Девиантты балалармен жұмыс
Презентация қосу
Мерген орта жалпы
білім беретін мектебі.
Бастауыш сынып мұғалімі:
Нигметова Маншук
Ханзадақызы
Тақырыбы:
«Балалар мен жасөспірімдер
арасында девиантты мінезқұлықты түзету бағытындағы
жүйелі жұмыстар.»
Мақсаты
Оқушыларды қоғамның белсенді және саналы
азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал
жасау. Мектептегі әрбір жеке тұлғаның ғылыми
дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік
қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін
қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды
дамуына жағдай туғызу.
Міндеті
Оқушының
жан- жақты
жетілген, өз бетімен
әрекет ете алатын
тұлға болып
қалыптасуына
жол ашу.
Тәуелсіз азамат,
патриот тұлғаны
тәрбиелеу.
Мектептегі педагогтар, психологтар
балаларды оқыту мен тәрбиелеуде сабақтан
көп қалатын, тәртібі нашар, білім деңгейі
төмен, ашуланшақ, ата-аналар мен
ұстаздарды тыңдамайтын, бұзақылықтар
жасайтын балалармен жиі кездеседі.
Зерттеушілер мұндай оқушыларды «Қиын
оқушылар», «Мінез-құлқында ауытқуы бар
балалар», «Девиантты балалар» деп
қарастырып жүр.
Девиантты немесе қиын балалар деген кім?
«Қиын оқушылар» .
«Мінез-құлқында
ауытқуы
бар балалар»
Балалардың девиантты болуына не немесе кім әсер етеді?
жасөспірімнің отбасымен
және құрдастарымен
агрессивтілік
келіспеушілігі.
физикалық жазалау.
өзін-өзі басқарудың
төменділігі.
отбасының құлдырауы.
ата-аналардың
әлеуметтік нормаларды
бақылауының
түсіну дәрежесінің
жетіспеушілігі.
төмендігі.
дербестік
өзіндік тәуелсіздік
Жасөспірімге тән
қасиет .
басқаға бағынышты болмау
Сол себептен, өзінің күш-қуатын, жеке басының мәнмағынасын түсінуге ұмтылыс жасайды. Оны ұғынуға
мүмкіндіктерді мектептегі оқу-тәрбие мен еңбек процесіне
қатыстарынан байқалады. Себебі, девиантты мінез-құлықты
балалар типтік ерекшеліктеріне байланысты тіршілік
қиыншылықтарына кезігіп, оны жеңіп шығуға ішкі жай-күйі
жол таба алмай әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан
қорғалынбайды. Содан девиантты мінез-құлықты бала ешкімге
керегім жоқ деген сезімге беріліп кінәны үлкендерге теліп
айналасымен жан-жалдасуға, ұрыс-төбелеске бейімделеді.
Қажеттіліктің орнын толықтырудың жолы – бос уақытын
мақсатсыз пайдалану, мектеп тәртібін ұстамау, заң
нормаларын бұзу, қылмыстық істер жасау.
Көптеген зерттеуші ғалымдардың
тұжырымдамаларына жүгінсек девиантты мінезқұлықты жасөспірімдерге тән ортақ қылық – ол
ата-аналар мен ұстаздарға қыр көрсету, бір
нәрсені өзінше жасау, үлкендердің тілін алмау,
жағымсыз жандарға еліктеу, темекі тарту,
біртіндеп ішкілікке үйрену, ұрлық жасау тағы сол
сияқты болып табылады. Осындай жат
қылықтарды елемеу – жасөспірімдерді теріс
жолға түсіріп, қылмыс жасауға итермелейді,
адамгершілік ардан аластатып, бара-бара қоғамға
сүйкімсіз, жеккөрінішті жандар қатарына қосары
сөзсіз.
Девиантты мінез-құлықты жасөспірімдерді педагогикалық
мінездемелері жағынан төрт топқа бөлеміз.
Бірінші топқа жататын девиантты мінез-құлықты
жасөспірімдердің мінез-құлқында дөрекілік, қатігездік,
мейірімсіздік, үлкен-кішіні сыйламау сияқты әдет-дағдылар
толық қалыптаспағанымен, олар іштей өз жүріс-тұрыстары
мен іс-әрекеттеріне баға бере алмайды. Бірақ өз мінез-құлқын
түзетуге талаптанады.
Екінші топқа жататындар
Адамгершілік қадір-қасиеттері төмендей бастаған,
әлеуметтік бағдарлары қоғамға жат сыңаймен сипатталады.
Бұлар қатігездік қылықтарымен қатар,ұрлық, тонау,
зорлық-зомбылық жасау, темекі мен наша тарту,
уытты сұйық заттарды иіскеу сияқты
әдеттерге икемдене бастаған.
Бұл топқа тәртібі нашарлаған, құқық тәртібін бұзушы жасөспірімдер жатады,
бірақ бұл балалар әлі бұзыла қоймаған,өз жүріс-тұрыстарын түзетуге мүмкіндік
– қабілеті бар, тек педагог тарапынан басқаруды талап етеді.
Үшінші топқа жататындар
Өз мінез-құлықтарын басқара алмай, өзін-өзі тәрбиелеуге
бейімділіктері жоқ жасөспірімдердің шағын тобы жатады.
Қоғамға жат мінез-құлықтары қалыптаспағаны сонша,
олар өздерінің теріс қылықтарына талдау бере алмайтын
жасөспірімдер. Бұл топқа қатігездік,зорлық-зомбылық көрсетумен
қатар ұрлық, тонау, ішімдік және наша тарту істеріне әбден
машықтанған жасөспірімдер енеді.
Төртінші топқа жататындар
Жүйке ауруларына (невроз, неврастения, кісіні мезі қылатын әдет)
шалдыға бастаған балаларды жатқызамыз. Мұндай жасөспірімдерге
педагог-психологтар мен дәрігерлер
тарапынан дербес қарым-қатынас, ілтипат, сый-құрмет,
жылы лебіз қажет.
Девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің тұлғасын
қалыптастыруда жүргізілетін жұмыстар жүйесі
Тұлға дамитын
ортадағы
материалдық
жағдайды
қамтамасыз ету
Жасөспірімдерді
тәрбиелеу.
Жасөспірімдердің бос уақыттарын
ұйымдастыру
Әлеуметтік және психологиялық
қорғалуы
Девиантты мінез-құлықты
түзету жұмыстары
Оқушылардың өздерінің құқықтары мен міндеттерін білуі;
Оқушылардың жеке
дара ерекшеліктерін
ескеру
Мінездеме.
Мералиева Элла Евгеневна
Ұлты : орыс .
2 сынып оқушысы
Интернат тәрбиеленушісі.
Сабақ үлгерімі орташа, көп қадағалауды қажет етеді.
Әр нәрсеге тез ашуланады, ұрыншақ. Ұрыс –төбелске бейім.
Сыныптастарымен қарым -қатынасы төмен.
Мінез –құлқында агрессия басым. Сыныптастарымен
қарым-қатынасын түзету . Жеке тұлға қалыптастыру
мақсатында төмендегі жұмыс жоспарымен жұмыстанып келемін.
Девиантты мінез-құлықты түзету бағытындағы
жұмыс жоспары
№
Жұмыс мазмұны
Айы
1 1.Девиантты мінез-құлықты Қыркүйек
жеткіншектерді анықтау.
қараша
А)сынып жетекшілермен
әңгіме өткізу.
Б)жеткіншектің мінезқұлқын анықтау.
“Аяқталмаған сөйлем”
әдістемесі.
Уақыты
2
Девиантты мінез-құлықтың
Желтоқсан
алдын алу.
қаңтар.
“Мен және ұжым”
“Мен ең , ең”
“Өлең ойыны”.
“Шеңбер бойынша сөз тізбегі”
ойыны.
3 Девиантты мінез-құлықты
жеткіншектерді
Ақпан
диагностикалау.Психологпен
бірге жұмыстану
Өзіндік бағасын анықтау.
Қақтығысқа арналған тест.
“Әлемде жоқ жануар”
проективті әдістемесі .
4
Тренингтер мен тест және
ойындар жұмыстарын өткізу.
1.Өткізілетін тренингтердің
тақырыбы.
«Жылы сөз » ойыны
“Менің ішкі әлемім”
«Алманы жұлып ал » ойыны
“Мен өз болашағымды қалай
көремін”
“Қақтығыс және одан шығудың
жолы”
“Менің отбасым, менің достарым,
біз бәріміз біргеміз”
“Өзіңді жағымды тәрбиелеу”
“Өзіңе-өзің көмектес”
Наурыз, сәуір.
5
Қорытынды. Жыл
бойына жасалған
жұмыстардың
нәтижесімен
таныстыру.
Мамыр
ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАРЫМҚАТЫНАСЫН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ТРЕНИНГ
ТРЕНИНГ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
1 - кездесу. Сабақтың мақсаты: оқушыларды
(қатысушыларды) бір – бірімен және психологиялық
тренинг жұмысымен таныстыру, бұдан ары да
тренингке қатысуға деген тілектері мен
қызығушылықтарын қалыптастыру.
Сабақтың құрылымы:
1. Кіріспе әңгіме.
2. Жаттығу «Күтілімдер», «Қалам».
3. Танысу «Есімдердің қозғалысы».
4. қимыл – қозғалысқа бағытталған ойындар
5. Тренингтен күтілетін үміттерін нақтылау
Кіріспе
Кіріспе бөлімі
бөлімі
1. Сонымен оқушылар бұрын – соңды
тренинг туралы естіген де боларсыздар.
Мен сіздерге осы тренингте не іс
істейтіндігіміз жайлы айтып өтейін.
Мұнда біз ойындар мен жаттығуларды
орындаймыз. Кез – келген психологиялық
ойынның екі жақты мәні бар. Ол бір
қарағанда жай көңіл көтеру секілді болуы
мүмкін. Ал екінші жағынан ойын біздің
бәрімізге өзімізді, айналамыздағыларды
дұрыс түсінуге, тануға мүмкіндік береді.
«Күтім» атты жаттығу орындалады.
Барлық қатысушыға кішкене жапырақ
таза қағаздар беріледі. Ол қағаздарға
олар тренингтен не күтетіндіктерін
тізіп жазады да оны тақтаға апарып
іледі. Жүргізуші бүгінгі кездесудің
соңына қарай жаңағы парақтарды
ашып барлығы бірлесе отырып талдайды.
Бәрі іліп болған соң жаттығу орындалады.
Енді бәріміз «Қалам» атты бой жазу жаттығуын
ойнайық.
Осы арқылы зерттелушілерде өзара әрекеттестікке
деген бағыттылығын байқағымыз келді. Сондықтан
да біз социометриялық әдістің көмегімен
зерттелушілердің арасындағы тұлғааралық
қатынастарды зерттеуге бел будық.
Социометриялық зерттеудің шеңберінде
респонденттерге белгілі сұрақтарға жауап беру
ұсынылды.
Соынмен, сұрақтаманың нәтижелері бойынша әрбір
оқу тобының оқушылары шартты түрде келесі
топтардың біріне жатқызылды.
"Жылы сөз” ойыны.
Мақсаты: балалардың белсенділігін арттырып, эмоциялық қысымды
жою.
Барысы: Барлық қатысушылар шеңбер жасап тұрады. Бастаушы
өзінің көршісіне бұрылып қошемет сөз айтады (комплимент) ол оған
рахмет айтып келесі адамға жақсы сөз айтады. Ойынды бәрі жылы
сөз тыңдап болғаннан кейін тоқтауға болады.
Баланың психологиялық көңіл- күйін ескеріп оны қалыпты жағдайда
ұстау үшін түрлі жаттылар жасату өз нәтижесін көрсетеді.
“Алманы жұлып ал” ойыны.
Мақсаты: Берілген жаттығу жүйкені тыныштандырып ,
босаңсуға мүмкіндік береді.
Жетекші қатысушылардан бір-бірінен алшақтау түруын
сұранады да: “Қазір біз бақшадан алма жинаймыз, олар өте
биікте өсіп түр, оң қолымызды барынша көтеріп бірбіріміздің артымызға тұрамыза, ішке терең тыныс алып
алмаларды жұламыз. Енді тынысымызды жәйләп шығарып
, алмаларды себетке саламыз.
Сіздердің сол жақтарыңызда тағы да екі өте үлкен алма
тұр. Бір-бірлеріңіздің арттарыңызға тұрып алманы жұлып
алыңыздар. Керемет! Ары қарай терең тыныс алып екінші
алманы сол қолымызбен жұламызда тынысты сыртқа
шығарып алманы себетке саламыз.
ҚОРЫТЫНДЫ АНАЛИЗ
Балаға ілтипатпен ,ізгі тілекпен
қарау
Оның адамгершілік күшіне
потенциалды мүмкіншіліктеріне
сену
Жалпы білім беретін мектептерде
салауатты бағдарламаларды
тиімді пайдалану
Оның жағымды қасиеттеріне
сүйену
Салауатты өмірін қалыптастыру
Девиантты мінезге ие балалардың
білім алу мен бос уақытын тиімді
пайдалы іс –әрекеттермен жаңа
кешенді бағдарламалар құру
Қорыта айтқанды, девиантты мінез-құлықты
тәрбиелік жұмыстарын жүргізуде римдік философ Сенеканың:
«әрбір адам өмірінің тек кейбір жақтарын ойлап талдайды, бірақ ешкім
жалпы өмір туралы ойланбайды» деген ой-пікіріне сүйене отырып,
девиацияға коррекция жасаушы әрбір маман ұстаз, баланың тек кейбір
мінездік кемшіліктерін түзетіп қана қоймай, оларды, қоғамдық өмірдің
талаптарымен ұштасқан дұрыс қарым-қатынас жолына қайтып әкеліп,
ары қарай қалыптаса дамуына, әлеуметтенуіне көмектесуі қажет.
Бұл педагогикалық іс-әрекеттер мазмұны, қоғам өмірінде бекіген
адамгершілік қадір-қасиеттер мәнімен, талаптарымен тікелей
байланыстырады, адамдар арасындағы қарым-қатынастар
(достық, жолдастық, туыстық, сүйіспеншілік, махаббат т.б.)
нормаларымен ұштастырыла жүзеге асырылғанда, ғана балалар
бойында девиантты мінез-құлықтың өріс алмауына тоқтау қойылады.
Жеке тұлға қалыптастыру
Өз ойын ашық айтады
Еңбекке
араласады
Тұлға ретінде
қалыптасады
ОҚУШЫ
Өз ісіне
жауапкершілікпен
қарайды
Бірін- бірі сыйлайды,
санасады
Өзін- өзі бағалай
біледі
Ой түйін
Ұлы бабамыз Абай жастарды оқу білімге шақыра отырып
адамгершілік қасиеттерде игеруге меңзейді.
Абай өзінің ең басты міндетті – халыққа қызмет ету деп,
жастардың еліне, халқына зор махаббатпен қарауды талап етеді.
Қандай жақсы мінез не келіссіз қылық туралы айтсақ та,
соның арғы жағында нақты адам.
Жамандық немесе жақсылық дегеніміз дерексіз нәрселер емес.
Адам жақсыны да, жаманды да көріп соларды салыстыру арқылы
тұжырым жасайды. Ащыны білмеген тәттіні білмейтіні, қараңғыны
көрмеген - жарық сәуленің қасиетін сезінбейтіні сияқты,
біздің өмірдегі құбылыстарға адам бойындағы қасиеттерге
беретін бағамыз,көзқарасымыз біздің өмірден түйген
әсеріміздің жемісі.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz