Бала Бауыржаннан батыр Бауыржанға дейін



Бала Бауыржаннан - батыр Бауыржанға дейін.

Сабақтың мақсаты Білімділік: бала Бауыржаннан, батыр Бауыржанға дейінгі аралықтағы Бауыржан Момышұлының азаматық, патриоттық, ақындық және жазушылық болмысын ашу. Дамытушылық: Б. Момышұлының азаматтық бейнесін, оның қанатты сөздері, өлеңдері және кітаптары арқылы білім алушылардың дүниетанымдарын жетілдіру. Тәрбиелік: Отанын сүюге, Б. Момышұлының қанатты сөздерінің құдіретін түсінуге және зерделей білуге тәрбиелеу.

Жоспар:
Кіріспе:
Бауыржан Момышұлына 104 жыл
Негізгі бөлім:
а) Бала Бауыржаннан - батыр Бауыржанға дейін
ә) Б. Момышұлының ұлағатты сөздері
б) Б. Момышұлы-ақын және қарымды қаламгер
Қорытынды:
Б. Момышұлы -дара тұлға.

“Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде”, -
Деп жырлар сорлы қазақ мен өлгенде.
Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді,
Тарихтың түкпірінен сөз келгенде.
Бауыржан Момышұлы

Кіріспе:
2010 жылы желтоқсанның 24 күні Кеңестер Одағы батыры, майдангер жазушы, қазақ халқының жолбарыс жүректі батыр ұлы Бауыржан Момышұлының туғанына 104 жыл болады. Бауыржан атамыздың 100 жылдық мерейтойына:
30 томдығы шықты.
«Полковниктің жарияланбаған жазбалары, пьесасы».
Волокаламск қаласы Мәскеу облысында тас мүсіні орнатылды.
«Қазақтың Бауыржаны» деректі фильмі шықты.
Жуалыда мұражайы ашылды.
Таразда ескерткіші бар.
Абай атамыз айтқандай тарих доңғалағын алға жылжытқан қалың тобыр емес, жекелеген дара тұлғалар екенін мойындау керек. Кез келген халықтың ұлылығы көптігімен емес, біртуар тұлғаларының ерекшелігімен ерекшеленеді, олай болса сондай дара тұлғаның бірі - Б. Момышұлы.

Негізгі бөлім:
Бауыржан 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында туған. Бабасы Имаш 1911 жылы 92 жасында дүние салған. Әкесі Момыш өз бетімен ескіше сауат ашып, өмір бойы оқып-тоқыған, бүкіл аймаққа сыйлы болыпты.
Момыш
Ағаш ұстасы
Етікші
Тәуіпшілдік
Зергерлік істерімен ерекше көзге түскен

Анасы Рәзия ерте қайтыс болғандықтан, Бауыржан үш жасынан бастап Қызтумас әжесінің тәрбиесінде болған. Кішкентайынан әжесінің аузынан әлем туралы, адамзат пайда болуы, өмір жайлы, не жақсы, не жаман екенін ертегілер мен аңыздардан естіп біледі. Бұның барлығы тұлға ретінде қалыптасуына септігін тигізеді. Бауыржанның тұлға ретіндегі бірегей болмысының жан-жақты ашылған тұсы да оның әскери саптағы кезеңімен тікелей байланысты. Взвод командирлігіне шақырылғаннан бастап, 1940 жылға дейін Қиыр Шығыста қызмет еткен ол, аға лейтенант шенінен көтеріліп, полк штабы бастығының бірінші көмекшісі болып жоғарылатылады және Киев әскери округының қарамағына жіберіледі. Артынша Алматыға қайтып, 1941 жылдың қаңтарынан бастап Ұлы Отан соғысы басталғанға дейін республика әскери комиссариатында аға нұсқаушысы болады.
1941 жылы соғыс басталысымен генерал-майор И. В. Панфиловтың басшылығымен Алматыда жасақталған 316-атқыштар /8-гвардиялық/ дивизиясы құрамында майданға аттанады. Батальон, полк командирі болды. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарды. 1941 жылғы күзгі, қысқы кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты, 2 рет қатты жараланған, бірақ өліммен бетпе-бет келген сәттердің барлығында 5 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құрамымен аман-есен дивизиясына қосылып отырған.

Бауыржан Момышұлының айтуы бойынша:
Бақытсыздыққа ұшыраған балалық шақ
Жесірлер мен аналардың көз жасы
Миллиондаған ерлер мен әйелдерді, қарттар мен балаларды аяусыз қыру
Ұлттық байлықты құрту, мәдени құндылықтарды жою
Талай ұрпақтың қайғысы, әрбір үйдің қасіреті
Аштық пен қайыршылық, 1710 қала мен 70 мың деревняны жойып жіберу
Соғыс

Б. Момышұлы - жау шептеріне ішкерілей еніп ұрыс жүргізу теориясын соғыс тәжірбиесінде алғаш қолданғандардың бірі.
Ол педагогика мен психологияны байытушы, баға жетпес мұра қалдырған тұлға. 1950 жылы КСРО Бас штабы арнаулы Жоғарғы академиясын бітіріп, академияда дәріс беріп шығармашылықпен шұғылданды. 1956 жылы демалысқа шығып, өмірінің соңына дейін шығармашылық жұмыспен шұғылданды. 1982 жылы 10 маусымда 72-ге қараған шағында қайтыс болды. 1990 жылы әскери қайраткер, ержүрек қолбасшы, жазушы Б. Момышұлына КСРО батыры атағы берілді. Соғыс кезінде екі рет КСРО батыры атағына ұсынылған: И. В. Панфилов, полковник Серебряков (ұсынушылар) . Әділетсіздіктің салдарынан Бауекеңе екі ретінде де батыр атағы берілмеген. Ә. Нұршайықов тілімен айтсақ генерал не маршал болу үшін жағыну мен табыну жетпеген.

Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері:
Сын - ерді шыңдайды, Қорқақты қинайды.
Маған деген атақты Міндет етсең өзің ал. Әділдікке бас ұрып, У берсең де маған бал.
Ежелден ел тілегі - ер тілегі, Адал ұл ер боп туса - ел тілегі.
Қорқақ қаққа шөгіп өледі.
Тексізден тезек артық, Арсыздан айуан артық.
Көп тұрған су сасиды, Ойламаған ми сасиды.
Намысты нанға сатпа.
Арпалысып жүріп алған абырой - өмірдің ең шырын рақаты.
Өмір үшін өлгенше күрес.

Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу - сатқындықтың белгісі.
Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін!
Отан үшін отқа түс - күймейсің.
Опасызда отан жоқ.
Елсіз ер болмайды, жұртсыз жігіт болмайды.
Өтіріктің балын жалап жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық!
Ерлік - табиғат сыйы емес, саналы әскери тәрбиенің жемісі, Отан алдындағы қасиетті парызыңды орындау үшін адамзаттың ең асыл сезімін жігерленіп, өзіңді саналы түрде қауіп-қатерге бас тігуге мәжбүр етудің нәтижесі.
Ана үшін аянба - ант ұрады, Бала үшін аянба - бетің күйеді. Ел үшін аянба - ерлігіңе сын, Жұрт үшін аянба - жігіттігіңе сын.
Қайратыңа әдісіңді жолдас ет, Әдісіңе ақылыңды жолдас ет.
Қырағының өзі де, көзі де батыр.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz