СЫРА – ең қауіпті алкогольді сусындардың бірі



Ақтау орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы
Сыныбы: 10
Сынып жетекшісі:СуюнчалиеваА. К.
Биология пәнінен мұғалімі: Атабаев Т. М.
СЫРА -
ең қауіпті алкогольді сусындардың бірі.

Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Қазақстан -2050» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Ұлт денсаулығы - табысты болашағымыздың негізі» деп атап көрсетіп, салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесін басты мақсат етіп қойған. Сол бағдарламаға орай бүгінгі өткізілетін
« СЫРА - ең қауіпті алкогольді сусындардың бірі» атты тәрбие сабағымызда ой бөліспекшіміз.

"Шымкенттің салқын сырасы, - Көрдің бе ішіп, құрдасым???" дейтіндей, қазір елімізде сыраға әуес адамдардың қатары көбейді. Әсіресе, жастар арасында осы ішімдік түрі кең тарады. Ғалымдар сыраның қаупі жайында дүркін-дүркін үн тастап келеді. Қазақстанда алкоголь проблемасы әлі де өзекті болып отыр. Елімізде жас буын арасында сыраны тұтыну көбейіп, олар тәуелділік қармағына түсуде. Қазақстанда соңғы кездері балалардың - 9, 4, ал жасөспірімдердің - 21, 3, жастардың 46 пайызы алкогольді ішімдіктерді тұтынады. Оның ішінде, әсіресе студенттік ортада, сыра сәнді ішімдікке айналып отыр. Бұл туралы бүгін «СЫРА - ең қауіпті алкогольді сусындардың бірі» атты тәрбие сабағымызда ой бөліспекшіміз.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жан басына шаққандағы сыра ішу мөлшері сегіз литрден асса, ұлттың жойылып кету қаупі бар.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, біздің ел спиртті ішімдіктерді тұтыну жағынан 8-ші орынды ешкімге бермей келеді.

Тағы бір статистикаға сүйенсек, әр жан басына шаққанда Қазақстанда жылына 12 литр спиртті ішімдік сіміріледі. Соңғы 3 жылда спиртке үйір балалар саны 10 есеге ұлғайса, «тентек суға» тойынған жасөспірімдер саны 2 есеге артқан. Қазір еліміздің наркодиспансерлерінде 2 мыңнан астам жасөспірім алькоголизмнен емделіп жатыр. Ал, жалпы ел бойынша араққа салынып кеткен адамдардың диспансерлік тізімге тіркелгені - 304 мың. Тіркелмегені қаншама! Бастысы, осы жасөспірімдердің барлығы дерлік алқаштық карьерасын «жай ғана» сырадан бастаған. «Жай ғана» сырадан . . . Абай болайық! Халықтың азғындауын жылына жан басына шаққанда 8 литр «жынды су» ішуінен есептей бастайды. Ал, біздікі . . . 12 литр!

Ғалымдардың айтуы бойынша кез келген сыраны дайындағанда құрамына «хмель» деген шөп қосылады. Ол қосылмаса сыраңыз сыра болмайды.



1 шөлмек сыра =
50 грамм арақ
Сыраның құрамында этил спирті бар
Әлі күнге не спирттік өнімге не қарапайым сусын түріне жаптайтын сыраның зияны арақтан да асып түсетінін біреу білер, біреу білмес. Бақсақ, жарты литр сыра 50 грамм арақтың күшiмен тең, яғни оның құрамындағы этил спирті көпіршіген кезде алкоголь құрамы 14 пайызға дейін ұлғаяды. Тіпті алкогольсіз сыра деп күні-түні теледидардан үзбей жарнамаланып жүргендердің құрамында да 0, 5 % мөлшерінде спирт¬ барын естен шығармаңыз.

Артқа бір қадам Тарихта сыраның дайындалу тәсілін ойлап тапқан адамның кім екені белгісіз болып қалды. Алайда оның бағзы замандарда көне Египет пен Грекияда қайнатылғаны мәлім. Одан кейін Англия, Бельгия, солтүстік Францияда, Германияда, Русьте сыра қайнату өнерінің өркендегені тағы бар. Соңғысында Пасхада, Дмитрий сенбісінде, масленицада, шоқындыру мен үйлену тойларында қайнатып ішуге рұқсат берілген. Одан бері қаншама уақыт өтті. Қазіргі кезде сыраның отаны - Чехия делінсе, еліміз бойынша Шымкент пен Қарағанды қалалары осы сусын яки ішімдік түрін қайнатудан көш бастап тұр.

Асқазан Сыраны ішкен кезде әлбетте ішек жолдары арқылы ол асқазанға барады. Жай барып қана қоймай, ас қорытатын шырышты қабатты бұзады. Сондықтан сыраны көп ішетін адамның ас қорытуы қиындап, соңы созылмалы гастрит ауруына соқтырады. Бұл - бір (!)
«Ештеңе етпес»-тің соңы Сылтау болса болды, сыра - үстелдің үстінде. «Арақ емес қой» деп ақталады жастар, «ештеңе етпес» дейді ата-аналар. Денсаулық осыдан құриды. Санамалап айтсақ, төмендегідей:

Бауыр Бауыр - адам ағзасын тазартып отыратын нәзік мүше. Медицинаның бүгінгі қарқыны жүрек алмастыруға дейін жеткенімен, тек осы мүшені айырбастап салуға дәрменсіз. Сыраны жиі сіміру бауырдың улы заттарға қарсы тұру күшін азайтып, кейін жойып жібереді. Үлкендердің «арақты көп ішпе, бауырың езіліп кетеді» дейтіні осыдан болар. Бұл - екі (!)

Бүйрек Сыра сімірген адамның қайта-қайта әжетханаға жүгіретіні белгілі. Өйткені оның зәр айдау жүйесі нормадан тыс күш алып кетеді. Бұл жағдайда «қып-қызыл ақшаға сатып алған сусыным сыртқа кетіп жатыр» деп ойламау керек. Керісінше, сіз ағзадағы қажетті минералдардан айырылып жатырсыз. Нәтижесінде калий, магний элементтері азайып, адамның жүрек соғысының ырғағы ақауланып, әлсіреп қалады. Бұл - үш (!)

Жүрек Қазіргі кезде «инфаркт алыпты» деген сөзді есту таңсық болмай қалды. Бұған сыраның да әсері бар. Сыраны үнемі ішетін адамның қан тамырлары кеңейіп, варикозға шалдығады. Өйткені ол қанға тез сіңеді. Бүйрек бен бауыр қызметі бұзылған жағдайда жүрекке салмақ түседі, нүкте инфарктіге шалдығумен қойылады. Мұны «жүректің капрон шұлыққа айналуы» деп атайды.

Сыра алкоголизміне ұшыраған адамдағы «Бавар жүрегі»
синдромы

СЫРА - ең қауіпті алкогольді сусындардың бірі. Сыраның кейбір сорттарының құрамындағы спирттің үлесі 3%-дан 12%-ға дейін болады.

- 100 грамм арақта 40 грамға дейін улы заттар болады.
- 100 грамм сырада 4 грамм улы заттар болады.
Қызықты арифметика
У

Сыра жүректің жұмыс жасау қабілетін төмендетеді. Бүйрек пен қуыққа да әсер етеді. Сыраны көп ішкен адамның зәр айдау жүйесі шамадан тыс күшейіп кетеді. Бұндай жағдай ағзадағы қажетті минералдардың сыртқа шығып қалуына әкеліп соқтырады. Егер денедегі калий, магний дәрумендері азайса, адамның жүрек соғысының ырғағы бұзылып, тез шаршайды. Үздіксіз сыра ішу бауыр мен бүйректі толық істен шығарып, бүйрекке қан құйылу, адамды естен адастыру қаупін туғызады

Құлмақ бүрлері - сыра ашытуда пайдаланылатын басты компонент.


Ерлер фаминизациясы
(әйел адамдарға баяу айналу)

Құлмақ бүрлерінде фитоэстроген заты болады.
«Фито» - өсімдік
«Эстроген» - аналық жыныс гормоны
«Фитоэстроген» - ағзаға аналық жыныс гормоны секілді әсер ететін өсімдіктекті зат.

Сыра ішетін жасөспірімдер эндокриндік жүйесінің бұзылуына байланысты сыртқы әлпеті әйел адамдарға ұқсай бастайды.

Сыраны көп пайдаланатын жасөспірімдер 30 жасында жыныстық қабілеті төмендеп, 40 жасында импотенцияға ұшырайды.

Әйелге айналу һәм семіздік Сыраның құрамында біз біле бермейтін фитоэстроген эле¬менті бар. Әйел гармондары үшін аса қауіпті болып саналатын бұл зат уақыт өте келе нәзік жандыларды ашушаң етіп, психикасын бұзады, ішімдікке шырмауықша байлайды. Өзіңіз байқап қарасаңыз, сыраны шімірікпей ішетін қыздардың дауысы жуан, денелері ірі, қимылдары оқыс келеді. Ал, еркектерде керісінше, әйелде кездесетін гармондар пайда бола бастайды. Дауыстары жіңішкеріп, бұлшық еттері салбырайды, иықтары жоғалып, қарындары шығады, белінде май қатпары өседі. Мынаны біліп қойыңыз: сыра - семіздікке апаратын төте жол.
Сыраны көп пайдаланған әйел адамдарда, болашақта бедеулік және ісік ауруларына шалдығу қаупі күшейеді.

Сыра ішу болашақ аналардың омырау ісігіне шалдығу мүмкіндігін жоғарылатады.


Сыра ішудің нәтижесінде пайда болатын көз аурулары
катаракта макулопатия

Маскүнем ата-аналардың балаларындағы кемістіктер

Барлық маскүнемдікке ұшыраған адамдардың 90 % сыра ішуден бастайды…

Жасөспірімдер сыра ішу ересектіктің белгісі, сән деп ойлайды. Толық дамымаған ағза сыраға тез үйренеді. Егер жасөспірім бала күніне 1 шиша сыра ішетін болса, жылға жақын уақытта ол маскүнемге айналады. .

Маскүнемдік өз кезегінде «қоғам қалдықтарын» туғызады.


Ойлан!
Сенің болашағың - өз қолыңда!

Бүгінде сыраға ең қатал заңдарымен қарсы тұрған - Ислам мемлекеттері. БАӘ-де көшеде, жағажайларда оқыстан шөл қысып, сыра ішемін десеңіз: абай болыңыз! Сізге дереу айыппұл салынып, тіпті түрмеге қамауы да мүмкін. Еуропа елдерінде жүргенде шөл қысса, сыра сіміруге тыйым салынбайды. Тек қоғамдық орындарда өзіңізді ұстай білсеңіз болды. Америкада кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерін саудалауға тыйым салынған. Сондықтан жасыңыз 21-ге толмаса, ол жақта ішімдік сатып, пайда табамын деп ойламаңыз. Өзімізге келсек, саябақ толы сыраның шөлмектері, теледидар толы сыраның жарнамалары…

Сыра қазақтың сорына айналып барады
Кедендік одаққа байланысты өткізілген жиында сыраға қандай статус беру жайлы шу шыққаны белгілі. Беларусь үкіметі сыраны алкогольсіз өнім деп санауды ұсынған болатын. Бұл - Кедендік одақта әбден талқыланған тақырып. Мөлдір сусын үшін белорустықтар сыра өнімдері туралы техникалық регламент жасауды ұсынды. Белоруссияда сыра нарығының 80 пайызын пластик ыдысқа құйылған өнімдер құрайды. Егер сыраны алкогольді өнім қатарына қосса, белорустықтар пластикті шыны ыдыстарға ауыстыруға тура келеді екен. Бұл әрине көп шығынды қажет етеді. Ресей де сыраға байланысты өз ұстанымдарын жұмсартпақ ниет танытты. Бұл тұрғыда барлық алкогольді өнімдерді пластик ыдыстарда шығаруға қарсы шыққан Қазақстанды Ресей қолдамай отыр. Сөйтіп, сыраға қатысты сан-саққа кеткен тартыс сол күйі басы ашық күйінде қалды.
Алдағы уақытта сыраға қайта айналып соғуға тура келері сөсіз. Мемлекеттік деңгейде шешілуі тиіс мәселе ретінде. Кезінде еліміз алкогольді өнімдерге қарсы «майдан» ашқаны белгілі. Дұрысы - жарнамасына қарсы. Алайда жарнаманың өңін айналдыруда алдына жан салмайтындар сыраның орысшасын теріс қаратып жазып, сарапшылар тап басып тани алмайтындай етіп, әйтеуір амалын тапты. Әйтеуір сыраның алкогольді өнімдер қатарына жататыны, ия жатпайтыны туралы қазір қоғамның пікірін екіге жарып тұр. Кезінде Ресейдің өзі сырақұмарлықтың дендеп бара жатқанын айтып, дабыл қаққан болатын. Әсіресе, жастардың шөлбасар ретінде тіптен қалақтап емес, бөшкелеп ішетіні жайлы тіпті бас санитар дәрігері мәселе де көтерген болатын. Бізде де жағдай мақтанарлықтай мәз емес. Сыра тек жастар мен жасамыстардың ғана емес, бүгінде мектеп оқушыларының да сүйікті сусынына айналды. Оны қаншама алкогольсіз сыра деп дәріптегенмен де, оның құрамындағы 0, 5 % спиртті қайда қоямыз. Арпадан ашытылған кәдімгі арақ атаулының «туысы» болып табылатыны тағы да рас. Бірақ алкогольсіз сыра ғой деп сылтауратудың қажеті жоқ. Әйтеуір «халал сыра» деген шықпаса деңіз.

Сыра-дерек: -Ресейде әрбір адам жылына 18 литр, ал Қазақстанда 4 литр спирттік ішімдік тұтынады; -Жыл сайын 100 мың қазақстандық сапасыз арақтан уланып, ауруханаға түседі; -Кейінгі 3 жылда елімізде 55962 өрт шығып, осы оқиғада ішімдік салдарынан 1138 адам көз жұмған. Соңғы 6 жылда көлікті мас күйде айдаудың кесірінен 4833 жол апаты орын алып, 977 адам өмірімен қоштасқан; -Қазақстанда арақ өндіретін - 40, шарап шы¬ғаратын - 24, сыра қайнататын 62 зауыт бар екен; -Құзырлы орган қызметкерлері қылмыстың 68 пайызы ішімдік ішу салда-рынан орын алатынын айтады; Сыраға су деп қарап, сырлас болып, суша сіміргеннің соңы сырқатқа апаратынын естен шығармалық. Әйтсе де «ішпеу керек» деп дабыл қаққанмен, пысқыратын жан табыла қоймас. Құрығанда жиі ішуді азайтып, сыраны дұрыс қабылдау жолын білсе екен деген ой бізде.

Сыраның адам ағасына әсері.
Сыра әлсіз алкоголь және мүлдем зияны жоқ сусын деген пікір бар.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz