Бір-халық, Бір-ел, Бір-тағдыр




Презентация қосу
Қазақстан Республикасы 2050 стратегиясы

«Бір – халық, бір –
ел, бір – тағдыр»
Жұмажанова Гульфайруз Тапитановна
Өскемен қ., 2014 жылғы 1 қыркүйек

Президенттің Қазақстан халқына
Жолдауы

«Қазақстан – 2050»
стратегиясы –
қалыптасқан
мемлекеттің
жаңа саяси
бағыты»

Тәрбие сағатының тақырыбы:
«Қазақстан – 2050 стартегиясы: бір – халық, бір – ел, бір – тағдыр»
Тәрбие сағатының мақсаты: Білім күні мерекесіне орайластыра отырып Қазақстан – 2050
стратегиясының мән-маңызын түсіндіру, ата-аналарымен және оқушылармен қазақстан Республикасының
саяси-экономикалық, әлеументтік жетістіктері жайында ой қозғау, қазақстан Республикасының
Конституциясының маңыздлығын көрсету, жаңа оқу жылының мақсат-міндеттерімен таныстыру.
Тәрбие сағат көрнекілігі: Қазақстан – 2050 стратегиясы, КР Конституциясы, ҚР Бәләм туралы заңы
Сабақтың барысы: Қымбатты оқушылар бүгінгі Білім күні сабағымызды: «Қазакстан – 2050
стратегиясы: бір – халық, бір – ел, бір – тағдыр» тақырыбында бастағалы отырмыз. Осылай атауымыздың
өзінде де үлкен мән бар, себебі ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазастан Халқы Ассамблеясының ХХ
сессиясында осы тақырыппен сөз сөйлеген болатын. Неге бұлай айта аламыз? Өйткені «бір – халық» - бұл
барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер, «бір – ел» - бұл барлығымыз үшін ортақ Отан, «бір – тағдыр» бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтыр мен жеңістер. Бұл біздің ортақ келешегіміз – игілікті және өсіп –
өркендеген Қазақстан! Осының бәрін қосы алғанда Стратегияны табысты жүзеге асыру үшін қоғамның
бірлігі қажет дегенді білдіреді. Олай болса келесі кезекте сіздердің ой-пікірлеріңізді тыңдайық.
(Оқушылардың пікірлерін тыңдау)
Татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде ең алдымен қазаққа керек. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі
мықты болмайынша, елдің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес. Халқымыз «тар жерде табысқан, кең жерде
келіседі» дейді. Ең тар замандарда қазақ құшағына алған өзге ұлт өкілдері бүгінде өз бауырларымыз атанып,
бізбен бір халыққа айналады. Келесі кезекте дана халқымыздың жауһар мұраларының бірі мақалмәтелдерінің мәнін ашып көрелік:
«Алтау ала болса- ауыздағы кетеді.
Төртеу түгел болса – төбедегі келеді»
«Бірлігі жоқ ел тозады
Бірлігі мықты ел озады»
«Бір ананың баласындай»

Бұдан шығатын қорытынды: татулық пен бірлік бар жерде алынбайтын асу
жоқ екендігін түсіндіру.
Осы ойымызды сабақтай келе мына бір аңызды тыңдап көрелік «Қария мен
балалары туралы айту». Аңыздың басты мәні неде деп ойлайсыңдар? (Бірігіп өмір
сүрсендер ешкімнің әлі келмейді, ал жеке тұрсаңдар әр қайсыңды біртіндеп
құртады)
Біз «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруға кірісудеміз. 2050 жылы
Қазақстан жұдырықтай жұмылған біртұтас халық, үлгілі ұлттықт мемлекет болуы
тиіс.Бұл үшім ел басымыз төмендегідей жеті міндетті атап көрсетті (оқушылар
негізгі міндеттер туралы айтып өтеді) – Туған елдің туының астында бірігіп, туған
жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді. Осылай
еліміздің ертеңі ошақтың үш тағаны сияқты «Бір – халық, бір – ел, бір – тағдыр»
деген үш сөзге сыйып тұр. Қазақстандағы достық пен татулықтың көрінісі
Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайынан да көрінеді.


Ұқсас жұмыстар
Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері
Жүрек концептісінің схемалық құрылымы
«Азаматтық, қазақстандық
ТАҒДЫР КОНЦЕПТІСІ
Кеңестік тоталитарлық қоғам тұсындағы ұлт мүддесінің аяқ асты болған тұсарын ақиқатты тұрғыда зерттеп, парасатпен зерделеу тарихшылардың басты парызы
1937 - 1938 жылдардағы Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары
Қазақстан репрессия жылдарында
Сара Тастанбекқызы өмірі мен шығармашылығы
Грамматикалық жағынан қарасақ, жолдау сөзінің түбірі жол
Тұтас түрік елі идеясынан біртұтас Түркістан идеясына дейінгі бабаларымыздың атқарған істері едәуір
Пәндер