Психолог портфолиосы




Презентация қосу
Мектептегі
психологиялық
қызметтің
өзекті
бағыттары

Білім берудегі психологиялық
қызмет - еліміздің біртұтас білім
беру жүйесінің маңызды бір бөлігі.
Ол ғылым мен прак-тиканың өзара
әрекетіне негізделген. Баланың
мүмкіндіктерін айқындап, дамытумен айналысады.
Білім берудегі психологиялық қызмет - бұл ғылыми, қолданбалы,
практикалық және кіріктірілген құбылыс.
Әр аспекті арнайы кәсіби дайындықты талап ететін өз міндеттері
бар.

Ғылыми аспект білім берудегі
тәжірибелік психологияның методологиялары мен теориялары мәселелері тұрғысында ғылыми зерттеулерді оқып үйренуді қарастырады.
Бірден-бір міндеті психологиялық
білімді кәсіби қолданудың әдістәсілдерін, психодиагностиканың,
психологиялық-түзету, алдыналу,
дамыту бағдарламаларды ғылыми
негіздемелеу.

Қолданбалы аспектісінде білім
беру қызметкерлерінің психологиялық білімді пайдалану
көзделген. Яғни тәрбиешілердің, мұғалімдердің, әдіскерлердің жаңа психологиялық мәліметтерді
оқу
бағдарламаларын
және
оқулықтарды,
әдістемелік
материалдарды,
оқу-тәрбие
бағдарламаларын құруда қолдану.

Практикалық аспектіні
балабақша, мектеп және басқа
білім мекемелерінің психологтары
жүзеге асырады. Олардың міндеттері балалардың, тәрбиешілердің,
ата-аналардың қандай да бір нақгы
проблемаларымен жұмыс істеу.
Олардың міндетіне жаңа әдістерді
жасау мен психологиялық заңдылыктарды ойлау кірмейді.
Бірақ, олар бүгінгі күнде ғылымдағы бар дүниені кәсіби түрде сауатты қолдануға міндетті.

Ұйымдастушылық аспект.
Бұл аспекті білім берудегі психологиялық қызметтің ықпалы кұрылымын кұру және қызметтің барлық
буындарының өзара әрекетінің
мазмұндық және ұйымдастырушылық сұрақгар қарастыруды, практик
психологтардың кәсіби біліктілігін
арттыруды және олардың кәсіби ісәрекетін бақылауды қамтамасыз
етеді. Бұлар иерархиялық бірізділікпен аудандық, қалалық, облыстық психологиялық қызмет орталықтары болып құрылады.

Білім берудегі психологиялық
қызметтің теориялық негіздері.
Ұсынып отырған білім берудегі психологиялық қызмет моделінің ғылыми негізі
басты теориялық ережелері болып табылады. Адам психикасының дамуы және
оның әлеуметтік табиғаты жөнінде өңделген отандық психология, олар: адам психикасы (филогенетикалық және онтогенетикалық катынас жағынан) дамудың өнімі
болып табылады; психикалық даму әлеуметтік тәжірибелерді меңгеру үрдісінде
жүзеге асады. (Л.И.Божович, Л.С. Выготский, А.В. Запорожец, А.Н. Леонтьев, А.В.
Петровский, С.Л. Рубинштейн, Д.Б. Эльконин және т.б.). Осы теориялық пайымдарға сәйкес тұлға бұл адамның өмір сүру
ба-рысыңда
сананың
және
мінез
кұлықтың
қоғамдық
нормаларын
меңгерудегі
тұтас
психологиялық
құрылым. Тұлғаның қа-лыптасуы, бала
өмірінің алғашқы мезе-тінен басталады
және де оның психика-лық дамуымен
бірге жүріп отырады.

Балалардың психологиялық
саулығы.
Баланың ақыл-ой, психикалық
және дене дамуымен айналысып,
оның тазалығы мен денсаулығының
қамын ойлағанымызбен, оның рухани дамуын назардан тыс қалдырып ұмытамыз.
Руханилық - бұл адамды ерекшелеп тұратын тек осы адамға ғана
тән тұлғалық эмоционалдық-адамгершіліктік күй. Эмоциялық-адамгершіліктік күй абсолюттік құндылықтарға, яғни шындыққа, әдемілікке, мейірімділікке бағытталып,
мұны іс-әрекетке, қарым-қатынаста
іске
асыруға
ұмтылу
болып
табылады.

Білім берудегі психикалық қызметтің
негізгі міндеттері:

Балаларға олардың даму мүмкіндіктерін жүзеге асыру;

Баланың жеке ерекшеліктерін дамыту, олар: қызығушылығы, қабілеті,
бейімділігі, сезімі, қатынасы, өмірлік
жоспары және т.б.

Бала дамуына жағымды психологиялық ахуал туғызу;

Балаларға, ата-аналарға, тәрбиешілерге уақтылы психологиялық қолдау
мен көмек көрсету.
Психологиялық қызметтің мақсатына
жетудің негізгі құралы әрбір баланың
толыққанды психикалық және жеке
тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін
психологиялық жағдайды туғызу және
оны сақтау.


Ұқсас жұмыстар
Педагог-психолог мамандығының басты міндеті
Сынып оқушыларының мінездемесі
Жобалау әдісі
Портфолио оқушылар жетістіктерін бағалау құралы ретінде
Баланың жетістіктері
Портфолио - оқу жетістіктерін жинақтап бағалау
Бағалы қағаздар портфелін қалыптастыру
Оқушы портфолиосы
Мұғалім портфолиосының құрылымы
Мұғалімнің аты - жөні
Пәндер