Педагог-психологтың ата-аналарға психологиялық кенес беру жұмысы


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы І. Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектеп Тақырыбы: «Педагог-психологтың ата-аналарға психологиялық кенес беру жұмысы» Баяндамашы: педагог-психолог Браташ Сауле Мухамедияровна 2014 ж.

Slide 2

МАЗМҰНЫ

І. Негізгі бөлім

Психологиялық кеңес беру бағытының ерекшелігі

1. 1 Психологиялық кеңес беру, психологиялық коррекция және психотерапия жұмыстарының өзара байланыстылығы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 2 Психологиялық кеңес берудің қағидалары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5

1. 3 Кеңес берушінің ықпал ету құралдары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6

І І. бөлім

2. 1 Отбасына психологиялық кеңес берудің теориялық негіздері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7

2. 2 Психологиялық кеңес беру жұмысының бірнеше бағыттары . . . 8

ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11

Slide 3

Кіріспе

Қазіргі кезде психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізу әдістері ретінде белгіленетін көптеген тәсілдерді мектеп психологтары кеңінен пайдаланылуда.

Психологиялық кеңес беру психолог тәжірибесінде бұрыннан бері пайдаланылатын ұғым болғандықтан, ол терминмен психолог қызметінің кең аумағынын бір жақты көрсету қиын. Сондықтан психологиялық білім қолданылатын кез келген салада кеңес беру жұмысы осы қызметті ұйымдастыру формаларының бір түрі ретінде саналады.

Кеңес беру жұмыстарының өзі бірнеше бағытта болуы мүмкін кәсіби кеңес беру, ата-аналарға және педагогтарға кеңес беру, басшыларға кеңес беру, мектеп жасындағы балаларға кеңес т. с. с.

Психологиялық кеңес берудің негізгі мақсаты - психологиялық көмек көрсету қажеттілігі даусыз екенін дәлелдеп беру, яғни клиентпен әнгімелесу арқылы кеңес сұрап келген адамға проблемаларын шешуге және өзің қоршағандармен ара қатынасын дұрыс орнатуға психолог көмек көрсете алатындығына сендіру.

Slide 4

1. 1 Психологиялық кеңес беру, психологиялық коррекция және психотерапия жұмыстарының өзара байланыстылығы Әнгімелесу кеңес беру, психокоррекция жән психотерапия жұмыстарында жиі қолданылады. Дегенмен, егер кеңес беру жұмысы бәрінен бұрын клиентке оның басқалармен қарым - қатынас мәселелерін реттеуге көмектесумен шектелсе, психокоррекциялық немесе психотерапиялық ықпал негізінде жатқан адамның жеке мәселелерін шешуге бағытталған. Сонымен қатар психикаға терең әсер ету арқылы клиентті сөзсіз илануға жеткізу немесе гипнозға жақындатылған жағдайда сендіру тәсілдерін пайдалану үшін осы тәсілдерді толық менгерген және оларды емін еркін қолдануға шеберлігі жеткілікті болуы керек. Психотерапия мен кеңес берудің айырмашылығы кең және көп қырлы тақырып. Осыған байланысты, клиентпен жүргізілетін бірінші жұмыс - психологиялық көмектен не күтуге болатындығын және керектігін оған жете түсіндіру. Осы көзқарас тұрғысынан нақты мақсатқа жетуге бағытталған психологиялық кеңес беру көбінесе өзіндік ерекшелікпен сипатталатын, өте ұзақ және терең зерттеуді талап ететін психотерапевтік көмек көрсету жұмысының алғашқы қадамы ретінде қызмет етеді.

Slide 5

Ұрпақ тәрбиесi - ұлт болашағы

Адамның адамшылдығы - ақыл,

ғылым, жақсы ата, жақсы ана,

жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.

Абай

1. 2 Психологиялық кеңес берудің қағидалары

Көптеген психолог мамандар үшін ұстану және іске асыру міндетті болып табылатын өзіндік қағидалары мен талаптары анықталған. Психологиялық қызмет көрсететіндердің міндеттерін анықтайтын этикалық кодекстері бар.

Психологтың этикалық кодексі:

1. Қауіп келтірме! Өз білімдеріңді дұрыс қолдана біл.

2. Бағалама! Жағымсыз бағалауларыңды дауыстап айтпа.

3. Адамды сол қалпында қабылдай біл. Психолог алдына келген клиентті түсіне білуге міндетті.

4. Кәсіби құпияны сақтау. Оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар жайлы ақпараттарды жариялауға қатаң түрде тыйым салынады.

5. Оқушылар мен қызметкерлер бар жерде, жұмыстағы әріптестеріңмен араларыңдағы түсініксіз мәселелерді шешпе.

6. Компетентті бол! Техникалар мен әдістерді жетік білмесең, қолданба.

7. Клиентпен қарым-қатынаста дистанцияны ұстана біл.

8. Клиенттің өз іс-әрекеті мен өміріне деген жауапкершілік құқығынан айырма.

9. Клиентті қате ақпараттандырма! Себебі клиент дұрыс емес шешім қабылдауы мүмкін.

10. Клиенттің әртүрлі психологиялық шараларға қатысуындағы еріктілік принципін ұстан!

11. Өзіңді тұлға және маман ретінде сыйлай біл!

Slide 6

1. 3 Кеңес берушінің ықпал ету құралдары Кеңес беруде кәсіби ықпал мүмкіндіктері өте кең және алуан түрлі. Солардың ішіндегі негізгісі, талассыз, клиентпен жүргізілетін вербальдық қатынас, дәлірек айтқанда - кеңес беру әнгімесі болып табылады. Әнгіменің мұндай түрін кәсіби деңгейде меңгеруді нағыз өнер деп айтуға болады. - Клиентпен әнгімелесу - Арнайы тапсырма беру әдіс - тәсілдері - Тілсіз жүргізілетін байланыс түрлері Психологиялық ықпал саласында адамдармен тікелей жұмыс жасайтындар үшін бұл нормалар елеулі шектеулер қояды. Сондықтан психологиялық кеңес беру, коррекциялық тренингтер ұйымдастыру шаралары біздің ортамызда маңызды орын алуда. Олардың қызметінде А. А. Бодалев, В. В. Столин, т. б. ұсынған этикалық талаптар мен қағидаларға сүйене отырып келесі басты қағидалар ұсынылған: - қарым-қатынас барысында клиентке тілектес болу; - клиенттің құндылықтары мен нормаларына бағыттану; - кеңес беруге тыйым салу; - кеңес берудің анонимділігі; - жеке және кәсіби қатынастарды шектеу; - клиентті кеңес беру процесіне кірістіру; - психологиялық кеңестен өтіп жатқандарға жауапкершілікті өз мойнына алдыру; - кеңес беруші мен клиент арасындағы қатынасты құру.

Slide 7

Кәсіптік психограмма

- Тұлғалық ерекшеліктер, кәсіпті білуі - Өзгелердің жағдайын түсінуге тырысу, назар аударуы - Қарым-қатынасқа бейімділік, жылы шырайлылығы - Жетекші болуға қабілеттілігі - Әдептілігі, сыпайылығы - Дұрыс ақыл-ойымен басқаруы - Жарқын жүзділігі - Шыдамдылық, төзімділік - Үлкен жауапкершілікті сезуі - Әр түрлі жұмыстарды толық орындау қабілеттілігі - Еңбек іс-әрекетіне ынтасы -- Жаңа идеяларды тез игеруі, пікірдің өз еркінділігі - Жұмыс барысындағы ұқыптылығы және реттілігі - Өз болашағын жоспарлауға қабілеттілігі - Өз ойын еркін айтуға қабілеттілігі, есте сақтауы - Өзгелерді оқытуға қабілеттілігі - Ауруларға қамқорлық жасай білуі - Бейтаныс адамдарға қамқорлық жасай білуі

Slide 8

Психологиялық қызметті жүргізуші психолог-мамандардың құқықтары: Мектептің ерекшелігіне байланысты жұмыстың тиімді бағыттарын анықтауға құқылы. Оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың нақтылы міндеттерін белгілеп, жұмыстың әдістері мен түрлерін таңдауға құқылы. Психологиялық қызметтің ережелеріне қайшы келген жағдайда әкімшіліктің бұйрығынан бас тартуға құқылы. Оқушылардың тағдырын шешуге байланысты құрылған комиссиялар мен түрлі ұйымдардың жұмыстарына кеңесші дауыспен қатысуға құқылы. Мектептегі қажетті құжаттармен танысуға, дәрігерлік мекемелерге тапсырыстар беруге құқылы. Зерттеулер мен тәжірибелер жүргізуге, психологиялық диогностика мен түзету жұмыстарының жаңа әдістерін өз тәжірибесінде қолдануға, олардың тиімділіктерін анықтауға құқылы. Мектеп әкімшілігімен келісу арқылы жоғары органдардың алдына оқушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған сұраныстармен шығуға құқылы. Мектеп оқушыларының кәсіби мүмкіндігін анықтау мақсатында кәсіптік бағдар беру орталықтарымен байланыс жасауға құқылы.

Slide 9

2. 1 Отбасына психологиялық кеңес берудің теориялық негіздері Отбасына кәсіптік әлеуметтік - психологиялық көмек көрсетудің негізін құрғандар - психиатрлар мен психотерапевттер. Отбасына кеңес берудің психологиялық моделің психоанализ негізінде пайда болды. Оны құрушылар теориялық көзқарастарына байланысты бірнеше топқа бөлінеді. Психодинамикалық көзқарас М. Боуен, М, Ульрих Бихевиористік көзқарас Д. Тиболт, Г. Кеңлей Гуманистік көзқарас К. Роджерс Психологиялық кеңес берудің моделі В. Кемплер Құрылымдық моделі С. Минухин Кеңес беру моделінің стратегиясы Дж. Галлей Отбасылық кеңес беру процесін шартты түрде 5 фазаға бөлуге болады: Байланыс орнату; Проблемаларды анықтау; Іс-әрекет фазасы; Шешім қабылдау фазасы; Кері байланыс фазасы;

Отбасы - отанымыздың ошағы.

Отбасында адам бойындағы асыл

қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.

Отанға деген ыстық сезім - жақындарына,

туған - туысқандарына деген

Сүйіспеншіліктен басталады.

Н. Ә. Назарбаев

Slide 10

Тиімді отбасылық кеңес берудің шарттары

Психолог клиентпен белгіленген бір уақытта

кездесіп, оның проблемалары бойынша және

кеңес берудің жүруі бойынша пікір алмасады.

Психолог кеңес алушының құқығы н құрметтейді,

кәсіби қарым-қатынас жасау шараларын

шамасы келетіндерімен шектейді.

Психолог клиенттің өзінің мәселері б

ойынша шешім қабылдауға қабілетті

екеніне сезінеді.

Психолог клиентке үлкен сенім артатынын

сөзбен немесе басқа да бір әдіспен жеткізеді,

оны эмоцияналды түрде қолдайды және өзінің

тілектестік сезімін білдіруі арқылы оған өзінің

қиындықтарын айтқызады.

Психолог кеңес алушының жағдайын қызығушылықпен

тындап, оның проблемаларын обьективті

анықтау үшін кеңес алушының «ізімен жүріп»,

терең және жан жақты түсініп алады.

Психолог клиент алдында тұрған проблемалар

туралы қорытынды мен ұсыныс беруге асықпайды,

ол кеңес алушыға ыңғайлы жағдай туғызуға ғана асығады.

Психолог клиенттің әр қадамына ырзашылығын білдіріп, оны өзімен бірге қосылып проблеманы шешу жолында қызмет жасауға шақырады.

Психолог клиентке барлық мәселені жан-жақты талдап, оның себептерін толық түсінуге және проблемаларды бірлесіп шешуге ұмтылады.

Slide 11

Тиімсіз отбасылық кеңес берудің көрсеткіштері

Психолог пен клиент кездесулері уақытында өтпейді.

Психолог клиентпен айтарлықтай байланыс орнатпайды.

Психолог кеңес алушыны «көрмейді», «естімейді» және «сезбейді».

Ол өзінің айтқандарына ғана көніл аударады. Кейде клиенттің «аузын ашқызбай» тек өзі сөйлейді. Кеңес алушыға шағымдары бойынша қатал ескертулер жасап, оның қылықтарын жамандыққа жориды. Кеңес алушыны әшкерлеуге тырысады немесе моральдық талаптарға жүгіндіреді.

Кеңес алушыға өзінің шешімін зорлап міндеттеп береді, асығыс кеңестер мен ұсыныстар береді.

Кеңес алушымен дауласумен аяқталған кездесу болашақта клиентті шындықты жасыруға немесе психологиялық көмектен бас тартуға мәжбүр етеді.

Бастапқы гипотезаны қатаң ұстанады. Диагнозды нақты қояды және емдеудің нақты жолдарын ұсынады.

Сонымен отбасына психологиялық кеңес беру жұмысы оның жүргізуді негіздейтін түрлі теориялық көзқарастарға сүйенеді. Отбасылық кеңес берудің мазмұны мен оның түрлері отбасы мүшелерінің жас шамаларына және психологиялық даярлығына қарай бағдарланады.

Slide 12

2. 2 Психологиялық кеңес беру жұмысының бірнеше бағыттары: 1) білім алушыларға, ата-аналар мен педагогтерге олардың сұранысы бойынша консультация беру; 2) білім алушыларға, ата-аналар мен педагогтерге жеке тұлғалық, кәсіптік өзін-өзі айқындау проблемалары және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынастар бойынша жеке және топпен консультация жүргізу; 3) күйзелістік, жанжалдық, қатты эмоционалды күйзелістік жағдайда болып табылатын білім алушыларға психологиялық қолдау көрсету; 4) тұлғааралық және топаралық жанжалдарды шешуде делдалдық жұмыстарды ұйымдастыру. 5) білім беру жүйесінде және әлеуметтік ортада психологиялық кеңес берудің ең көп қолданатын саласы мектеп оқушыларына және олардың ата - аналарына кеңестер беріледі. 6) Баланың психологиялық дамуын шешу мәселесі бойынша 7) Психологиялық көмекті қажет ететіндерге дер кезінде қажетті іс - шаралар жөнінде 8) Ата - аналарға балалармен ара қатынастарындағы қиындықтар себебі бойынша 9) Ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым - қатынас бойынша 10) Сұраныс бойынша баланың арнайы қабілетіне жеке тұлғалық ерекшелігіне, интеллектуалдық дамуына диагностика жүргізу және ата-аналарға бағыт беру және т. б.

Slide 13 Slide 14
Ұқсас жұмыстар
:Психологтың бала-бақшада жұмысын жоспарлауы
Мектепке дейінгі мекемедегі психолог кабинеті
Қазіргі кезеңдегі психологиялық қызметтің негізгі жұмыс бағыттары мен іс - құжаттарының түрлері
Психологиялық кеңес беру
Психологиялық-педагогикалық коррекцияның этикалық және кәсіби сұрақтары
Мектеп психологының мақсаты
Оқытудағы қиындықтары бар балалардың психологиялық және педагогикалық сипаттамасы
Психологтың сәбилер тобындағы балалармен жұмыс істеу ерекшеліктері
Педагог-психологтың ата-аналармен жұмысты тиімді ұйымдастыру бағытындағы іс-әрекеті
Практикалық психология психология ғылымының бір саласы ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz