Майдандағы әйелдер



БҚО, Қаратөбе ауданы, Алакөл негізгі жалпы білім беретін мектебі
Жобаның тақырыбы:
“Майдандағы әйелдер”

Жобаға қатысушылар
Ғабдоллаев Әлихан
Абайұлы
Ғаббасов Ақниет
Асылбекұлы
Мемлекетов Сақтаған
Берікұлы

Жоба жетекшісі
Аты жөні: Байниязова Шынар Назаргалиевна
Пәні: тарих
Санаты: І
Еңбек өтілі: 16 жыл

Мақсатым:Қазақтың қыздарының Отанымызды қорғаудағы ерліктері мен жеңістерін мақтанышты түрде паш ету.
Міндетім: Шығармашылық ізденіспен жұмыс жасап, жұмысымды көпшілікке тарату.


Хиуаз Қайырқызы Доспанова
Хиуаз Қайырқызы Доспанова 1922 жылы мамырдың 15 Ганюшкин ауылында (қазір Атырау облысы) дүниеге келген. Әкесi Қайыр - балықшы, анасы Меруерт - мұғалiм болып еңбек еткен. Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында 300-ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған еді. Әлия, Мәншүк, Хиуаз. . . Олардың есімдерін тек Қазақстан ғана емес, кезіндегі КСРОхалықтары да жақсы біледі. Соғыстан кейін лауазымды қызметтер атқарған Хиуаз Доспановаға ЕлбасыныңЖарлығымен Халық қаһарманы атағы берілген болатын. 2008 жылы мамырдың 21 Алматы қаласында 86 жасында дүниеден озды.

Хиуаз Астрахандағы балық кәсіпшілігімен айналысқан жұмысшы отбасынан шыққан. Ол кісінің кезінде Мәншүк Мәметовамен бір көшеде тұрып, көрші болғанының өзі өмірінің естен кетпес бір сәті іспеттес. Есімдері тарихта мәңгі қалатын бір көшенің батыр қыздарының мінездерінде де ұқсастық бар. Алғырлық, қайсарлық, адалдық. Екеуіне ортақ қасиет. Мектеп қабырғасын үздік бағамен тәмамдаған талдырмаш жас қыз ұшқыш болуды армандайды. Алға қойған мақсатын қайтсе де орындауға дағдыланған ол, соғыс басталған жылдары Мәскеудегі Жуковский атындағы әскери-әуе Академиясына қабылданбай қалса да, медицина институтынан алған білімімен тылда еңбек етіп, кейін ұшқыштар дайындайтын училищеге түседі. Өрімдей жас қыздың қайсарлығына тәнті болған атақты ұшқыш әйел Марина Раскова сол кезде-ақ оған зор үміт артқан екен. Есімдері кең тараған ұшқыш әйелдер Гризобудова, Осипенко, Расковаларға еліктеген Хиуаз Доспанова үмітті ақтайды. Майдандағы ерлігі үшін ол «Қызыл жұлдыз», ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған. Ал төсіндегі «Еңбек Қызыл Ту» ордені соғыстан кейінгі жылдардағы елеулі еңбегінің жемісі.

Көрмені Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжінің студенттері алғашқы болып тамашалады.
Мұражай қорының сақтаушысы Әлия Еркінғалиеваның айтуынша, Х. Доспанованың Оралдағы №1 орта мектепті бітіргеннен кейін Мәскеу медицина институтына түскені белгілі. Бірақ соғыс басталып кеткеннен кейін бәрі өзгерді. Мектепте оқыған кезде аэроклубта жаттыққан ол Саратов әскери-әуе училищесінде штурмандықты меңгергеннен кейін М. Паскова басшылық еткен әйелдер әуе полкына жіберіледі.
Хиуаз аспанда 300-ден астам самғап, жау нысандарын бомбалап, ерліктің үлгісін көрсете білді. Бірнеше рет өлім аузынан қалған Х. Доспанова көптеген марапаттарға ие болса да, оған Батыр атағы берілмейді. Тек еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 2004 жылы ол Халық қаһарманы атанды. Қазақтың тұңғыш ұшқыш қыздарының бірі 2008 жылы өмірден озды.
Көрмеде Х. Доспанованың суреттері, марапаттары, қаруластарынан алған хаттары, жеке заттары қойылған.
Оралда Халық қаһарманы Х. Доспанованың 90 жылдығына арналған көрме ашылды

Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты) (1925 ж. 15 маусым (кейбір деректерде 25 қазан, 20 сәуір), Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қаз КСР - 1944 ж. 14 қаңтар, Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники, Казачиха ауылы, РКСФР) - Кеңес Одағының Батыры (1944), мерген, ефрейтор.

1925 ж. 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген. Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж. ), кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған, ал 1935 ж. бастап Ленинград, Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйінде тәрбиеленген. Санкт-Петербургтегі 9-орта мектебінде оқыды. [1] Оқудағы озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері - Артекке жіберіледі. Артекте батырлар тақтасына Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзе сияқты батырлармен қатар Әлия Молдағұлованың да суреті енгізілген. Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярославль облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942) ЖШҚӘ-ға (Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді.
1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты) . Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 ж. 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды.
Әлия Новосокольники ауданының Монакова ауылында жерленген.

Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі Мәнсия) - 1922, Орал облысы Орда ауданы, - 1943 ж. қазанның 16-ы - қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры (1944) . Шын есімі Мәнсия. Анасы еркелетіп Моншағым дей бергеннен, Мәнсияның тілі келмей өзін Мәншүк деп кеткен. Мәншүктің өз әкесі - Жиенғали Мәметов. Бірақ Жиенғалидің інісі Ахмет Мәметовте бала болмаған соң, 1925 жылы Мәншүкті сол кісінің қолына берген. Ахмет Саратов қаласында оқып жүргендіктен, Мәншүкті өзімен бірге сол жаққа алып кетеді. Көп ұзамай аласапыран заман басталады да, Ахмет бірнеше жыл ағасымен хабар алыса алмай қалады. Кейін 1931 жылы Алматыға келгеннен соң, жылдың соңында бір-ақ естиді: ағасы Жиенғалидің аштықтан көз жұмған екен. Ахмет Мәметов - қазақтан шыққан алғашқы дәрігерлердің бірі, өзі Алашордашы, Бейімбет Майлин, Құдайберген Жұбановтармен жақын араласқан. Сондықтан да 1938 жылдың қаңтар айында ұсталып кетеді.
Ахметтің әйелі Әмина Мәметова - Әбілқайыр ханның тұқымы. Атасы молда, әкесі елге сыйлы адам болған, өзі патша заманында әйелдер гимназиясында оқыған, Саратовта аспирантура бітірген, елге келген соң әдебиет пәнінің мұғалімі болып, сол кездегі газеттерге сыни мақала жазып тұрған.
Мәншүк Жикенғалиқызы Мәметова

Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк Алматы медициналық институтында оқып жүрді.
1942 ж. тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-нші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.
Павлодар облысының колхозшылары Батыр қыздың құрметіне Мәншүк атындағы танк колоннасын құруға қаражат жинады. Туған жерінде оған ескерткіш орнатылған, Невель, Алматы, Орал, т. б. қалаларда Мәншүк атында көшелер бар. Республиканың ондаған мектептері, Қызылорда қыздар педагогикалық училищесі Мәншүк есімімен аталады. Қаһарман қыздың өмірі мен өшпес ерлігі жайлы «Мәншүк туралы жыр» (авторы - А. Михалков-Кончаловский, режиссері М. Бегалин) көркем фильм түсірілді.

Мәншүктің батырлығына ешкімнің күмәні жоқ. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Қызыл Армияда 300 мың жауынгер әйелдердің 86-сы Батыр атағын алған. Соның екеуі - қазақ қызы еді. Бұл мақала бір жағынан шындыққа көз жеткізу болса, екінші жағынан осы жасалған ерлікті мұра ететіндей бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның қорғаны болар, сенім жүктер ұрпағынан өрімдей жас қыздың еліне, жеріне деген сүйіспеншілігінен құлағдар ету. Заты әйел болса да намыс үшін басын қатерге тігіп, сүйегі шашылған апаларының ерлігі бүгінгі ұрпаққа титтей де болса үлгі болсын деген ниет қана.
Қазақ қашанда жауынгер халық, батыр халық. Оның осы қасиеті ұрпақтан ұрпаққа үлгі, ата дәстүр болып табылады. Бұл дәстүрлер айтып, қайталағанда ғана өміршең болмақ. Мәншүк пен Әлия да осындай рухтың жалғасы… Атағына бүкіл Шығыс халқы ортақтасқан, қазақтың атын әлемге шығарған аяулы қос батыр қызымыздың даңқын асыруда не жасадық, оларға деген құрметтің нышанына жүрер қандай іс тындырдық? Елі үшін, Отаны үшін соңғы деміне дейін айқасып, қыршынынан қиылған қазақтың қаршадай екі қызын ардақтай алдық па? Аққан жұлдыздай ғұмыр кешсе де, алмас қылыштай жарқ етіп, елі үшін қасқайып кеткен қос қызғалдағымыздың қадіріне жете алдық па? Ал, бұл екінші мәселе…

Оның мұражай үйіндегі экспозициялар көршілес Ресей Федерациясының, Невель қаласынан әкелінген құнды жәдігерлермен толықтырылды.
Аты аңызға айналған қазақтың қайсар қызы, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың жаңа ескерткішінің ашылу салтанатына Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мұражай үйінің жанындағы "Майдангерлер" клубының мүшелері қатысты. 1942 жылдың тамыз айында өз еркімен соғысқа аттанған Мәншүк 21-ші атқыштар дивизиясының қатарында шайқасты. Ол Невель жерінде ерлікпен қаза тапқанда небәрі 21-ақ жаста болатын.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz