География пәнінен ҰБТ-ке дайындау жолдары


Slide 1

География пәнінен ҰБТ- ке дайындық жолдары

«Еліміздің ертеңі - бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздың қолында»

Н. Ә. Назарбаев

Мамандандырылған эконоимикалық лицейдің география пәні мұғалімі: З. А. Тагашева

Slide 2

МАҚСАТ ЖӘНЕ МІНДЕТ :

1. ҰБТ-ға жылдық жоспар дайындап алу;

2. ҰБТ-ға сапалы дайындық ұйымдастыру;

3. Оқушылардың ақыл-ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастыру, оқу материалдарын меңгеруі

4. Оқушыларды 100 пайыз оқу үлгеріміне талаптандыру;

5. ҰБТ-ның сапасын және орташа ұпайын жоғарылату.

Slide 3

ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

Оқушының оқу-ісі материалдарын сараптау;

Оқу, ойлау қабілеттері мен іскерліктерін қалыптастыру деңгейлері;

Өңдеу жұмыстарының нәтижесін шығару

Оқушының өз білімін жетілдіру жолға қою

Slide 4

Диагностикалық бағыт

Жекелеген тақырыпта білім толықсыздығын анықтау

Тестілеу

Сұхбаттасу

Бақылау үзігі

Практикалық бағыт

Жаңа білімді толықтыруға жағдай тудыру

Сабақтар, жеке жұмыстар, өздік жұмыс, факультативтік сабақтар

Қадағалау бағыты

Тақырыпты меңгеру деңгейін қадағалау

Бақылау

Тест тақырыбы

Slide 5

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ -ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

1. Сенімді мінез-құлық дағдысын арттыру 3. Ерік сферасын дамыту 4. Өзіне көңіл бөлу және айналадағыларға сенім білдіру. 5. Ішкі резервтерді тірек етіп, өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту. 6. Іс-әрекетін талдағанда өз жауапкершілігін сезінуге көмектесу 7. Конструктивті өзара әрекет дағдысына оқыту.

Slide 6

Тесті тапсыру процесін психологиялық қамтамасыз ету мәселесін талқылай отырып, оның 3 кезеңін атап өту қажет:

1. Тестіге дайындық, тесті алдында оқу материалын зерделеу;

2. Тестілеу алдындағы мінез-құлқың;

3. Нақты тесті кезіндегі мінез-құлқың.

Ұлттық біріңғай тестілеуді тапсыру кезінде оқушылардың өзін-өзі реттеу дағдыларының қалыптаспауы, өзін-өзі бақылаудың, стреске қарсы тұру қабілетінің төмендігі және емтиханды қабылдау ерекшеліктеріне байланысты қиындықтар кездеседі. Осы қиындықтарды жеңу үшін талапкерлерді ҰБТ-дің өту барысымен таныстыру, стреске қарсы тұру қабілеттерін дамыту, өзі-өзіне сенімін арттыру, стрестік жағдайда туындайтын мазасыздану деңгейін төмендету, өзін-өзі бақылауға дағдыландыру қажет.

Slide 7

ҰБТ-бұл белгілі пәндер бойынша тапсырылатын ақысыз емтихан. ҰБТ-ның көрсеткіші аттестатқа түседі және ЖОО түсуүшін де есептеледі. ҰБТ-өту кезінде барлық Қазақстан бойынша біріңғай тапсырмалар беріледі, нәтижесі компьютер арқылы тәуелсіз шығарылады. ҰБТ-ның өту барысында тұрақты жұмыскерлік, жұмысты ұйымдастырушылық, зейіннің шоғырлануы, ауысуы, мобильдікті қажетсінеді. Тестілеу кезінде қатаң тәртіп ережесін сақтауы тиіс!

Slide 8

Мазасыздану-емтихан кезіндегі жадының, зейіннің нашар болуының басты себебі. Әр адам мазасыздануды басу жолдарын білгені дұрыс. Кейде мазасыздануды төмендету үшін денеңді босансыту да жеткілікті болады. Бұл әдіс релаксация деп аталады. Дененің бұлшық еттерін босансыту немесе тынысалу арқылы да релаксация жасауға болады.

Slide 9

Көз шаршаса не істеу керек?

Емтиханға дайындалған кезде көзге көп жүк түседі. Егер көз шаршаса, бүкіл организм шаршады деген сөз: оның емтихан тапсырмаларын орындауға күші жетпейді. Көзге демалыс беру керек. Төмендегі жаттығулардың кез келген екеуін орында:кезек-кезек жоғары-төмен (25 секунд), оңға-солға (15 секунд) қара; көзіңмен өзіңнің тегіңді, атыңды, әкеңнің атын жаз; қашықтағы затқа қара (20 секунд), сосын көз алдыңдағы параққа бірінші оңнан солға қарай, сосын солдан оңға қарай шаршының, үшбұрыштың суретін сал.

Күн тәртібі Күніңді үшке бөл: емтиханға күніне 8 сағат дайындал; спортпен шұғылдан, таза ауада демал, дискотекаға барып билеп кел; кем дегенде 8 сағат ұйықта; егер қажет деп санасаң түскі астан кейін өзіңе үзіліс жасап, аздап ұйықтап ал.

Тамақтану Күніне 3-4 рет тамақтану қажет; тамақ нәрлі және дәрумендерге бай болсын. Грек жаңғағын, сүт өнімдерін, балық, ет, көкөніс-жеміс, шоколад же.

Тағы бір кеңес: емтихан алдында аса тойып тамақ жеме.

Slide 10

Дайындалатын орын Өзіңнің жұмыс орныңды дайындап ал. Үстелге сары немесе күлгін түстегі заттар немесе сурет қой, өйткені бұл түстер зияткерлік белсенділікті оятады.

Көп материалды қалай есте сақтауға болады Материалдарды сұрақ бойынша қайтала. Басында есіңе түсір де, бар білгеніңді қысқаша жазып ал. Содан кейін ғана даталардың, негізгі оқиғалардың дұрыстығын тексер. Оқулықты оқып отырғанда басты, өзекті ойларды түртіп отыр - бұл жауаптың негізгі тармақтары болмақ. Кішкентай парақтарға әр сұраққа жауаптың қысқаша жоспарын құрастырып үйрен. Ертең емтиханға барамын деген күні жауаптың қысқаша жоспарлары бар парақтарыңды қарап шық.

Есте қалдыру- мәліметті белсенді түрде қайта өңдеу, жүйелеу теру процестері. Бейнелі ес -заттар мен құбылыс қасиеттерінің нақты бейинесін есте қалдыру және қайта жаңғырту

Есте қалдыру

қысқа

Ұзақ- есте қалдыру мерзімді ес

Оперативті - өзімізге кереті материалды еске түсіру, сақтау және қайта жаңғырту

Мәліметтерді есте сақтауға саналы мақсаттың қойылуы- ырықты

Мақсат қоймай материалдың есте сақталуы-Ырықсыз

логикалық

Материал жоспарын құрастыру

салыстыру

Материалды топтастыру,

жіктеру

Slide 11

Ойды, ойлау қабілетін қалай дамытуға болады.

1. Ақылды болғың келсе - ұғынықты сұрақ қоюға, бар зейінмен тыңдауға, байыппен жауап беруге және айтар ештеңең болмаса үндемеуге үйрен.

2. Оймен жұмыс істемей білім алуға болмайтындай, бірақ білім болмай ой да болмайды.

3. Ойлау қабілетін дамыту дегеніміз - өз ақылыңды біліммен қуаттау. Білім көзі әртүрлі болуы мүмкін: мектеп, кітаптар, теледидар, адамдар. Олар заттар мен құбылыстар туралы, адамдар туралы ақпарат береді.

4. Ойлау сұрақтан басталады. Барлық жаңа өнертабыстар «Неге?» және «Қалай?» деген сұрақтардың арқасында ашылған. Сұрақ қоюға және оған жауап іздеп үйрен.

5. Дайын стандартты шешімдердің көмегімен қажетті нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда ойлау қабілеті «іске кіріседі». Сондықтан ойлауды дамыту үшін затты немесе құбылысты әр қырынан көре білу, әдеттегіден жаңаның ізін байқау қабілетін қалыптастыру маңызды.

6. Заттың немесе құбылыстың әртүрлі қасиеттерін байқау, оларды өзара салыстыра білу қабілеті - ойлаудың қасиеті.

7. Адам объектінің белгілерін, қырларын қаншалықты көп байқаса, оның ойлау қабілеті соншалықты икемді және дамыған болады. Бұл қасиетті зеректікке арналған ойындармен, логикалық тапсырмалар мен басқатырғыштарды шешу арқылы жаттықтыру қажет.

8. Ойлау мен сөйлеу біртұтас. Ойлауды дамытудың басты шарттарының бірі - оқығанды еркін баяндап беру, пікірталасқа қатысу, жазба тілді белсенді пайдалану, өзің де толық түсінбеген нәрсені басқаға айтып беру.

Slide 12

Есте сақтаудың кейбір заңдылықтары:

1. Есте сақтау қиындығы оның көлеміне кері пропорционалды өседі. Қысқа сөзден гөрі үлкен үзіндіні жаттау анағұрлым пайдалы.

2. Бірдей жұмыс кезінде есте сақталатынның саны қаншалықты көп болса, түсіну деңгейі соншалықты жоғары болмақ.

3. Назар аударып (концентрированно) жаттағаннан бөліп жаттаған жақсы. Қатарынан жаттай бергенше үзілістермен жаттаған, бәрін бірден жаттағаннан аздап жаттаған жақсы.

4. Қайта-қайта жай оқи бергеннен ойша қайталаған анағұрлым тиімді.

5. Егер үлкен және кішкентай екі материалмен жұмыс істесең, үлкеннен бастаған дұрыс.

6. Ұйықтап жатқан адам жаттамайды, бірақ ұмытпайды да.

Жұмысқа қабілеттілікті қалпында ұстау

1. Ой және дене еңбегін кезектестіріп орындау

2. Гимнастикалық жаттығулардан кувырок, свеча, баста тұру сияқты жаттығулар пайдалы, өйткені ми жасушаларына қанның баруы күшейеді.

3. Көзіңді қорға, әрбір 20-30 минут сайын демалыс бер (көзіңді кітаптан алып, қашыққа қара) .

4. Теледидар қарауды барынша шекте.

Slide 13

Адамнын жан-жақты дамуы оның ойлауына байланысты. Ойлау логика арқылы жүзеге асатыны белгілі.

Логиканың дербес ғылым ретінде Үндістанда, Қытайда, Грецияда қалыптасты. Ерте Қытайдағы теориялық білім мен тәжірибенің арақатынасы туралы мәселелер. «Логика атасы»- Аристотель (б. д. д. 384-322 жж. ) Аристотельдің логикалық шығармасы.

Логикалық ойлау арқылы ұғым, пайымдау, дәлелдемелер, болжамды түсіндіру қалыптасады.

Ұғым қалыптастырудың негізгі әдістері: талдау, салыстыру, жинақтау, дерексіздендіру, қорыту. Пайымдаудың логикалық құрылымы: Субъект, предикат, байланыстырушы, квантор.

Пайымдаудың субъекті көлемі бойынша түрлері: құптаушы және терістеуші. Модальдық пайымдау: мәні мен түрі: алетикалық, деонтикалық, эпистемикалық, аксиологиялық.

Дәйектілік- дұрыс ойлаудың өзіндік ерекшелігі. Дәлелдеме түрлері: айғақтау, растау, түсіндіру, жоққа шығару, қарсылық көрсету, түсіндіру, ақтау. Дәлелдеудің логикалық құрылымы: тезис, дәлел, көрсету (демонстрация) . Дәлелдеудің логикалық құрылымы: тезис, дәлел, көрсету (демонстрация)

Болжамды түсіндіру және суреттеу.

Slide 14 Slide 15

.

Оқушылардың әрбір жазған тест жұмыстарынан кейін талдау жасалып, білім сапасы, үлгірім сапасы, орта балы есепке алынып отырылады. Бұл оқушылардың алға қарай жылжуына негізгі жол болмақ.


Ұқсас жұмыстар
ҰБТ - 2012 ГЕОГРАФИЯ
Оқушыны ҰБТ-ге дайындау
Оқушыны ҰБТ-ға дайындау жұмыстарының тиімділігін арттыру жолдары
Оқу жылы барысында түлектерге психологиялық көмек көрсету
Алматова Мариям - география математика
Дарынды оқушылар тізімі
Менің Туризм мамандығын таңдау себебім
11-сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындаудың тиімді әдістері мен тәсілдері
Менің туризм мамандығын таңдау себебім және болашақта Қазақстандағы туризмді дамыту үшін қосатын үлесім
Психологиялық диагностика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz