"Нәзік жандарды қорғау" ата - аналар үшін


Slide 1

Нәзік жандарды қорғау

Slide 2

«Біз әрбір адамның ар-намысын, жағымды қасиеттері мен беделін, жоғары адамгершілік, этикалық стандарттары және рухани құндылықтарын бағалайтын қоғам құруымыз керек» Н. Ә. Назарбаев.

Slide 3

Зорлық - зомбылық дегеніміз не?

Зорлық-зомбылық - жеке тұлғаға қол сұқпаушылық, (тәндік және рухани мағынада) туралы азаматтардың құқын бұзатын бір адамның екінші адамға тәндік немесе психикалық ықпал етуі. Түрлі тәсілдермен ұрып-соғу, дене жарақатын салу, азаптау (азапқа салу және денсаулыққа зиян келтіру) ; адам психикасына (жүйкесінің тозуы немесе тіпті жынданып кетуін тудыруы мүмкін) қорқыту, тәнге жарақат салу катері жолымен ыкпал ету және т. б. Зорлықзомбылықты қолдану аркылы жасалған қылмыс, қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын мән-жай болып табылады.

Slide 4

Зорлық - зомбылықтың түрлері

- эмоциалық зорлық - балағаттау, қорлау, сөгу, өзін-өзі құрметтеуді жоғалтуға әкелетін немқұрайды қарым-қатынас, негізсіз қызғаншақтық, балалардың жеке өміріне қол сұғу;

- физикалық зорлық - отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоцианалдық зорлық;

- экономикалық зорлық - үйден тыс жерде жұмыс істеуге тыйым салатын, ақша бермей немесе оларды өмір сүруге жетпейтін мөлшерде беретін, әйелінің немесе баласынын жеке ақшасын алып қоятын, табысын жасыратын эмоцианалдық зорлық;

- жыныстық зорлық - әйелдің қалауына қарсы жыныстық қатынасқа мәжбірлеу, зорлау, балаларды жыныстық зорлау;

- қауіп- қатер - отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру немесе өлтіру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу, құқыққа қарсы әрекеттер жасауға мәжбірлеу;

- балаларды анасына қарсы қолдану - әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, тастап кеткен балаларына қатысты өзін кінәлі деп санаумен қорқыту, қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларды қолдану;

- қорқыту - жиҺаздарды немесе ыдыс-аяқты сындыру, қирату, үй хайуанаттарына қатыгез қарым-қатынас, үйде қару- жарақ ұстау;

- айналасындағылардан оқшаулау - туысқандарымен және достарымен қарым- қатынас бостандығынан шектеу;

Slide 5

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес еліміздің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы осы көрініске қарсы күресте жаңа, тиімді тәсілдерді іздеуде маңызды саяси шаралар қабылдауда. Бұған 1998 жылғы 29 маусымдағы БҰҰ-ның «Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы» Конвенциясын ратификациялау, сондай-ақ 2001 жылғы 1 шілдеде Конвенцияның Факультативтік хаттамасына қосылу дәлел бола алады.

Гендерлік саясатты іске асырудың практикалық шараларының бірі 1999 жылы ішкі істер органдарының аудандық буынға дейінгі құрылымында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөліністерін (бұдан әрі - ӘЗҚБ) құру болып табылады. Бүгінгі күні бөліністерде ішкі істер органдарының 126 қызметкері жұмыс істейді. Қазақстан осы тектес арнайы бөлініс құрған посткеңестік кеңістіктегі жалғыз ел болып табылады.

Бұл бөліністің қызметкерлері прокуратура органдарымен, білім беру және денсаулық сақтау департаменттерімен, белгілі бір облыстың аумағында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді.

Slide 6

ӘЗҚБ қызметінің қағидаттары - полицияға өтініш білдірген әр әйелге көмек көрсетуді ұйымдастыру, сондай-ақ әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және ескерту.

ӘЗҚБ негізгі міндеттері әйелдердің конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғауды қамтамасыз ету; әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту және жолын кесу мәселелерінде ішкі істер органдары бөліністерінің қызметін үйлестіру; әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың түрлеріне, нысандары мен әдістеріне, сондай-ақ оларды жасаудың себептері мен шарттарына аналитикалық зерттеулер жүргізу; әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту және жолын кесу мәселелерінде халыққа құқықтық көмек көрсету болып табылады.

ӘЗҚБ қызметкерлерінің алдын алу қызметі бұқаралық ақпарат құралдарын (телевидение, радио, баспасөз) пайдаланып, халық арасында белсенді жұмыс жүргізу, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың ресурстары мен мүмкіндіктерін пайдалана отырып, зорлық-зомбылық құрбандарымен жұмыс істейтін мамандарды шақырып, семинар-тренингтер өткізу болып табылады.

Slide 7

Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдермен жұмысты тікелей ұйымдастыруға үлкен мән беріледі, оның барысында зорлық-зомбылыққа ықпал еткен себептер мен шарттар анықталып, оларды жою шаралары қабылданады. Бұл ретте жанжалдың туындауын түсіндіруге және қалыптасқан жағдайдан шығу жолдарын іздеуге баса назар аударылады.

Зорлық-зомбылықтан зардап шекен әйелдерге көмек көрсету мақсатында ӘЗҚБ қызметкерлері өз қызметін дағдарыс орталықтарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, жүзеге асырады. Қазіргі уақытта елімізде 25 дағдарыс орталығы жұмыс істейді, олардың қызметі зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге көмек көрсетумен байланысты. Жеті дағдарыс орталығында әйелдерге арналған паналау орындары бар, онда көрсетілген бөліністердің қызметкерлері зорлық-зомбылық жасауға ықпал еткен себептер мен шарттар жойылғанша және зорлық-зомбылық жасаған адамдарға қатысты шаралар қабылданғанша зорлық-зомбылық құрбандары болған әйелдерді тұру үшін жібереді. Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге көмек көрсете отырып, Дағдарыс орталықтары оларға телефонмен тегін және құпия кеңестер, психологпен, заңгермен және әлеуметтік қызметкермен бетпе-бет кездестіріп, кеңес береді.

Slide 8

Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - ІІМ) әйелдер мен балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды құқықтық қамтамасыз етуге үнемі қатысады.

ІІМ-нің ұсынысы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті көздейтін нормамен (79-5-бап) толықтырылды, ол ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді.

Қазақстан Республикасының Парламенті ІІМ әзірлеген «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес туралы» Заңды қарауда. Бұл заң жобасы талқылау және ұсыныстар енгізу үшін әйелдерді, қоғамдық ұйымдарды, мемлекеттік құрылымдарды, ғылым және білім беру қызметкерлерін белсенді тарта отырып, республикамыздың барлық өңірлерінде теориялық ұсынымдар мен практикалық проблемаларды ескеруімен сипатталады.

Slide 9

Әйелдерді зорлық - зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімше қызметінің негізгі бағытының бірі зорлыққа тап болған әйелдерге психологиялық, заңдық көмек көрсету, сонымен қатар қоғамда, жанұяда әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық фактілері туралы өтініштерді және шағымдарды қарастыру болып табылады.

Slide 10

Қымбатты әйелдер! Зорлық фактілері туралы үнсіз қалмаңыздар және полициядан көмек сұрауға қорықпаңыздар! Зорлаушы өзінің жазаланбайтынын сезіп, одан сайын қатыгез және зұлым болады, сонымен қатар балаларды да зорлық-зомбылыққа ұшыратады.

Оның алдындағы өзіңіздің үрейіңізді басып, құқық қорғау органдарының күші мен көмегіне сеніңіз! Зорлаушыға қарсы қолданылатын көптеген жазаның түрлері бар - ескерту, айып салу, әкімшілік қамау, түзету жұмыстары және басқалар. Жүйелі соққы беру жағдайында зорлаушы бостандығынан айырылуы мүмкін.

Slide 11

Отбасында адам бойындағы асыл

қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.

Отанға деген ыстық сезім - жақындарына,

туған-туысқандарына деген

сүйіспеншіліктен басталады.

Н. Ә. Назарбаев

Slide 12

Ата-аналар, сіздер үшін!

1. Балаға дұрыс тәрбие беру - ата-ананың


Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік бейімдеу және тұлғалық қолдау технологиясы
Ата - ана жайлы
Қазақтың ұлттық психологиясындағы қыз бала тәрбиесі
Ананың ізін қыз басар
Қазақстан Республикасындағы туылуы, олардың тәрбиесі нәзік гендерлік саясаттың негізгі әйелдердің мойнында
Жұлдызға тән мамандық
Баланың отбасына бару
Ана өмірдің шуағы
ОҚУШЫ АТА - АНА МҰҒАЛІМ
Құпия сөз
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz