Үй жануарлары




Презентация қосу
Үй

ы
р
а
л
р
а
у
н
жануарлары
а
ж
й
Ү


Мақсатым:
ҚР жалпыға бірдей мемелекеттік білім беру стандартына
сәйкес, 12-жылдық білім беруге көшуге сәйкес, балаларды
ерте жастан білімдерін қалыптастырып, тілін, ой – өрісін, тіл
байлығын дамыту. Балаларға үй жануарлары туралы
мағлұмат беру, төрт түліктің маңызы мен мазмұны, адам
өміріне тигізер пайдасы туралы түсінік қалыптастыру.
Баланың танымдық ойлау қабілетін дамыту, дүниеге саналы
көзқарасын қалыптастыру тұрғысынан ұйымдастыру және
жаңа технологияны пайдалана білуге үйрету, өзін-өзі
дамытатын жеке тұлғаны қалыптастыру.

Жобаның барысы

Тәрбиеші – Балалар, қараңдаршы бүгін бізге ерекше күн, өйткені бізге
қонақтар келді.
Айасыл: Білер қазақ баласы,
Сәлем сөздің анасы.
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз.
Бәрі: Сәлеметсіздер ме.
Шаттық шеңбері: Қайырлы таң, көк аспан!
Қайырлы таң, жер ана!
Ұйымдастырушы - ізденуші
- Балалар жылдың неше мезгілі бар?
- Төрт мезгілі бар,
-Қандай мезгілдері бар екен?.
- Қыс,көктем,жаз,күз,
- Қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем,
-Көктем мезгілінің неше айы бар?
-Үш айы:Наурыз,сәуір,мамыр,
-Көктемде ауа райында қандай өзгерістер болады?

Тәрбиеші:
- Ал енді жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін бізге жұмбақ шешу керек. Мұқият
тыңдап, жауап беріңдер.( Жұмбақтың жауаптары слайд арқылы көрсетіледі)
1. Төрт бұлағы – сүт, өзі күшті, мүйізі мықты,
Шайнаңдағаны сағыз,
(сиыр)
2. Қамыс құлақ, тостаған тұяқ, мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ.
(жылқы)
3 Кішкентай ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар.
(қой)
4. Жарға шығып ойнайды, ойынға бір тоймайды,
Болса – дағы сақалы, секеңдеуді қоймайды.
(ешкі)
5. Кездесті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар
(түйе)
Балалар жауап берген сайын, жануарлардың суреті тақтаға ілінеді.
Тәрбиеші: Дұрыс, балалар, бәрін таптыңдар.Бұларды бір сөзбен не деп атаймыз?
Сонымен біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Үй жануарлары» екен. Қазір мен
сендерге осы үй жануарлары туралы әңгіме оқып беремін, ал сендер мұқият тыңдап
отырыңдар.

Шеберлер

Матадан үй
жануарларының
макетін жасау

Қағаз, картоннан
шаблондар жасау
Табиғи материалдан
үй жануарларын жасау

Наурызбаев Аянның жұмысы

Жәнебек Жұлдыз бен Қуанышқызы Махаббаттың жұмыстары

Ғалымдар
Ата-анасымен бірге төрт түлік
туралы ақпарат жинап,
мағлұматтарды дайындайды. Төрт
түлік туралы парақша дайындау.
(Слайд-презентациялар, альбомдар,
т.б. )

Үй хайуандары
М. Дулатов
«Жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі, ит, мысық адамның үйінің
маңайында тіршілік етеді. Сол үшін үй хайуандары деп аталады.
Үй хайуандары адамға көп пайда келтіреді. Жылқыға мінеді, оны
арба мен шанаға жегеді, сүтінен қымыз ашытады. Семіздерін
қысты күні соғымға сояды, терісін сатып, ақша қылады. Түйеге
жүк артады, жабағысы күпіге жақсы болады, сатса, жүні пұл
болады. Сиыр мен қой адамдарды етімен, сүтімен асырайды. Ит
қасқыр мен ұрыдан сақтап, қора күзетеді. Осылардың бәрі тегін
қызмет етпейді. Олардың қызметі үшін адам асырайды, бағады,
қысты күні аяздан тоңбайтын жылы қора жасайды, ұры, бөріден
сақтау үшін бақташы қояды».

Еттен жасалатын
ұлттық тағамдар

Сүттен жасалатын
ұлттық тағамдар

Аспазшылар

Еттен жасалатын ұлттық тағамдар

Қазақша ет (бесбармақ, бешбармақ) алдан ала дайындалған етті жуып-шайып тазалап,
қазанға салады да, ет батып тұратындай етіп суық су құяды. Содан кейін қазанды қатты
жанған отқа қойып, сарқылдатып қайнатады, бетіне шыққан қанды көбігін алып тастап,
шамалап тұз, 1 бас пияз салып отын басады да, 1-1,5 сағат ет әбден піскенше шымырлатып
қайнатады. Ет әбден піскен соң табаққа сорпасынан бөлек қотарып алып, тартылған
табақтың санына қарай мөлшерлеп тұздық әзірлейді. Ол үшін сорпаға қара бұрыш,
дөңгелектеп тұралған пияз салып, ыдыстың бетін жауып бұқтырып қояды. Ет туралып
болған соң тұздықты еттің үстіне құяды. Әдетте кәделі жіліктермен бірге сыйлы қонақтарға
малдың басын, (қой), ірі қараның шекесін, қазы, қарта, жал-жаяны табаққа бірге салып
береді.Сонымен бірге қамыр, бітеу пісірілген картоп қосуға да болады.

Қазы – жылқы етінің кәделі
мүшелердің бірі. Ол жылқының
қабырғалары мен белдемелерінің
етегіне жиналатын аса шұрайлы, майлы
ет.

Қарта – жылқы етінің ең кәделі
мүшелерінің бірі.

Жал - жылқы етінің ең кәделі
мүшелерінің бірі. Ол жылқының
шоқтығы мен ауыз омыртқасының
арасында, мойын омыртқаны ұстап
тұратын желкемен жымдаса бітеді.

Жая – жылқы етінің аса кәделі
мүшелерінің бірі. Жылқының терісін
сыпырып алғаннан кейін жаяның етін
тұтастай бөлек сылып алады.

Сүттен жасалатын
ұлттық тағамдар

Айран – ұйытылған сүт. Ол үшін сүтті 5-10 минут қайнатып, қанжылым қалыпқа түскенше суытады.
Содан соң ұйытқы (ашытқы) қосып араластырады да, ыдысты жақсылап бүркеп тастайды. Ол 1–2 сағат
аралығында ұйып болады. Ұйыған айран ашып кетпеуі үшін оны бетін ашып салқын жерге қояды.
Айранды сусын ретінде, тағам ретінде де пайдалануға болады.
Қатық –сиырдың, қойдың, ешкінің қаймағы алынбаған сүтінен ұйытып әзірленеді. Қатық піскен сүттен
де ұйытылады. Қатық ұйыту үшін жылы сүтке ұйытқы құйып, ыдыстың бетін жауып, күн түспейтін
жылы жерге 2-3 сағаттай қояды. Піскен сүттен ұйытылған қаттықты сол күйінде ішеді не болмаса кенеп
қапқа құйып сүзіп, сары суын шығарып сүзбе жасайды. Сүзбені тұздап «Сүзбе құрт» жасауға да, немесе
қарынға салып сүзбе күйінде пайдалануға да болады. Қатықты ұйытылған күйінде де, сүзбе жасағаннан
кейін де сорпаға, көжеге қосса астың дәмін келтіреді.
Қойыртпақ – қатық, айран т.б. сусындарға сүт қосып ішетін тоқ сусын. Оны жолаушылар торсыққа
құйып, қанжығаларына байлап жүрген. Қанжығадағы қойыртпақ көп шайқалады. Соған орай қанша
ашыса да ашуы білінбейді.
Шалап – көбіне жаз айларында шөл басатын бірден-бір пайдалы сусын. Шалап дайындау үшін алдымен
айран немесе шұбатты үлкен ыдысқа құйып алады да үстіне су қосады.

Шұбат – түйе сүтінен ашытылады. Бұл әрі сусын, әрі тағам. Өйткені бие сүтіне
қарағанда түйе сүті өте майлы келеді. Оның емдік қасиеті де бар.
Қымыз – биенің сүтінен дайындалатын денсаулыққа шипалы әрі жұғымды сусын.
Қымыз қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан
дәмінің бірі. Сары қымыз дертке шипа, денеге күш.

Құрт – малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам. Саба
ға сүтті жинап, сүт ашығаннан кейін піседі, сүт іркітке айланып, майы бетіне
қалқып шығады. Майын бөлек алып тұздап қарынға салады да, іркітті қазанға
суы сарқылғанша қайнатады. Құрт қайнап жатқан кезде қазанның түбін, ернеуін
қырып, әлсін-әлсін араластырып отырады. Құрт қайнап, әбден қойылған соң
қапқа құйып, керегенің басына немесе ашаға іліп, сары суын ағызады. Құрт
капта бір тәулік тұрған соң, суы әбден сарқылып, құрғайды. Бұдан кейін құртты
қаптан алып, сықпалап бөліп, шиге, тақтаға қолмен сықпалап өреге жайып
кептіреді.\

Ірімшік – сиырдың, қойдың, ешкінің
сүтінен қайнатып әзірленетін сүт
тағамы. Ірімшікті дайындау үшін
ыдысқа құйылған шикі сүттің үстіне
азырақ айран құйып, сүтті ірітеді. Одан
соң іріген сүтті отқа қойып қайнатады.
Ірімшіктің сары суы бөлінген кезде оны
шыптаға сүзеді. Ақ ірімшікке сары май,
қаймақ, кілегей сияқты майлы
тағамдарды қосса дәмді әрі құнарлы ас
болады.

Сүзбе – айраннан немесе қайнаған іркіттен дайындалады. С Ашыған айранды, қатықты
немесе қайнаған құртты кенеп дорбаға құяды да іліп қойып сорғытады. Содан ол өзінен-өзі
сүзіліп, сұйығы ағып кетеді де, сүзбе түбінде қалады. Сүзбені тұздап, малдың қарнына
салып, кептіреді. Оны жылдың кез келген маусымда езіп сорпаға, көжеге қосуға, сондай-ақ
сүт, су қосып шалап етіп, сусын ретінде ішуге болады.
Уыз- жаңа төлдеген малдың желініне жиналатын қою сүт. Уыз «сары уыз», «ақ уыз» деп
екіге бөлінеді. Сары уыз әрі қою, әрі желім сияқты жабысқақ болады. Ақ уыздың өңі сары
уызға қарағанда ақшыл, әрі сұйықтау келеді. Сары уызды төлдің өзіне емізіп, ақ уызды
сауып алып пайдаланады. Інген мен биенің уызын бота мен құлынға емізеді. Ал сиырдың,
қойдың, ешкінің ақ уыздарынан әртүрлі тағамдар пісіреді.
Пісіріленген уыз – уызға сүт қосып сұйылтып пісіреді. Уыз іріп кетпеу үшін оны ожаумен
сапырып отыру керек. Уызға тары салып пісіруге болады.
Іркіт – құрт қайнату сабаға, күбіге жинап ашытқан айран – қатық, шикі сүт. Іркітті
сиырдың, қойдың, ешкінің сүтінен дайындайды. Піскен сүттен ұйытылған айранды немесе
шикі сүттен ұйытылған қатықты сабаға не күбіге жинайды да пісіп, оның майын қалқып
алғаннан кейін, ыдыстың ішінде іркіт қалады.

Сүзбе – айраннан немесе қайнаған іркіттен дайындалады. Сондықтан да ол қатық сүзбе деп екіге
бөлінеді. Ашыған айранды, қатықты немесе қайнаған құртты кенеп дорбаға құяды да іліп қойып
сорғытады. Содан ол өзінен-өзі сүзіліп, сұйығы ағып кетеді де, сүзбе түбінде қалады. Сүзбені тұздап,
малдың қарнына салып, кептіреді. Оны жылдың кез келген маусымда езіп сорпаға, көжеге қосуға,
сондай-ақ сүт, су қосып шалап етіп, сусын ретінде ішуге болады.
Уыз- жаңа төлдеген малдың желініне жиналатын қою сүт. Уыз «сары уыз», «ақ уыз» деп екіге бөлінеді.
Сары уыз әрі қою, әрі желім сияқты жабысқақ болады. Ақ уыздың өңі сары уызға қарағанда ақшыл, әрі
сұйықтау келеді. Сары уызды төлдің өзіне емізіп, ақ уызды сауып алып пайдаланады. Інген мен биенің
уызын бота мен құлынға емізеді. Ал сиырдың, қойдың, ешкінің ақ уыздарынан әртүрлі тағамдар
пісіреді.
Қатырған уыз – уызды бүйенге, ащы ішекке немесе металл ыдысқа кұйып, қайнап жатқан судың ішіне
салып пісіреді. Бір бұрқ етіп қайнағанда ыдысқа құйылған уыз шеміршектеніп қата бастайды. Одан соң
оны ыдысымен бірге ыстық судан алып, салқын суға салады. Сонда уыз қайнап піскен жұмыртқадай
болып шығады. Қатырған уызды сүр еттің үстіне турап салады. Төлбасы (алғашқы төл) туған күні
соғымның етінен, шұжық асып, уыз қатырып, көрші-қолаңды шақыратын дәстүр болған.
Пісіріленген уыз – уызға сүт қосып сұйылтып пісіреді. Уыз іріп кетпеу үшін оны ожаумен сапырып
отыру керек. Уызға тары салып пісіруге болады.
Іркіт – құрт қайнату сабаға, күбіге жинап ашытқан айран – қатық, шикі сүт. Іркітті сиырдың, қойдың,
ешкінің сүтінен дайындайды. Піскен сүттен ұйытылған айранды немесе шикі сүттен ұйытылған
қатықты сабаға не күбіге жинайды да пісіп, оның майын қалқып алғаннан кейін, ыдыстың ішінде іркіт
қалады. Іркіттің ащы не тұщы болуы оның дайындалған сүтіне ғана емес, дайындау тәсіліне де
байланысты. Іркіт құйылған ыдыс күннің көзінде тұрса іркіт божып ащиды да дәмі қышқылданып
кетеді. Іркіт құйған ыдыс көлеңкеде тұрса, іркіттің дәмі бұзылмай тұщы болады.

Әдебиетшілер

Мақал - мәтел

Ел көркі — мал, өзен көркі— тал.
***
Бір түлікке бай болғанша,
Әр түлікке сай бол.
***
Түлік — төлден өседі.
Малы бардың назы бар.
***
Семіздің аяғы сегіз.
***
Малдың жайын баққан білер,
Оттың жайын жаққан білер.

Жұмбақтар

1.Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)
2.Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар. (Сиыр)
3. Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,
Міңсең қанат, сүті дәрі, еті- тамақ.(Жылқы)
4.Иір-иір денесі,
Сахараның кемесі.
Ащы шөптер-тамағы,
Шөлге шыдап бағады. (Түйе)

Ырымдар

Малды басынан ұрма.
Ақты төкпе.
Түнде мал санама.
Малдың жусауын, өрісін бұзба.
Жылқыны қазыққа байлама.
Мал қора ішіне дәретке отырма.
Сауар алдында малға зекіме.
Ауылға атпен шауып келме.
Қойдың мүйізін,жүнін отқа жақпа.
Малдың сүйегін далаға тастама.

Мақал - мәтелдер
Қой егіз тапса,
Шөптің басы айыртуады
Қойың саны мыңға жетсе,
Керегенің басынан бас кетпейді.
Ісі оңына басарда
Тоқты туып, шыбыш лақтар.
Қойлы бай — қорлы бай,
Сиырлы бай — сарымай.
Жетім қозы сүтке тоймас.
Қойдан қалған қозы
Қасқырға тап болады.
Қой семізі — қойшыдан.

Малды бақсаң қойды бақ,
Май кетпейді шарадан.
Ит асырасаң сырттаннан
Қой бермейді қорадан.
Қойдың сүті — қорғасын.
Қойшы көп болса,
Қой арам өледі.
Екі қошқардың басы
Бір қазанға сыймас.
Ісек қойдың басы үлкен,
Саулық қойдың жасы үлкен.
Ала қойды бөле қырыққан
Жүнге жарымайды.

Кәрі қойдың басы піскенше,
Тоқты қойдың басының
Арса-арсасы шығады.

Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.

Қой өлсе, қозы қалады,
Келер жылы өзі болады.

Семіздікті қой көтерер.

Аз қойда айран барда, өре жоқ.
Мал өсірсең қой өсір,
Өнімі оның көл-көсір.

Ақсақ қой жатып семірер.

Семіздің аяғы сегіз.

Жұмбақтар
Апан-апан,
Ескі шапан.
Иір қобыз,
Жарық жұлдыз. (Түйе)
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар. (Сиыр)
Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,
Міңсең қанат, сүті дәрі, еті- тамақ.(Жылқы)
Иір-иір денесі,
Сахараның кемесі.
Ащы шөптер-тамағы,
Шөлге шыдап бағады. (Түйе)

Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (Түйе)
Екі ошаққа бір көсеу. (Сиырдың танауы мен тілі)
Қисық ағашқа қар жұқпас. (Сиырдың мүйізі)
Ел жатса да енекем жатпайды. (Сиырдың мүйізі)
Төсек астында төрт бауырсақ. (Сиырдың емшегі)
Жаралғанда
Жабысқан (Ат)
Тастан-тасқа секiредi,
Қалқиып қос құлағы,
Ойын болып көкiрегi,
Аула оның тұрағы. (Лақ)

Ырымдар
Малды басынан ұрма.
Ақты төкпе.
Түнде мал санама.
Малдың жусауын, өрісін бұзба.

Ұсақ мал сойғанда төс шеміршегін кесіп алып,
жарға не босағаға лақтырғанда жабысып қалса – ол
үйдің аты жүйрік болады.
Киіз үйге құмырсқа көбейіп кетсе, жылқының екі
тезегін байлап, уыққа іліп қояды.

Жылқыны қазыққа байлама.

Мысық тіреу, не босаға тырнаса ауа райы бұзылады.

Мал қора ішіне дәретке отырма.

Аққуды атпайды, киесі ұрады.

Сауар алдында малға зекіме.

Ақты (сүтті, айранды) төксе малдың желіні кетеді.

Ауылға атпен шауып келме.

Ат жолға шығарда тезек тастаса жол болады.

Қойдың мүйізін,жүнін отқа жақпа.
Малдың сүйегін далаға тастама.

Жақын адамға ит, пышақ сыламайды. Сыйлаған
күнде ырымын алады.

Пышақтың жүзі шалқасынан жатса, сол үйдің
малы пышаққа ілінеді.

Мал сатқанда оны ноқтасымен не бас жібімен
бермейді, малдың басы кемиді.

Ат жер тарпыса жолға шығады.

Түнде сүттің бетіне ай сәулесін түсірмей жауып
қояды, өйтпесе сауын мал ауруға ұшырайды.

Ат сүрінсе олжаға жолығады.

Маған айтсаң – ұмытамын,
көрсетсең- еске сақтаймын,
өзімді қатыстырсаң-үйренемін.
Қытай ғибраты

Жобалау технологиясы
дарындылыққа ,
ұйымшылдыққа ,
шығармашылыққа,
еңбекқорлыққа
тәрбиелейді .

Сәттілік тілеймін!


Ұқсас жұмыстар
Үй құстары мен үй жануарлары. Тіл дамыту сабағы, презентация
Ауыл шаруашылық жануарларының шығу тегі
Хайуанаттар әлемінде
Пампа түлкісі
Қорықтардың ерекшеліктері
Етқоректілер токсокарозы
Айран - ұйытылған сүт
Роботтар
Лептоспироз
Аурудың қоздырғышы - сальмонелла туысына жататын таяқшалы бактериялар
Пәндер