Жануарлар дүниесін қорғау



Сабақтың тақырыбы:
Жануарлар дүниесін қорғау
Дүниетану
3 сынып

Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың ойын жүйелі жинақтап, сөйлеуге үйрету, жануарлар туралы алған білімдерін пысықтау;
Жануарлар тіршілігін зерделеуде білім, білік дағдысын қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту;
Жануарларға қамқорлық жасауға, табиғаттың қызығын тамашалауға тәрбиелеу.

Сабақтың жоспары

Суретке қарап жануарлар тобын жікте.

Суреттегі жануарларды мекен ету ортасына қарай біріктіріңдер.

Біздің Қазақстанда Қорықтар саны тоғыз.
Олар:
1. Ақсу-Жабағалы
2. Науырызым
3. Алматы
4. Барсакелмес
5. Қорғалжын
6. Марқакөл
7. Үстірт
8. Батыс Алтай
9. Алакөл қорықтары.

Наурызым қорығы
Наурызым қорығының эмблемасы - сықырмалы аққу. Сонымен қатар қорық рәмізі бүркітте бола алады,
себебі бұл жерде оның 30 жұбы мекендейді. Қорықтағы ең әсем аңдар, Наурызым қорығының сәні еліктер. Қорықта “Табиғат мұражайы” жұмыс істейді.

Наурызым қорығы
Қорықтағы ең әсем аңдар, Наурызым қорығының сәні еліктер.
Қорықта “Табиғат мұражайы”
жұмыс істейді.

Наурызым қорығы - Қостанай облысы Наурызым және Әулиекөл аудандарында орналасқан мемлекеттік қорық. Ол ғажайып жер, оған Терсек, Сыпсың және Наурызым орман алқаптары кіреді және айтарлықтай бөлігін ғажайып Наурызым орманы алып жатыр. Қарағай ормандарын ежелгі деуге болады, себебі оның қалпы әлі күнге дейін өзгермеген.

Ақсу Жабағлы Қазақстанның ең көне қорығы, Тянь-Шань тауларында орналасқан. Көздің жауын алатын қатаң қарлы шыңдардың бөктерінде түрлі түсті гүлдер жайқалып өскен. Ақсу Жабағлы сирек кездесетін, тек осы аймақтарға ғана тән өсімдіктер мен жануарлардың отаны.
Грейг қызғалдағы

Бұл жерден тау қойын, ешкісін, маралдарды және еліктерді, сілеусіндер мен қар қабыландарын, қасқырлар мен түлкілерді, аюлар мен тағыландарды, ақкүмістерді таба аласыз. Осы жерлерді сарышұнақтарды да көруге болады.
тау қойы
марал
қабылан

Алматы қорығы - Қазақстандағы ең бай қорықтардың бірі. Іле Алатауының орталығында 1931 жылы ұйымдастырылды. Жер көлемі - 71 мың гектар.
Қорықта, 1967 жылы құрылған табиғат мұражайы бар, оның ішінде 300 астам көрме қойылымдары жинақталған. Қорықта 194 түрлі аң, оның ішінде 38 сүтқоректілер, 148-ге жуық құстардың түрлері, 7 бауырмен жорғалаушылардың түрлері және бірнеше мың түрлі жәндіктер мен буынсыз жәндіктер кездеседі.
Алматы қорығы

Аңдар: қасқыр, түлкі, борсық, марал, сібір тау текесі, елік, қабан, суыр және т. б. Қазақстанның Қызыл Кітабына енген сирек кездесетін жануарлар: тянь-шань қоңыр аюы, тянь-шан тау архары, түркістандық сілеусін, ақ барыс.
қабан
тау текесі
ақ барыс
қасқыр
түлкі
аю

Құстар: алпілік ұзақ, сақалтай, құр, қаршыға үкі, орманды байғыз, кеклік, балқарағай торғайы, үш ашалы тоқылдақ, қайшыауыз торғай, барылдақ торғай және т. б. сирек және жойылып бара жатқан құстар. Қазақстанның Қызыл Кітабына енген түрлері - бүркіт, сақалтай, көкқұс.
Алматы қорығы
үкі
кеклік
тоқылдақ
бүркіт

Барсакелмес қорығы
Барсакелмес қорығы Арал теңізінің маңында орналасқан. Жануарлар әлемінен құлан, ақбөкен, қарақұйрық, ор қоян сынды арал табиғатына бейім хайуанаттар түрлері кездеседі.

Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығындағы сексеуілді орман алқабы 41, 5 мың гектар жерге созылып жатыр. Сонымен қатар мұнда өсімдіктің 354 түрі өседі. Құстардың 178 түрі мекен етсе, бұлардың 26 түрі Қазақстанның “Қызыл кітабына” жазылған. Бұдан басқа, 12 бауырымен жорғалаушы мен 2 қосмекенді тіршілік етеді. Бұл жерде сирек кездесетін улы қалқантұмсық жылан да бар. Мұндай бауыры суық бақанақтың уы медицинаға аса қажет.

Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы Қазақстан Республикасының орталық бөлігінде орналасқан. Қорық Ақмола және Қарағанды облыстарының түйіскен жерінде орналасқан. Мұнда сүтқоректі жануарлардың 41 түрі тіршілік етеді. Бұл Қазақстандағы сүтқоректі барлық жануарлар түрінің 26 пайызын құрайды. Қорғалжын қорығында сирек кездесетін өсімдіктердің 45 түрі қорғалады.
Қорғалжын қорығы

Қорғалжындағы өзендер жүйесі қызғылт қоқиқаз (фламинго) және жоғалуға айналған өзге де сирек құстардың: бірқазан, тырна, савка және
тарғақтың әлем бойынша солтүстіктегі
ең шалғай мекені.
Қорғалжын қорығы
фламинго
бірқазан
тырна

Марқакөл қорығы
Жартасты тауларда негізінен жапырақты және шыршалы ағаштар өседі. Көркем жартасты таулардың көп бөлігі май қарағай орманына толы. Биік таулардың баурайы медициналық дәрулік қасиеті бар шөпке бай.

Сергіту сәті

Марқакөл қорығы
Ағаштар арасынан қоңыр аюларды, бұғыларды, түлкілерді, жабайы мысықтарды, маралдарды, құндыздарды, бүркітті, сирек кездесетін қызыл қасқыр, қара ләйлектерді, сұрғылт шағалаларды және басқаларын көруге болады.

Үстірт қорығы
ҮСТІРТ ҚОРЫҒЫ - Қазақстанның батыс өңіріндегі жалғыз қорық. 1984 жылы ұйымдастырылған қорықтың негізгі мақсаты - шөлейт өңірдің табиғат дүниесін табиғи күйінде сақтап қалу. Үстірт қорығының басқа қорықтардан бір ерекшелігі, мұнда табиғи ландшафтың алуан түрі кездеседі.

Қорық аумағында өте сирек кездесетін, саны азайып бара жатқандықтан қорғауға алынып, «Қызыл кітапқа» енгізілген жануарлардың 8 түрі: арқар, қарақұйрық, қарақұлақ, мәлін, шағыл мысығы, итаю, шұбар күзен, ақбауыр жарқанат, ал құстардың 10 түрі - бүркіт, үкі, ителгі, жұртшы, дала қыраны, жорға дуадақ, қарабауыр бұлдырық, қарабай, жыланжегіш қыран, лашын, ал бауырымен жорғалаушылардың 1 түрі: төрт жолақты қара шұбар жылан бар.
Үстірт қорығы
шағыл мысығы
дуадақ
мәлін

Батыс Алтай қорығы
Батыс - Алтай мемлекеттік табиғи қорығы Шығыс-Қазақстан облысының солтүстік-шығыс шекарасында орналасқан. Қорық Алтайдың қазақстандық бөлігіндегі тау жоталарының аумағында орналасқан. Бұл Қазақстанда ғана емес Орталық Азия ішіндегі ең ылғалды жер болып саналады. Қорықтағы қар қабаты 170 күн қазан айынан сәуір айына дейін тұрақты сақталады.

Қорықтың аймағында 2 түрлі балық кездеседі, 2 түрлі жорғалаушылардың түрі, 130 жақын құстың түрі, олардың ішінде Қызыл кітапқа енгізілген: қара дегелек, тундра шілі, бүркіт, аққұйрық субүркіт бар. Қорықтың жануарлар дүниесін: бұлан, марал, елік, құдыр, қоңыр аю, құну, сілеусін, бұлғын, сасық күзен, аққалақ, қара күзен, кәмшат, тиін, шұбар тышқан, суыр, түлкі және әртүрлі кеміргіштер құрайды,
Батыс Алтай қорығы
суыр
тиін
кәмшат

Алакөл қорығы
Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы Алматы және Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының аумағында орналасқан. Алакөл, Алакөл өзенінің ағындысындағы ең үлкен көл, сонымен қатар, Қазақстанның ең ғажайып көлдерінің бірі. Ол, Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде Қытай шекарасында орналасқан. Көлдің жағалауы емдік лайға, минералды тұздарға бай. Алакөл қорығында 269 түрден астам құс бар. Олар Қызыл кітапқа енгізілген құстар: шағала, қызғылт және бұйра бірқазандар, ақ құтандар, қара құтандар, қулар, дуадақтар.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz