар еріп гүл шығады,

Күн ұзарып жайнады.

Құстар баққа оралып,

Ән салып бір ойнайды.

Федорова Карина

Оқушы

шығармашылығы

Slide 18

Сөздікпен жұмыс

Мезгіл - время

Сай - овраг

Еру - таять

Таңертең - утром

Былтыр - в прошлом году

Биыл - в этом году

Кешке - вечером

Күндіз - днем

Шөп - трава

Самал жел - ветерок

Slide 19

2- тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, сөйлемдерді жаз.

Көктем . . . келді.

Қар . . . еріді.

. . . бозторғай ән салды.

Аспанды . . . бұлт қаптады .

Керекті сөздер: ерте, жылдам, таңертең, кешке.

Slide 20

Сергіту

сәті

Slide 21

АДАСҚАН САН ЕСІМДЕР

«Те5ің, -деп, -қойларды»,

5ті айғырды қораның

Тө5іне лақтырдым.

5аспап батырмын.

Сен5ең, сұрағын:

5іктегі бөпемнен,

5 жастағы көкемнен.

Slide 22

Жыл мезгілдерінің айларын есіңе түсір

Slide 23

Көктем

мерекелері

Slide 24

Берілген үстеулерге антонидік жұбын жаз

Төмен -

Алға -

Ілгері -

Кешке -

Бұрын -

Әрі -

Ертең -

Slide 25

"Полиглот"

ойыны

Slide 26

“Полиглот” ойынының шарты:

Ұсынылған тапсырмалардың жауабын тауып, үш тілде қатесіз айту. Дұрыс жауапты тапқан соң, орыс тілі мен ағылшын тіліне аудару үшін жауаптар түбір күйінде айтылады. Жауаптың ағылшын тіліндегі дыбысталуына назар аудару.

Slide 27
Ұқсас жұмыстар
Үйге берілген тапсырма
Үстеу туралы түсінік
Үстеу тyралы түсінік
Үстеудің мағыналық түрлері
Үстеу 7 сынып
Себеп - салдар үстеуі
Үстеудің сөз табы ретіндегі сипатын анықтайтын белгілерді бөліп көрсету
ҮСТЕУ
Үстеу тақырыбын пысықтау
ҮСТЕУ. Үстеудің лексика-грамматикалық сипаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz