Шәкәрім Құдайбердіұлы "Қалқаман - Мамыр" поэмасы



Тақырыбы:
Ш. Құдайбердіұлы
“Қалқаман - Мамыр” поэмасы

Мақсаты:
Білімділік: Ақын өмірінен, шығармашылығынан мәлімет беру. Поэманың мазмұнын ашу. Тақырыбы мен идеясын таныту, көркемдік ерекшелігіне талдау жасау.
Тәрбиелік: Оқушының сөйлеу тілін дамыту, өзіндік пікір, көзқарасын қалыптастыру, шығармашылыққа жетелеу, ізденісін шыңдау.
Дамытушылық: Салт - дәстүрімізді білуге, оған құрметпен қарауға, адалдыққа, достыққа берік болуға, ұлтымыздың ұлы адамдарының еліне еткен еңбегін бағалай білуге, ақынның әндері, өлеңдері арқылы өнерді түсінуге, сүйсінуге тәрбиелеу. Оқушыларды адамгершілікке баулу.

Шәкәрім өмірінің хронологиясы
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1857 - 1931) Шығыс Қазақстан обл. Абай ауданында д. к.
Шәкәрім - Абайдың немере інісі, өйткені әкесі Құдайберді - Абайдың ағасы.
7 жаста әкеден жетім қалды және осы жаста өлең жаза бастады.
1905 - 1906 Меккеге қажылық сапар шегеді. Барған осы сапарын пайдаланып ақын өзінің байырғы арманын жүзеге асырады. Ыстамбұл, Париж кітапханаларында жұмыс істейді. Жиналған материалдары негізінде «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» кітабын жариялайды.
1909 - 1910 Ел ортасын тастап, оңаша елсізге кетіп, Шыңғыстаудың қойнауындағы Шақпақ деген жерде өмір сүре бастайды. Шығармашылықпен айналысты.
1912 ж. алғаш Семейде 1878 - 1904 ж. жазған өлеңдері «Қазақ айнасы» деген атпен жеке кітап болып басылып шыққан.
1931 Жазықсыздан - жазықсыз атылды.
1958 2 қазанда СССР прокуратурасы Шәкәрімнің қылмысы жоқ деп, ақтап шықты.
1959 «Қазақ әдебиеті» газетінде оның бірнеше өлеңі жарияланды.

Жылдары
Негізгі оқиғалар
Шығармалары
1857 жыл 11 шілде
Шығыс Қазақстанда дүниеге келді
«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Жастық шақ»
7 жаста
Алғашқы өлеңін шығарды
«Ашу мен ынсап»
1905 - 1906жж.
Меккеге қажылыққа барады
«Түрік, қырғыз, қазақ, һәм хандар шежіресі»
1909-1910 жж.
Оңаша кетіп, шығармашылықпен айналысады
«Жастарға » «Адамдық борышың»
1912 жылы
«Қазақ айнасы» кітабы жарық көреді
«Қалқаман - Мамыр» поэмасы
1931 жылы
Жазықсыздан-жазықсыз атылады
«Дубровский»
1958 жылы
Ақталады
«Еңлік-Кебек»
1959 жылы
«Қазақ әдебиеті » газетінде өлеідеріә жарияланады
«Сен ғылымға»

Бесімде оқу білсін деп,
Ата-анам берді сабаққа.
Жеті жаста жетім боп,
Түскендей болдым абаққа.

Өлеңдері: “Жастарға”, “Адамдық борышың”, “Ашу мен ынсап”, “Насихат”, “Талап пен ақыл, “Сен ғылымға”
Прозалық туындылары: “Түрік, қазақ, қырғыз һәм ханлар шежіресі”, “Мұсылмандық шарты”, “Бәйшешек бақшасы”,
Әндері: “Жастық шақ”, “Шын сырым”, “Ажалсыз әскер”, “Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек”
Поэмалары: “Еңлік-Кебек”, “Қалқаман-Мамыр”, “Мақсұт”, “Ләйлі-Мәжнүн”
Аудармалары: “Дубровский”, “Боран”, “Асархадан патша”, “Үш сауал”

Аудармашы
Қажы
Ойшыл
Жазушы
Ақын
Сазгер
“Топтастыру” стратегиясы

«Қалқаман - Мамыр» поэмасы
«Қалқаман - Мамыр» поэмасы 1882 жылы жазылған 1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» баспасында жарық көрген.
Оқиғаның болған жері - Сыр өңірі 1722 ж. қазақтың «Ақтабан шұбырынды» қарсаңындағы қилы кезеңі суреттеледі.
Жанры - эпикалық - ғашықтық дастан.
Тақырыбы - екі жастың махаббат драмасына құрылуы.
Идеясы - қоғамның әділетсіздігіне, ел билеушілердің озбырлығына қарсылық.

Композициялық құрылымы:
Оқиғаның басталуы: Туыстық байланыс
Оқиғаның байланысуы:
1. Мамырдың бой жетуі.
2. Қалқаман мен Мамырдың кездесуі.
3. Қос ғашықтың бірге қашуы.
Оқиғаның дамуы: Мәмбетай мен Көкенайдың баба сөзіне
келіспеуі
Оқиғаның шиеленісуі: Мамырдың өлімі.
Шарықтау шегі: 1. Қалқаманға шығарылған үкім.
2. Қалқаманның елден кетуі.
Шешімі: Елдің күйзелісі. Қалқаман ұрпағы.

Оқулықпен жұмыс
Еркек - шора: еркек балаша киінген қыз.
Бастаңғы: әке - шешесі үйде жоқта қыз-бозбала мал
сойып, құбыларын жинау
Оғат: оғаш, қателік.
Халал: адал.
Асық: ғашық.
Шаһит болу: дін жолында қаза болу, «ақ өлім».
Түсініктеме парағы

Тақырыбы
Идеясы
Шумақ
Әр шумақ
Бунақ са
Буын саны
Ұйқас түрі

Дәптермен жұмыс
Өлең құрылысына талдау
Бабаң айтты: «Өлтірер жұмыс емес, а
Таспен атып, өлтірмек бұл іс емес, а
Біреудің некелісін бұзбаған соң б
Қанына ортақ болу дұрыс емес. » а
Өлең құрылысы - 11 буынды, қара өлең үлгісім
жазылған
Поэтикалық тілі - суреттеу баяндау, мінездеу,
портрет, теңдеу, эпитет, метафора

Пікірталас сұрақтары
1. Қалқаман мен Мамырдың қосылғаны дұрыс па, бұрыс па?
2. Көкенай әрекетін қалай бағалайсыңдар? Жырда Көкенай батыр деп суреттеледі, оның батырлық әрекеті жырда көріне ме?
3. Қалқаманның ел ортасынан кеткені дұрыс па? Теріс пе?

«Ізден, тап»
1. Мамырдың соңғы сөзі.
2. Әнет бабаның Қалқаманға шығарған үкімі.
3. Қалқаманның елімен қоштасу сөзі.

Тест сұрақтары
1. Қазақтың Сыр бойында жүрген жылы?
А) 1722жылы В) 1737 жылы С) 1822 жылы
2. Әрі би, әрі молда, әрі ғұлама кім?
А) Көкенай В) Әнет баба С) Мәмбетей
3. Қалқаманның әкесі кім?
А) Мәмбетей В) Әнет баба С) Олжай
4. Ауыл үлкендерін жинап той жасаған хан?
А) Сәмеке В) Мәмбетей С) Көкенай
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz