Біздің Отанымыз - Қазақстан. Астана. 3 сынып


Slide 1

Дүниетану

3 сынып

Slide 2

Сабақтың тақырыбы:

Біздің Отанымыз-Қазақстан

Астана

Slide 3

Сабақтың мақсаты:

Білімділік

Дамытушылық

Тәрбиелік

Сынып оқушыларына Қазақстан Республи-

касының физикалық- географиялық ерекше-

шелігі, табиғат байлығы туралы түсінік

беру. Астана қаласының тарихы, символы,

қазіргі келбеті мен жетістіктері туралы

әңгімелеу

Оқушыларды шығармашылыққа баули

отырып, ойын ашық жеткізуге үйрету.

Дербес жұмыс істеу дағдыларын

жетілдіру

Ұлтжандылыққа, Отансүйгіштікке

тәрбиелеу. Қазақстандық патриотизм

мен азаматтықты қалыптастыру

Slide 4

Сабақтың әдісі:

Сұрақ-жауап,

шығармашылық жұмыс,

іскерлік дағды, сауалнама,

әңгіме

Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс:

тарих, ана тілі, музыка, география

Сабақтың түрі:

Көрнекілігі:

Интерактивті

тақта, дербес

компьютер, ҚР картасы,

бүктеме

Slide 5

Сабақтың жүру барысы

І. Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

-Балалар, бүгін аптаның қай күні?

- ( )

- Олай болса, бүгінгі сабағымызға сәттілік тілеп, бір- бірімізге жарқын жүзбен қарап, сабағымызды

бастайық

( Оқушылар бір-біріне қарап жымияды)

Slide 6

ІІ. Өтілгенді пысықтау

1. Үйден жазып келген “Менің сүйікті мерекем” тақырыбындағы әңгімені бірнеше оқушыға оқыту

Slide 7

2. Қайталау мақсатында сауалнама жүргізу

1. Еңбекшілердің халықаралық ынтымақ күні

а) 1 мамыр ә) 25 қазан б) 16 желтоқсан

2. Шопан тойы, мұғалімдер күні, қырман тойы қандай мереке түрі?

а) Ұлттық мейрам ә) Кәсіптік мерекелер б) Мерекелі күндер

3. Сабан тойды кімдер тойлайды?

а) Мұғалімдер ә) Шахтерлер б) Диқандар

4. Ұстаздар мерекесі қай айда тойланады?

а) қазан ә) қыркүйек б) қараша

5. Қазақстан өз егемендігін қашан алды?

а) 1990ж. 25қазан ә) 1910ж. 8наурыз б) 1986ж. 16желтоқсан

Slide 8

ІІІ. Жаңа сабақ

1. Ой шақыру С. Мәуленовтың “Қазақстан-Республикам менің!” атты өлеңін үнтаспадан тыңдау

Тауды көрсең күн көзімен таласқан,

Аспан көрсең Ай мен Күнге жол ашқан,

Менің байтақ Республикам таулары,

Менің көгім-мөлдіреген сол аспан.

Дала көрсең, көкжиекпен ұштасқан,

Көлді көрсең секілді бір түскі аспан,

Менің байтақ Республикам даласы,

Менің көлім теңізбен қол ұстасқан.

Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,

Көрсең ашық Алатаудың күндерін,

Жерінде гүл, көгінде күн бір жүзген

Ұлан-байтақ Республикам бұл менің!

Slide 9

2. Тренинг

-Өлеңде айтылған Республикада қандай халықтар мекендейді?

Қазақ халқы қандай халық?

Қазақ халқы

Дархан халық

Қонақжай

Батыр халық

Бауырмал халық

Батыр халық

Жаны жайсаң халық

Жүрегі жомарт халық

Slide 10

3. Қосымша мәлімет

Батыста Каспий маңы ойпатынан шығыста Алтай тауына дейін 300 км-ге созылып жатыр. Солтүстіктен Оңтүстікке қарай 1600 км. Жер көлемі-3 млн. шаршы км.

Табиғаты алуан түрлі. Қиыр солтүстігі мөлдір көлдерге бай, орманды дала. Оңтүстігі-кең алқапты шөлдер. Көп жері жазық. Шыңдары бұлтпен таласып, басын қар мен мұз басқан асқар таулар шығысы мен солтүстігін жиектеп өтеді.

Жер қойнауы пайдалы қазбаларға бай. Металл кендері, көмір, мұнай, газ, фосфорит, түрлі тұздар көптеп кездеседі.

Республикамызда жүзден артық ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұрады. Олардың бәрі Қазақстанның кең құқықты азаматы.

Қазақстан 5 елмен шектеседі.

Отанымыздың астанасы-Астана қаласы. (1997ж) . Қала Есіл өзенінің оң жағалауында, Сарыарқаның солтүстік бөлігінде. Бұрынғы астана-Алматы қаласы.

Slide 11

4. Картамен жұмыс

Картадан Астана, Алматы, Атырау қалаларын табу

Еліміздің аумағын көрсету

Елімізбен шектесетін мемлекеттерді табу

5. Ойын “Дыбыстар сөйлейді”

Әр оқушы Қазақстан Республикасы, Астана қаласы туралы сезім-пікірлерін “Қазақстан” сөзінің әр дыбысынан басталатындай етіп білдіреді

Slide 12

5. Оқулықпен жұмыс

- Дауыстап оқыту

“Біздің Отанымыз-Қазақстан” /138-139-бет/

- Іштей оқыту

“Астана” /140-142-бет/

6. Дәптермен жұмыс

Толықтыру сауалнамасы

Қазақстан батыста Каспий маңы ойпатынан . . . та-уына дейін 300 км. Қазақстан . . . Мемлекетпен шек-теседі. Қазақстанның астанасы - . . . .

Slide 13

ІҮ. Сабақты бекіту

1. “Венн” диаграммасы

Астана

Алматы

2. Отан, туған жер туралы мақал-мәтел сайысын ұйымдастыру

Slide 14

Ү. Үйге тапсырма беру

138-142 беттегі мәтіндерді түсініп оқу

ҮІ. Бағалау

Оқушылардың өз-өздерін бағалауын ұйымдастыру

Slide 15

Сау болыңыздар!

Назарларыңызға

рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Әсем қала
Отанымыздың астанасы - Астана қаласы
Астана өлеңімен таныстыру, мазмұнын ашу
Астана
Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері
Атырау - менің қалам тақырыбында ақпарат жинақтау
Менің отаным Қазақстан
МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Әлем назарын аудартқан ақорда
Оқиғаның шиеленісуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz