Дүние жүзі тарихы ХҮІІІ-ХІХ ғғ. АҚШ




Презентация қосу
ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы Америка
Құрама Штаттары

  Орындаған: Ерматов А.С

1776 жылы шілденің 4-інде Томас
Джефферсон (америкалық
ағартушы, демократиялық бағыт
идеологі, кейін АҚШ-тың үшінші
президенті болып сайланған)
құрастырған “Тәуелсіздік
декларациясы” қабылданды.

Бостондық көпес –
катробандашылардың “королі”
Джон Хэнкок “Тәуелсіздік
декларациясына” қолын бірінші
болып қойды. Патриоттардың
жетекшілері жас саясаткерлер
еді. Демократиялық сенімнің
күшіне қарай қарапайым
халықтың көбі тәуелсіздікті
қолдады. 

АҚШ-тағы тәуелсіздік үшін соғыс 1775 жылдың 19 сәуірінде
стихиялық түрде басталды. Тәуелсіздік жолындағы соғыстың
алғашқы шайқасы патриоттар үшін сәтті болды. 1775 жылы
мамырда жиналған екінші континенттік конгресс америка
өкіметіне айналды. Болашақ америкалық мемлекет
басшылығына виргиниялық ірі плантация иесі, кейін АҚШ-тың
тұңғыш президенті болған Джордж Вашингтон тағайындалды.

1777 жылдың күзінде еріктілер
мен полицияның күшімен
Саратога қаласында 7 мыңдық
ағылшын корпусы қоршауға
алынып, тізе бүкті. Бұл хабар сол
кездегі америкалық дипломат
Бенжамин Франклиннің
Франциямен одақтық келісімге
келуіне көмектесті (1778жыл)

1781 жылы қазанның 19-ында америкалықтар
мен француздар Йорктаун түбінде лорд
Корнуолистің 8 мыңдық корпусын қоршауға
алды. Ағылшындар қарсылықсыз берілді. Бұл
соғыстың тағдырын шешті

АҚШ пен Англия арасындағы келісімшартқа
1782 жылы Парижде, ал қорытынды
келісімшартқа 1783 жылы қыркүйектің 3-інде
қол қойды. Бұл келісімшарттың басты
нәтижесі – Құрама Штаттардың тәуелсіз
мемлекет ретінде ресми танылуы болды.

1787 жылы жазда барлық штаттардың өкілдері
қатысқан жартылай ресми съезд өтті. Осында
федералдық конституция қабылданды. Оның
жобасын дайындауға Джордж Вашингтон(1),
Бенжамин Франклин(2), Александр Гамильтон(3)
және Джеймс Мэдисон(4) қатысты

1789 жылы Конгресс
сайлауы болып,
Джордж Вашингтон
АҚШ-тың тұңғыш
президенті атанды.

1791 жылы Конгресс сөз, баспасөз, жиналыс
және петиция құқығына, жеке басқа, тұрғын үйге
қол сұқпаушылық, қылмысқтық істер бойынша
азаматтық қорғау соттарын енгізу туралы
конституцияға 10 түрлі өзгерістер енгізуге
мәжбүр болды. АҚШ тарихына бұл өзгерістер
“Адам құқығы туралы билль” деген атпен енді.

1860 жылғы президенттік
сайлау барынсында бірбіріне қарсы тұрған
демократтар мен
республикашыл партиялар
арасындағы қиян-кескі күрес
үдей түсті. 1860 жылғы
сайлауда республикашыл
Авраам Линкольн президент
болып сайланды.

Авраам Линкольн мемлекет
басшысы болып сайлануы
Оңтүстікті АҚШ-тан бөлінуге
итермеледі. 1861 жылдың
ақпанында он бір штат жаңа
мемлекеттің – Америка Штаттары
Конфедерациясының
құрылғандығын жариялап,
президенттікке плантатор
Джефферсон Дэвисті сайлады.
Сөйтіп АҚШ екіге бөлініп, 18611865 жж. АҚШ-тағы ең қантөгісті
соғыс Солтүстік пен Оңтүстік
арасындағы Азамат соғысы болып
өтті.

Федералистер мен конфедераттар
арасындағы соғыс 1865 жылы 9
сәуірде 28 мыңдық генерал Ли
әскерінің тізе бүгуімен аяқталды.
Ақыры соңында солтүстіктің
федералистері жеңіске жетт. Бұл
соғыс 650 мыңнан астам адам
өмірін қиып кеткен.

Президент Линкольн қайтыс
болғаннан кейінжаңа президент
пен конгресс арасында
қайшылықтар өрби түсті. Жаңа
президент Эндрю Джонсон 1865
жылы мамырда плантаторларға
азаматтық, саяси және жеке
меншікке ие болу (құл иеленуден
басқа) құқықтары қайтарылған
рақымшылық жөнінде жарлық
шығарды. Азамат соғысынан кейін
тәркіленген плантациялар
бұрынғы иелеріне қайтарылды.
Сондай-ақ атақты Ку-клукс-клан
сияқты террорлық ұйымдар пайда
бола бастады.

1868 жылы президент 
Джонсонға сенімсіздік 
білдіріп, сол жылғы 
сайлауда АҚШ президенті 
болып Солтүстік әскерінің 
бұрынғы қолбасшысы 
генерал Улисс Грант 
сайланды.

Назар 
аударғандарыңызға 
рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Есептеуіш техникасының даму тарихы жайлы
Тіл теориясы
XІX ғасырдағы қазақ әдебиеті
Аналитикалық машинаға арналған перфокарта
Тас дәуірінің кезеңдері
Есептеу техникасының даму тарихы туралы
Есептеуіш техниканың
Мэйдзи реформалары
Жапония - күн шығыс елі ХІХ ғасырда
Қай жерде
Пәндер