Халықтың асыл қасиеті: ұлттық тәрбие мен салт-дәстүр


Slide 1

Сабақтың тақырыбы: Халықтың асыл қасиеті

Slide 2

Сабақтың мақсаты: Топ алдында еркін сөйлеуге, аға-ұрпақ өкілдерінің еңбектерін оқып үйрену, ұлтымыздың өзіндік ерекшелігін салт-дәстүрін, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Үлкен кісілерді тыңдап, олардың сөздерін есте сақтап, құрметтеуіміз керек. Халқымыздың қадір-қасиеті тілімізде, дінімізде, салт дәстүрімізді сақтау.

Slide 3 Slide 4

Сүйемін туған тілім- ана тілім,

Бесікте жатқанымда - ақ берген білім.

Шыр етіп жерге тускен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнін.

Slide 5

Атаң болса анаңмен -

Алтыннан соққан қорғаның.

Ағаң болса ақылды -

Ешкімнен кем болмадың.

Інің болса жан ашыр -

Семсер қылыш білегің.

Ақылды қыз, ақылды ұл -

Өкпе бауыр жүрегің.

Slide 6

Бал салмаса - ара қасиетсіз,

Жанбай қалған - шала қасиетсіз.

Әдепсіз болса - бала қасиетсіз,

Көк шықпаса - дала қасиетсіз.

Ойсыз болса - ер қасиетсіз.

Жылуы болмаса - жер қасиетсіз.

Жігері болмаса - жігіт қасиетсіз.

Slide 7

Жерден ауыр не бар?

-Судан терең не бар?

-Оттан ыстық не бар?

-Көктен биік не бар?

Slide 8

- Жерден ауыр дегеніміз - ақыл - білім,

-Судан терең дегеніміз - оқу - ғылым,

-Оттан ыстық дегеніміз - адам өміpi,

-Көктен биік дегеніміз - тәкапардың көңілі.

Slide 9

-Алты алаш деген кім?

Алаш ханның балалары: Қазақ, Қарақалпақ, Қырғыз, Өзбек, Түркімен, Жайылхан

- Не жетім?

- Жаңбыр жаумаса жер жетім,

Басшысы болмаса ел жетім,

Ұқпаса айтылған сөз жетім.

- Не тәтті?

Ананың cүтi тәтті.

- Не жұмсақ?

Ананың қолы жұмсақ.

- Не қатты?

Атаның жүрегi қатты.

- «Әкім» сөзін ажырата білесің бе?

«Ә» дегені - әділ бол,

«К» дегені - кекшіл болма, көпшіл бол,

«I» дегені - ілтипатты бол,

«М» дегені - менмен болма, мейірман бол.

Slide 10

- Кім жақын?

- Тату болса, ағайын жақын,

Ақылшы болса, апайың жақын,

Бауырмал болса, інің жақын,

Алдыңда жатқан адал асың,

Қимас жақын қарындасың

Не қымбат?

Алтын ұяң - Отан қымбат,

Құт береке, атаң қымбат,

Аймалайтын, анаң қымбат,

Асқар тауың, әкең қымбат,

Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.

Не қиын?

Арадан шыққан жау қиын,

Таусылмайтын дау қиын,

Шанышқылаған сөз қиын,

Жазылмаса дерт қиын,

Іске аспаған серт қиын,

Ақылыңнан адасып,

Өзің түскен дерт қиын

Не істеріңді біле алмай,

Ашиды сонда бас миың.

Slide 11

-Дүниеде не қымбат Адам қымбат Адамға не қымбат? Бала қымбат -Жансызда не қымбат -Гаухар қымбат -Достық нешеу? -Достық екеу Біреуі адал достық, екіншісі амал достық - Адал достық - өмірлік нұсқа болады. Амал достық - өpici қысқа болады.

-Қазақтың қонағы неше түрлі болады?

Бірінші - арнайы қонақ.

Екінші - құдайы қонақ.

Үшінші - қыдырма қонақ.

Tөpтінші - қылқима қонақ.

Slide 12

-Жетi ата деген кім?

- Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.

(оқушыларға жеті атасын атату)

- Не жаман?

- Бip дегенміз - бірлігі кеткен ел жаман,

Екі дегеніміз - ерегесіп өткен ер жаман.

Yш дегеніміз - үш бұтақты шідерден шалынған aт жаман.

Төрт дегеніміз - төсектен безген жас жаман,

Алты дегеніміз - асқынып кеткен дерт жаман,

Жеті дегетміз - жас келіншек жесір қалса сол жаман.

Сегіз дегеніміз - сертілмеген қайғы жаман,

Тоғыз дегеніміз - торқалы той, топырақты өлімге бас

көрсетпесе сол жаман.

Он дегетміз - оңалмас кәрілікке дауа болмас.

Slide 13

Туған соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең,

Жұрт айтады надан деп.

- Ата - бабаң ардақты

Жамандыққа бармапты.

Ардақ тұтып үлкенді

Ата жолын жалғапты.

- Бауырласқан тәніміз

Бұзылмаған антымыз

Кең даланың ежелгі

Қазақ деген халқымыз,

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр мен салтымыз.

Slide 14

- Әлемнің бетін жарық ет, Ұл - қызды түгел білімді ет. Келесі оқу жылына, Аман - есен түгел жет! Меккедегі М Ұ Х А М Б ЕТ, Түркістанда ҚОЖАХМЕТ, Маңғыстауда ЕР БЕКЕТ, Осы айтқан тілегімді, Аллах қаласа қабыл ет! ӘУ МИН!

Slide 15

Қорытынды: Өткен сабақтарға шолу. (Әр оқушы жеті атасын жатқа білу)


Ұқсас жұмыстар
Қазақстан мәдениеті: ұлттық музыка, би, кино және салт-дәстүр
Тәрбие сағаты: Қарттар - асыл қазынам: ата-өнеге, өсиет, дәстүр
Дәстүр және дәстүрлі қоғам: түсінігі мен салт-дәстүрлердің өзгерісі
Қазақ ұлттық ойындары: салт-дәстүр және аттық спорт түрлері
Қазақ салт-дәстүрі мен ұлттық мәдениеті: тәрбие сағаты және білімдік ойындар жоспары
Халық педагогикасының мақсаты мен мазмұны: ұлттық салт-дәстүрлер арқылы тәрбие
Қобда гимназиясының 8-9 сынып оқушылары арасында салт-дәстүр және ұлттық мәдениет сайысы
Қазақ ұлттық салт-дәстүрлері: ерекшеліктері мен тәрбиелік мәні
Тәуелсіздік кезеңіндегі Қазақстан мәдениеті: музыка, би, кино және салт-дәстүр
Ұлттық құндылықтар мен руханият: дәстүр, өнер және жалпыадамзаттық қағидалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz