Химиялық реакциялардың типтері


Slide 1

№242 Сығанақ негізгі орта білім беру мектебі

Сабақтың тақырыбы :

Химиялық реакцияның типтері :

орынбасу, алмасу реакциялары

Slide 2

Сабақтың мақсаты :

Білімділік :химиялық реакцияның типтері туралы түсіндіре отырып, реакция теңдеуін жаза білуге үйрету .

Дамытушылық : оқушылардың өздігінен ойлау, бақылау, тұжырым жасай алу қабілеттерін дамыту, логикалық ойлауын жетілдіру. Өз бетінше, топпен жұмыс істей білуге дағдыландыру .

Тәрбиелік: топпен жұмыс істей білуге, жауапкершілікке, достық қарым - қатынасқа тәрбиелеу .

Өз бетімен жұмыс істеуге, ізденуге тәрбиелеу .

Сабақ түрі :

Сабақ әдісі :

Көрнекіліктер :

Пәнаралық байланыс :

аралас сабақ

АҚТ, сұрақ - жауап, үлестірмелі дидактикалық карточкалармен жұмыс, түсіндіру.

үлестірмелі дидактикалық карточкалар, интерактивті тақта

қазақ әдебиеті

Slide 3

.

Ұйымдастыру кезеңі .

Елбасы Жолдауында 2020 жылға дейінгі даму стратегиялық жоспары бойынша алдағы бес жылда химия кешендерін

дамытатындығын айтты . Ол үшін химиялық сауатты, білімді, саналы ұрпақтардың қажет екендігіне басты назар аудару керектігін сөз етті . Сондықтан біз химия пәнінен терең білім алып, Елбасы сөзіне

лайықты болуға тиіспіз !

Жаңа сабақты бастамас бұрын бүгінгі сабаққа қажетті өткен сабақтағы мағлұматтарды еске түсіріп алайық .

Slide 4

Химия кемесі

Елестету стратегиясы

Slide 5

Балалар! Сіздер саяхатқа шығуға, құпия сырын ашуға қызығасыздар ма?Әрине, кез-келген адам жасына қарамастан саяхатқа шығуға, құпияны ашуға құмар келеді. Ендеше, «Химия» кемесімен білім әлемінің көкжиегіне шарықтап көрейік. Мен, кеме капитаны, сіздер жолаушылар. Кездейсоқ «Химиялық Лагунге» тап болдық . Құпия «Лагун» - біздің мекеніміздегі суқоймасы. Біз білетін қандай қосылыс бізге серік бола алады? Ашық мұхитта қалып қойдық. Бізге су серік болып, Лагун тұрғыны қарсы алды. Судың әңгімесін тыңдайық және үйге қайтар жолды көрсетуді сұрайық. Келісім шарт: - бір - бірімізді тыңдаймыз - ойымызды ашық, еркін айтамыз. Су: Біздер химиялық қосылыстар, «Лагун» тұрғындары. Біз бір кезде қандай едік? Бір-бірімізбен туыс едік, тату тәтті өмір сүріп жаттық. Біздің өміріміз өте қызықты еді. Бірімізге - біріміз бауыр басқан ағайын, тума-туыс болатынбыз. Айналамызға жылу таратып, түрлі-түсті өзгерістерге ұшырап, химиялық айналулар жүргізіп, бір-бірімізге қонаққа баратынбыз. Бір күні Пері сиқыршы біздің туысқандық есімізді ұрлап алды. Содан бері бір туғанымызды, атымызды ұмытып, есімізден айырылдық. Біз кімбіз? Біз бір-бірімізбен қалай қарым-қатынас жасаймыз, қонаққа қалай барамыз, бәрін ұмыттық. Қосылыстарды сиқырлап тастаған. Нәтижесінде бәріміз бөлек-бөлек тұрамыз, ауылдарымызда бөлек. Бірақ әлі үміттенеміз . Туысқандық жақындығымызды қайтадан қалпына келтіргіміз келеді. Ол үшін бізге Пері сиқыршының 3 тілегін орындап, көмек берсеңіздер екен. Бізге көмектесетін қайырымды жандар табылар ма екен? Біз сіздерге адаспайтын білім жолын көрсетеміз. Іске сәт! Мұғалім: балалар, енді біздің шығар жолымыз жоқ. Білімдерімізбен «Лагун» тұрғындарына көмек берейік. Келісесіздер ме? Ендеше, Пері сиқыршының бірінші тілегін тыңдайық. Су «Лагун» су қоймасының картасын көрсетеді. Мына сұрақтарға жауап беріңдер.

Slide 6

II . Үй тапсырмасын

сұрау кезеңі

Slide 7

“ Сан сұраққа саяхат ”

Химиялық реакцияның типтерін атаңыз .

2. Қосылу реакциясы дегеніміз не ?

3. Айырылу реакциясы дегеніміз не ?

4 . Қосылу реакциясы қандай заттардың арасында жүреді мысал келтіріңіз .

5. Айырылу реакциясы қалай жүреді мысал келтіріңіз .

Үйге берілген тапсырманы сұрау :

Slide 8

“ Ойшылдар ” ойыны

Ойлан да, шешімін тап .

Топпен жұмыс

Әр топтан бір - бір оқушыдан шығып, берілген реакциядағы белгісіз затты тауып, реакция типін анықтайды .

1-топ

Na2О +H2O = ? Cu(OH) 2= СuO + ?

P + ? = P2O5

Cа(ОН) 2 = ? + H2O

2- топ

N2 + ? = NH3

HgO → ? + O2↑ t

CaO + CO2 = ? CaCO3 = CaO + ?

Slide 9

Жаңа сабақ

Slide 10

Химиялық реакцияның типтері

Қосылу реакциясы - екі немесе бірнеше заттың бірігіп, бір

күрделі затқа айналуы.

Fe + S t FeS CaO + H2O = Ca(OH) 2

CaO + H2O + 2CO2 = Ca(HCO3) 2

2. Айырылу реакциясы - бір заттың бірнеше затқа айналып ыдырауы.

2H2O → 2H2 ↑ + O2 ↑ CaCO3→ CaO + CO2↑

2KMnO4→ K2MnO4 + MnO2 + O2↑

3. Орын басу реакциясы - күрделі заттың құрамындағы бір элемент атомының орнын жай заттың атомы басатын күрделі зат пен жай зат арасындағы реакция .

Zn + CuCl2 = Cu + ZnCl2

4. Алмасу реакциясы - екі күрделі заттың құрамындағы атомдар

бірінің орнын бірі басуы

CuО + Н2SO4 = CuSO4 + H2O

Slide 11

Жаңа сабақты бекіту

Дәптермен жұмыс


Ұқсас жұмыстар
Қосылу реакциясы
Айырылу реакциясы
Химиялық реакция типтері және химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығару
Xимиялық реакциялардың типтері
Стресстің теориясы мен механизмдері. Стресстік жағдаяттың алдын- алу, стрессті басқару
Комуникативтік дағдылар туралы
Химиялық реакциялардың кинетикасы
Энергия деңгейлері
Химиялық реакциялар
Ферменттердің әсер ету механизмдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz