Ақпараттық технологиялар арқылы оқушыларға білім беру


Slide 1

Алматы облысы

Панфилов ауданы

Үлкен Шыған орта мектебі

БАЯНДАМА

Тақырыбы:

Ақпараттық технологиялар арқылы оқушыларға білім беру

Информатика пәні мұғалімі:

М. Д. Демеуова

Slide 2

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады.

Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» дегені мәлім. Ендеше қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық, саяси-экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етіледі. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істейтін, оқу мен тәрбие ісін жетік игерген, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлғаға айналады.

Slide 3

Адамның тұлғалық қалыптасуы - үздіксіз және күрделі процесс. Оқушыға білім бере отырып, біз оқушының жан-жақты дамуына мүмкіндік жасауымыз керек.

Бүгінгі таңда 12 жылдық білім беру жүйесіне көшумен бірге жеке тұлғаның бойында мәдени рухани құндылық қасиеттерін қалыптастыра отырып оқыту ұрпағымыздың жер шарының кез- келген жеріне барып қалаған мамандығын игеруіне мүмкіндік береді.

Slide 4 Slide 5 Slide 6

Негізгі құзыреттіліктер түріндегі күтілетін нәтижелер:

Slide 7

XXI ғасыр -ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет.

Бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады.

Өйткені, оқушы мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар іс-жүзіндегі білімнің алғы шартарын меңгеруі тиіс. Ал теориялық білімді өмірмен ұштастыру үшін компьютердің керек екені даусыз.

Slide 8

Мектепте жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының жаңашыл қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге көзқарасы, жалпы болмысы, ең алдымен мұғалімге байланысты.

Оқушы білімінің сапалы болуы бір жағынан ұстаздың дәріс беру шеберлігі мен жаңа технологияны тиімді пайдалана білуіне байланысты. Оған компьютерлік техника, ақпараттық технология және басқа да ғылыми прогресс әсерін тигізуде.

Компьютермен оқытудың өз мақсаты, мазмұны, формасы және ерекше өткізуі бар екені белгілі.

Slide 9

Ел президенті Н. Ә. Назарбаев «соңғы 10-15 жыл бойында бәсекеге қабілеттіліктің жаңа өлшемі пайда болды: салмақ жаһандық экономикалық жаңа сапаға - «білім экономикасына» өтуіне түсіріледі», -деген болатын. Олай болса, әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Өйткені, еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында. Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі - сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл қоғам талабына сай туындайтын қажеттілік.

Балаларға білім беруді жан-жақты жетілдіру қажет. Дарынын анықтап дамытуға жағдай жасау керек. Әлемдегі білім беру стандартына сай жетілген ақыл, ой өрісі дамыған өскелең жас ұрпақ тәрбиелеп, әлемдегі озық білім берілуі тиіс.

Өмір жаңарған сайын сөздердіңде мағынасы тереңдеп, мәні жаңара бастады. Бүгінгі күннің басты талабының бірі-білім беру үрдісін ақпараттандыру жаңа технологияны пайдаланып оқыту.


Ұқсас жұмыстар
Диссертациялық жұмыстың мақсаты
Информатика сабағын түрлендірудегі жаңа ақпараттық технологиялар
Smart білім берудің мақсаты
Ақпараттық технологиялардың пайдасы
Ақпараттық технологиялар арқылы инновациялық әдістерді қолдану бойынша сабақты өту әдісі
Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі - мұғалім
Интерактивті оқыту технологиялары
Оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды іске асырудың жүйелі ғылыми - әдістемелік жолын анықтау
Электрондық кестенің көмегімен білімді бақылаудың тесттік жүйесін құру жолдары
Шебер класс тақырыбы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz