Бауыржан Момышұлы және Ұшқан ұя: өмірі, шығармашылығы мен тәрбиелік мәні


Slide 1

Психологиялық дайындық

Күлімдеп күн бүгін

Қарады маған да.

Күлімдеп күн бүгін

Қарады саған да.

Күлімдеп күн бүгін

Қарады баршаға.

Slide 2

Сабақтың мақсаты: І. Білімділігі: Әрбір оқушының жеке даралық, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыра отырып, Бауыржан Момышұлы, оның өмір жолы туралы, сондай -ақ, ұшқан ұя, жанұя туралы жалпы білімдерін кеңейту. ІІ. Дамытушылығы: Оқушылардың ынта - жігерін, танымдылығын, сөздік қорын, ой -өрісін, ойлау қабілеттерін дарыта отырып, шығармашылыққа жетелеу. ІІІ. Тәрбиелігі: Тіршіліктегі әдемілікті көре білуге, ести білуге, әдемілікті сезіне білуге, тазалыққа, адамгершілік қасиеттерге, ұжымшылдыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, достыққа, елдікке, сыйластық пен бірлікке тәрбиелей отырып, білімпазқа жетелеу.

Slide 3

Амангелді Үдербайұлы Иманов (1873-1919 жж. ) - халық батыры, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі, Кенесары Қасымовтың үзеңгілес серігі, Иман батыр Дулатұлының немересі. Бұрынғы Торғай уезі Қайдауыл болысында туған. Әкесі шаруа баққан, момын кісі болған. Шешесі Қалампыр Қақуқызы медресе бітірген. Амангелді әуелі ауыл молдасынан 2 жыл оқып, кейін Тасыбай, Тәшмағамбет ишандардың медресесіне түсті. Медреседе 4 жыл оқыған ол түрік, парсы, араб тілдерін меңгерді.

Slide 4

КЕНЕСАРЫ ҚАСЫМҰЛЫ (1802-1847 ж. ), белгілі хан (1841 жылдан) . Абылайдың немересі. Ресейдің отаршыл саясатына қарсы 1837-1847 ж. ұлт-азаттық көтерілістің көсемі. 1825 ж. ағасы сұлтан Саржанның қарулы көтерілісіне ат салысқан. 1836 ж. ағалары Саржанды, Есенкелдіні Ташкент билеушісі зұлымдықпен өлтірткеннен соң қанат жайған қозғалысты әрі қарай жалғастырды. Кенесары өте қажырлы, ойластырған ісінен қайтпайтын, жау күшінен қаймықпайтын қолбасшы.

Slide 5 Slide 6 Slide 7

Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Мыңбұлақ ауылында туған.

Имаш бабасы 1911 жылы 92 жасында дүниеден өткен. Әкесі Момыш өз бетімен ескіше сауат ашқан, кирил алфавитімен оқуды меңгерген сол кезеңдегі көзі қарақты адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал болатын. Имаш атасы қартайған кезінде барлық шаруашылықты Момыш ұлына табыстаған. Әжесінің есімі - Қызтумас, қартайған шағында ағайын-туыс "сары кемпір" деп атаған. Анасы Рәзия дүниеден ерте өтіп, Бауыржан 3 жасынан бастап Қызтумас әжесінің қолында өседі.

Slide 8

Халық қаһарманы

Қазақтың көрнекті жазушысы

Кеңестер Одағының Батыры

Slide 9

Бауыржан Момышұлы - көрнекті жазушы, шығармаларын қазақ және орыс тілінде жазған . . . Одан кейін «Бір түннің тарихы», «Біздің семья», «Москва түбіндегі шайқас», «Жауынгердің тұлғасы» «Майдан», «Генерал» сияқты өзге де көптеген шығармалары оқырман жүрегіне жол тауып, көпшіліктің іздеп оқитын кітаптарының біріне айналды. Бұл шығармалардың барлығы да көптеген елдердің тілдеріне аударылып басылды

Бауыржан Момышұлы атақ-даңқтан кенде адам емес. Ол Кеңес дәуіріндегі Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, 1-ші дәрежелі Отан соғысы, 2 рет Қызыл Жұлдыз, Құрмет белгісі» сынды орден-медальдармен марапатталса, халқының шын мәніндегі қаһарман ұлына Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін «Кеңес одағының батыры" атағы берілді. Осылайша қазақ халқы батыр ұлының асқақ рухын тағы бір рет ұлықтады.

Slide 10

Бауыржан айтқан нақыл және қанатты сөздер

1. Ерлік - тәрбие жемісі.

2. Жауынгерлік тәрбие әскери киімде емес, жөргекте жатыр.

3. Солдаттың анасы - Отанның анасы.

4. Ақылды кісінің сөзі де, өзі де сүйкімді.

5. Жақсы солдат командирге ұстаз, ал, жаман, ақымақ генерал командир түгілі солдатқа ұстаз бола алмайды.

6. Соғыстың заңы - өте қатал заң.

7. Біреудің қатесін орынсыз кешіруге болмайды.

8. Ақкөңіл деген нәрсенің екі түрі бар: аңғал ақкөңіл, ақылды ақкөңіл.

9. Жалтақтардың көбі ақымақ, әкімқұмар келеді.

10. Орынды іске, пайдалы қаталдыққа ешкім өкпелемейді.

11. Мақтау қауіпті нәрсе. Мақтаудың екі түрі бар: біріншісі - қара ниетті мақтау, екіншісі - ақ ниетті мақтау.

12. Опасызда Отан жоқ.

Отанда опасызға орын жоқ.

Отаның үшін отқа түс - күймейсің.

13. Айғаймен ала алмайсың, ақылмен, айламен басқар.

14. Тәрбиелі - тәртіптің құлы.

Тәртіпті - елдің ұлы.

Slide 11

Сергіту сәті

Slide 12

Жаңа сабақ “Ұшқан ұя”

Slide 13

-Алатаудың қыраны мол еді-

Қырағы болсын құлыным.

Қойнауы суға мол еді-

Бұлағы болсын құлыным.

Ата тілегі оң еді-

Құмары болсын құлыным.

Бұл жер батырлар төрі еді-

Сыңары болсын құлыным.

Slide 14

Сөздікпен жұмыс:

Айттыру - құда түсіп, қыз алып беру.

Баба- арғы ата.

Бата - ізгі ниетті тілек.

Slide 15

Мақал - мәтелдер


Ұқсас жұмыстар
Бауыржан Момышұлының Ұшқан ұя повесінің жанрлық ерекшеліктері мен ұлттық-этнографиялық сипаты
Бауыржан Момышұлы: өмірі, ерлігі және әдеби мұрасы
Бауыржан Момышұлы (1910-1982): өмірбаяны, әскери қызметі және шығармашылығы
Бауыржан Момышұлының өмірі, әскери қызметі және шығармашылығы
Ұшқан ұя повесінің кейіпкер бейнесі және патриоттық тәрбиеге ықпалы
Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығы: бала Бауыржаннан батырға дейін
Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы нақыл сөздер мен олардың ұлттық тәрбиедегі рөлі
Бауыржан Момышұлы: өмірбаяны, әскери ерлігі және әдеби-тарихи мұрасы
Бауыржан Момышұлы: соғыс қаһарманы, жазушы және Халық қаһарманы
Бауыржан Момышұлы: дара тұлға, ерлік мұрасы және тәлімдік өсиеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz