Ақпараттық құзіреттілік
Презентация қосу
22
Математика сабағында оқытудың
ақпараттық-коммуникациялық
технологияларын пайдалану арқылы
оқушылардың ақпараттық
құзіреттілігін қалыптастыру.
Ержанова Нұргүл Төремұратқызы
Аңқаты ЖОББ мектебінің математика пәні мұғалімі
«Өмір бойы білім алу - әрбір
қазақстандықтың жеке кредосына
айналуы тиіс.»
Н.Ә.Назарбаев
Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық
технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы.
ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі
қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық –
коммуникациялық технологиялардың маңызы зор.
Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми
– технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға
қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы
кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті
жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының
басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы
ақпараттандыру процестерінің қарқынды
дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген
жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы»
Заңының 11 – бабының 9 тармағында
оқытудың
жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік
білім беру бағдарламаларының қоғам мен
еңбек нарығының өзгеріп отыратын
қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін
кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттықкоммуникациялық технологияларды енгізу
және тиімді пайдалану міндеті қойылған.
Қазіргі білім беру жүйесінің ерекшілігі – тек
біліммен қаруландырып қана қоймай,
өздігінен білім алуды дамыта отырып,
үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік
тудыру.
Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi
жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез –
құлықтарын,
ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi
талап eтедi.
Мемлекет басшысының
“Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!”
атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз білім
беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға
тиіспіз. Бүгінде мектептерді компьютерлендіру
толықтай аяқталды. Орта білім берудің 12
жылдық моделі енгізілуде. «Өмір бойы білім алуәрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы
тиіс» делінген.
Қазақстан Республикасы Президентінің
2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118
Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы
білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы
қабылданды. Бағдарламада «Е-learning»
электронды оқыту жүйесі бойынша білім
беру сапасын және басқару тиімділігін
арттыру үшін оқу процесін автоматтандыру,
педагогтар мен оқушылардың ең жақсы білім
беру ресурстарына және технологияларына
тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсаты
атап көрсетілді.
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше
маңызды мәселелердің бірі– оқытуды
ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық –
коммуникациялық технологияларды пайдалану.
Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде
жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті
қүру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында
оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының
көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр.
Білім беру саласында ақпараттық –
коммуникациялық технологияларды пайдалану
арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру
үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері
пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде.
Математика сабағында ақпараттық технологияларды
пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық
құзіреттілігін
қалыптастыру атты баяндамамда қазіргі заман
талабына сай ақпараттық технологияларды,
электрондық оқулықтарды
және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының
білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін
дамытуға мүмкіндік беретіндігі туралы баяндалады.
.
Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы
мен ақпараттық
мәдениетiн қалыпастыру қазiргi таңда
үздiксiз педагогикалық бiлiм беру
жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне
айналып отыр.
Құзыреттілік - әр баланың өзіндік
ерекшеліктеріне қарай
жеке тұлғаға бағытталған оқыту арқылы
оқушының білімді жан-жақты меңгеруінен
көрінетін
білім нәтижесі.
Құзыреттілік білім беру жүйесінің
жиынтығы
-
Проблеманың
шешімін табу
/өзіндік менеджмент/
Ақпараттық
құзыреттілік
Коммуникативтік
құзіреттілік
Құзыреттілікке жетудің алғы шарттары
Жеке тұлғаға бағытталған оқытуды
ұстану
оқу үрдісін даралау
Құзыреттілікке жетудің алғы шарттары
әр баланың өзіндік ерекшелігін зерттеу
денсаулығын анықтау
әр баланың субьектілік тәжірибе иесі
екенін ескеру
Құзыреттілік неден көрінеді?
оқушының
әрекет
тәсілдерінің
жан-жақты
кеңеюінен.
проблеманың
шешімін таба
білуінен
оқушының
білім
нәтижелерінен
Өз ойын
жеткізе
алады
Ұсынылған
ақпаратты
тапсырмаға
сәйкес
қолдана
алады
Білімін
өмірлік
жағдайда
пайдалана
алады
Ақпарат
көзімен
белсенді
жұмыс істей
алады
Ақпараттық
құзыреттілігі
қалыптасқан
оқушы
моделі
Ауызша және
жазбаша
сөйлеуді
еркін
меңгереді
Кез-келген
ақпаратты
түсінеді
Өзін-өзі
бақылай
алады
Математика сабақтарында ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланудың
тиімділігі:
-
• оқушының өз бетімен жұмысы;
• аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
• білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары
арқылы тексеру;
• шығармашылық есептер шығаруды жүзеге асыру;
• қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
• қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
• экономикалық тиімділігі;
• оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге
ықпалы зор.
Мұғалім үшін электрондық оқулық –
бұл күнбе – күн дамытылып отыратын
ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны
әрбір мұғалім өз педагогикалық
тәжірибесіндегі материалдармен
толықтыра отырып, әрі қарай
жетілдіре алады. Электрондық оқулық
арқылы үй тапсырмасын, жаңа
сабақты түсіндіруге және тест
тапсырмаларын орындауға болады
Қазіргі таңда мен өз тәжірибемде оқушыларға
математика сабағында электрондық оқулықты
пайдаланып келемін. Онда әр тарауда
тақырыптың мазмұны, заңдары мен
анықтамалары,тапсырмалар , есептер,
бақылау жұмыстары қамтылған. Сонымен
қатар тақырыпты қорытындылау үшін тест
сұрақтары берілген. Бұл тест сұрақтарының
нәтижесі әр оқушыға жауап беру деңгейіне
қарай пайыздық көрсеткішпен бағаланып
беріледі. Бұл әдіс оқушының білімін көтеруге,
сабаққа ынтасын қалыптастыруға оң әсер
ететіндігі сөзсіз.
Электрондық оқулықтар мен компьютерлік оқуәдістемелік құралдарды өз дәрежесінде қолдануды
үйренген оқушылар зерттеуге құштар, өзі белсенді
жеке жұмыс істей алады. Мұғалімнің жұмысын
жеңілдетіп, оқушыны жалқаулықтан құтқарады.
Электрондық оқулықтың бағалық – нәтижелік бөлігі
тесттер арқылы жүзеге асады.
Тест сұрақтарына жауап бергеннен кейін оқушы
диаграмма түрінде өзінің білім деңгейін көре алады.
Оқытудың компьютерлік технологиясының оқу
үрдісінде кеңінен енуі оқушылардың өзіндік және
шығармашылық белсенділігін дамыта отырып,
электрондық оқулық көмегімен
олардың өзіндік жұмыс түрлерін орындауға баулиды.
Оқушы тұлғасының дамуына ықпал жасайтын
электрондық оқулықпен сабақтар жүргізудің негізгі
міндеттері- білім беру жүйесін, оқушылардың базалық
білім, ептілік, дағдыларын игеру жүйесін жетілдіру,
оқыту үрдісінде теориялық және өнімділік ой құрастыру
әрекеттері арқылы танымдық қабілеттерін белсендіру,
танымдық қызығулары арқылы оқуға деген
мотивациясын дамыту, оқу материалын игеруде және оқу
іс-әрекеттерінде жете ұғынуға талпындыру, өзіндік
жұмыстарының ізденісті-зерттеу түрлерін ұйымдастыру,
оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды қолдану, әр
түрлі шапшаңдықпен және әр түрлі көлемді оқу
материалын игерудің мүмкіншілігін ашу.
Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта
пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін
кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар
орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып
бойынша тапсырмалар мен тарау бойынша тест
жұмыстарын орындап, анимациялық практика
тапсырмаларымен жұмыс жасауға дағдыланады.
Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер,
видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып
көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға
жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі.
Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен
оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген
баланың құштарлығы оянады деп есептеймін.
Білім – болашақ бағдары, кез-келген оқу орынның
басты міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның
құзіреттілігін дамыту. Құзірет – оқушының жеке және
қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы
табысты іс-әрекетіне қажетті білім дайындығына
әлеуметтік тапсырыс. Құзыреттілік – оқушының
әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін
білім нәтижесі. Ақпараттық құзыреттілік – бұл жеке
тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау,
оны жүзеге асыру және ақпараттық –
коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін
жан-жақты қолдану қабілеті. Құзіреттілікті
оқушының пән бойынша игерген білім, білігінің
жинағы деп қабылдауға келмейді. Ол – оқу
нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім,
білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті
болып табылатын жаңа сапа.
Ақпараттық құзіреттілікті
қалыптастырудың басты мақсаты –
оқушыларды ақпаратты беру, түрлендіру
және оны қолдану білімдерімен қаруландыру,
олардың компьютерлік технологияны өз
қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана алу
қабілеттерін қалыптастыру.
Басқаша айтқанда, бұл кеңістікке ең алғаш еніп,
оны жүйелі және кәсіби бағытта енуін
қамтамасыз ететін мұғалім. Бүгінгі күні
ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада
жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын
жүйелі түрде жеткізе алатындай,
коммуникативті және ақпараттық мәдениеті
дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана
алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау
әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс.
Орта білім беруде ақпараттық технологияларды
пайдалану мен оқушылардың ақпараттық
құзіреттілігін қалыптастыру атты баяндамамды
қорытындылай келе төмендегідей ұсыныстарға
тоқталамын:
•
орта білім беретін оқу орындарын қазіргі
заманға сай жаңа ақпараттық құрал –
жабдықтармен жабдықтау, интерактивті
тақталар мен мультимедиялық кабинеттермен
және арнаулы пәндер бойынша электрондық
оқулықтармен қамтамасыз ету;
•
орта білім саласында оқытудың жаңа
ақпараттық технологияларын пайдалану
бойынша білім жетілдіру курстарын жиі
ұйымдастыру;
«Қазіргі заманда ақпараттық
технологиямен байланысты әлемдік
стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру
өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей
жас ұрпаққа білім беру жолында
ақпараттық технологияны оқу үрдісінде
оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың
маңызы зор.
Ақпараттық құзіреттілікті
қалыптастырудан күтілетін нәтиже -жаңа
заманға
сай ақпараттық мәдениеті мен құзіреттілігі
қалыптасқан, теориялық білімдерін іс
жүзінде қолдана алатын, информатика пәнін
басқа пәндермен байланыстыра алатын
жеке тұлға қалыптастыру.
ҚҰЗЫРЛЫЛЫҚ АДАМНЫҢ ОЛ РУХАНИ
БАЙЛЫЛЫҒЫ,
БӘСЕКЕГЕ КЕЗ КЕЛГЕН САЙЛЫЛЫҒЫ.
КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІНІҢ БИІГІНЕН,
КӨРІНЕДІ ТЕК ҰСТАЗДЫҢ БАЛАҒА
ЖАЙЛЫЛЫҒЫ
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz