Жас химиктер


Slide 1

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы

№2 орта мектептің химия-биология

пәні мұғалімі

Құрманова Ханслу Жексенбетқызы

Slide 2

Тақырыбы: “Жас химиктер”

8-сыныптарға өткізілген химиялық кеш

Slide 3

Жоспары:

1. Әр топ өздерін қысқаша таныстырады

2. Металдар айтысы

3. Полиглот

4. Ғажайып химия

5. Шығармашылық жұмыс

Slide 4

Металдар айтысы

Slide 5

Натрий

Мен натрий, сілтілік жеңіл металмын,

Өзім жайлы баяндауға бет алдым.

Алуан түрлі қасиетім бойымда

Қосылысым сабынның да бойында.

Бу түрінде сары түске енемін.

Суыңды да айналдырам сілтіге,

Су бетінде еріп жүре беремін.

Мен ауаға сутекті де бөлемін.

Тұздарыммен астың дәмін кіргізем,

Сол арқылы зор пайдамды тигізем.

Космоста да сары түсті буыммен

Зымыранды көз алдыңда жүргізем.

Slide 6

Мыс

Жеңілтектік бар екен мінезіңде,

Салмағыңа сай екен мінезің де.

Бізге кезек мақтанбай бер, натрий.

Қажет металл өмірге бір өзің бе?

Мен созылғыш жұмсақ металл мыс деген,

Өмір бақи қолданыстан түспеген.

Адамзатқа қажеттігім соншалық,

Мені өндіріп алады ғой күшпенен.

Табиғаттың орын алған төрінен,

Ең әдемі қызғылт түспен көрінем.

Екі түрлі валенттілік көрсетіп,

Басқалардан ерекше боп бөлінем.

Тағы айтарым:өте баяу тотығам,

Қасиетімде байқалады осыдан.

Жақсы өткізіп мен электр тоғын да,

Өткізгіштер қатарына қосылам.

Екі түрлі қола, жез қорытпам бар,

Оны жақсы біледі қорытқандар,

Қола медаль алған да жаман емес,

“Алтын алу қайда” деп торықпаңдар.

Таулы Алтай, Жезқазғаннан шығамын,

Жауап берем және бар ма сұрағың?

Мекен- жайым Менделеев кестесі,

29-шы тор көзінде тұрамын.

Slide 7

Алюминий

Алюминий атым бар, өзім жеңіл,

Металмын ие болған төзімге бір.

Коррозия дегеннен қорықпаймын,

Тотықпас қасиет бар өзімде бір.

Қолданылам электр желісінде,

Осы менің негізгі жеңісім де.

Жарқыратып әр үйге жарық берем,

Бағалымын адамға сол үшін де.

Үш валентті элементпін тумысымда,

Вольфрам, мен сияқты құндысың ба?

Өндірілем Кереку зауытынан,

Қолданылам халықтың тұрмысында.

Slide 8

Вольфрам

Алюминий, артықтау бөсіп кеттің,

Алды артыңды байқамай есіп кеттің.

Сырың мәлім, түбі бір туыс едің,

Өтірікпен жолымды кесіп кеттің.

Өтірік «жарық берем» дегенің не?

Одан да «тоқ жеткізем» демедің бе?

Жоғары температураға төзбей тұрып,

«Жарық берем» дейсің- ау сенемін бе?

Мен - вольфрам риза еткен халықты,

Нұрға бөлеп үй, көшені, зауытты,

Электр шам балқып тұрып ішінде,

Мен емес пе шығаратын жарықты.

Табиғатта өте сирек кездесем,

Қараңғыда менсіз жарық көрмес ең.

Жарық берген инертті газ екеуміз,

Ғалымдардан сұра, маған сенбесең.

Slide 9

Темір

Жер әлемге кең тараған темірмін,

Өндірістің тұлғасы боп көріндім.

Қара металл патшасы боп танылдым,

Иесімін өте үлкен сенімнің,

Қарпайым үйдегі тұрмыстарда,

Дамып жатқан ең алып құрылыстарда.

Мені білмес адамның баласы жоқ,

Мен қатыспас техника саласы жоқ.

Тарихымның тамыры терең жатыр,

Египет пен Индиядан келе жатыр,

Шойын, болат, прокат құймаларым

Замананың дамуын демеп жатыр.

Slide 10

Никель

Несіне, темір батыр, мақтанасың?

Шыдамай коррозияға таттанасың?

Болсаң да қанша мықты кең тараған,

Тотықсаң шіріп сенде жоқ боларсың.

Кәдімгі мен боламын никель деген,

Адамдар қажетіне икемдеген.

Өзіндік әр металда қасиет бар,

Соларды, оқырманым, білсең деп ем.

Қажетті зат жерде бекер жатпайды,

Менімен де металл бетін қаптайды.

Тотықпайтын қасиетім арқылы

Темірді де коррозиядан сақтайды.

Slide 11

Күміс

Мен күміспін, асылмен барабармын,

Ақша болып қоғамда дараландым.

Бұйым жасап зергерлік мына менен,

Ерекше боп мәртебем бағаландым.

Менің емдік қасиетім тағы да бар,

Мүмкін болса күміс қасық тауып ал.

Сол қасықтан иондарым бөлінген,

Ішкі ағзаңа шипагер боп табылар.

Әрбір айтқан сөзімді ақтай алам,

Бұзылудан суыңды сақтай алам.

Тұрмыста да, өмірде де мен өзімді,

Қай жағынан алсаң да мақтай алам.

Жарыста, топта озғанда,

Тағады мені төсіне,

Алтыннан басқа алдыма,

Түсетінің жоқ шығар,

Мақтанайын несіне .

Slide 12

Алтын

Мақтана бер, мақтана бер, күмісім,

Алтын ағаң қоштағанда інісін.

Кетпе, бірақ ұмытып сен, жарқыным,

Ардақтымын жасыңа да, кәріңе,

Дүниенің менмін көркі, әрі де.

Толықсыған толған айдай, жарықпын,

Өлшемімін барлық баға, нарықтың.

Бар базардың әлемге ортақ тілі мен,

Даңқ болып омырауға да ілінген.

Slide 13

Мырыш

Күмісжан, жараспайды безілдеуің,

Ерекше мақтадың ғой өзіңді - өзің.

Басқада бар қасиет менде де бар,

Келді енді сөйлейтұғын менің кезегім.

Жарайды, өзіңдің - өзің мақтап ақ қой,

Мақтану сірә сізге жаққан ақ қой.

Цинкпін, латынша цинкум дейді,

Қазақша мағынасы «ақ қабат» қой.

Металл көп жөнді жөнсіз мақтанатын,

Көбінде бар кемшілік тоттанатын.

Соларды таттанудан сақтап жүр ғой,

Сыртынан мына менің «ақ қабатым».

Өндіріледі атақты Текеліден,

Қазыналы Текелі мекенінен.

Қорғағыш қасиетім бойынша мен,

Қалмаймын никель, хром екеуінен

Slide 14

Полиглот

Жеті жұрттың тілін біл

Slide 15

Өзім газбын менімен демаласың, Жоқ болсам ауа жетпей қиналасың.

Slide 16

Ертеден белгілі жетеудің бірімін, «Электроника саласында» ірімін. Көптеген құймаларға кіремін, Әдемілігім жөнінде алтынмен тең жүремін

Slide 17

Аспандағы айды осы элементпен теңестіреді, Салмақты адамды мақтауды да келістіреді.

Slide 18

Машина мен трактордың жаны, Қара металлургияның наны.

Slide 19

Өзі ауыр металға жатады, Балалар осы металл құйған сақамен атады.

Slide 20

Осы затпен ескі үйді аластайды, Түсіне қарасаң алтынға ұқсайды.

Slide 21

Атыма менің затым сай, Сәндік бұйым қорымын. 6-қабатта тұрсам да, Жалқаулықтың торымын.

Slide 22

Бірінші бөлігі көп емес, Екінші бөлігі тілсіз жау

Slide 23

Ғажайып химия

10

20

30

40

10

20

30

40

10

20

30

40

Slide 24

Химия пәні нені зерттейді?

Жауабы

артқа

Slide 25

Химия пәні нені зерттейді?

артқа

Химия-заттарды, олардың қасиеттерін, соның ішінде өзара айналуларын зерттейді

Slide 26

Химияның міндеті қандай?

Жауабы

артқа

Slide 27

Химияның міндеті қандай?

артқа

Заттарды қолдану үшін қасиеттерін айқындау, адамдардың сұранысына қажет заттар алу, табиғи қорларды тиімді пайдаланып, қоршаған ортаны қорғау

Slide 28

Зат массасының сақталу заңын ашқан кім?

Жауабы

артқа

Slide 29

Зат массасының сақталу заңын ашқан кім?

артқа

М. В. Ломоносов

Slide 30

Атом-молекулалық ілім ненің жиынтығы?

Жауабы


Ұқсас жұмыстар
Дәрілік препараттарды синтездеу әзірлеу
Математика мен химияның байланысы
ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ СИНТЕЗДЕЛУ ӘДІСІ
Мамандық әлемінің зор көптүрлілігі өмір үшін барлық қажеттіні жалғыз адам атқара алмайтындығының салдары
Жетекші қосылыстың бағытталған құрылымдық модификациясының химиялық әдістері
Фосфор элементінің реттік номері
Медицина қызметкерлер күні
Луиджи Гальвани және оның бақаға жасаған тәжірибесі
Физикалық химия
Органикалық қосылыстардың жіктелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz