Жеті ата


Slide 1

Астана қаласы №27 мектеп-лицейі

Шаяхметова Назгүл Мұсақызы

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Slide 2

Сабақтың тақырыбы: Туыстық қарым-қатынас

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Туыстық қарым-қатынас туралы мәлімет бере отырып, жеті ата тіркесінің мәнін түсіндіру. Толықтауыш туралы түсінік беру.

2. Дамытушылық: түрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың өз туыстары туралы, оларға деген қарым-қатынасы жайлы ауызша айта білу дағдыларын қалыптастырып, ой-өрістерін кеңейту.

3. Тәрбиелік: оқушыларға жеті атаны білудің маңызын түсіндіре келе, тектілікке, адамгершілікке, үлкендерді сыйлай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сөздік, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, сызбалар, суреттер

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу.

Кезекшімен әңгімелесу.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Slide 3

Сәттілік

тілеймін!

Жақсы

нәтижеге жет!

Оқушылар “Күннің шуағы” жаттығуы бойынша шеңберге тұрып, бір-біріне тілектер айтады.

Жақсы баға алуыңа тілектеспін!

Көтеріңкі көңіл-күйде бол!

Slide 4

Жұмбақ жасыру арқылы оқушылардың назарын сабаққа аудару

Айтары мол ғұлама, Көп жасаған бұл адам. Әкесі ол әкеңнің Білер оны сұраған. Ол кім?

(Ата)

Бала, бала, бала деп, Түнде шошып оянған; Түн ұйқысын төрт бөліп, Түнде бесік таянған; Қорғасындай балқытқан; Бұл кім?

(Ана)

Аймалайды күнім деп, Мейірімді жүзі күлімдеп. Тәтті - ақ дейді немере Бал шырындай үнің деп. Ол кім? (Әжең)

Атаңның баласы Кей кезде таласып, Қаласың әжеге Білгенің асады кәдеге? Ол кім? (Әкең)

Slide 5

Жаңа сабақ:

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар? (әр оқушы өз пікірін айтады)

Оқушылар сабақтың тақырыбын өздері тауып айтады. Содан соң сабақтың мақсаты түсіндіріледі.

Оқушыларға туыстық қарым-қатынас туралы сұрақтар қойылады.

Мұғалім: Әке, ана, бала-бәрі бірігіп отбасын құрайды. Арқамызды тірер асқар тау-әкеміз, қорғаныш, сүйінішіміз болар анамыздан және сендер сияқты балалардан басқа тағы жақын кімдер болады?

Оқушылар: - Туыстар болады.

Мұғалім: - Олар кімдер?

Оқушылар: Қарт ата, қарт әже, жиен, әпке, немере т. б.

Мұғалім: Қазақ тіліндегі туыстық атауларды мағынасына қарай былайша топтап қарастыруға болатын сияқты: 1) Әке жағынан қандастық туыс атаулары: әке, шеше, аға, апаәпке, әпше, тәте), іні, қарындас, сіңлі, баба, ата, әже, немере, шөбере, немере аға, немере апа, немере қарындас, немере іні, немере сіңлі, шөбере аға, шөбере іні, шөбере апа, шөбере қарындас. 2) Шеше жағынан қандастық туыс атаулары: нағашы, нағашы ата, нағашы әже, нағашы әпке, нағашы аға, нағашы іні, нағашы қарындас, жиен, жиеншар. 3) Некелік қатынасқа байланысты атаулар: жезде, жеңге, нағашы жеңге, нағашы жезде. 4) Құдалыққа байланысты туыстық атаулар: құдаша, құда бала, құдағи, құда.

Оқушылар, қазақ халқы туыстық қатынастарға, жеті атаны білуге ерекше көңіл бөлген. Жеті ата (дәстүр) . Жеті атасын білмеген - жетесіз (мәтел) . Өмір тәжірибесі мол халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білуді міндеттеген және оны үйреткен, жаттатқан. Мұның әлеуметтік зор мәні болған. Екіншіден, қазақ халқы жеті атаға дейін қыз алыспаған. Бұрынғыадамдар бір - бірімен танысқанда, жүздескенде руын, тегін сұрауы осыдан шыққан. Сондықтан әр қазақ баласы өз ата-тегін білу тектілік әрі ұлттық тәртіп пен жөн білудің бір саласы болып саналған.

Ендеше кітабымызды ашып, 58 беттегі, 3-тапсырманы орындайық.

Slide 6

3-тапсырма . Мәтінді оқып, ат қойыңдар.

Менің атым - Ғабит. Мен осы уақытқа дейін тек қана біздің отбасымыздың мүшелерін және жақын туыстарды ғана білдім. Енді отбасымыздың жеті атасын білгім келгендіктен, ол туралы әкемнен сұрадым. Әкем маған жеті атамды жазып берді. Содан соң туыстық қарым-қатынас туралы былай түсіндірді: “Әр қазақ отбасының үш жұрты бар. Олар: өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты. Өз жұрты дегеніміз-туыс-бауырлары, бала-шағасы. Нағашы жұрты-шеше жағынан туысқан адамдар. Олар:нағашы ата, нағашы әже, нағашы аға, нағашы апа, нағашы іні, нағашы сіңлі, нағашы қарындас. Қайын жұртыңды өскенде білерсің”.

Қазақта “Жеті атасын білмеген-жетесіз”, “Жеті атасын білген ер, жұрттың қамын жер” деген мақал-мәтелдер бар. Өмір тәжірибесі мол халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білуді міндеттеген, жаттатқан. Қазір де солай, өйткені әр қазақтың баласы өз туыстарын білуі тиіс.

Оқулықтағы мәтінді оқушылар дауыстап, тізбектеп оқиды. Оқулықтың беті, жаттығудың беті мен нөмірі тақтаға жазылады. Мәтін мазмұндалады, өз пікірлерін айтады.

Мәтінге қатысты сөздік жұмысын жүргізу.

Жеті атасын білу-знать свою родословную до седьмого колено

Нағашы-родственник по линии матери

Нағашы жұрт-родня (по материнской линии)

Қайын жұрт-родня жены

Өз жұрты-родня по отцу

Өмір тәжірибесі-жизненный опыт

ұрпақ-поколение

жетесіз-незнатный, неродовитый

Slide 7

Оқушының сөздік қорын молайту, жаңа сөздерді меңгеруде шешуші роль атқаратын жұмыстың бірі-сөздік жұмысы. Осы сөздік жұмысты жүргізуде, бекітуде, оны практикалық қолдана білуде ойынның атқаратын ролі ерекше.

Оқушылар аталған мәтінге мынадай ат қойды:

1. Үш жұрт

2. Жеті атаңды білу-парызың

Сұрақтарға жауап бер.

Оқушылар таратылған кеспе қағаздарына мәтін бойынша бір - бір сұрақ құрастырып жазады. Мұғалім оларды жинап алып, араластырып, қайта оқушыларға таратады. Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

1. Қазақ отбасының неше жұрты болады?

2. Шеше жағынан туысқан адамдар қай жұртқа жатады?

3. Мәтін не туралы?

4. Ғабит әкесінен не туралы білгісі келді?

5. Жеті атаны кім білуі керек?

Әке бала немере шөбере шөпшек немене туажат

Slide 8

Сөйлемдер

иә

жоқ

1.

Өз жұрты дегеніміз-шеше жағынан туысқан адамдар.

2.

Ұрпаққа жеті атасын білуді міндеттеген, жаттатқан.

3.

Әкем маған жеті атамды жазып берді.

4.

Менің атым-Сәбит.

5.

Әр қазақ отбасының төрт жұрты бар.

Сөйлемдерді оқып, “ия” немесе “жоқ”деп белгіле.

Бұл жаттығудан оқушының мәтінді қаншалықты түсініп, меңгергендігін аңғарамыз.

Мәтін бойынша грамматикалық тапсырмаларды орындау.

Толықтауышқа анықтама беріліп, сызбасымен оқушылар таныстырылады.

Мәтіндегі толықтауышты тауып, тура толықтауыш пен жанама толықтауышты

екі бағанға көшіріп жазыңыз.

Slide 9

Сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі

Толықтауыш

Сөйлемде бір мүшені заттық мағына жағынан толықтырып тұратын мүше ТОЛЫҚТАУЫШ деп аталады. Сұрақтары: Кімге? Неге? Кімді? Нені? Кімде? Неде? Кімнен? Неден? Кіммен? Немен?

Дара

Күрделі

Жанама

Тура

Табыс септіктегі сөз

Жасырын табыс септіктегі сөз

Барыс септіктегі сөз

Жатыс септіктегі сөз

Шығыс септіктегі сөз

Көмектес септіктегі сөз

Slide 10

Тура толықтауыш

Жанама толықтауыш

мүшелерін

уақытқа

туыстарды

әкемнен

атасын

маған

атамды

ұрпаққа

жұртыңды

білуді

туыстарын

Осы тапсырманы орындар алдында тәуелденген сөзден кейін, яғни тәуелдік жалғауынан кейін -н табыс септігі жалғауы жалғанатынын, сондай-ақ мен, сен, ол жіктеу есімдіктері барыс септігінде -ған жалғауы жалғанып, қолданылатынын айта кеткен жөн.

Берілген нұсқа бойынша сөйлем құрау.

1. Кім? Нені? Не істеді? (Әкесі туыстық қарым-қатынасты түсіндірді) .

2. Кім? Кімнен? Не істеді? (Ғабит әкесінен сұрады) .

3. Кім? Кімге? Кімді? Не істеді? (Әкем маған жеті атамды жазып берді )

Сабақты бекіту

Slide 11

Мақал-мәтелдің оқушыларға тәрбие берерлік жағы да, сөздік қорды толықтыру үшін

теңдесі жоқ қазына. Мақалдарды тек жалаң түрде жаттап қана қоймай, ауызекі сөйлеу

тілінде тиімді қолдана білуге үйретемін. Мақалдың мағынасын ашқызып, түрлі жаттығу

жұмыстарын жүргіземін.

Мысалы, Ернұр жеті атасын жатқа біледі.

Осы сөйлемді мақалдап жеткізіңіз. “Жеті атасын білген ер, жұрттың қамын жер”


Ұқсас жұмыстар
Жеті саны қазақта киелі сан
Жеті ата Жеті ұрпақ
Таңғажайып жеті саны
Формаларды деректерді енгізу және редакциялауда қолдану
Сандардың шығу тарихы.Жеті санына байланысты аспаптар.Жеті санының қасиеті!
Қол өнері
Қазақтың киелі сандары. Сатылай кешенді талдау технологиясын қолдана отырып сөздерге талдау жасау түрлері
Балдан тәтті кім
Тәуке ханның “Жеті жарғысы”
"Жігіттің сұлтаны кім?" саралаңыз
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz