ЖЕЛТОҚСАН ЖАҢҒЫРЫҒЫ


Slide 1

Желтоқсан - тәуелсіздік

шежіресі

Slide 2

а) Қазақстан тарихындағы тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуының бастамасы болған желтоқсандағы жастар шеруінің мәнін ашып түсіндіру, тарихына шолу жасау

ә) . Оқушыларды ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігі үлгісінде Отанды, елін сүюге, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу

б) Оқушылардың жауапкершілік, белсенділік, ізденгіштік, зерттеушілік қасиеттерін дамыту

Мақсаты:

Slide 3

ІІІ. Желтоқсан - тәуелсіздік

шежіресі

(Тарихи шолу )

Slide 4

1730 жыл. Қазақ халқының жоңғарларға азаттық күресі

барысындағы өте елеулі оқиға -Аңырақай шайқасы.

Бұл шайқас көктемде Балқаш көлінің оңтүстік -

батыс жағалауындағы Алакөл деген жерде болды.

Шайқаста кіші жүздің ханы Әбілқайыр тікелей басшылық

етті. Оған қазақтың үш жүзінің жасақтары қатысты.

Slide 5

1836 жыл. Бөкей хандығында аса ірі халық -

азаттық көтерілістердің бірі болып өтті.

Ол көтерілістің басты себебі жердің жетіспеушілігі еді.

Халық көтерілісін елге белгілі батырлар И. Тайманұлы

мен М. Өтемісұлы басқарып, 200-ден артық

сарбаздармен жасақталды.

1837-1847жж. Кенесары Қасымұлы бастаған ірі ұлт -

азаттық көтеріліс. Оған үш жүздің қазақтары түгел

қатысты. Кенесары тарих сахнасына өзінің ұлы бабасы

Абылай ханның ісін жалғастырып,

басқарушы ретінде 20 мың сарбаздан тұратын жасақ

құрды.

Slide 6

1916 жыл. Ұлт - азаттық көтеріліс кезінде 3 мың қазақ

құрбан болды. Бұл қозғалыстың ең ірі оқиғаларының бірі

Торғай облысында болды. Көтерілісшілер жасағын құрған

сарбаз-Амангелді Иманов.

1931-1933ж . Өркениетті қоғам құру шаралары бүкіл елді тығырыққа тіреді. Аштықтан, түрлі індеттерден халықтың 40 қырылды . Ашаршылықтан 6, 2 млн халықтың 2, 1 млн опат болды. 1 млн 578 мың халық Атамекенін тастап кетті. 40 жылдай уақыт өткеннен кейін ғана бәрі қалпына келді

Slide 7

1937-1938 жылдардағы сталинизм репрессиясын ойласаң

жаның түршігеді, халықтың қамын ойлаған зиялы

азаматтарымыз бір түнде репрессия құрбандарына

айналғандар қаншама?

1937-1938ж Лаңкестік жаппай сипат алды.

Бұл жылдарда кеңес үкіметін орнату мен нығай

туға қатысқан көрнекті қайраткерлер жазаға тартылды.

Олар: С. Сейфуллин, Б. Майлин, А. Байтұрсынов.

+101 мың қакзақтар «ГУЛАГ» азабынан өтті,

27 мыңнан астамы атылды.

Slide 8

Сталиндік репресия мен голощекиндік геноцид

құрбандықтарына ұшыраған халқымыздың ұл-қыздары

Отан соғысы жылдары неміс фашист

басқыншылықтарына қарсы Рнсеймен бірге соғысуға

мәжбүр болды. Олар: Бауыржан Момышұлы,

Талғат Бегелдинов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова,

Төлеген Тоқтаров, Рақымжан Қошқарбаев,

Қасым Қайсенов, сынды азаматтарымыз

жан аямай шайқасты.

Slide 9

Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы Желтоқсан

оқиғасының қанды ызғары бүкіл одақ көлемін шарпып,

Грузияда, Прибалтикады, Ресейдегіоқиғалардың тұтануына

тарихи әсерін тигізді. Қызыл империяның ошағы болған

КСРО -ның ыдырауына әкеп соқты. 1-жүргізуші. 1

986 жылдың 16 желтоқсанында Республика орталық

Комитетінің 5 пленумы болды. Небәрі 18 минутқа созылған

осы пленумда республиканы ширек ғасыр

бойы басқарып келеген Дінмұхамет Ахмет ұлы Қонаевтың

орнына Г. В. Колбин сайланды.

Slide 10 Slide 11

Желтоқсан құрбаны- Қайрат Рұсқұлбеков Алматы

архитектура құрылыс институтының студенті.

1988 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі оған берілген ату

жазасын 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасымен

ауыстырды. 1988 жылғы мамырда-қайтыс болды.

1996 жылғы 9 желтоқсан - «Халық қаһарманы» атағы

берілді.

Қайрат

Рұсқұлбеков

1966-1988 ж. ж

Slide 12

Балалық шағы

Әскердегі кезі

Қайраттың

студенттік шағы

Қайраттың отбасы

Slide 13

Ләззат Асанова

Ләззат Асанова 1970 жылы қазіргі Алматы облысы Жаркент ауданына қарасты Айдарлы ауылында дүниеге келген. Жастайынан зерек өскен бала орта мектепті үздік бітіріп, Алматыдағы Чайковский атындағы музыка училищесіне өз талантымен оқуға түсті.

Slide 14

Ләззат бауырларымен

бірге

Ләззат 10 жаста

1980 жыл

Ләззат

12 жаста 1982 ж

Ләззат музыкалық училищенің

студенті болған кезінде 1986 жыл

Slide 15

Жаркент қаласының орталығында Желтоқсан көтерілісінің құрбандары Ләззат

Асанова мен Ербол Сыпатаевқа қойылған ескерткіш

Ләззаттың анасы Алтынай Асанова Алматыдағы Республика алаңында

қызының рухына тағзым етуде.

17 желтоқсан. 2007

Slide 16

Қайраттын жазған хаты:

Әкетай-ау пайғамбардай жасың бар,

Туа бермес сіз секілді асылдар.

Қартайғанда жүрегіңді жаралап,

Кесір болды-ау біз секілді масылдар.

Айналайын, қарындасым, қарағым,

Қолда кісен, мен айдауға барамын.

Қайғы шегіп азап тартқан ағаңды,

Айтшы жаным, қандай жанға баладың?

Айналайын, інішегім, құлыным,

Сені ойласам үзіледі жұлыным.

Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай,

Кетіп барам мен айдауға, құлыным.

Slide 17

Кеше ғана базарлы еді біздің үй,

Күнде думан көтеріңкі көңіл-күй.

Бүгін жым-жырт, әлдеқайдан бәз біреу,

Дегендей -ақ бар сырыңды ішке түй.

Біле алмаймын, құйын шарпып өткен бе?

Аға-әпкемдер бәрі есейіп кеткен бе?

Ойнатпайды, ойнамайды менімен,

Әлдекім кеп күлмеңдер деп сөккен бе?

Әкем де үнсіз, айналмайды аймалап,

Терезеден отырғандай ай қарап.

Адамның да дауысында діріл бар,

Көз жанары тоқтамайды тайғанап.

Қайраттың қарындасының

хаты

Slide 18

Қайраттың ақтық сөзі:

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар,

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар,

«Еркек тоқты-құрбандық»

Атам десең, атыңдар!

Slide 19

Тәуелсіздік жылнамасы

1991 жыл. 16 желтоқсан. Бұл күн -біздің тәуелсіздігімізді дүниежүзі мойындаған күн. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Ата заңы қабылданды.

1992 жыл. Қазақстан Бірікке Ұлттар Ұйымына мүше болды.

Маусым айында Тәуелсіз Қазақстан ел рәміздері: Туын, Гимні, Елтаңбасын қабылдады. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубакіров ғарышқа ұшты.

1993жыл. Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы қабылданды.

15 қараша . Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық теңгесі айналымға енді.

1994 жыл. Мемлекеттің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді.

30 маусым ұшқыш Талғат Мұсабаев аспан көгіне көтерілді. Қазақстан ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа қосылды.

1995 жыл. 30 тамыз. Референдумда ұсынылған жаңа Ата Заң бір ауыздан қабылданды.

1996 жыл. Алматыда Тәуелсіздік монументі ашылды.

Slide 20

1997 жыл. Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы және қуғын-сүргіндерді еске алу жылы. Білім заңы қабылданды. Тіл туралы заң қабылданды.


Ұқсас жұмыстар
Желтоқсан желі
Желтоқсан оқиғасының ақиқаты
Мұғалімнің сөзі
Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы
Жеңіс тойы, жаса мәңгі
РАДИОЗОНД ЖАПОНИЯ
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы, Бақыт көрсін Отанның сан ұланы
ЖӨНІНДЕ ЖЕЛТОҚСАН
"Жас географ" сайыс сабағы
Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан ұлт - азаттық қозғалыстардың жал
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz