Педагог-психологтың ата-аналармен жұмысты тиімді ұйымдастыру бағытындағы іс-әрекеті


Slide 1

Тақырыбы: «Педагог-психологтың ата-аналармен жұмысты тиімді ұйымдастыру бағытындағы іс-әрекеті». Дайындаған педагог-психолог: №79 жом Бейсенбиева Э. Х.

Slide 2

Жоспар:

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

1. Теориялық бөлім

1. 1. Бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері

1. 2. Ата-анамен жұмыстың негізгі түрі - кеңес беру

2. Практикалық бөлім

2. 1. Ата-анаға жүргізілетін психодиагностикалық әдістемелер.

2. 2. Ата-анамен жүргізілетін психопрофилактикалық және психокоррекциялық жұмыстар

Slide 3

Кіріспе

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Н. Ә. Назарбаев

Баланың жеке тұлғасының дара қасиеттерін қалыптастыруда отбасы үлкен рөлі зор. Олар күнделікті отбасылық өмірде, отбасының дәстүрлері мен адамгершілік ұстанымдары, шежіресі мен тарихы, отбасы мүшелерінің ортақ қызығуы мен мақсат - мүдделері арқылы іске асады. Бұл мүмкіндіктерді мектептің мүмкіндіктерімен үйлестіру - табысты тәрбиенің, жан-жақты дамыған жеке тұлға жетілдірудің тағы бір негізі болып табылады.

Slide 4

Адам қоғамда өзiн қоршаған адамдар тобында өмiр сүредi және дамиды, оның талаптарына сәйкес өз ойлары мен мiнез-құлқын өзгертедi, топтың басқа мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi байланысты сезiнедi.

Slide 5

1. 1. Бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері

Баланың ар-ұжданының тұрақты түрде қалыптасып, бірте-бірте дами жетілуіне отбасының берер ықпалы аса зор. Қай уақытта болмасын, жас балалардың көңіл күйінен сол отбасындағы қарым-қатынастардың жай-жапсарлары анық аңғарылып тұрады. Отбасындағы үлкендердің өзара түсіністігі жайсыз болса, оның әсері бірте-бірте жас баланың бүтіндей мінез-құлықтарында да теріс ықпалын тигізе береді. Осыдан келіп, әбден күйреген көңілден, ыңғайға көнбейтін балалардың жайсыз жағдайлары келіп шығады. Бала тәрбиесінде бұдан ауыр мәселе болуы мүмкін емес. Ата-ана балаға ең алдымен “сүйе білуге үйрететін ұстаз”ретінде қажет. Оның балаға берген тәрбиесін ең шебер деген маман ұстаздың тәрбиесі де алмастыра алмайды.

Балалар үлкендердің айтқан ақылдарын, оған жұмсаған күштері мен жіберген уақыттарын өздерінің балалық пәк көңілдерімен ешбір бүкпесі жоқ мінездерімен өтейді. Осы әрекеттерімен балалар үлкендерді де шынайылыққа, мейірімділікке, барлық адамдарға бірдей кең пейілді болуға үйретеді. Педагогикалық даналықтар:”Баланың жаны таза ақ параққа ұқсайды. Сол ақ парақты толтыратын-ата-ана, қоршаған орта, ұстаз”, екенін ұмытпайық.

Slide 6

Ата - аналардың балалары туралы шағымдары

Ата- аналардың балалары туралы жасайтын шағымдарын шартты түрде 4 топқа бөлуге болады:

Балаларымен байланыстарының болмауы: олардың қалай өмір сүретінін, неге қызығатынын түсінбеуі, балаларының сырласпауы, бірлесе отырып сөйлесудің, мәселені шешу жолдарын талдаудың мүмкінсіздігі, өзінің ата - аналық қажетсіздігін, сәбиінің бөтендігін сезінуі және т. с. с

Балаларының ата -аналарын сыйламаушылығы, менсінбеушілігі, оларға дөрекілік көрсетуі, тік мінездік қарым - қатынасы, олардың шамалы нәрсеге бола дау - дамай шығарып, шиеленіс жағдайларын туғызуы.

Ата - аналардың көзқарасы тұрғысында өмір сүріп, олардың айтқан ақылдарын, орындап жүрмейтін балалары туралы байбаламы.

Балалардың стандартты емес, кейде асоциалдық өзгермелі мінез - құлқы мен байланысты проблемалар: « Менің ұлым қаңғыбас болды».

Slide 7

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері

Ата-анаға арналған әңгіме мен лекциялар, сауалнамалар, тренингтер

Ата-анамен телефон, күнделік арқылы хабарласу

Ата-анамен

жұмыс

Оқушының жанұясына бару

«Ашық есік» күнін өткізу

Ата-аналар жиналысына қатысу

Ата-аналар комитетінің отырысына қатысу

Slide 8

1. 2. Ата-анамен жұмыстың негізгі түрі - кеңес беру

Психологиялық кеңес беруде ең негізгі нысанға алатын құжат бұл тіркеу журналы және кеңес беру күні (ата-аналар, оқушылар, мұғалімдер) .

Психологиялық кеңс беру журналында қатаң сақталынатын талаптар:

1. Педагог-психологтың мектеп бекіткен номенклатурасы бойынша номерленген болуы тиіс.

2. Журналдың атауы толық жазылуы тиіс.

3. Мектеп директорының қолы және мөрі болуы тиіс.

4. Тігілген және неше беттен тұратындығы жазылып, «Түптелді» деген парақша жабыстырылып, метеп мөрі және директордың қолы болуы қажет.

Кеңес беру журналарының сызба-нұсқалары:

Оқушыларға, ата-аналарға, мұғалімдерге кеңес беру кезіндегі тіркеу журналының сызба нұсқасы:

Кеңес алушының аты-жөні

Мерзімі

Келу себебі

Ұсыныстар

Кеңес беруші

Slide 9

Жеке кеңес беру - белгілі бір адамның жеке басына байланысты туындаған проблеманы, өмірлік қиындықтарын, мазалап жүрген ойларын біріге, тереңірек талқылауы.

Slide 10

Топтық кеңес беру - белгілі бір сыныпта, достар арасында ұжымда, ата - аналарға жалпылай берілетін кеңес беру түрі.

Slide 11

«Сенім телефоны» арқылы кеңес беру - бұл кеңес берудің кеңес алушы үшін ең ыңғайлы түрі. Себебі, мұнда арақашықтық әсер етпейді, анонимділік (құпиялылық) толық сақталады және бар сырын, проблемасын бүкпесіз айтуға мүмкіндік бар. Кеңес алушы кез - келген уақытта қоңырау шалып, телефон тұтқасын кез - келген уақытта үзе алады.

Slide 12

Сырттай кеңес беру - бұл түскен шағымдар мен ұсыныстардың туындауына байланысты мәселені шешуге көмектесу.

Slide 13

Кеңес беруші психологтың - әдептік қағидалары.

Жауапкершілік. Психолог - психологтық көмектің ұйымдастырылуына, оның жүру барысы мен нәтижесіне жауапты.

Конфиденциялдық (жауаптылық құпиялық) психологы ең алдымен, кеңес алған адамның құқықтарын қорғауы қажет. Конфиденциялдылық қағидасының сақталуы маманға деген сенімді қалыптастырады.

Эмпатия - жанашырлыққа қабілетті болу.

Зиян келтірмеу қағидасы - психолог кеңес беруші кеңес алушыдан берілген ақпаратты басқа мақсатқа пайдаланбауы қажет. Берілген ұсыныстары кеңес алушыға қол жетімді болуы қажет.

Slide 14

2. 1. Ата-анаға жүргізілетін психодиагностикалық әдістемелер

«Сіз қандай ата-анасыз?» сауалнамасы

Мақсаты: Өзіне сыни көзбен қарау, бала тәрбиесіне байланысты ақпарат алу.

«Танымдық қажеттелік деңгейін анықтау» сауалнамасы

Мақсаты:Ата-ана мен бала қарым-қатынасын анықтауға, ата-ана қажеттілігі мен бала қажеттілігінің бір-біріне сәйкестігін анықтау.

«Оқу жүктемесінің көлемін анықтау» сауалнамасы

Мақсаты:оқушының оқу жүктемесін анықтауға және ата-ана тарапынан қолдау мен көмек көрсету бағыттарын анықтайды.

«Сіз қандай ата-анасыз?» сауалнамасы

Мақсаты: Өзіне сыни көзбен қарау, бала тәрбиесіне байланысты ақпарат алу.

«Танымдық қажеттелік деңгейін анықтау» сауалнамасы

Мақсаты:Ата-ана мен бала қарым-қатынасын анықтауға, ата-ана қажеттілігі мен бала қажеттілігінің бір-біріне сәйкестігін анықтау.

«Оқу жүктемесінің көлемін анықтау» сауалнамасы

Мақсаты:оқушының оқу жүктемесін анықтауға және ата-ана тарапынан қолдау мен көмек көрсету бағыттарын анықтайды.

«Сіздің балаңызға деген қатынасыңыз қандай?» сауалнамасы

Мақсаты: Баланың ата-аналарымен өзара қарым-қатынасын зерттеу.

«Отбасылық қарым-қатынастың аймағы» тесті

Авторы Э. Эйдемиллер

Мақсаты: Баланың ата-аналарымен өзара қарым-қатынасын зерттеу.

Slide 15

«Сіз қандай ата-анасыз?» сауалнамасы

1. Сіздің балаңыз мектептен кейін, үйге біресе көзін көгертіп, біресе шалбарын жыртып келеді.

А) Сіз не болғанын сұрап, шалбарын тігіп, компресс қоясыз

Ә) Балаңызға көмектесесіз, кішкене ұрсасыз, бір күні осы қылықтары үшін бірдеңеге ұрынатынын айтасыз

Б) Оған ешқандай көңіл аудармайсыз. Бәрін өзі істесін.

2. Балаңыздың достары бар. Бірақ олардың тәртібі нашар, тыңдамайды.

А) Сіз ол балалардың ата-аналарымен сөйлесесіз

Ә) Балаларды үйге шақырып, оларға әсер етуге тырысасыз

Б) Балаңызға достарының кемшіліктерін айтасыз, олардың үлгі бола алмайтынын түсіндіресіз.

3. Балаңыз ойнағанды ұнатады, бірақ жеңілгенді ұнатпайды.

А) Еш әрекет етпейсіз, балаңыз жеңіліске үйренсін

Ә) Ол жеңілісін мойындап үйренгеншеғ енді онымен ойнаудан бас тартасыз

Б) Жеңілісін мойындауға үйрететін жағдайды әдейі туғызасыз

4. Сіздің балаңыз тәулігіне 24 сағат ойнауға бар. Кешкілікте мүлде ұйқысы келмейді.

А) Ұйқының қандай маңызды екенін түсіндіресіз

Ә) Нешеде жатам десе де рұқсат бересіз, бірақ таңертең уақытында тұрғызасыз

Б) Төсегіне белгіленген уақытта жатқызып, жалғыз қалдырасыз

5. Балаларға арналған телебағдарламаларды азсынып, балаңыз күні бойы теледидар көруге дайын.

А) Балаларға арналған бағдарлама бітісімен ұйқыға жатқызып, ол ұйықтағаннан кейін ғана теледидарды қосасыз.

Ә) Оған нені көруге болатынын, және нені көруге болмайтынын түсіндіресіз

Б) Балаңыз үшін кейбір тыңдайсыз

6. Балаңыз үлкендердің сөзіне көп араласады.

А) Бұл қылықтың жағымсыз екенін түсіндіресіз

Ә) Тыңдамағаны үшін жазалайсыз

7. Сіздің балаңыздың жасы әлі кіші болса да өзінше ғашық болады.

А) Бәрін сол қалпында қалдырасыз

Ә) Балалық махаббатқа жол бермейсіз

Б) «Махаббаттың» не екенін, қарым-қатынастың қандай болу керек екенін түсіндіресіз.

8. Басқа балалар сіздің балаңызды ұрады, келемеждейді

А) Есесін қайтаруға үйретесіз

Ә) Сол балалардың ата-аналарымен сөйлесесіз

Б) Балаңызды сол балалармен араластырмау үшін бәрін жасайсыз

9. Балаңыз қатал, аяушылықты білмейді, басқа балаларға қол жұмсайды

А) Өзіне де дәл сондай жағдай туғызасыз (аяушылық білдірмейсіз)

Ә) Осы кезге дейінгіден көбірек көңіл бөлесіз балаңызға

Б) Зорлық, зомбылықтар көрсетіп фильмдерді көруге тыйым саласыз

Жинаған баллды ата -аналар өздері санайдынәтижесін психолог хабарлайды:

0 - 18 Сіз балаңызды өзіңіз сүріп жатқан өмірге дайындап, соған ыңғайлап тәрбиелеп жатырсыз. Сіз оның басқа заманның адамы екенін ескермейсіз. Балаңыздың заманында ең бастысы - адамдардың өз-өзіне сенімділігі, шығармашалығы, өкінішке орай сіз ол қасиеттерді көрмейсіз де, дамытпайсыз да. Сіз өмірдің өзгеріп, алға жылжып бара жатқанын көрмейсіз. Сізде ескі көзқарас қалыптасқан.

19 - 35 Сіз балаңыздың келешекте қалай өмір сүретіні туралы әлі де аз ойланасыз. Бірақ та сіз заман талабына сай болу үшін жарасып бағасыз. Тәрбиеде ескі әдіс-тәсілдерді қолданбауға тырысасыз. Кездескен қиындықтарды балаңызға өз бетімен шешуге үйретіп жүрсіз. Оған жеткілікті түрде бостандық бергенсіз, өзіңіз бағындыруға тырыспайсыз. Бірақ әлі де өзіндік өмірге дайындық аз. Сіз балаңыздың өз бетімен ойлауын дамытуды қолға алыңыз, сонда балаңызда әр нәрсеге, жағдайға деген өз көзқарасы қалыптасады.

36 - 50 Сіз балаңыздың мейірімділік пен әділеттілігі басымдырақ, ақыл, ойды, ашық мінезді, жеке пікірді бағалап, өзімшілдікті сөгетін әлемде өмір сүретініне сенесіз.

Slide 16 Slide 17

Ата - аналарға арналған тренинг.

«Мен баламнан болашақта қандай үміт күтемін?»

Қажетті құрал-жабдықтар:

Қаламсап, парақша, ата - ананың алақаны.

Мақсаты: Ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту, ата - ана жауапкершілігін сезіндіру.

Ата - аналарға парақ таратылып беріледі.


Ұқсас жұмыстар
Қазіргі кезеңдегі психологиялық қызметтің негізгі жұмыс бағыттары мен іс - құжаттарының түрлері
:Психологтың бала-бақшада жұмысын жоспарлауы
Психологиялық-педагогикалық коррекцияның этикалық және кәсіби сұрақтары
Мектеп психологының мақсаты
Әлеуметтік педагогтың қызметі
Әлеуметтікпедагогтарға арналған көмекшіқұрал
Мектепке дейінгі баланың тұлға аралық диагностикасы
Сынып жетекшісінің қызметін ұйымдастыру
Педагогикалық қарым қатынасты ұйымдастыру
Педагогикалық қатынас ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz