Әдептілік әліппесі




Презентация қосу
Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясы

Тақырыбы: “Әдептілік әліппесі”
Дайындаған: Маннапова А.А

Түркістан қаласы

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды адамгершілікке, қарпайымдылыққа,
кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз
халқының салт-дәстүрін үйрене отырып, жаман
әдеттерден аулақ болуға, имандылыққа тәрбиелеу.
Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды
ажырата отырып, әдептілік әліппесін бойына дарыту,
тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.
Оқушыларды адам бойындағы асыл қасиеттерді
бағалай білуге, адамдармен қарым-қатынас жасау
дағдыларын арттыру.

Сабақтың барысы:
Кіріспе сөз.
Үй тапсырмасын сұрау.
Х.У.Кашифидін әдептілік ережелерімен танысу.
Сұрақ-жауап.
“Құпия хаттарға” кеңес беру.
Үйге тапсырма

Кіріспе сөз
Әдеп сөзі-қазақ тіліне араб тілінен енген сөздердің бірі.
Әдеп дегеніміз-адамдар арасындағы қарым-қатынаста
сыпайы болу, жұмсақ сөйлеу және оқыс қылықтардан аулақ
болу дегенді білдіреді. Яғни, бір кісінің басқа кісілермен
инабатты түрде қарым-қатынас жасауы және сөйлеген
сөздері мен істеген істерінде, көрсеткен қылықтары мен
жасаған әрекеттерінде сыпайы, мәдениетті болуы
әдептіліктің нышаны болып табылады. Сондай-ақ, әдеп
сақтау-туған халықты, елді, жерді, Отанды және жалпы
адамзатты ардақтау болып табылады. Өйткені, бұлұрпақтық парыздың нақты көрінісі.

Үй тапсырмасын сұрау
Балалар, сендерге үй тапсырмасы ретінде
“Әдептілік әліппесі” тақырыбы бойынша әдептілік
ережелері туралы тақпақтар жаттап келу болатын,
кәнеки, сендерді тыңдап көрейікші.

Х.У.Кашифидін әдептілік
ережелерімен танысу
Орта ғасырлық Шығыста Әлішер Науайы, Абдурахман
Жәмимен замандас, тарих, философия, математика, астрономия,
этика, поэзия, тағы да басқа саланы меңгерген Хусаин Уағыз
Кашифи есімді ғұлама өмір сүрген. Ол кісі ұрпақтарына
қырыққа жуық шығарма қалдырған екен. «Ахлоқи Мухсини»
кітабында түгелдей тәрбие, этика, білім беру мәселелеріне
арналған, адамдардың бір-біріне қатысы, құрметі, сыйластығы,
адал, әділ болу, мейірбан, бауырмал болу туралы айтады.
Дегенмен, бұл кітап бүгінгі жастарды, оларды ғана емес бәрімізді
де адалдыққа, әдептілікке, имандылыққа тәрбиелеуде жақсы
құрал бола алады. Осындай пайдалы болғандықтан да кітап
ағылшын, неміс, француз, неміс, өзбек тілдеріне ілгеріде-ақ
аударылып, жеке кітап етіп шығарылып, кең тарап отыр.

Ата-анамен қандай қатынаста болу керек?
Егер «Ата-анаңмен қатынастың он бір ережесі қандай?» деп сұраса,
мынадай жауап айт:

• Әрдайым ата-ананы құрметтеу.
• Ата-ана үшін бар дүние-байлықты аямау.
• Ата-анаға олардың құрметін жақсы атқарғаныңды ешуақытта естеріне









салмау.
Ата-анаға азап көрсетпеу.
Ата-ананың бірінші шақыруынан-ақ олардың алдына жетіп бару.
Ата-анаңмен әңгімелескенде бет жүзіңді бұзбау, ашуланбау.
Ата-ананың бар қалауын орындау.
Ата-анамен сөйлескенде дауыс көтермеу.
Ата-ананың рұқсатынсыз саяхатқа бармау.
Ата-ананы қуандыруға ұмтылу.
Ата-ананы әулиетану.

Шәкірттік әдеп
Егер сенен «Шәкірттің әдебі нешеу?» деп сұраса, «Жетеу» де:









Өз ісіне жақсы қатынаста болу, яғни өз кәсібін сүю.
Өз ісіне ықылас қою және сену.
Ұстаз алдында тәртіпті болу, өзіндік теріс әдеттерінен безіну.
Көруге тиіс болмаған нәрселердің бәрін назардан аулақ ұстау.
Естуге мүмкін емес нәрселерге құлақ салмау.
Барлық лайықсыз істерден қашу.
Ұстазына қарсы адаммен қатынас жасамау.

Сөйлеу әдебі
Білгін, адамның қадір-қасиеті оның қалай сөйлеуінде. Сөйлеу әдебін
білмеген кісі адамгершілік қасиеттен айрылады. Сөз орынды және
мағыналы айтылған болса, оны тыныш отырып тыңдамақ пайдалы.
Егер сенен «Сөйлеу әдебі нешеу?» деп сұраса, «Сегіз» де:










Орынсыз сөйлемеу.
Сыпайылықпен жұмсақ сөйлеу.
Ашық жарқын дидармен сөйлеп, бет-ауызды тыржитпау.
Тыңдаушыны жалықтырмай сөйлеу.
Тек пайдалы әңгіме айту.
Ойлап, абайлап сөйлеу. «Ойламай сөйлеген, ауырмай өледі»
Кісілер сөйлесіп тұрғанда арасына сөз қыстырмау, сөзді бөлмеу.
Көп сөйлемеу, бұл-білімдінің ісі емес.

Егер сенен «Жаман сөз қайсы?» деп сұраса, айт:
«Кісіге зарар келтіретін сөз» деп.

Тіл әдебі
Сенен «Тіл әдебі қандай?» деп сұраса, былай де: «Жақсы пікірді білдіру
үшін аузыңды аш, ал, жаман әңгіме үшін аузыңды берік ұста».
Егер сенен «Қандай жағдайларда сөйлеген мақұл?» деп сұраса,
мынадай жауап айт: «Жүректегі құпия сырды ашу үшін, жәбірленгендерге
жәрдем қолын созу үшін және жоқ-жітіктердің зар-мұңына жету үшін» деп
жауап бер.
«Нелерде тілді тыю дұрыс?» деп сұраса, айт:










Жалған сөйлеуден, өйткені, жалған сөйлеу – дұшпандық.
Уәдеге теріс іс қылудан, өйткені, бұл – екіжүзділік белгісі.
Ғайбаттанудан және балағаттаудан, себебі, бұл-пасықтар ісі.
Жанжалдан, дұшпандықтан, сөз тасудан, шайтанның уәсуәсі болған
айыбын таратудан сақтану.
Өзін мақтау және дәріптеуден тыйылу, өйткені, бұл-мақтаншақтық пен
тәкаббарлық белгісі.
Қызметкерлерді лағнаттаудан өзін тыю, өйткені, бұл-залымдар пейілі.
Жаман дұға жасау мен сөгуден тыйылу.
Адамдардың ренжуіне себеп болатын күлкілі масқарлаудан сақтау.

Сұрақ - жауап

Әдепті бала қандай болу керек деп ойлайсың?
Әдепсіз дегенді қалай түсінесің?
Үлкен кісімен қалай сөйлесу керек?
Мектепте, сынып ішінде қалай жүру керек?
Автобусқа мінгендегі әдепті баланың іс-әрекеті
қандай?

“Құпия хаттарға” кеңес беру
1-хат:
Құрметті достар!
Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі
өтірікші, көзбе-кө өтірік айта қояды.
Маған
күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен
дос болып бірге ойнайын ба?

“Құпия хаттарға” кеңес беру
2-хат:
Құрметті достар!
Менің бір досым бар. Өзі мақтаншақ.
Ойнап жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін,
қылығын айтып мақтанады. Мен онысын
ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды.
Мен
осы баламен дос болайын ба, айтындаршы?

“Құпия хаттарға” кеңес беру
3-хат:
Құрметті достар!
Партада менімен бірге бір бала отырады.
Ойнап-ойнап, тапсырмасын орындамай, жазбай
келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады. Сабақты
менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен
бермесем “сен сараңсың” дейді.
Мен не істеуім керек?

Үйге тапсырма:
Бүгінгі өтілген ашық тәрбие
сағатынан және де
көрсетілген бейнероликтен
алған әсерлеріңді қағаз
бетіне түсіріп келу.

Баршаңызға
назар қойып
тыңдағандарыңызға

рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Үлкендердің алдынан
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар "Адамгершілік"
Модульдың Сағат Сынып сағатының түрі мен мазмұны Уақыты құрылымы саны
Әдепті бала
Тәрбие жүйесіндегі модульдік технология
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі
КОНФУЦИЙШЫЛДЫҚ ІЛІМ
Ар-намыс керек адамға
Ар-намыс ,ұят беттің пердесі
Ілмекпен тоқу өнері
Пәндер