С.Сейфуллиннің "Дала" өлеңі



Сәлеметсіздер ме?

Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!

Армысыздар, балалар,
Дайынбыз ба сабаққа?
Шебер, шешен өнері
Сай келейік талапқа.
Бар ма үйден дайындық?
Тапсырмамыз дұрыс па?
Оқымасаң уайым жеп,
Тығылмаймыз қуысқа.
Ойымызды айтайық,
Сабағымызды бастайық.
Мына тұрған қонақтар
Қалсын бір сәт марқайып.

Адам бойында 7 қасиет болса, ол өз заманына лайық тұлға болады. Ол қандай қасиеттер екенін, зер салып оқиық.
Жеті қасиет
2. Білім
3. Ақыл
4. Іскерлік
1. Биік мақсат
5. Білік
6. Табандылық
7. Денсаулық

Олай болса, биік мақсатқа жету үшін дендерің сау болсын, білімдеріңіз бен ақылдарыңыз көп болсын, іскер, білікті, табанды болыңыздар дейміз. Бүгін бар білімімізді ортаға салып, сабаққа белсенді қатысайық.

Топқа бөлінуі

II. Үй тапсырмасын тексеру
«Таңның атуы» мәтінін мазмұндау.

Сұрақ-жауап
Таң атарда шығыс жақ қандай боп көрінеді?
Шолпан жұлдызы қай уақытта туады?
Таң атып келе жатқанда тағы нені байқауға болады?

Мақал - мәтел
бәйгесі
“Қызығушылығын ояту”

Мақалдың жалғасын тап.
Батаменен ел көгерер . . .
Жаңбырменен жер көгерер

Мақалдың жалғасын тап.
Таулы жер бұлақсыз болмас……
Сулы жер құрақсыз болмас

Мақалдың жалғасын тап.
Жаңбыр бір жауса…. .
Терек екі жауады

Жаздыгүн шілде болғанда.
Жаңа сабақ.

Тақырыбы:
Сәкен Сейфуллиннің «Дала» өлеңі.

С
Ә
Е
Е
Н
Ақын, жазушы,
Қарағанды облысының Нілді деген жерінде дүниеге келген
1894-1938
Туған ел Көкшетау
Қызыл ат

Құшағын жайған кең дала
Төсін ашқан анадай.
Қаладан келіп сағынып,
Бейне бір жас баладай.
Далаға келіп көк-жасыл,
Кестелі жібек көрпедей,
Жас балаша шаттанып,
Құлай кеттім еркелей
Көк ала кілем - жасыл шөп,
Тамылжып иісін аңқытты.
Кеудеге толып жас иіс,
Тән мен жанды балқытты . . .
“Кетпе” деп тағы көк шалғын
Аяғыма оралды.
Жібермей бөгеп алдымды,
Майысып гүлдер бұралды.
Дала


Постермен жұмыс.
Өлеңдегі дала бейнесін
суреттеу.

V. Ой қозғау
Өлеңнің бірінші шумағында ақын жазғы даланы кімге теңейді? Неліктен?
Ақын нені көк ала кілемге теңейді?
Жазғы дала неліктен “кестелі жібек көрпедей”?
Өлеңнен көк шалғынға, гүлдерге жан бітіріп суреттеген жолдарын тап

Сергіту сәті.

Бекіту кезеңі.
Жұмбақтар шешу.

Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем.
Жер
Қанаты жоқ - ұшады, Аяғы жоқ - қашады.
Жел
Қозғалып жүрер жортақ шам, Барлығымызға ортақ шам.
Күн

Гүл-гүл жайнап жер, аспан,
Гүрілдейді сайда өзен.
Гүлжазира жарасқан
Гүлдерімен қай кезең?
Көктем
Жапырақты бояды, Атырапты бояды. Бояп-бояп барлығын Сап-сары ғып қояды.
Күз
Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын, Жаз шіріп, қыста үсіп тоңбайтұғын. Жаһанның жерін, суын, жәндіктерін, Іші кең бәрін салса толмайтұғын.
Көк аспан
және жер

Тілек шоғы
Түсінбедім
Жақсы

«5»
«4»
«3»
Бағалау

“Дала” өлеңін жаттау. 289 бет
Үйге тапсырма.

Назар
аударғандарыңызға
рахмет!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz