Ілмекбізбен тоқу технологиясы: шартты белгілер, иірімжіптер және оқу-тәжірибелік әдістер


Slide 1

ТЕХНОЛОГИЯ

Тақырыбы:

Ілмекбізбен тоқу. Шартты белгілер.

Slide 2

Мақсаты: Ілмекбізбен тоқу технологиясымен таныстыру,

орындалу әдістерін үйрену.

Білімділік: Қолмен ілмек бізбен тоқу технологиясын таныстырып, шартты

белгілерін үйрету. Оның күнделікті өмірде пайдасының бар екенін

түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту,

тапсырма беріп олардың қабілетін дамыту.

Тәрбиелілігі: Оқушының еңбекке деген қызығушылығын өз бетінше

орындауға, әдемілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ.

Сабақтың түрі: Түсіндірмелік теориялық, сарамандық.

Әдіс -тәсілдері: Іздену, түсіндіру, сұрақ - жауап, оқушымен жұмыс, көрсету.

Пәнаралық байланыс: Математика, химия, бейнелеу.

Slide 3

Үй тапсырмасын тексеру

Бисердің Отаны?

Бисер сөзі қайдан шықты?

Ол қандай мағынаны білдіреді?

Бисер өндірісі қай ғасырда ерекше дамыды?

Ең алғаш рет бисермен өңделген киімдер, аяқ киімдерді кімдер киген?

Әйел әшекейлерін, тұрмыстық және декоротивтік ұсақ бұйымдар жасайтын материал ретінде нені қолданады?

Стеклярустың бисерден айырмашылығы?

Бисерге сипаттама бер.

Стеклярусқа сипаттама бер.

Бисерді тізу үшін қандай материал қолданады?

Лесканы не жасау үшін қолданады?

Мыс сымды не үшін қолданады?

Slide 4 Slide 5 Slide 6 Slide 7

Ілмекбізбен тоқылған шәлі

Slide 8

Ілмекбізбен тоқылған көйлек, жейде

Slide 9

Ілмекбізбен тоқылған шұлық

Slide 10

Ілмекбізбен тоқылған сөмке

Slide 11

Ілмекбізбен тоқылған пәтер интерьері

Slide 12

Іліптоқуға арналған иірімжіп түрлері

Slide 13

ЗЫҒЫР

Салыстырмалы алғанда берік иірімжіп.

Жоғары температурада отырмайды, жылдам кебеді.

МАҚТА ИІРІМЖІБІ

Қолмен тоқуда баяғыдан қолданып келе жатқан иірімжіптің ең кең тараған түрі.

Slide 14

МОХЕР

Ұзын, үлпек талшықты жүн иірімжібі. Мохерден жеңіл, жылы бұйымдар тоқуға болады.

ЖҮН ИІРІМЖІБІ

Бұл табиғи материал. Қырқылған қой жүнінен алынады.

Slide 15

АНГОР

Ангор жүнін ангор тұқымдас ешкілерден алады. Біріншіден қымбат, екіншіден созылмайды.

КАШЕМИР

Өте жеңіл, жылы, жұмсақ иірімжіп. Бірақ үйкеліске өте шыдамсыз, түйіршіктеліп дөңгелектер пайда болды.

ВИСКОЗА

Жасанды талшық. Көбінесе аралас иірімжіп түрінде қолданады. Жиі мақтамен бірге иіреді.

Slide 16

Ілмекбіз түрлері

Slide 17

Шартты белгілер

Slide 18

Шалманың пайда болуы

1- бос шалу

2- бос шалу

тізбек

Slide 19

Ілмекбізді дұрыс қолдану

Slide 20

Шалмасыз бағанша-беті тегіс шығу үшін көптеген өрнектерде қолданылады. Ілмекбізді тізбек ілмегіне кіргізіп, жұмысшы жіпті іліп алып, тізбек ілмегі арқылы тартып шығарады. Ілмекбізде екі ілмек пайда болады. Жұмысшы жіпті іліп алып, енді екі ілмектен тартып шығарады.

Slide 21

Шалмалы бағанша - Ілмекбізге шалма тастап, бізді тізбек ілмегіне өткізіп жұмысшы жіпті іліп, тізбектің ілмегі арқылы тартады. Ілмекбіздегі ілмек пен шалуды жұмысшы жіпті ілмекбізге тастап, оны ілмек және шалма арқылы тартып шығарып байлайды. Содан жұмысшы жіпті ілмек біздегі екі ілмек арқылы тартып шығарады.

Slide 22

Жұмыс орнын ұйымдастыру. Ілмекбізбен тоқығанда сақталған қауіпсіздік ережесі:

1. Жұмыс орны жақсы жарықтандырылған болуы керек.

2. Орындық арқасына сүйеніп, тік отыру керек.

3. Тоқу кезінде арқасы бар орындықта басты сәл иіп отырады.

4. Ілмекбіздің ұшы қауіпсіз, шектелген болуы крек.

5. Тоқып жатқан жайма бүлінбеуі үшін және қолда иірімжіптің қиқымдары қалмас үшін тоқып бастағанда және аяқтағанда қолды жуу қажет.

6. Жұмыс соңында барлық құрал-жабдықтарды жәшікке жинап салу керек.

7. Ілмекбізді қорабымен алып жүру қажет.

Slide 23

Қорытынды сұрақтар

1. Иірімжіптің қандай түрлерін білесіңдер?

2. Салыстырмалы түрде ең берік иірімжіпті атаңдар?

3. Тоқуға арналған ілмекбіздерді қандай материалдардан жасайды?

4. Ілмекбізді қолда қалай ұстайды?

Slide 24

Сабақтың нәтижесі

Ойлау қабілеті артады.

Көзбен көру арқылы есте сақтау қабілеті дамиды.

Бірлесіп жұмыс істеуге үйренеді.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттері дамиды.


Ұқсас жұмыстар
Топографиялық картадағы шартты белгілер: жіктелуі және сипаттамасы
Мата қалыптастыру технологиясы және тоқу станоктарының жіктелуі: қайықты тоқу
Меруерт алқа-тұмаршасын бисермен тоқу: технологиясы, оқу-тәрбие мақсаттары және қауіпсіздік ережелері
Қуаңшылық жағдайында алма көшеттерін тиімді өндіру технологиясы: әдістер мен тәжірибелік бағалау
Тоқыма өнеркәсібінің технологиясы мен материалтану: өндіріс құрылымы, кілем тоқу технологиялары және жібек талшықтары
Мектеп оқу-тәжірибе телімдеріндегі тәжірибелік жұмыстардың ұйымдастырылуы мен әдістемесі
Жарықтың поляризациясы: теориясы, түрлері және тәжірибелік әдістер
Microsoft Excel-де деректермен жұмыс: оқу-тәжірибелік сабақ жоспары
Бұлшық ет физиологиясы: қасиеттері, жиырылу түрлері және тәжірибелік әдістер
Проблемалық оқыту технологиясы: теория, белгілер және Қалың мал мысалындағы қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz