Бекжан батыр
Презентация қосу
ШҚО, Семей «№13 ЖОББМ» КММ
Кульджина Нургиза
Бекзуркановна
Тарих және қоғамтану мұғалімі
Менің
ұстанымым:
Педагогикалық
еңбекөмірдегі
өтілі - 32
жыл
Біліктілік санаты – жоғары
ІІІ (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған
Қаламыздағы тарих мұғалімдерінің тамыз секциясына арналған шебер-класс сабағы
Сабақтың тақырыбы:
Бекжан батыр
Мақсаты:
• Өз өлкеміздің тарихын танып білуге
үйрету
Міндеттері:
• Бекжан батыр, оның ерліктері жайлы
материалдарды пайдалану арқылы
ұғындыру;
• Туған өлкенің батырлары туралы өз
көзқарастарын білдіруіне жағдай жасау;
• Өз еліне, халқына деген сүйіспеншілікті
сезіне білуді тәрбиелеуді жалғастыру
Садуақас Берденов
(1902 – 1972)
•
Бекжан бұрынғы Семей облысы Шар ауданындағы
Делбегетей тауының солтүстік баурайында орналасқан
«Қарасу» ауылы маңында 1709 жылы дүниеге келген.
Руы Найман, оның ішінде –Матай, оның ішінде – Тілес.
Бекжанның арғы аталары да қазақ жерінің шығысы мен
солтүстік-шығыс аймақтарын жаудан қорғаған айтулы
батыр, өз дәуірінің қоғам қайраткерлері болған адамдар.
Бекжан Құттымбет батырдың немересі.. Құттымбеттің
Бірназар, Ерназар деген екі ұлы болады. Бекжан
Ерназардың баласы.
• Бекжан жоңғарлармен 6 жыл соғысады. Жауды жеңіп,
жоңғарларды Қара Ертістен асыра қуып, соғысты
бітірдік деп,елге қайтар алдында Бекжан бір топ
жолдастарын алып, Алтайдың бір биігіне шығып,
басындағы дуылғасын шешіп, терін сүртіп, желпіне
бергенде аңдып жатқан жау оғы дәл маңдайынан тиіп,
тілге келмей қайтыс болады. Бұл 1730 жылы шілде айы
еді, сөйтіп Бекжан батыр 21 жасында Алтай тауының бір
жотасында мәңгіге қала береді.
Қара Ертіс төмен аққан
сарқырап тұр,
Елінің дәулеті өсіп , арқырап
тұр.
Үш ғасыр өтседағы Бекжан
тірі,
Музейде ақ сауыты
жарқырап тұр
Садуақас Берденов
“Ақбикеш”
сауыты
• «Музейде тұрған Бекжан батыр киген сауыт он атаның
қолынан өтіп, қасиетті мұра ретінде сақталып келіпті.
Оның ақырғы иесі Боқбасаров Әміре қарт ақсауытты
1965 жылы өлкетану мұражайына сыйға тартты. Бұған
Боқбасардан тараған 56 ұрпақтың бәрі де келісімін берді.
Сауыттың «Ақбикеш» атануының да өзіндік сыры бар.
Көпті көрген қариялармен пікірлесіп, әңгімелескенімізде:
Матай руында Ақшахан деген беделді адам болыпты. Ол
елінің намысын қорғап, арман мүддесін жоқтай білген ер
көңілді жігіттерді қатты сыйлап, құрмет тұтқан екен. Ел
іргесіне жау келгенде ерлігімен танылған Құттымбет
батырға батылдығына риза болып, Ақшахан өз үстіндегі
сауытын шешіп оған сыйға тартыпты. - деп жазады сол
кездегі мұражайдың аға ғылыми қызметкері Нұрбану
Жолдыбаева. Ал ақын С. Берденов сауытты Құттымбетке
Тәуке ханның бергенін, оның аты ханның қызы Бикешке
байланысты қойлғанын жазады. Сауыт 9 қабаттан
тұрған делінеді. Мұражайдағы соның бір қабаты ғана.
• Қаладағы достық үйінде 20-22 мамыр күндері
2009 жылы «Айша Бибі» қалалық қазақ мәдени
орталық қоғамдық бірлестігінің ұйтқы болуымен
Бірінші аймақтық көрме-жәрмеңкесі Бекжан
батырдың 300 жыл толуына орай өткізілді.
Көрменің ашылу салтанаты орталықтың
төрайымы- батырдың ұрпағы Айман
Ыбырайқызы Боқбасарованың сөзімен,
батырдың сауыты сақталып тұрған өлкетану
мұражай үйінен басталды. Ол өз тарапынан
көрме-жәрмеңкеге қала жұртшылығы ғана емес,
алыс – жақыннан Өскемен, Зырян, Катонқарағай
аудандары және Ресейдің Алтай өңірінен де
қатысып отырғанын мақанышпен айтты.
р
ұ
ң
ы
д
р
ты
а
Б
қ
а
п
ы
р
та
Әміре Бақбасарұлы
(1880 – 1968)
Арынғазы Әміреұлы
(1928-1973)
Марфуға Жанғазықызы
(1946-1995)
Мафруза Арынғазықызы
(1946-1990)
2010 жылы Бизнес колледжде өткен халықаралық ғылыми
конференцияда оқушым Кызаева Саина “Делбегетей
тауының аталу тарихы” тақырыбында жұмысын қорғап І
Дәрежелі диплом иеленді. Ғылыми жұмыста қалмақ
батыры Делбе мен қазақ батыры Бекжанның жекпе-жегі,
Бекжан батырдың жеңісі туралы айтылып, таудың Делбе
батырдың атымен аталу себебіне тоқталады.
Шар қаласы маңында
Делбегетей ауылына таяу орналасқан
Биіктігі – 730 м
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz