Халықтың жастық - жыныстық құрамы. Еңбек ресурстары


Slide 1

Халықтың жастық- жыныстық құрамы.

Еңбек ресурстары

Дүние жүзінің халқы

Шартты белгілер

Slide 2

Жыныстық құрамы

Жас құрамы

Дүние жүзінің еңбек ресурстары

Slide 3

Дүние жүзі халқының жыныстық құрамы

Дүние жүзі халқының жыныстық құрамында ерлердің үлес салмағы басым. Ерлердің саны әйелдерден 51 млн адамға артық. Алайда әр түрлі елдердегі халықтың жыныстық құрамы түрліше болып келеді. Қазақстанда орташа алғанда әр 100 әйелге 93 ер адамнан келеді.

Slide 4

Ерлер мен әйелдердің арасалмағы

Slide 5

Дүние жүзі халқының жастық құрамы

Ежелгі грек математигі және философы Пифагор адам өмірін жыл мезгілдеріне балаған:

Көктем - балалық шақ

Жаз- жастық шақ

Күз - есейген шақ

Қыс -кәрілік шақ

Slide 6

Дүние жүзі халқының жастық құрамы

Дүние жүзі халқының орташа жасы- 33 жас.

2050 жылға болжам бойынша-36, 5 жас

Халықтың жастық құрылымының үш типі

1. Прогрессивті -балалардың үлесі жоғары

2. Тұрақты - балалар мен қарттар тең.

3. Регрессивті -балалардың үлесі төмен, қарттардың үлесі жоғары. Барлық халықтың ішіндегі 65 жастан жоғары тұрғындардың үлесі 7%- дан асатын болса елдің халқы «қарт» деп есептеледі.

Slide 7

Аймақтар

Жас топтары бойынша халықтың құрамы, %

балалар (0-14 жас)

ересектер (15-59 жас)

қарттар (60 жастан жоғары)

ТМД елдері

25

61

14

Шетелдік Европа

22

61

17

Шетелдік Азия

36

57

7

Африка

45

50

5

Солт. Америка

23

62

15

Латын Америкасы

39

55

6

Австралия, мұх. ар

29

59

12

Қазақстанда

25

64

11

Дүние жүзінде

28

62

10

Дүние жүзі халқының жастық құрамы

Халықтың ұдайы өсуінің І типіне жататын елдерінде балалардың үлесі 22-25%-дан аспайды, ал қарт адамдардың үлесі 15-20% шамасында болып келеді және бұл елдер халқында халықтың жалпы «қартаюы" байқалады.

Халықтың ұдайы өсуінің ІІ типіне жататын елдерінде балалардың үлесі жоғары болып келеді. Орташа есеппен балалардың үлесі 40-45%-ды құрайды, ал жекелеген елдерде 50%-дан да асады (Кения, Ливия, Ботсвана) . Бұл елдердегі қарт адамдардың үлесі 5-6%-дан аспайды.

Slide 8

Жастық -жыныстық пирамида

Халықтың ұдайы өсуінің I типі (Жапония)

Дамыған елдерде пирамиданың төменгі жағы тар болып келеді. Бұл халықтың жастық құрылымындағы балалардың үлесінің төмендігін және қарттардың үлесінің жоғары екендігін көрсетеді.

Халықтың ұдайы өсуінің II типі (Йемен, Венесуэла)

Дамушы елдерде пирамиданың төменгі жағы кең, бұл дамушы елдердегі туудың жоғары екендігін және халықтың жастық құрылымындағы балалардың үлесі жоғары екендігін көрсетеді.

Slide 9

Дүние жүзінің еңбек ресурстары

Экономикалық белсенді халық - еңбекке қабілетті халықтың материалдық өндіріс салалары мен өндірістік емес салада жұмыс жасайтын бөлігі.

Аймақтар

ЭБХ (%)

Шетелдік Европа, Солтүстік Америка елдері,

Ресей

50-60%

Азия, Африка, Латын Америкасы елдері

40-45%

Қазақстанда

52%

Дамыған елдердегі экономикалық белсенді халықтың үлесі, дамушы елдерге қарағанда жоғары болып келеді. Еңбекпен қамтылу құрылымы елдердің әлеуметтік және экономикалық даму деңгейіне байланысты.

Slide 10

Сарамандық жұмыс

Ұдайы өсудің І және ІІ типіне жататын елдердің жас- жыныстық пирамидасына талдау жасаңдар .

Тапсырма :

Жас - жыныстық пирамида нені көрсетеді?

Екі пирамиданы салыстырыңдар. І типтегі пирамиданың ІІ типтегі пирамидадан айырмашылығы қандай ?

Slide 11

1. Жас- жыныстық пирамида -бұл халықтың жастық және жыныстық құрылымын көрсететін графикалық сурет.

2. Ұдайы өсудің II типіне жататын елдерде (дамушы) пирамиданың төменгі жағы (балалар) өте кең болып келеді, ал Iтипіне жататын елдерде (дамыған) керісінше тар болып келеді. Қарт адамдардың үлесі I типіне жататын елдерде жоғары болып келеді.

Slide 12

Тест

1. 1. Халықтың жастық құрылымында қарт адамдардың үлесі жоғары, ал балалардың үлесі төмен болып келетін елдер:

А. дамыған Б. дамушы

2. Халықты жас құрылымына және жыныстық құрылымына қарай жіктеу қалай аталады?

А. сұрыптау В. құрылым

Б. топтпау Г. жіктеу

3. Ерлердің үлесі басым елдер:

А. Ресей мен Иран В. Германия мен Франция

Б. Қытай мен Сауд Аравиясы Г. Ешбір елде

4. Қай елдерде қарттардың үлесі жоғары?

А. Жапония В. Кения

Б. Тунис Г. Монғолия

5. Экономиканың нақты салаларында жұмыс жасайтын немесе жұмыс іздеп жүрген еңбекке қабілетті адамдар:

А. Еңбек ресурстары Б. Экономикалық белсенді халық

Slide 13

Тест

1. Халықтың жастық құрылымында қарт адамдардың үлесі жоғары, ал балалардың үлесі төмен болып келетін елдер:

А. дамушы Б. дамыған

2. Халықты жас құрылымына және жыныстық құрылымына қарай жіктеу қалай аталады?

А. сұрыптау В. құрылым

Б. топтпау Г. жіктеу

3. Ерлердің үлесі басым елдер:

А. Ресей мен Иран В. Германия мен Франция

Б. Қытай мен Сауд Аравиясы Г. Ешбір елде

4. Қай елдерде қарттардың үлесі жоғары?

А. Жапония В. Кения

Б. Тунис Г. Монғолия

5. Экономиканың нақты салаларында жұмыс жасайтын немесе жұмыс іздеп жүрген еңбекке қабілетті адамдар:

А. Еңбек ресурстары Б. Экономикалық белсенді халық

Slide 14

Тақырыпқа байланысты сұрақтар: дүние жүзі халқының құрамы

1

2

3

4

5

Еңбекке қабілетті халықтың материалдық өндіріс салалары мен өндірістік емес салада жұмыс жасайтын бөлігі

Прогрессивті, тұрақты, регрессивті

Қытайда, Индонезияда, Кувейтте т. б.

Дамушы

Көктем, жаз, күз, қыс

Slide 15

Тапсырма 1 Дұрыс тұжырымды таңдаңдар

иә

жоқ

1

Дүние жүзінде әйелдер басым

2

Егер барлық халықтың ішіндегі 65 жастан жоғары тұрғындардың үлесі 7%- дан асатын болса елдің халқы қарт деп есептеледі.

3

Халықтың еңбек құрылымы елдің әлеуметтік -экономикалық даму деңгейімен байланысты.

4

Африка, Азия және Латын Америкасының жекелеген елдеріндегі балалардың үлесі 40% ға жетеді.

5

Балалардың үлесінің ең жоғары көрсеткіштерінің бірі Шетелдік Европа елдеріне тән.

6

Дамушы елдерде халықтың басым бөлігі өнеркәсіп саласында жұмыс жасайды.

7

Азияда әйелдердің үлесі басым

Slide 16

Тапсырма 2

Жастардың үлесі жоғары болып келетін елдер

Қарттардың үлесі жоғары болып келетін елдер

Берілген елдерді екі топқа жіктеңіз:

1. Жапония; 2. Мозамбик; 3. Бангладеш; 4. Чехия; 5. Венгрия; 6. Ресей; 7. Уганда; 8. Үндістан

Жастардың үлесі жоғары болып келетін елдер

Қарттардың үлесі жоғары болып келетін елдер

2, 3, 7, 8

1, 4, 5, 6

Тексеру

Slide 17

Бекіту

А1. Аталған елдердің қайсысында халықтың жастық құрылымында балалардың ( 15жасқа дейін) үлесі басым келеді?

4. Жапония

2. Канада

3. Испания

1. Сауд Аравиясы

А2. Аталған елдердің қайсысында халықтың жыныстық құрылымында ерлердің үлесі басым келеді?

3. Пәкістан

1. Канада

4. Финляндия

2. Германия


Ұқсас жұмыстар
Халықтың жастық- жыныстық құрамы. Еңбек ресурстары туралы
Халық және еңбек статистика сы
Демографиялық саясат
Еңбекке жарамды
Халық пен еңбек статистикасы
Халықтың жыныстық - жастық құрылымы және денсаулығы
Халық саны және еңбек статистикасы
Халық және еңбек статистикасы
Карта - белгілі бір топографиялық проекциялар көмегімен Жер бетінің үлкен өлшем бірліктерінде анықталатын аудандардың нақты жазықтықта кішірейтілен кескіні
Биологиялық ресурстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz