Аутодиструктивтің алдын алу




Презентация қосу
Тақырыбы:

Аутодиструктивтің алдын алу

Дайындаған: Бекарыстанова Ш

Мақсаты:
Ата-аналарға, оқушыларға
«аутодиструктивті мінез-құлықтың»
зардабын түсіндіре отырып, өркениетті
еліміздің тағдыры осы жастардың
қолдарында екендігін ұғындыру. Атааналарға бала тәрбиесі жөнінде, әрі
отбасында өз баласын жақсы тану, көмек
және кеңес беру.



Ж.Ж.Руссо: «Бала туғанда ақ
қағаздай болып таза туады,
оның үстіне шимақты қалай
салсаң, қағаз бетіне солай түседі,
бала тәрбиесі де сол сияқты, өзің
қалай тәрбиелесең, ол солай
тәрбиеленеді»- деген екен.

Аутодиструктив дегеніміз - өзөзіне әдейі жарақаттау арқылы
өлім себебіне алып келетін
жағдай.

Өзіне қол салу – жастар арасында 13-24 жаста
кездесіп отырған жағымсыз ылаң. Кейбір
жастардың өміріндегі бақытсыз жағдайлар
есірткіні шектен тыс қолдану, жол апаттары,
көпірден немесе үйден құлау, улану өзіне қол
салуды зерттеушілердің пікірінше, осылардың
көбісі өзіне қол салу болып табылады екен.
Баланың басым уақыты мектеп қабырғасында
өткендіктен, өзіне қол салуды алдын алу
бағдарламасын жүргізген жөн.

Осыған орай үш сұрақ қарастырылады:
Өзіне қол салудың алдын алу үшін не
істелу қажет?
Егер жасөспірім өмірін қимақ болса не
істеу қажет?
Өзіне қол салу болған кезде не істеген жөн?

Көрсетілетін модель принципі бала білім
беру кеңістігінде өз құндылығын, баланың
бірегей тума екенін сезінуге және оның
жақын арадағы дамуына бағдарланған.
Осы арқылы балаларды әлеуметтік және
психологиялық қорғауға, девиантты
мінездегі балалардың санын азайтуға, өзіне
қол салу әрекеттерін болдырмауға, бала мен
ата-ана қатынасын жақсарту бойынша
жұмысты ұйымдастыруға және қиын
жағдайда өз басын алып жүруге үйретуге
мүмкіндік туады.



Өз өмірін қиюға бағытталған саналы ерікті
түрдегі әрекет қазіргі таңда бүкіл жаһандық
қоғамдық мәселеге айналып отыр. Атап
айтқанда, ересектер тарапынан баланың
саналы деген талап-тілек, мұқтаждықтарын
өнегелі тұрғыдан ескермеу, олардың жас
мөлшері мен балалық психологиясына
көңіл бөлмеу сияқты кемшіліктерден болып
жатады. Балалардың аутодиструктивті
мінез-құлыққа бейімділігі мына төмендегі
мәселелерге байланысты болады.



Бірінші – баланың достары жоқ,
ешкіммен араласпайды және атаанасымен сырласпайды. Ешкімге
сенбейді және барлық проблемаларын
өзі шешуге үйренген. Бала сіздің оны
өте жақсы көретініңізді және оған
әрқашан да көмектесетіңізді, сол үшін
жаныңыз ауырып, үрейленетініңізді,
мейіріміңізді сезінуі керек.

Екінші – баланы ешнәрсе
қызықтырмайды. Оның кез-келген сұраққа
жауабы біреу ғана: «маған
бәрібір».Үлкендердің барлық өтініштерін
орындай береді, себебі, өзінің еш ынтаықыласы жоқ. Барлық нәрсеге селқос
қарайтын бала шәлкес мінез көрсетпейді.
Ата-аналар мұндайда баламыз көркем
мінезді деп ойлайды.

Үшінші – бала ауырғанды жақсы көріп,
үнемі бір ауруларды ойлап тауып,
жақындары қасында болғанда өзін
жақсы сезінетінін көрсетуге тырысады.
Ата-аналар бірте-бірте «ойдан
шығарылған» ауруларға мән бермейтін
болады. Міне, сол кезде бала одан да
өткен жанкешті қадамдарға барады.



Төртінші - өмірге деген көзқарасы,
үміт оты өшкен жан осындай қадамға
барады.Оған ата-ана қамқорлығының
дұрыс болмауы және педагог
мұғалімдердің міндеттерін беріліп
орындамауы, баланың ішкі жан
дүниесіне үңілмеуі себеп.

Өздерін аутодиструктивті мінез-құлыққа
баратын балалар әрі әлсіз, әрі батыл адамдар.
Осы аутодеструктивті мінез-құлыққа баратын
балалар өздерінің іс-әрекеті туралы ылғи
ескерту жасайды.Кейде айтады, кейде соны
білдіретін іс-әрекеттер жасайды.Өзін қоршаған
адамдардың барлығына білдірмегенімен,
жақын досына немесе туысына білдіреді. Енді
осы кезде өзіне қымбатты бір адам ара түссе,
өмірдің қымбатшылығын түсіндірсе, ол
ешқашан мұндай қадамға бармайды.Отбасында
қандай, қай жастағы бала болсын онымен
санасып, оның жеке ерекшелігін ескеріп,
ақылдасып отырған мақұл. Мысалы, әке
ұлының, шеше қызының жан дүниесіне үңіліп,
жан сырын аша білсе, баланың өмірге деген



Өмір адамға бір-ақ рет беріледі.Ендеше,
адам тағдырына келгенде жауапкершілікті тек
ұстаздарға ғана жүктеп қоймай, ата-ана өз
міндетін орындау керек. Аутодестуктивті мінезқұлықты бала алдымен «стресске»
шалдығады. Осыған себеп бала өзіне көңілі
ешқашан толмайды. Біз жасаған талдау
кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті
мінез-құлыққа баруына ата-анасынан қорқуы
себеп болатынын көрсетті.Сондай –ақ
жасөспірімдерді аутодеструктивті мінезқұлыққа апаратын басқа да фактілері
анықталды, статистика бойынша жыл сайын
әлемде 1 млн адам аутодеструктивті мінезқұлыққа баратындығы анықталды.

Оның көптеген себептері бар:
1. Материалдық тұрмыстық
қиыншылықтар;
2.Тұқымқуалаушылық фактілері;
3.Отбасылық ұрыс-керіс, ата-ананың
ажырасуы, жалғыздық, махаббатта
жолы болмау, жыныстық қатынастағы
әлжуаздық;
4.Психикалық сырқаттық;
5.Қылмыстық жауапкершіліктен қашу,
істеген ісінің ұяттығынан қорқыныш;



6. Оқу орынындағы даулы мәселелер;
7. Әр түрлі секталарға кіріп, одан шығу
жолын таппау;
8. «Өмір сүруден шаршадың ба?» атты
арнайы Интернет сайттар;
9. Теледидардан көрсетіліп жатқан
қарақшылық, жауыздық туралы
фильмдер;
10.Арақ ішу, насыбай ату, шылым шегуосының бәрі жастардың миына кері әсер
етуі.



Жастардың бос уақыты көп болғандықтан, бос өмір
кешуде. Адам болған соң адаспайтын, қателеспейтін
адам жоқ, оны ешкім де жазғырмайды. Одан қорқудың
да, намыстанудың да қажеті жоқ. Ата-ананың
баласының болашағына деген алаңдаушылығының
төмендігі, оның білімі мен тәртібін қадағалап
отыратын құнттылықтың жоқтығынан емес пе екен
деген ойға тоқталасың. Қазіргі таңда мектеп
жасындағы балалардың ата-анасының көпшілігінің
жасы елуге жетпейді, жас, демек сауатты. Десек те сол
жас ата-ана не үшін өз баласының болашақ тағдырына
аса көңіл бөлмей, немқұрайлы қарайтынына
ойланбасқа шара жоқ. Ата-аналардың ішінде көпшілігі
жұмыс істемейді, үйде үй шаруасымен айналысады. Ал
кейбіреулері тіршілікті күйттеп бала-шағасын үйде
қалдырып өздері басқа жақта жұмыс істейді.



Баланы күнделікті ата-ана қадағалап жатпағасың, қай
уақытта сабаққа кетті, қай уақытта келді деп мұқият
көңіл бөліп отырмағасын баланың еркінситіні айдан
анық. Соның нәтижесінде бала өтірік айтуды, шылым
шегуді, арақ ішуді және қылмыстық іс-әрекетке баруды
әдетке айналдырады. Өзімнің педагогтық
тәжірибемнен қазіргі таңдағы кейбір ата-ана
тәрбиесінің осал екенін айқындайтын бір ғана жайтқа
тоқталсам: әке-шешесі бар 8 сыныпта оқитын
оқушыны бір оқу жылы бойы арнайы бақылап көрдім.
Педагог-психолог ретінде анасымен де, оқушымен де
бірнеше рет жеке сөйлестік, әңгімелестік. Нәтижесінде
анасы баласының болашағына, оның тәрбиесіне,
біліміне жеңіл қарайтыны анықталды.



Бала – балқытылған алтын, қалыпқа қалай
құйсаң солай қалыптасады. Ата-ананың көбі
балаға жақсы көретініңді білдіртпеу керек деп
ойлайды. Олардың ойынша баланы тым
жақсы көру олардың ерке болуына, өзімшіл
болуына әкеп соғады деп ойлайды. Бұл ойды
жоққа шығару керек. Осы жағымсыз
тұлғалық қасиеттер керісінше, осы балаға
деген махаббаттың жетіспеушілігінен болады.
Баламен үнемі терең психологиялық байланыс
орнату –тәрбиенің әмбебап шарты болып
табылады. Бұндай байланыс балаға қай жаста
болса да керек.

«БАЛАНЫҢ АЛДЫНДА АТА-АНА ҚАНДАЙ
БОЛУ КЕРЕК?»
- Тәрбиелі, мәдениетті;
- Жан-жақты, күнделікті өмір жаңалықтарынан
хабардар;
- Бала алдында жат қылықтар көрсетпеу, яғни
дөрекі сөйлемеу, ұрыспау себебі, күнделікті
мұндай кикілжіңнен бала жасық болып өседі.
- Ішімдік ішпеу, артық сөйлемеу яғни, біреуді
жамандамау, өсек айтпау;

Анасы бар адамдар
ешқашан
қартаймайды....

“Ата-ана бала көзімен”
Мен
қуанамын...

Мен ренжимін... Мен
армандаймын...

Мен
уайымдаймын...

Ата-анамыз бақытты
болғанда;
Ата-анамыз әрқашан
аман болып жүргенде;
Ата-анамыздың көңілкүйлері көтеріңкі
болғанда, мені
еркелеткенде;
- әкеммен бірге балық
аулауға барғанда;
Ата-анамның осы
өмірде бар болғанына,
бізге шуағын шашып
жарық бергендеріне;
Маған күтпеген жерден
сыйлық жасағанда;
олармен бірге қонаққа
барғанда;
Анам жұмыстан ерте
келгенде;
Ата-анамның жалақысы
көп болғанда;
Кішкентай болғанда
мамам менің туған
күніме басыма қалпақ
кигізетін мен сонда қатты
қуандым

Ата-анам қиын жағдайға
тап болғанда;
Ата-анам мені кей
жағдайларда дұрыс
түсінбегенде;
Ата-анам кейде мені
қолдамаған кезде;
Ата-анам менімен бірге
ақылдасып, бірге шешім
қабылдамаған кезде;
ата-анам ұрысса,
дауласса, ренжіссе;
мен “3”алып калғанда
ата-анам ренжиді, ал мен
өзіме ренжимін;
ешқашан ренжімеймін;
менімен серуендеуге
шықпаса, маған көңіл
бөлмесе ренжеймін;
маған еш себепсіз
айқайлап ұрысқанда
ренжимін;
олар бір жаққа кеткенде
мені үйде қалдырады,
мен ренжеймін;

Әрқашан отбасымда
аманшылық болғанын;
Ата-анамның әрқашан
жанымда болғанын, ұзақ
өмір сүргендерін;
Ер жетіп ата-анамның
қамқоршысы, қолғанаты
болуға;
Ата-анамның
махаббаттарының
ешқашан ажырамағанын;
Ақша жағынан ата-анам
қиналмай, жалақылары
көбейгенін;
әкем облыс әкімі
болғанын;
Ата-анам екеуі де
президент болса;
ауырмай, шексіз өмір
сүрсе;
ата-анам әдемі киім киіп
әрқашан әдемі болып
жүргенін;
анама жаңа машина
сатып бергім келеді;

Ата-анамның бірбірімен ренжісіп,көңілкүйі лері болмаса;
Ауырып қалса;
Ата-анам менен
қашықтықта болса
келмей қала ма деп;
Осы жылғы оқуымды
дұрыс аяқтай алмай, атаанамды ренжітіп аламын
ба деп;
Маған артқан үміттерін
ақтай алмай қаламын ба
деп;
анам мен әкемді
ренжітіп алсам
уайымдаймын.

Ата–ананың
м і н д е т т е р і:
1. ЖАН-ЖАҚТЫ ТӘРБИЕ БЕРУ;
2. БАЛАНЫҢ АРАЛАСАТЫН ОРТАСЫН ТАНУ;
3. БАЛАНЫҢ КҮН РЕЖИМІН ҚАДАҒАЛАУ;
4. БАЛАНЫ БЕЛГІЛІ БІР ҮЙІРМЕГЕ
ҚАТЫСТЫРУ;
5. БАЛАНЫҢ ТҰЛҒА БОЛЫП ӨСУІНЕ ЫҚПАЛ
ЕТУ;

Ата-ананың
“айналайынынан”
гөрі,
ұстаздың
тегеурінді
талабы
баланың
болашағына көп пайдасын тигізерін өмір
тәжірибесі көрсетіп жүр. ХХІ ғасыр – білім
ғасыры, сапалы білімге талап күшейе түскен
қазіргі таңда ұстаздың қатаң қадағалауы керекақ. Сондықтан “ұстазы балама қатал талап
қояды” деген ойдан аулақ болып, мұғаліммен
жақсы
қарым-қатынас
орнатып,
жақсы
нәтижеге жетуге бірге атсалысыңыздар.

Мен өзімнің
мұғалімімді
жақсы
көремін, себебі
ол....

Тамаша кісі;
өте
мейірімді;
ақылды;
инабатты
Талапшыл;
сабақты
жақсы
түсіндіреді;
ең жақсы
мұғалім;
сабақты өте
қызықты
өткізеді;

Мұғалім бұл-

Екінші
анамыз;
сабақ;
ең білгіш
адам;
асыл жан;

Мен қалар
едім
мұғалімнің....

Шыншыл,
әділ,
талапшыл
болғанын;
өмірі сәнді
де, мәнді
болғанын;
сабақты
жақсы
түсіндіргенін;
жақсы баға
қойғанын;
өмірі жақсы
болғанын;

Мен
мұғалімді
тыңдаймын,
себебі ол...

Өте жақсы
кісі;
сабақты
жақсы
түсіндіреді;

мен үшін
қымбат
жан;
бізді
әрқашан
бауырына
тартып
жүреді;

Маған
мұғалімнің
бойында
ұнайтын
қасиеті...

ұрыспайды;
маған
күлімсіреп
қарайды;
әділ де
шыншыл
адам;
мені
мақтайды;
әрқашан
көңілді
болып
жүреді;

Маған
мұғалімнің
бойында
ұнамайтын
қасиеті...

Кейде қатал
болғанда;
сабаққа
келмегенде;
менен
сабақ
сұрамағанда;
көңілі жоқ
болғанда;

Кінәлі сөздер...
Сенен ешқандай жақсылық шықпайды, нөлсің.
Неге сен басқа балалардай емессің?
Неменеге ұсқынсыз болып кеткенсің, шашың дудыраған, үстің кір-кір.
Тағы осылай істесең, менен таяқ жейтін боласың.
Сенің кесіріңнен өмірі жолымыз болмады.
Ата-аналар осы сөздерді былай алмастыруына болады:
«Сенің де қолын өмірде бір нәрсеге жететініне сенгім келеді. Оқу озаты немесе
оқу екпіндісі боласың» - деп, үміт артуы керек.
«Сенің де басқалардан өзгеше болуына құқын бар, сенің де қолыңнан келеді» деп, сенім артуы керек.
«Үстіңді ретке келтір, шашыңды тара, киіміңді ауыстыр » - деп, баланың өзін
жақсы сезінуіне көмектесу керек.
«Біз саған қиыншылықты жеңуге көмектесеміз, екіншілей жаман қылық
жасама».
«Үлкендердің өмір жолында болып жатқан ыңғайсыз жағдайларға сен кінәлі
емессің. Сенің болашағың алда, үлкен ғалым боласың, жақсы дәрігер, білімді
ұстаз болуды арманда » және ата-анасын сыйлау керек екенін айтып отыру
керек.
Міне, осындай біз көңіл аудара бермейтін қарапайым нәрсенің өзі немесе
ойланбай айтылған ұрыс сөзі де баланың жанын ауыртуы мүмкін, өмір сүру
ағынын өзгертуі де ғажап емес.

ТҰЛҒАНЫ “БАЛАНЫҢ БАС ҰСТАЗ
АТА-АНАСЫ” ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ
Ата – аналарға кеңес



1. Баланың берген сұрағына жауабына шын
және шыдамдылықпен жауап беріңіз.
2. Балаңыздың жеке бөлмесі не бір бұрышы
болуына жағдай жасаңыз.
3. Балаңыздың шашылып жатқан үстеліне
ұрыспаңыз, егер ол шығармашылық іс әрекетпен айналысып отырса.
4. Шешім қабылдауда өзіндік жеке жоспар
құруына көмек көрсету.
5. Балаңыздың кемістіктерін бетіне басып,
басқа балалармен оны салыстырмаңыз.



6. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт
бөліңіз.
7. Отбасымен шешетін мәселелерге балаңызды
қатыстырып, оның жеке басының ой-пікірімен
санасыңыз.
8. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен
алмаңыз.
9. Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап
отырыңыз.
10. Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс
қарым-қатынам жасауға үйретіңіз.



11. Қиын нәрселерді тауып және оны өз
бетімен, жауапкершілікпен шешуге балаңызға
көмек көрсетіңіз.
12. Балаңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес,
сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы
көретіндігіңізді сездіртіңіз.
13. Балаңызбен бірге әңгімелер, ертегілер,
фантастикалық оқиғалар құрастырып,
баланың шығармашылық қабілетінің дамуына
жағдай жасаңыз.
14. Балаңыздың сүйікті ісіне керек кітап, ойын,
т.б. құралдармен қамтамасыз етіңіз.
15. Балаңыздың алған негізгі ісінің ойдағыдай
орындалуына сеніміңіз болмаса да, сол істі өзі
аяқталуына жағдай жасаңыз.



16. Бала өз жұмысын көрсете алатын
стенд жасап қойыңыз.
17. Істеген жұмысының нәтижелі
болуына көмектесіңіз.
18. Баланың қойған талабына ерекше
көңілмен қараңыз.
19. Балаңыздың өткір ойлығына сеніп,
әрдайым сенім артыңыз.
20. Балаға баға бермеңіз, оның ісәрекетін бағалаңыз.



21. Табысқа күшпен жетуге болмайды,
сондықтан балаңызға күш көрсетіп,
тапсырманы орында деп талап етпеңіз.
22. Баланың қателік жіберуге құқығы
бар екенін айтыңыз.
23. Баланың «бақытты кездер банкісі»
туралы ойлаңдар.
24. Үлкендер балаға қалай қараса, бала
да өзіне солай қарайды.
25. Жалпы, өзіңізді баланың орнына
қойып отырыңыз.

Шегенің ізі

Мінезі жаман бір жас жігіт болса керек. Ешкім оны түзей
алмапты, қателігін айтқан сайын ызалана түсіпті.
Бір күні әкесі оған іші шегеге толы бір жәшік беріп:
«Маңайындағы достарыңмен әр жанжалдасып қалған сайын
тақтайға бір – бір шегеден қағып отыр», - деп табыстапты.

Алғашқы күні – ақ баласы тақтайға көп шеге
қағып, табыстапты. Келесі күндері де аз
болмапты. Осы қарқынымен, әлгі тақтайды то
лтыруға аса көп уақыт жұмсамапты.
Тақтайдың толғанын көргенде әкесі оған: «Енді
сол достарыңмен жеке – жеке татулас. Әр
татуласқан сайын бір шегеден суырып отыр», дейді.

Біраз күндер өтіпті. Бір күні қараса, қағылған бар шеге суырылып
біткен екен. Сонда оны сырттай бақылап жүрген әкесі баласын
тақтайдың алдына ертіп әкеліп: «Балам, жарайсың, жарадың, депті, - алайда мына тақтайға жақсылап тұрып қарашы? Шегелерді
суырғанда қалып қойған орындарын, қарайған көп тесікті көріп
тұрсың. Тақта әуелгісіндей таза қалпында, әдемі болып қалмады.
Достарыңмен төбелескен сайын арада жаман сөздер айтылады. Әр
реніш сөз көңілде мына шегенің орны тәрізді бір – бір дақ қалдырып
отырады, сондықтан ешкімнің көңліне кірбің ұялатпағайсың, балам»,
- деген екен ұлын сабырға шақырып, өмірлік ұмытылмас сабақ ұқтыра.

Иә, реніш артынан риясыз кешірілсе жақсы, әйтпесе, көп
жағдайда жан сыздатар, еске түскен сайын көңілді қаралап,
жанды жаралайтын із тастап кететіні, ащы да болса
ақиқат. «Алдыңа келсе, атаңның айыбын кеш» деген
бабаларымыз әрқашан кешірімді негіз етіп ұстаған. «Бір
ашуыңды маған бер», «Тентегімді жөнге салуды өзіме
қалдыр», «Бір білместік өтті», егер бала болса «ісінің
шалалығы» деп, жас болса «жастық шақта кімнің басынан
не өтпейді» деп, үлкен кісі болса «жаңылмайтын жақ,
сүрінбейтін тұяқ бола ма» деген секілді сөздермен әйтеуір
екі жақты өз рәуішінде бітістіруге, араларын
татуластыруға, артын тым ушықтырмауға тырысқан.

Қорытынды: Адам өмірінің мәне мен сұлулығы, адамның келешегіне
сенімділігі - баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын
бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін,
әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.
Бала – ата- ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге
менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа
бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды
аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған.
Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі
процесс.
Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының
мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз.
Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін баламыздың
жан дүниесіне үңілейік!
Бүгінгі жиналыста сіздер бала тәрбиесінін оңай емес екенін байқап отырған
боларсыздар. Тәрбиенің сан, қырлы әдіс-тәсілдері жөнінде хабардар
болдыңыздыр. Бала тәрбиесінде шыдамды болып, өз балаларыңызға
жылуыңызды бере біліңіздер! Сіздің өсірген балаларыңыз сіздерді ылғида
қуантып, қуанышқа бөлей берсін! – дей отырып, ата-аналармен қоштасамыз.

Назар аударып
тыңдағандарыңызға
рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Шегенің ізі
Тұқым қуалайтын патологияларды алдын алу
Тұқым қуалайтын аурулардын бірінші реттік алдын алу әдістері
Елдің шекарасы мен аумағына АҚИ мен карантиндік инфекциялардың әкелінуі мен енуінен санитарлық қорғау
Ауру ошағын жою бойынша жоспарды қадағалау
Кеңес беруші
Алдын ала және кезекті медициналық тексеруді ұйымдастыру
Балаларға көмек
Инъекциядан кейінгі асқынулар
Емдеу алдын алу мекемелері
Пәндер