Қазақстан қоғамы және дәстүрлі діндер



Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясы
Қошқаров Р
«Қазақстан қоғамы және дәстүрлі діндер»

Сабақтың мақсаты:
А) білімділік; Оқушыларды Қазақстандағы дәстүрлі діндер және масһабтар туралы мәлімет беру.
Ә) тәрбиелік; Кері ағымдарға оқушылардың алданып қалмауын алдын алу.
Б) дамытушылық; Ислам дінінің хақ дін екендігі және масһабтар жайлы оқушыларға толық мәлімет беру.
Сабақтың көрнекіліктері: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған кітаптар көрмесі, слайттар.
Сабақтың әдісі: Пікірталас сабақ.
Сабақтың түрі: Онлайн сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Оқушылармен сәлемдесу.
Ә) Оқушыларды түгелдеу.
Б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Қазақстан қоғамы және дәстүрлі діндер.
Дәстүрлі діндер, ислам және христиандық, себебі Қазақстандағы діни сенушілердің 95% мұсылмандар мен православтықтардан құралған.

Қазақстандық қоғамның қалыптасуында мәдениетті құраушы маңызды факторлардың бірі болды. Бүгінгі күнде олардың аса маңызды гуманистік бітімгерлік қарымы бар екенін және Қазақстандағы қоғам өміріне оң ықпал етіп отырғанын атап өткен жөн. Дәстүрлі діндер арасындағы қарым-қатынастың конструктивті сұхбат жүргізу аясында дамуы қазақстандық қоғамдағы дінаралық және ұлтаралық келісімге мүмкіндік туғызады, сондай-ақ оның тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің маңызды факторы болып отыр.

Қазақстан Республикасы Президенті Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің дініміз ислам, кітабымыз Құрани Карим, масһабымыз имам Ағзам Абу Ханифа деген сөзі барша мұсылмандарға бағыт-бағдар деп түсінуге болады.

Шариғатта арнайы тәсілдер, ережелер арқылы Құран мен сүннеттен шығарылған үкімдер мен көзқарастар жиынтығы.
Мазһаб деп нені айтамыз?

Аһли сунна уал жамағат ішіндегі мазһабтар мыналар:

Исламдағы төрт мәзһабтың негізін салушылар:
имам Ағзам Әбу Ханифа (699-767),
имам Малик (717-795),
имам Шафиғи (767-820),
Ахмад ибн Ханбал (780-855) .

Біз не үшін имам Ағзам Абу Ханифа мазһабын ұстанамыз?
Исламның төрт құбласын тең етіп тұрған төрт мазһаб ішіндегі жүректерге қонымдысы, мұсылмандықты қабылдағанның көңіліне бейімдісі, қазақтың жүрегі мен табиғатына, салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпына жақындығын ақыл-таразысына салып - жалпақ даланы желіп өткен бабаларымыздың ықылым заманда - ақ таңдағаны имам Ағзам Абу Ханифа мәзһабы. Ханафи мәзхабы тұла бойы адамгершілік пен бүкіл адамзатқа ортақ асыл құндылықтарға бай.


Исламдағы бір мазһабта болудың артықшылығы сол - халық біртұтас, ынтымағы мен бірлігі күшті, ұйымшыл болады. Орта Азия мен Қазақстанда қанша ғасырлардан бері діни алауыздықтың болмай, ұрыс-керіс, ау-жанжалдардан іргесін аулақ салуыныңда бірден-бір сыры осында. Әйтпесе өз мақсаттары мен мүдделерін іске асыру үшін аянып қалмайтын түрлі сенім өкілдерінің тасамыздан тас атып жүргені де жасырын емес.
Сондықтан, бірауыздан үн қатып, бірлесе отырып, бір мазһабта тізе қосып алға жылжысақ, ешкімнің бізге тісі бата қоймасы анық. Өйткені құлшылық амалдарының бір болуы ондай жат пиғылдың тууына жол бермейді.

Әбу Ханифа мәзһабы өзге діни мектептермен салыстырғанда өз жамағатына көп жеңілдік беруімен әрі жариялылығымен де ерекшеленеді. Біздің жартылай көшпелі халқыыздың бұл мәзһабты қабылдауының тағы бір себебі - өз дүние танымы, бітімі мен болмысы, жүрегі мен діліне оның тонның ішкі бауындай жақындығында.
Бұл ел бірлігі мен ынтымақтығын, достығы мен ұйымшылдығын сақтап, оны одан әрі күшейте түсуге қызмет ету деген сөз.

Оқушыларды түрлі кері ағымдардан сақталу жолдары мынадай.
Мешіттен басқа жерлерде уағыз тыңдауға, намаз оқуға шақырғанда сергек болу.
Қазақстан дині басқармасының рұқсат етілмеген кітаптарын, көшірме жасалынған кітапшаларды, қолдан жасалған оқулықтарды оқығанда мән беру.
Салт-дәстүрлерді жоққа шығарту, құран бағштау, әке-шешеге қатты сөз айту жағдайларна тап болған кезде олардың басқа кері ағымдарда екенін білу.
Сыртқы көрінісі, жалаң бас жүру, қысқа балақ шалбар кию сияқты кейбір элементтерге назар аудару.
Оқушылардың кері ағымдардан сақталудың тағы бір жолы діни сауаттылығын арттыру, рұқсат етілген кітаптарды оқу, мешіт имамдарының уағыздарына қатысу.


ІІІ. Бекіту.
Амалдағы (шариғаттағы) мәзһабымыз қайсы?
Амалдағы мазһаб имамымыздың аты кім?
Жастар не үшін кейбір кері ағымдарға кіреді деп ойлайсыз?
Бесіктен қабырға дейін білім алу дегенді қалай түсінесіз.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz