Солтүстік Американың халқы, елдері. АҚШ


Slide 1

№13 М. Мәметова атындағы орта мектеп Материктер мен мұхиттар географиясы «А» сынып Пән мұғалімі: Жартыбаева А.

Slide 2

Сабақтың тақырыбы:

Солтүстік Американың халқы және саяси картасы, АҚШ.

Slide 3

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Солтүстік Америка халқының саны, қалыптасу тарихы, орналасуы, нәсілдік құрамы, елдері және АҚШ жайлы білімді қалыптастыру

Дамытушылық:

Ірі қалалары, көрікті жерлері жайлы білімді дамыту

Тәрбиелік:

Табиғатты қорғау мәселелері жайлы білім беру.

Slide 4

Көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта,

слайдтар, Солтүстік Американың физикалық және саяси картасы.

Сабақтың типі: Аралас.

Сабақтың түрі: Өздік, іздену.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру

2. Үй тапсырмасын сұрау

3. Жаңа сабақты түсіндіру

4. Жаңа сабақты бекіту: «Кім жылдам?»

5. Бағалау

6. Үйге тапсырма беру

Slide 5

Үй тапсырмасын сұрау:

1. Материктің орталық және оңтүстік бөлігінде табиғат зоналарының меридиан бағытта орналасу себебі не?

Slide 6

2. Бұл зонада мұз дәуірінен бері сақталып қалған қойөгіз тіршілік етеді

Slide 7

3. Бұғының айрықша түрі карибу тіршілік ететін табиғат зонасы

Slide 8

4. Негізінен биік ағаштардан тұратын бұл табиғат зонасында алып секвоя, мамонт ағашы, қантты қарағай, мәңгі жасыл емендер өседі.

Slide 9

5. Жалпақ жапырақты ормандар қайда сақталып қалған?

Slide 10

6. Ауыспалы ылғалды ормандар қай климаттық белдеуде таралған?

Slide 11

7. Прерий дегеніміз не?

Slide 12

8. Саванналар мен ылғалды мәғгі жасыл ормандар қайда тараған?

Slide 13

9. Суккулентті өсімдіктер көп таралған табиғат зонасы

Slide 14

10. Ылғалды мәңгі жасыл ормандардағы ағаштардың түрлері

Slide 15

Солтүстік Американың халқы

Халқының саны - 480млн. -ға жуық. Байырғы халқы - үндістер мен эскимостар. Ең алғаш халықтар 25-40 мың жыл бұрын Еуразиядан Беринг бұғазы арқылы келген.

Slide 16

Байырғы халықтары

Материктің солтүстігінде үндіс тайпалары алгонкин, ирокез, атабаска, делавэр мекендеген. Олар аң аулаумен, балық аулаумен, жабайы жемістерді терумен айналысып күнелткен.

Материктің оңтүстігін мекендеген үндістердің ацтек, майя тайпалары жүгері, картоп, қызанақ өсірумен айналысқан. Қолөнері мен егіншілігі, мәдениеті дамыған мемлекеттер құрған.

Slide 17 Slide 18 Slide 19

Қазіргі халқының қалыптасуы

15 ғасырда Х. Колумб материкті ашқаннан кейін Американы жаулау басталды. Үндістер құнарлы жерлерден қуылды, еуропалықтар әкелген жұқпалы аурулардан Кариб теңізіндегі аралдардың байырғы халықтары (караибтар) жойылып кетті.

Қазіргі кезде 15 млн. ғана үндістер қалды. (1 пайыз)

Еуропалықтар плантацияларда жұмыс істету үшін Африкадан құлдар әкеле бастады.

400 жылға созылған құл саудасы кезінде 100 млн. -ға жуық адам құл ретінде Америкаға әкелінді.

Slide 20

Үндістер

Еуропалықтар

Негрлер

Метистер

Мулаттар

Самболар

Slide 21

Қоныстануы

Табиғат жағдайы қолайлы, ерте игерілуіне байланысты ұлы көлдер маңында, оңтүстік-шығысындағы ірі қалаларда өте тығыз қоныстанған.

Табиғат жағдайы қолайсыз солтүстік аудандарда, таулы жерлерде сирек қоныстанған.

Slide 22

Солтүстік Американың саяси картасы, ондағы мемлекеттер

Slide 23

Елдері

Материктегі елдер:

АҚШ

Канада

Мексика

Гватемала

Белиз

Сальвадор

Гондурас

Никарагуа

Коста-Рика

Панама

Аралдардағы елдер:

Куба

Гаити

Бермуд аралдары

Багам аралдары

Доминикан Республикасы

Ямаика

Пуэрто-Рико т. б.

Slide 24

Америка Құрама Штаты

Slide 25

роитАуданы: 9млн. 363мың км 2

Халқы 309 млн. адам 3-орында

Ресми тілі: ағылшын

Ақша бірлігі: доллар

Астанасы: Вашингтон

Әкімшілік құлылымы: Федератифті республика 50 штаттан тұрады.

Slide 26

Табиғаты АҚШ аумағының басым көпшілігі Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа дейінгі ендік бағытта созылып жатқан қоңыржай және субтропиктік белдеуде орналасқан. Аляска штаты субарктика және арктикалық, ал Гавай штаты - Тынық мұхиттың тропиктік белдеуінде. Жер бедерінің 1/2-ін (елдің батысында) биік таулы жоталар мен таулы үстірттер алып жатыр. Кордильер мен Аппалачи тауларының аралығында елдің ішкі жазықтары (Орталық Ұлы жазықтар) орналасқан. Атлант мұхиты жағалауларын бойлап Атлант маңы және Мексика маңы ойпаттары жатыр. АҚШ-тағы ең биік тау - Аляска түбегіндегі Мак-Кинли (6193 м) . Жер қойнауы кен байлықтары мен минералды шикізатқа өте бай. Оның ішінде темір, никель, кобальт, алтын, күміс, уран кентасы қоры жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орында. Тас көмір (Аппалачи таулары), мұнай мен газ (Мексика ойпаты, Ұлы жазық) табылған. Ал Кордильер таулары түсті және қара металл шикізаттарына бай келеді.

Slide 27

Шаруашылығы

Отын-энергетика

Металлургия

Тоқыма, тігін

Электр техникасы

Авиация

Машина жасау

Химия өнеркәсібі

Атом өнеркәсібі

Ауыл шаруашылығы

Slide 28

АҚШ өнеркәсібі - бүкіл экономиканың жетекші саласы. Оның энергиялық балансында мұнай мен газ маңызды орын алады, ауыр және жеңіл өнеркәсібі өркендеген. Машина жасау өнеркәсібі автомобиль, авиация электр техникасы салаларына түрлі жабдықтар өндіреді. Атом өнеркәсібі, тоқыма және тігін өнеркәсібі айрықша дамыған. Шаруашылығының жетекші саласы - машина жасауөнеркәсібі. АҚШ-тың 125 қаласында автомобиль шығарылады. Детройт қаласы - елдің «автомобиль астанасы». Сиэтл қаласында алып «Боинг» ұшағы жасалынады. Транспорттың барлық түрі қарқынды дамыған.

Slide 29

АҚШ-тың ауыл шаруашылығында механикаландырылған фермерлік шаруашылықтар жетекші рөл атқарады. Онда өндірілетін негізгі дақылдарға бидай, арпа, сұлы, қара бидай, жүгері, соя бұршақтар, картоп, қант қызылшасы, мақта жатады. Мал шаруашылығында сиыр, шошқа, қой өсіріледі, тауық пен күрке тауық өсіру жаппай дамыған.

Ел астық, сүт, ет, құс өнімдерін өндіруден дүние жүзінде бірінші орын алады.

АҚШ-тың бір жылғы ұлттық табысы жан басына шаққанда 25 мың долларға жуық. Әлемдегі экономикасы аса жоғары дамыған елге жатады. Ондаған американ фирмалары мен кәсіпкерлері және белгілі банкілер Қазақстанда түрлі салалар бойынша жұмыс істейді (мысалы, мұнай өндірумен айналысатын «Шеврон», «Shell», «Мобиль» компаниялары мен «Prіse Waterhause» есеп аудит консалингтік компаниясы, т. б. ) .

Slide 30

Халқы

309 млн. жуық дүние жүзінде үшінші орында. Байырғы халқы 1 пайыз шамасында. 19-ғасырдың басынан бері Жер шарының 70-ке тарта елінен 55 млн. жуық адам осында қоныс аударған. Америкалықтар 200 жылдан астам тарихы бар АҚШ мемлекетінің мүддесін әрдайым жоғары ұстайды. Оларды жастайынан мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, отансүйгіштікке тәрбиелейді. Халықтың 3/4 бөлігі қалада тұрады, жалпы саны 9000-дай қала бар.

Slide 31

Вашингтон - астанасы (601 мың адам)

Slide 32

Чикаго - жолаушы тасымалдауда бірінші орында(2, 714млн. адам)

Slide 33

Нью-Йорк - ең ірі қаласы, БҰҰ-ның Бас Кеңсесі орналасқан(8, 336млн. ад. )

Slide 34 Slide 35

Лос-Анджелес - ғарыштық техника мен электроника орталығы(3, 792млн. ад. )

Slide 36

Табиғатты қорғау мәселелері Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы жедел дамуы, халық санының артуы табиғи ортаға үлкен нұқсан келтіруде. Сондықтан АҚШ табиғптты қорғау мақсатында дүние жүзінде алғаш рет 1872ж Йеллоустон Ұлттық паркін ұйымдастырды. Бүгінгі таңда АҚШ жерінде 50-ден аса ұлттық парк бар.

Slide 37

Йеллоустон ұлттық саябағы - дүние жүзіндегі ең алғашқы ұйымдастырылған ұлттық саябақ (1872) . Аумағы 9 мың км2.

Йеллоустон ұттық саябағының жері қалың қылқан жапырақты орман болып келеді. Оның территориясында сазбалшықты жанартаулар, ыстық қайнарлар, көлдер және 3 мыңнан астам гейзерлер кездеседі. Олардың ішіндегі ең ірісі - «Алып» гейзері, ол атқылаған кезде ыстық су 91 м-ге дейін, ал «Олд-Фейтфул» гейзерінің суы - 50 м биіктікке дейін көтеріледі.

Slide 38

Колорадо каньондары

Slide 39

Жер шарындағы ең үлкен және белгілі Үлкен Каньон АҚШ-тағы Колорадо өзенінде (ұзындығы 320 км-ден астам, тереңдігі 1800 м-ге дейін) орналасқан.

Slide 40 Slide 41

Ниагара су құламасы, Солтүстік Америкадағы АҚШ пен Канаданың шекарасымен ағып өтетін Ниагара өзенінің орта ағысында. Эри мен Онтарио көлдерінің қысқа аралығында Ниагара өзені 100 метрге жуық биіктіктен төмен қарай құлап ағады. Судың гүрілі 25 км жерге дейін жетеді. Туризм дамыған. [1]

Slide 42

Голливу́д - Колифорния штатындағы Лос-Анджелес қаласының орталығынан солтүстік-батысқа қарай орналасқан аудан. [1]


Ұқсас жұмыстар
Материк халқының қалыптасуы
Оңтүстік Американың халқы және елдері
Оңтүстік Американың физикалық картасы
АМЕРИКА ХАЛЫҚТАРЫНА ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ШОЛУ
Германия бұрыс
Латын Америкасының интеграциялық қауымдастығы
Дамыған елдердегі экономикалық өсу ерекшеліктері
Иранның ядро бағдарламасы келісімінен шығуы
ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ ТАРИХИ КЕЗЕҢДЕРІ
Қазақстандағы мал шаруашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz