Ерітіндідегі ион алмасу реакциялары: молекулалық, толық және қысқартылған иондық теңдеулер, тұнба және бейтараптану реакциялары


Slide 1

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы №51 М. Қаратаев атындағы

орта мектеп

Ерітіндідегі ион алмасу

реакциялары.

Химия пәнінің мұғалімі: Д. Мамытова

Slide 2

Сабақтың тақырыбы:

Ерітіндідегі ион алмасу реакциялары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:иондардың қасиеті ретінде электролиттердің қасиеттері туралы ұғымды тереңдету; молекулалық, толық және қысқартылған иондық теңдеулер құруды үйрету; реакция аяғына дейін жүретін жағдайлар; хлоридтерге, сульфаттарға сапалық раекцияны қайталау және бейтараптану реакциясы туралы оқушылардың білімдерін бекіту. Заттардың қасиеттері және сапалық жаңа деңгейдегі олардың өзара әсер механизмі туралы білімді қайта қарау.

Аяғына дейін жүретін ион алмасу реакцияларын демонстрациялау. Катиондар мен аниондарға сапалық реакция.

Дамытушылық: Химиялық терминдерді білуге дағдыландыру

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, реактивтер, химиялық ыдыстар, өрт сөндіргіш, алма, үлестірме тапсырмалар.

Slide 3

Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі.

Өткен сабақтағы негізгі ұғымдарды қайталау. Оқушылраға тұздардың, қышқылдардың және негіздердің суда ерігіштігін анықтау дағдысын бекіту мақсатында жалпы жұмыс орындау ұсынылады.

Өзіндік жұмысты орындату алдында мұғалім суда ерімейтін заттар үшін кестеге олардың тек формулаларын, ал электролиттер үшін олардың диссоциациялану теңдеуін жазу керектігіне оқушылардың назарын аударады.

Slide 4

Оқушылар өзін-өзі бағалайды

Оларды үш топқа бөлеміз.

Тапысмаларды 5 балдық жүйеде бағалайды.

І тапсырма

Химиялық диктант

Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жаз.

1) . . . - суда ерігенде немесе балқығанда оң және теріс

иондарға бөлінетін заттар.

2) Иондар дегеніміз - . . . бөлшектер.

3) Диссоциациялану дәрежесі . . . әріпімен белгіленеді.

4) Күкірт қышқылы . . . сатыда диссоциацияланады.

5) . . . - сулы ерітіндіде диссоциацияланғанда катион

ретінде тек сутек катионын бөліп шығаратын заттар.

Slide 5

ІІ тапсырма

1. «Тұздардың, негіздердің және қышқылдардың суда ерігіштігі» кестесін пайдаланып, берілген кестеге мына заттардың формулаларын бөліп жазыңдар:

CuO, Cu(OH) 2, Ca(OH) 2, H2SO4, K2SO4, BaSO4, AgNO3, AgCl, FeCl3, PbCO3.

Суда ерімейтін заттар

Суда еритін заттардың диссоциациялану теңдеуі

Slide 6

Суда ерімейтін заттар

Суда еритін заттардың диссоциациялану теңдеуі

ІII тапсырма

«Тұздардың, негіздердің және қышқылдардың суда ерігіштігі» кестесін пайдаланып, I нұсқада келтірілген кестеге мына заттардың формулаларын бөліп жазыңдар:

Fe(OH) 2, Ba(OH) 2, Fe2O3, H3PO4, Na2CO3, PbSO4, Ba(NO3) 2, CaCO3, AlCl3.

Slide 7

Үш тапсырма бойынша оқушылардың қойған бағаларының қорытындысын топ жетекшілері жазып алады. Сергіту сәті

Slide 8

1) HCl + AgNO3 = HNO3 + AgCl ↓

KCl + AgNO3 = KNO3 + AgCl ↓

2) H+ + Cl- + Ag+ + NO3- = H+ + NO3- + AgCl ↓

IIІ. Жаңа сабақ.

Slide 9

Қандай иондар ерітіндіде бірге бола алатыны және өзара қосылып тұнба түзетіндері екінші реакция теңдеуінен көрініп тұр. Жоғарыда көрсетілген теңдеу толық иондық теңдеу деп аталады. Бұл реакция теңдеуі тек күміс және хлорид иондарының арасында әрекеттесу жүргенін көрсетеді:

Ag+ + Cl- = AgCl ↓

Slide 10

Электролиттер арасындағы реакция мәнін бейнелейтін осындай теңдеу қысқартылған иоднық теңдеу деп аталады. Толық және қысқартылған иондық теңдеуді анағұрлым күрделірек мысал арқылы талқылаймыз: амоний сульфатының (NH4) 2SO4 барий хлоридімен BaCl2 әрекеттесуі.

Slide 11

I нұсқа

II нұсқа

Тұз қышқылының, натрий және кальций хлоридінің күміс нитратымен әрекеттесуі

Күкірт қышқылының, натрий және магний сульфатының барий хлоридімен әрекеттесуі

Екі нұсқада да реакциялардың молекулалық, толық және қысқартылған иондық теңдеулерін құру, жүрген реакциялар нәтижесінде айырмашылықтың болмау себебін түсіндіру(қысқартылған теңдеуге сүйеніп) . Бұдан соң тәжірибеге сүйеніп, бейтараптану реакциясының мәні түсіндіріледі.

Slide 12

I тапсырма

Барий гидроксиді Ba(OH2) мен тұз қышқылының HCl әрекеттесуі.

II тапсырма

Натрий гидроксиді NaOH мен тұз қышқылының HCl әрекеттесуі.

Осы тапсырмалар бойынша оқушылар тәжірибе жасап, молекулалық, иондық теңдеулерін жазады.

Slide 13

Реакцияны бастар алдында сілті ерітіндісіне фенолфталеин қосылады. Мысалы (II нұсқа), күйдіргіш натр мен тұз қышқылы ерітіндіде иондарға толық диссоциацияланған:

Na+, OH-, H+, Cl-.

Ерітінділерді қосқанда H+ ионы OH- ионымен кездесіп, аз диссоциацияланатын су молекуасын түзеді:

H+ + OH- H → H2O

немесе иондардың бейтараптануы жүреді:

H3O+ + OH - ↔ 2H2O

Slide 14

Кез - келген күшті қышқылдың күшті негізбен бейтараптану процесі - сутек және гидроксил иондарының өзара әрекеттесуі.

Slide 15

CO2↑

CO32- + 2H+ = H2CO3

H2O


Ұқсас жұмыстар
Азотты тыңайтқыштардың топырақтағы химиялық түрленуі мен иондық алмасу реакциялары
Химиялық реакцияның типтері: орынбасу және алмасу реакциялары - сабақ жоспары
Комплексті қосылыстардың түзілу және бұзылу реакциялары
Аниондардың сапалық реакциялары мен аналитикалық жіктелуі
Тотығу-тотықсыздану реакциялары мен электрохимия негіздері
Күшті және әлсіз электролиттер: ерітіндідегі иондық концентрация мен диссоциациялану дәрежесін анықтау
Аминқышқылдардың стереоизомериясы, жіктелуі және химиялық реакциялары
Антиденелердің құрылымы, түзілуі және аллергиялық реакциялары
Бірінші аналитикалық топ катиондарының сульфидтік классификациясы және негізгі аналитикалық реакциялары
Тотығу-тотықсыздану реакциялары мен электрохимиялық потенциалдарды бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz