5-сынып математика: Процент бойынша санды табу - сабақ жоспары


Slide 1

Проценті бойынша санды табу

5 - сынып, математика

Slide 2

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Проценті бойынша санды табу, бөлінді бойынша бөлінгіш бөлгіштің неше процентін құрайтынын табу жолдарын үйрену, есеп шығару білім, икем дағдыларын жетілдіру, оқушылардың алған біліміндерін тереңдету, жинақтау, жүйелеу.

2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, проценті бойынша санды табу бөлінді бойынша бөлінгіш бөлгіштің неше процентін құрайтынын табу формуласын пайдаланып есеп құрастырып үйрену, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, арттыру.

3. тәрбиелік: Алған біліміне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне сенуге, жолдасын бағалай білуге тәрбиелеу .

Slide 3

Сабақтың түрі: Білімдерін жинақтау, жүйелеу

Сабақтың әдіс-тәсілі: Саралап деңгейлеп оқыту

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, тізімдеу, оқу -құралдарын дайындау (2 минут)

2. Үй тапсырма тексеру кезеңі: Әрбір оқушыдан тексеру. Шығарылмаған есептерге түсінік беру . ( 5минут)

Slide 4

Үйге берілген тапсырмалар

Тақырыптың алдын-ала даярлық тапсырмасы бойынша оқушылар толық бір шаманың 1/100 үлесін табуға арналған есептеулерді орындайды

1 дециметрдің 0, 01-і канша миллиметр

1 центнердің 0, 01-і канша килограмм

1 килограмның 0, 01-і канша грамм екенін өз беттерімен табу

Slide 5

Процент. Берілген санның процентін табу

Процентті бөлшекпен немесе натурал санмен жазу үшін процент санын 100-ге бөлу керек

Бөлшекті немесе нату-рал санды процентпен жазу үшін, процент санын 100- ге көбейтіп, процент бел-гісін тіркеп жазу керек

Берілген санның процентін табу үшін :

1) Процентті бөлшекпен өрнектеу керек;

2) берілген санды осы бөлшекке көбейту керек

Формуласы:

b= a*(P/100)

a - берілген сан

b - берілген санның процентке сәйкес мәні

Р - проценттер

Slide 6

Мысалы

1) 3%=3/100=0. 03 10%=10/100=0. 1 50%=50/100=1/2=0. 5

2) 0. 4=(0. 4*100) %=40% 3= (3*100) %=300%

5) Мысықтар көрмесіне әкелінген 60 мысықтың 20 %-і сиам мысықтары. Көрмеге неше сиам мысығы әкелінді?

Шешуі:

100% - 60 мысық

20%-?

Процентті жай бөлшекпен жазуды пайдалансақ:

20%=20/100=1/5

60*(1/5) =12

Процентті ондық бөлшекпен жазуды пайдалансақ:

20%=0. 2

60*0. 2=12 мысық Жауабы: 12 мысық

Slide 7

Проценті бойынша санды табу

Проценті бойынша санды табу үшін :

процентті бөлшекпен өрнектеу керек;

берілген санды осы бөлшекке бөлу керек

Формуласы:

b= a*(P/100)

a - берілген сан

b - берілген санның процентке сәйкес мәні

Р - проценттер

Бөлінді бойын-ша бөлінгіш бөлгіштің неше процентін құрайтынын табу үшін:

Бірінші санды екінші санға бөлу керек;

Шыққан бөлін-діні процентпен өрнектеу керек

Формуласы:

P% =(b/a) *100

а- берілген сан

b- берілген санның процентке сәйкес мәні

Р - проценттер

Slide 8

Мысалы

Есеп. Мысықтар көрмесіне әкелінген мысықтардың 20 %-і сиам мысықтары, олардын сыны - 12. Көрмеге барлыгы неше мысық әкелінді?

Шешуі:

20% - 12 мысық

100%-?

b= a*(P/100)

a - барлыгы, табатын сан

b - берілген санның процентке сәйкес мәні, ягни =12

Р - проценттер

12 = a*20/100 = a*1/5

a = 60

a = 60 Жауабы: 60 мысық

Slide 9

Проценті бойынша санды тап: 3%-і 24; 10%-і 9, 25; 60%-і 78; 15%-і 9-ға тең санды

5кг 100 кг-ның қанша проценті болады?

Заттың бағасы 760 теңге. Егер заттың бағасын 20% қымбаттатса, оның бағасы неше теңге болады?

Жылдамдығы 80 км/сағ поезд 1 сағатта екі қала арасындағы қашықтықтың 30%-ін жүрді. Екі қаланың арасындағы қашықтық неше км?

Мұнай қоймасындағы мұнайдың бірінші күні 30%-і, екінші күні қалған мұнайдың 80%-і сатуға жіберілді. Қоймада мұнайдың неше проценті қалды?

Slide 10

1 квадрат қанша % боялған бөлік қанша % боялмаған бөлік қанша % егер барлығы 100 %


Ұқсас жұмыстар
5-сынып математика: Процент бойынша санды табу - сабақ жоспары мен есептер
5-сынып математика: Сандарды жуықтау және арифметикалық ортасын табу - сабақ жоспары
5 сынып математика: жай бөлшектерді бөлуді бекіту сабақ жоспары
6-сынып математика сабағы: Таңбалары әр түрлі екі санды қосу сабақ жоспары (Баймұхашева Лиза Қожантайқызы)
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту: бастауыш сынып математика сабақ жоспары
5-сынып математика: Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру - сабақ жоспары
5-сынып математика сабағы: Ең үлкен ортақ бөлгіш (ЕҮОБ) сабақ жоспары
5-сынып математика. Ең кіші ортақ еселік: сабақ жоспары мен жаттығулар
3-сынып математика: қосылғыштарға жіктеу арқылы екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу сабақ жоспары
Таңбалары әр түрлі екі санды қосу (6-сынып): сабақ жоспары және әдістеме
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz