Аутизмнің шығу тарихы
Презентация қосу
Аутизмнің шығу
тарихы
№79 жалпы орта мектебінің
педагог-психологы
Бейсенбиева Эльмира Хурметовна
Аутизм - (гр. autos - өзім) - адамның сырткы дүниеден
оқшауланып, өзімен-өзі болып, іштей сары уайымға салынған
кездегі көңіл күйі. Ең алғаш аутизм деген терминді 1912
жылы швейцар психиатрі Э.Блэхер ұсынған.Аутизм ауруын
бірінші ашып зерттеген америка психиатрі – Лео Каннер.
Балалық аутизмі әр түрлі болады және зиятпен сөйлеу
дамуының деңгейлері әр түрлі болады.Л.Каннер бойынша
ерте балалық шақтағы аутизм синдромы келесі үш
көрсеткішті біріктіреді:аутистикалық
уайымдар,стеротипі,үйреншікті,
бір қалыпты мінез-құлық,сөйлеу тілінде ерекше сипаттағы
кемістіктер.
2007 жылы 16 желтоқсанда жоғарғы ассосация шешімі
бойынша 2008 жылдың 2-ші сәуірінен бастап – аутизм
туралы хабар таратудың халықаралық күні. Аутизм әлеуметтік қарым-қатынас жетімсіздігіне соқтыратын ми
қызметінің бұзылуы. АҚШ-та әрбір 88 баланың бірі осы
дертке шалдыққан болса, Қазақстанда аутизммен ауыратын
балалардың нақты саны белгісіз. Ондай дертті дәл анықтап,
диагноз қоятын мамандар да аз.
Аутист балаларға арнайы көмек
көрсету жүйесі өткен ғасырдың 60
жылдарында алғаш рет АҚШ пен Батыс
Еуропа елдерінде қалыптасуын бастаған.
Еуропада ең бірінші аутист балаларға
арналған мектеп Данияда 1920 жылы
ашылған. Кейін кейбір жеке меншік
мекемелер аутист балаларға көмек
көрсетуді бастаған,бірақ ол кезде,нақты
оқыту мен түзетудің әдіснамалық,
ғылыми негіздемесі болмаған.
Қазіргі уақытта аутизмнің нақты
себептері анық зерттелмеген. Көп
ғалымдардың деректері бойынша
аутизммен ауырған балалардың себебі
орталық жүйке жүйесінің бұзылуы
салдарынан болады. Тұқым қуалаушылақ
фактордың әсері мол екенін көртеген
зерттеушілер мойындайды. Сонымен
бірге мидың органикалық зақымдалуы да
аутист балаларда жиі кездеседі
Аутист бала: қоршаған ортаға,қоғамға мүлде
қызықпайды.Тұрақты қорқыныштары пайда болып
тұрады,өзіне-өзі агрессиялы, қол жұмсағысы келуі де мүкін.
Бала өскен сайын сөйлеу мен зият (интеллектісі) дамуы
төмендейді. Аутист балалардың назарын адамға, басқа
нысанға аудару және бірнәрсе үйрету қиын. Ауру бала өзіне
айтқан сөздерге мән бермейді, сұрақтарға және атын атап
шақырғанға көңіл аудармайды, естімейтін керең сияқты
болып көрінеді.
Кейде аутист бала туған кезде ерекше болады:
солғын тамақ сұрап мазаламайды, жөргек суланса және бір
жері ауырса сезбейді, өскен кезде ештеңеге қызықпайды,
кейбір сөздерді немесе сөйлемдерді қағып алып, түсінбей
қайталай береді. Жақын адамдарды түсіну, аяу, көну деген
ұғым жоқ.
Л.Каннер аутизмді нақты психикалық
дамудың бұзылуы деп тапқан және келесі көрсеткіштерін
ажыратқан:
1.жалғыздықты жақсы көру
2.ешқашан адаммен көзбе-көз кездеспеу
3.мимикасының,дауысының,дыбысының
ырғағының,жестарының болмауы
4.бағытының шарттары тұрақты болуына тырысуы бәрі біркелкі
болып өзгермеуі керек
5.эмоциялық тұрғыдан ешкіммен араласпау
6.біркелкі қимылдарды қайталай береді
Аутизммен ауыратын балалар саны әлем бойынша 100
баладан 1, бұл көрсеткіштер аутизмнің қатерлі ісіктен, диабеттен
және СПИД-тен жиі кездесетіндігін көрсетіп отыр. Қазақстан
бойынша статистикалық мәліметтер жоқ, бұл медициналық
есептеу нәтижелерінің айдарының болмауынан. Аутизм құрама
санаққа енгендіктен, таралу, ауыру көрсеткіштері нақты
аутизммен есепке алынбайды.
«Қазіргі уақытта дүние жүзі бойынша аутисттік
проблемалары бар балалар саны өсуде. Мысалы, 10-20 жыл
бұрын 10 мың баланың 3-4тен 10-15 оқиға тәркелген
болса, ал қазіргі кезде мысалы АҚШта орта есеппен
алғанда 200 баланың 1уі, Англияда орта есеппен алғанда
80 баланың 1і, ал кейбір елдерде бұдан да көп –
таратылған.
Әлемдік ғалымдардың мәліметтері бойынша
уақытымен түзетушілік көмек көрсетілген жағдайда аутист
балалардың 60 пайызы жалпы білім беру бағдарламалар
бойынша, 30 пайызы арнайы білім беру бағдарлама
бойынша оқуға қабілетті,ал 10 пайызы отбасында
әлеуметтенуге мүмкіндіктері бар. Бірақ түзетушілік
көмексіз қалған жағдайдағы балалардың 75 пайызы
әлеуметтік ортаға бейімделе алмайды, 22 -23 пайызы
шамалы
бейімделеді,тек
2-3
пайызы
әлеуметтік
бейімделудің жеткілікті деңгейіне жетеді.
Kazakhstan Today агенттігінің хабарлауынша
Қазақстанда аутизммен ауыратын балалар саны
айтарлықтай өсуде. Сондай-ақ, «әлемде аутизмнің өсуі
эпидемия түрінде қарастрылады».
Алматыдағы республикалық ғылыми-тәжірибелік
орталық жанындағы психологиялық-медициналықпедагогикалық кеңес беру бөлімінің меңгерушісі Әлия
Ерсарина өзінің берген сұхбатында, Қазақстанда аутизм
дерті жылдан-жылға көбейіп бара жатқанын айтты.
- Біздің орталықтың статистикасы бойынша, 2002
жылы 77 2003 жылы аутизм балалар саны 93 болған, 2009
жылы ол 326-ға жетті. 2010 жылы 465 болса, міне 2011
жылы ол 706-ға өсті.
Ал Оңтүстікте 60 бала «аутист»
деген диагнозбен өмір сүреді. Бұл
ресми тіркелгені ғана. Олар жүйке
аурулары диспансерінде
емделетіндіктен, емхананың атынан
қорқып, баласын есепке ілмей
жүргендер көп.
Психолог аутизмге шалдыққан
балалармен неғұрлым ертерек
айналысса, көп нәрсені түзетуге
болады деп сенеді. Ата-аналарға
балаларының қылығында өзгешелік
байқалса, бірден арнайы дәрігерлік
тексеруден өткізуге кеңес береді.
Назар қойып
тыңдағандарыңызға
рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz