Киім дизайнері


Slide 1

Сабақтың тақырыбы: «Киім дизайнері»

Мақсатары:

Оқытушы: оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын кеңейту, оларды «дизайн» ұғымымен, бұл ұғымның пайда болумен, анықтамасымен, дизайн бағыттарымен, тігін бұйымдарын жасау саласындағы дизайн үдерістерімен таныстыру.

Дамытушы: зейін қоюды, байқампаздықты, шығармашылақ ойлауды және көркемдік талғамды дамытуға жәрдемдесу.

Тәрбиелік: эстетикалық сезімге, танымдық белсенділікке, таңдаған кәсіпке деген шығармашылық көзқарасқа тәрбиелеу.

Slide 2

Дизайнер

түрлері

Интерьера

киім

ландшафта

фитодизайнер

дизайнер полиграфии

Фуд-дизайнер

Web -дизайнер

«Дизайн» ұғымы адам қызметінің кез келген түріне қолданылады.

Slide 3

Киім дизайнері

Slide 4

Киім дизайнері Адамдардың көбісі «кутюрье» сөзін салтанаттықтың, әсем, жарқын өмірдің баламасы ретінде қабылдайды. Валентино, Армани секілді танымал итальяндық кутюрьелері - киім дизайнерлері. Әрбір жасампаз, дарынды адам бұл мамандаықты игеріп көруі мүмкін. Егер сіз шығармашыл тұлға болсаңыз, сұлулықты, сонылықты сүйсеңіз, сәнге деген қызығушылығыңыз болса, міндетті түрде дизайнерлік шеберлікті оқыңыз. Біздің елімізде киім дизайнері кәсібі жақында ғана таралды. XIX-XX ғасырларда киімнің көпшілікке арналған өндірісі басталды, ал киімге деген талап қатан болды. Сәнқойлар киімнің ыңғайлы, әдемі, қолайлы, заманға сай болуын қалады. Осы уақытта киім дизайнеріне деген қажеттілік пайда болды. Олар нобайды жобалаумен қатар киімнің жана үлгілерін жасап, мата мен фурнитураны таңдады.

Slide 5

«Киім дизайнері» кәсібін игеру бір қарағанда оңай болып көрінеді. Арнайы білімді көркемдік училищеде, сән және өнер инстиуттарында алуға болады. Сонымен қатар бұл мамандықты тиісті білім алып, киім дизайнері курстарын бітіру арқылы игеруге болады. Алайда қолдарыңыздағы оқу бітіру туралы куәліктерін түрлі көрсетілімдерде Дольче мен Габанна секілді аттармен қатар аттарыңыздың белгілі болатынына кепіл бермейді. Атақты киім дизайнері болудың әдісі қандай? Бір-біріне ұқсас жүздеген жас дизайнерлердің арасынан қалай топ жаруға болады? Бұл үшін кәсіптік дағдыларды игеріп, киім дизайнерінің курсын бітіру жеткілікті емес. Ерекше және соны талғам сезімін иеленіп, сәннің барлық соңғы жаңалықтарынан хабардар болу керек. Киім дизайнері белгілі бір деңгейде өнертапқыш болып есептеледі, сондықта ол уақытты озып, болашаққа көз салу керек. Бұған қоса, көпшілік таныған, сұранысқа ие дизайнер болу үшін әдемі, ерекше топтамаларды жасаумен қатар, әрбір бұйымның күнделікті өмірге бейімделуін қамтамасыз етуге тырысу керек. Сонымен қатар адамдармен жақсы қарым-қатынас орната білу және ақылды басқарушы болу маңызы. Киім дизайнері киімді құрастырудың және матаны пішу мен тігудің технологиясын меңгеру қажет. Оның міндеттеріне әрбір үлгінің нобайын ойластыру, салу, қажетті матаны, фурнитураны таңдау кіреді. Дизайнер қызметі тәжірибелік үлгілерді бекітуге дейінгі өндірісті қамтиды. Көбінде алғашқы үлгілерді басынан аяғына дейін өзі орындайды. Өнімді еңбек ету үшін дизайнер сән әлемін, соңғы үрдістерді ізденіп, қадағалау керек. Бұл шығармашылық кәсіп болғандықтан, жаңашыл ойлауды, қиялдауды, ерекше шешімдерді қабылдауды талап етеді. Бір жағынан оның шығармашылық еркіндігі тапсырыс берушінің міндеттерімен шектелген. Сондақтан жұмыста жалғыз дарындылықм жеткіліксіз. Пішу және тігу икемімен қатар, жасалған үлгіні қалың бұқараға дұрыс ұсына білу қажет.

Slide 6

Сәнгерлердің мамандануы: Сәнгер-суретші Сәнгер-конструктор Үлбірмен жұмыс істейтін сәнгер. Сәнгер келесі қасиеттрге ие болу қажет: шығармашылық қабілеттілік, ойша көз алдына елестеу мен бейнелік ойлауы дамыған, көркемдік талғам, өзіндік және мақсатқа талпынушылық. Әртүрлі елдердің танымал сәнгерлері: Джорджо Армани, Пьер Бальмен, Джанни Версаче, Донаталла Версачи, Джон Гальяно, Кристиан Диор, Дольче Габанна, Пьер Карден, Кельвин Кляйн, Нина Риччи, Коко Шанель. Қазақстанның танымал сәнгерлер: Дизайнер, стилист, суретші, «KURALAI» сән үйінің жетекшісі - Құралай Нұрқадилова, Аида Кауменова, Оксана Корби, Саида Азихан, Айгұл Қуандыкова. Ресейдің танымал сәнгерлер: Татьяна Гардиенко, Вячеслав Зайцев, Валентин Юдашкин. И т. д.

Slide 7

Европа модельерлері

Slide 8 Slide 9

D&G - Әйелдер коллекциясы - Күз-жаз - 2014

Slide 10

Прада - мода

Slide 11

Fashion Armani

Slide 12

Өзіндік жұмыс I. Дизайндық талдау- топтарда жүргізілетін іс-әрекет түрі, талқылау нәтижесінде өздерінің ойларының жазбалары және суретемелері жасалды. Дизайндік талдау дара іс-әрекет ретінде немесе жобаның бөлігі ретінде орындалуы мүмкін. Дизайндық талдауды өткізудің әртүрлі тәсілдері бар: Түсініктемелері бар нобай көмегімен; «пайдаланушының сынағы» жаттығуы арқылы; «жеңімпаз» көмегімен.

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Сәнгерлердің мамандануы
Қазақстандық сәнгерлер туралы ақпарат
Қазақстандық сәнгерлер!
Бизнес жоспар. Киім өнеркәсібі
Әлемдік Сәнгерлер
Ашамай кесте
Монофункциона лды ғимараттар
Киімді көркемдік модельдеу
Киім классификациясы
Киім сұлбасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz