Оң және теріс сандар

    
Сабақ тақырыбы:
ОҢ ЖӘНЕ ТЕРІС САНДАР.
6 сынып
Мұғалім: АДИЯТ БАЙДОЛДА
Сабақ мақсаты:
Біліктілік: Шамалардың өзгерісінің сан мәнінің жазылуымен оқылуын таныстыру. Оң сандар мен теріс сандардың анықтамаларымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, есеп шығарудың жаңа түрлерін меңгерту және ойдан ой туындатуға, әр сөзді, айтылған ойды дәлелдеуге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушылардың математика пәніне ынталығын, қызығушылығын арттыру.
Кейбір шамалардың тура мағынасы, тура бағыты болуымен қатар, қарама-қарсы бағыты болады.
Өлшеу, есептеулер жұмыстарында шамалардың тура мағынасындағы өзгерістердің сан мәні мен қарама қарсы мағынасындағы өзгерісінің сан мәнін ажырата білу қажет.
1 мысал: Іле Алатаудағы Талғар шыңы теңіз деңгейінен 4973м биіктікте жатыр.
Ала Қара теңіздің ең терең жері теңіз деңгейінен 2210м төмен.
Теңіз деңгейінен жоғары биіктік «+» таңбалы санмен жазылады, ал теңіз деңгейінен төменгі тереңдік «-» таңбалы санмен жазылады.
Демек, Талғар шыңының биіктігі + 4973 м ( плюс 4973 метр деп оқылады) .
+4973- сан оң сан
Қара теңізінің ең терең жеріндегі биіктігі: -2210м (минус 2210 метр деп оқылады. )
Мұндағы -2210 саны - яғни теріс сан
2 мысал.
Таңертең термометр ауа температурасының 3 градус суықтықты көрсетті, ал түсте 2 градус жылылығын көрсетті.
Термометрдің көрсетуі 0 градустан төмендегенде суық болатынын, 0 градустан жоғарылағанда жылы болатынын білеміз.
Олай болса 3 градус суықты -3 деп ал, 2 градус жылылықты +2 деп
жазып оқимыз
Анықтама:
«+» таңбасымен жазылған
сандар оң сандар деп атаймыз
Мысал: +111; +440; +3, 5
Анықтама:
«-» таңбасымен жазылған
сандар теріс сандар деп атаймыз
Мысал: -111; -440; -3, 5
«0 » саны оң санға да, теріс санға да жатпайды.
Шама мәндерінің өсуі оң сандармен, ал шама мәндерінің кемуі теріс сандармен жазылады.
Мысалы: 5; 45; 455 сандары - оң сандар
-455; -45; -5 сандары - теріс сандар
Егер берілген өрнектерде оң сан бірінші орында тұрса немесе бір ғана сан болып, оң сан болса онда алдына + таңба қоймаймыз.
+ 222 222
+10х-6 10х-6
Кейбір шамалардың сан мәндерінің оң санмен немесе теріс санмен жазылуы:
Шаманың аты
Оң санмен өрнектелуі
Санақ басы
0 саны
Теріс санмен өрнектелуі
Ұзындық
Биіктігі +24м
Теңіз деңгейінен жоғары +25
Теңіз суының деңгейі
0 м
Тереңдігі -23м
Температура
Дене температурасының жоғарлауы +15 градус
Мұздың еруі 0 градус
Температураның төмендеуі -15 градус
Уақыт
Алдағы уақыт +23минут
Қазіргі уақыт
Өткен уақыт -23 минут
№1 тапсырма
Түнде 2 градус суық
Түсте 3 градус жылы
Ауа температурасы бойынша жылы суығын ажыратып жаз.
№2 тапсырма
Теңіз деңгейінен жоғары 25 метр
Теңіз деңгейінен төмен 25 метр
№3 тапсырма
20; 56; -999; 36; 0; -52; 1; 2333; 0; 100; -122
Оң сандарды
Теріс сандарды
Оң санғада теріс санғада жатпайтынын теріп жаз
Үйге тапсырма
Ережелерді
қайталау.
№289, 299
Бағалау
5
4
3
- Іс жүргізу
 - Автоматтандыру, Техника
 - Алғашқы әскери дайындық
 - Астрономия
 - Ауыл шаруашылығы
 - Банк ісі
 - Бизнесті бағалау
 - Биология
 - Бухгалтерлік іс
 - Валеология
 - Ветеринария
 - География
 - Геология, Геофизика, Геодезия
 - Дін
 - Ет, сүт, шарап өнімдері
 - Жалпы тарих
 - Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
 - Журналистика
 - Информатика
 - Кеден ісі
 - Маркетинг
 - Математика, Геометрия
 - Медицина
 - Мемлекеттік басқару
 - Менеджмент
 - Мұнай, Газ
 - Мұрағат ісі
 - Мәдениеттану
 - ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
 - Педагогика
 - Полиграфия
 - Психология
 - Салық
 - Саясаттану
 - Сақтандыру
 - Сертификаттау, стандарттау
 - Социология, Демография
 - Спорт
 - Статистика
 - Тілтану, Филология
 - Тарихи тұлғалар
 - Тау-кен ісі
 - Транспорт
 - Туризм
 - Физика
 - Философия
 - Халықаралық қатынастар
 - Химия
 - Экология, Қоршаған ортаны қорғау
 - Экономика
 - Экономикалық география
 - Электротехника
 - Қазақстан тарихы
 - Қаржы
 - Құрылыс
 - Құқық, Криминалистика
 - Әдебиет
 - Өнер, музыка
 - Өнеркәсіп, Өндіріс
 
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
            
                Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz