Қазақ тілі пәнінен факультатив сабақтарына арналған оқу -әдістемелік кешен
Презентация қосу
Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы
Пятимар жалпы орта білім беретін мектебі.
«Тіл біліміне
кіріспе»
оқу-әдістемелік
кешені
Жобаның авторы және
жетекшісі:
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі
Мухамбеталиева Шолпан
Базаргалиевна
Компьютерлік құрастырушыбезендірушісі:
Серікқали Айнагүл
Серікқалиқызы
«Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш
уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да,
жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тілі»
А.Байтұрсынов
ке
ш
ен
і
іс
пе
»
кі
р
те
ме
лі
к
ін
е
-ә
ді
с
ім
оқ
у
бі
л
л
«Т
і
Мақсаты
Міндеті
Дереккөздер
Күтілетін
нәтеже
Құрастырушыл
ар
Бағдарламаның мақсаты:
ана тілінің қоғамдық- әлеуметтік мәнін түсінген, әдеби
тіл нормаларын жетік қолдана білетін, сөйлесім әрекеті
қалыптасқан, тілдің қызметін жүйелі меңгерген дара тұлға
қабілеттерінің дамуына мүмкіндік жасау.
оқушыларды ҰБТ-ға даярлау, сөз мәдениетін жетілдіру,
тілді әлеуметтік қызметіне сай орынды жұмсай білуге
үйрету, тілдің қызметін жүйелі меңгерген коммуникативтік
біліктігі дамыған тұлға даярлау.
ғылым жолына бағыттау, ой- өрісін кеңейту арқылы
оқушының қызығушылығы мен қабілетін әрі қарай
дамытып, кәсіптік бағдар беру.
Күтілетін нәтиже: Балалардың қосымша алған білімдері
шығармашылық қабілетінің дамуы, Қ.Р. Білім министірлігінің
бекіткен қазақ тілі пәні бойынша мемлекеттік стандартқа сай
алуға тиісті білім негіздерін тыңғылықты меңгеруге көмегін
тигізеді. Жинақта келтірілген өзіндік жұмыстарды өз еркімен
орындап, мұғалімнің көмегінсіз өздерінің жұмыстарына, алған
білімдеріне риза болу сезімдері қалыптасады.
1. Қазақ тілі энциклопедиясы.
2. Қазақ тілін тереңдетіп оқыту бағдарламасы. Алматы. 2003 ж.
3. Қ.Ақанов. «Қазақ тілі оқулығына арналған нұсқаулық» Алматы.
1975 ж.
4. С.Рахметов. «Қазақ тілін оқыту методикасы» Алматы. 1991 ж.
5. Р.Әмірова. «Қоғам реформасына сай қазақ тілін оқыту
концепциясы»
6. Ғылыми-Республикалық басылым «Қазақ тілі мен әдебиеті»
№4. 1997,№ 8. 2010 ж.№2. 2012 х.
7. Ә.Ишмұхамедов «Қызықты грамматика» Алматы «Рауан» 1995
ж.
8. Қазақ тілі . Дидактикалық материал.
7- сынып. Алматы
«Атамұра» 2003 ж.
9. Қазақ тілі оқулығы 6-7 сыныптар. Алматы «Атамұра» 2011 ж.
10. К.Арыстанбекова. Б.Кәтенбаева. Қ. Қалмұқанбетова. «Қазақ
тілі» бойынша үлестірме жаттығулар. Алматы. 1993 ж.
11. М. Сабыр. «Қазақ тілі» тест үлгісіне негізделген оқу құралы.
Алматы. 2002 ж.
12. Қазақ тілі жұмыс дәптері. Орал. 2009 ж.
Мазмұны:
Әдеби тіл және мәтін бойынша:
Ана тілінің қызметін білу, мәтіннің құрылысын, абзац, сөйлемді ажырату; мәтіндердің
тақырыбын түсіну, өзі тақырып қоя алу.
Лексика тарауы бойынша:
сөздердің тура және ауыспалы мағынасының
айырмашылығын білу; Лексикалық терминдерді дұрыс ажыратып, қолдана алу;
сөздерді мағыналық топтарына қарай жіктеп, сөйлеу тілінде дұрыс пайдалану, қазақ
тілінің ішкі салаларын ажырата білу, сөздіктермен жұмыс істей алу.
Фонетика тарауы бойынша: фонетикалық терминдерді дұрыс ажырата білу,
орынды қолдану; дыбыс пен әріптің айырмашылығы мен бірлігін ажырата білу, Сөз
құрамындағы дыбыстардың дауысты, дауыссыз түрлерін ажырата алу.
Сингорманизм, ілгерінді, кейінді ықпал туралы білімін сөйлеу тілінде дұрыс
қолдану; сөздерді орфоэпиялық, орфографиялық нормаларға сай жазып, айта білу;
Морфология тарауы бойынша: сөздерді тұлғасына қарай айыра білу; сөз
таптарының мағыналық топтарын білу, мәтіннен таба алу, қолданылу орындарын
анықтау; сөз таптарының өзіндік белгілерін тану, сұрақтарын, мағыналық түрлерін
анықтай білу;
Синтаксис тарауы бойынша: синтаксистік ұғымдарды бір- бірінен дұрыс
ажырата білу, сөздерді мағынасы мен логикалық байланысына қарай тіркестіре білу,
оларды талғампаздықпен жұмсай алу, сөз тіркестерінің байланысу түрлерін ажырата
білу;
Өзектілігі: Курстың әр сабағын өткен сайын оқушылардың пәндік
олимпиадаларға, ҰБТ-ге дайындық деңгейін жетілдіруге жағдай жасалады. Тілдік
қызметтің барлық түрін өзара байланыста оқыту, қоғамдық қажеттіліктерді,
ұстанымдарды басшылыққа алу, оқытудың, жүйелі білім берудің өзегіне сөз мәдениеті
деңгейін көтере отырып оқушының жеке тұлғалық мәдениеті қалыптасады.
Мамандыққа бағдарлау: филолог, журналист.
Ұйымдастыру түрі:
Жыл бойына факультатив сабағы түрінде аптасына 1 сағаттан, жылына 34 сағат
өткізіледі.
Міндеті
Бағдарлама жалпы білім беретін мектептердегі 5-8 сыныптың
қазақ тілі курсы бойынша және «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін
оқыту әдістемесіне» негізделе отырып құрастырылды.
Жинақты құрастыруда жалпы білім беретін мектептің 5-8
сыныптарына арналған оқулығу және қоғамдық- гуманитарлық,
жаратылыстану- математика бағытындағы оқу бағдарламасы
(Астана, 2010 жыл) басшылыққа алынды.Жыл бойы өтетін
тарауларға сәйкестендіріліп жүйеленген.
Жалпыға
міндетті
орта
білім
берудің
мемлекеттік
стандарттар талабына сай оқушылардың ауызша және жазбаша
сауатын дамытып, қазақ тілі мен әдебиетінің бай тілдік
қазынасын игеріп, оны өмірде пайдалана білуге қызмет етеді.
Оқушының лексикалық қорын байытады, сөз мағыналарын
танытады, тіл дыбыстарының жасалу жолдары мен қызметін
білдіреді, сөздерді топтастырудың белгілерін меңгертеді,
сөзжасам тәсілдерін игертеді, сөздерді байланыстырудың
тәсілдері мен түрлерін білгізеді.
Кіріспе
Лексика
Морфолог
ия
Тіл
біліміне
кіріспе
Сөзжасам
Фонетика
Ереже
Сөз
және
оның
мағынас
ы
Лексика - тіл білімінің ерекше бір саласы (1
сағат)
Қазақ тілінің сөздік қоры лексикология
тұрғысынан бірнеше салаға бөлінетіндігі.
Сөздің
тура
және
ауыспал
ы
мағынас
ы
Ере
же
Тест
Омоним.
Синони
м.
Антоним
Табу.
Эфемиз
мдер
мен
дисфемизмде
р
Ере
же
Ере
же
Тест
Тест
Фразио
логизмдер
. Мақалмәтелд
ер
Сөздік
қор
және
сөздік
құрам
Ере
же
Ере
же
Тест
Тест
Тест
Сөздер
дің
қолдан
ылу
өрісіне
байлан
ысты
түрлері
Ере
же
Ере
же
Тест
Тест
Ереж
е
Фонетика. Тіл дыбыстары. (1 сағат)
Тіл дыбыстары мен фонеманың бірлігі мен
айырмашылығының сөз мәдениетіне қатыстығы
туралы.
Қазақ
әліпбиі
Дауысты
дыбыста
р
Дауыссы
з
дыбыста
р
Буын.
Тасымал
Үндестік
заңы.
Сингорм
а- низм
Ереж
е
Ереж
е
Ереж
е
Ереж
е
Ереж
е
Тест
Тест
Тест
Тест
Тест
Тест
Дыбыс
үндестігі
.
Ілгерінді
ықпал.
Кейінді
ықпал
Орфоэпи
я және
орфогра
фия.
Екпін
Ереж
е
Ереж
е
Тест
Тест
Ереж
е
Сөзжасам - тіл білімінің жаңа саласы
(1 сағат)
Сөз тұлғасы.
Түбір мен
қосымша
Тест
Дара және
күрделі
сөздер
Ереж
е
Ереж
е
Тест
Тест
Морфология - тіл білімінің бір саласы (1
Морфология - тілсағат)
білімінің бір саласы (1
сағат)
Атауыш сөздердің
тарихи арналары.
Атауыш сөздердің тарихи арналары.
Ереж
е
Сөз
таптар
ы Зат
есім
Сөз
табысын
есім
Ереже
Тест Ереже
Тест
Сан
есім,
есім,
мағына
- лық
түрлері
Ереже
Тест
Есімдік
,
мағына
- лық
түрлері
Ереже
Тест
Етістік,
мағына
- лық
тұлғал
ық
түрлері
Ереже
Тест
Тест
Етістер,
түрлері
.
Ереже
Тест
Есімше.
Есімше.
Көсем
ше.Тұй
ық
етістік.
Ереже
Тест
Одағай
,
түрлері
Сөз
табыҮстеу
Ереже
Тест
Еліктеу
іш
сөздер,
түрлері
Ереже
Тест
Ереже
Тест
Сөз
табыШылау,
түрлері
Ереже
Тест
Кіріспе (1 сағат)
Қазақ тілі- Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тілі.
Ұлттық тіл, мемлекеттік тілдің
қызметі туралы.
Әдеби тіл, оның
нормалары
(1 сағат)
Әдеби тілдің нормасы
жазба тіл арқылы
қалыптасып, шыңдалды.
1-сабақ. Кіріспе. Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.
Ана тіліміз, яғни қазақ тілі- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.
Ол өнеркәсіп пен техниканың , ғылым мен мәдениеттің және қағамдық саяси өмірдің барлық саласын
қамтитын лексикалық байлығымен, қалыптасқан жазу жүйесімен және сараланған стильдік
нормаларымен аса тартымды тіл ретінде танылып келеді. Дегенмен, тіл қазынасының тереңіне сүңгіп,
інжу- маржанын әлі де итере түсуді, кеңінен игеруді қажет ететін қыр- сыры да баршылық.
Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл- халықтың жаны, сәні, дәлірек айтқанда, тұтастай
кескін- келбеті. Адамды мұратқа жеткізетін –ана тілі мен ата дәстүрі. Өйткені, халқымыз дәрежеге
емес, дәстүрге бағытталған.
Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы Заңында» -«Тіл- ұлттың аса ұлы игілігі әрі онығ өзіне тін
ажырағысыз белгісі, ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты
қауымдастығы ретінде ұлттың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің
болашағы – тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңейуіне тығыз байланысты »,- делінген.
Қазақ тілі- ұрпақтан- қрпаққа, атадан балаға жеткен ұлы құбылыс.Сондықтан да қазақ тілі
халқымыздын қайраткерлерінің марапатына,ұлы ақындары мен жыршыларының жыр арқауына
айналған.
Ұлы Абай:
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас,
Білгенге маржан,
Білмеске арзан,
Надандар баһра ала алмас,деп жырласа, С.Торайғыров:
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда – ақ берген білім;
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнің
деп жырлады.
Ал Ә.Тәжібаев:
Туған тілім –тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өссемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін!деп тебіренген болатын.
Ойтолғау.
«Өнер алды қызыл тіл»
2- сабақ.
Әдеби тіл және мәтін ойдың берілу формалары.
Сөйлем құрау жүйесі.
Міндеттері:
1-Тапсырма. Тілдің қоғамдық қызметі ...
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------2-Тапсырма.
Әдеби тілдің нормолары:
Әдеби тіл
3-Тапсырма. Әдеби тілдің нормаларына мысал келтір.
Әдеби тіл
4-Тапсырма. Тіл туралы жазылған бір мәтінге орфографиялық, орфоэпиялық нормалар бойынша
талдау жасау.
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------5-Тапсырма. Шығармашылық жұмыс.
Түрлі тақырыпта мәтін құрау. Бір-бірінің мәтіндерін талдау.
Тақырыбы:---------------------------------------------------------------------------------------Мәтіннің түрі:-------------------------------------------------------------------------------------Құрылымы:----------------------------------------------------------------------------------------Тірек сөздер: --------------------------------------------------------------------------------------Негізгі ой: ------------------------------------------------------------------------------------------
3- сабақ. Лексика - тіл білімнің ерекше саласы.
1. Мазмұндық жоспар: 1.Қазақ тіл біліміндегі лексиканың орны мен рөлі, маңызы.
2.Мағына-ұғым-түсініктердің өзара бірлігі,айырмашылығы.
3. Лексиканың зерттеу нысаналары:
а)сөз мағнасы: ә)тіл байлығы екендігі.
2.Мына сөйлемдердегі қарамен жазылған сөздердің қайсылары қандай мағынада қолданылған? Тура
мағынада ма, ауыспалы мағынада ма?
Ыстық күн. Ыстық сезім бойын биледі. Терең көл. Оқушылар терең білім алды. Қуаныш күлкісі
мөлдірейді. Екі көзі қарақаттай мөлдірейді.
Бақытқа батып белшеден,
Ырысқа қандым, кенелдім. (Ж а м б ы л.)
Жер мен аспан қосыла билейді. Дариған кең қырман. (Ғ.М ү с і р е п о в.)
Оспанқұ л-тілді жігіт ... Ала көлеңкеде маңдайы жарылып келе жатқан баран атты жас аңшыны да таң
қалдырды. (М. Әуезов)
3.Төмендегі сөздерді оқып, оларды мағыналарына қарай топ топқа бөліп жаз.
Неологизм,
термин сөздер
Кәсіби
сөздер
Көнерген
сөздер
Идиомалар
Мақалмәтелдер
Ауру.Келбет.Жауынгер.Аялдама.Спорт.Табиғаттану.Мұхит.Ғарыш.Бағдарлама.Ардагер.Дихан.Нарық.Экология.Қондырма.Демуші.Балгер.Біліктілік.Емші.Күнтізбе.Жеңімпаз.Генерал.Полиг
он.Емхана.Комиссар.Үйлестіру.майдангер.Алттын отта,адам істе танылар.Сұлтан.Тайпа.Қорқақты батыр
санама.Жаманды жақынға санама.Қауға.Көнек.Моса.Тік ағаш үйге тіреу,Тура жігіт елге тіреу.Мұртын
балта кеспеу.Ит басына іркіт төгілу.
4. Ойтолғау: Сөз мағынасын дұрыс айыра білудің мәнін қалай түсінеміз?
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Лексика- белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы.
Сөздер заттар мен құбылыстардың аты, саны мен сапасы,
қимыл- әрекеті сияқты алуан түрлі мағыналарды білдіреді.
Дыбысталу- сөздің сыртқы қабығы,
Мағына- сөздің ішкі мазмұны. Бірақ тілде мағынасын
жоғалтқан сөздер де кездеседі.
Лексика- (грек сөзі «сөздік қор») мына тақырыптарды
зерттейді:
•жалпы қолданыстағы сөздер.
•Қолданылу аясы шектеулі сөздер.
•Көркем әдебиетте жиі қолданылатын қанатты сөздер.
•Сөздің лексикалық мағыналары.
Жалпы
қолданыстағы
сөздер
Қолданылу аясы
шектеулі сөздер
Қанатты сөздер
Сөздің лексикалық
мағыналары
Күнделікті өмірде қолданылатын
сөздер: бар, кел, етік, туысқан...
Архаизм, историзм, неологизм,
диалект сөздер мен термин , кәсіби,
табу, кірме, эвфемизм мен
дисфемизм сөздер.
Тұрақты тіркестер, идеомалық
тіркес, мақал- мәтел, афризм (нақыл
сөздер)
Тура және ауыспалы , көп мағыналы
сөздер мен омоним, синоним,
ТЕСТ
1.Көнерген сөз деген не?
А. Заман талабына сай жаңа сөздер.
В. Белгілі бір аймақта айтылатын сөздер.
С. Қолданыстан шығып қалған сөзер.
D Қолданылмайтын жаңа сөздер.
Е. Кірме сөздер.
2. «Архаизм» сөзі қай тілден шыққан?
А. Орыс.
D. Араб.
В. Қазақ.
Е. Латын.
С. Грек.
3. Неологизм (жаңа сөздерді) табыңыз
А. Таңертең
D. Шөміш
В. Домбыра
Е. Ермексаз
С. Оттық
4. Өсімдікке қатысты жаңа сөзді табыңыз
А. Қызанақ, орамжапырақ; D. Құжат, жеделхат;
В. Өскін, жасуша;
Е. Ағза, кеден;
С. Жылыжай, саяжай;
5. Неологизмге айналған көнерген сөзді табыңыз
А. Үнтаспа;
D. Байрақ;
В. Жеделхат ;
Е. Жолсерік;
С. Үнқағаз;
6. Сәйкестендіру
А. Көнерген сөзі бар сөйлемді тап.
1. Азан
В.Қаржы саласына қатысты неологизм сөз.
2. Құран
С. Архаизмнен болған тіркесті тап.
3. Салық
D. Неологизмге айналған көнерген сөз.
4. Қараша үйден ханша шығады.
Е. Діни термин сөзді тап.
5. Космос кораблі
4- сабақ.
Сөз және оның мағынасы.
1- Тапсырма. Қалай деп ойлайды? \ ойын\
1) Жұмысқа илікпейтін, еш нәрсеге икемі жоқ қаңқайып қалған адамды ( оқтау жұтқан)
2) Отбасынсыз жалғыз басты адамды (салт басты, сабау қамшылы)
3) Біреуді екінші біреумен салыстырып кеміте айтқанда (астар болмайды)
4) Жөнімен істейтін істі бүлдіріп, қырып- жойып келетін адамды (шаш ал десе, бас алады)
5) Ешқандай орындалмайтын ойды, болмайтын істі (түйенің құйрығы жеоге, ешкінің құйрығы кқкке
жеткенде)
6) Қауіп- қатер ойлап сақтандыруда (сақтықта қорлық жоқ, жаман айтпай, жақсы жоқ)
7) Қалай істесе де ешбір жөні, қисыны келмей тұрған іс туралы (былай тартса өгіз өледі,былай тартса
арба сынады).
8) Көрген-білгенінің бәрін жоққа сайып,бар да болса,жоқ деп тұратын адамдар туралы (аузын қу
шөппен сүрту).
9) Молшылыққа кездесіп,мол олжаға ие болуды (шаш етектен бату).
10)Көре түра бірдемеден айырылып қалу жағдайы (сақалды қолдан беру).
11)Бірдемені амалсыздан әзер істеу (қолының ұшымен ғана)
12)Мейлінше билеп-төстеп алу,қалғанынша қожалық ету туралы (айдап өргізіп,иіріп жусату).
13)Біреуді-біреудің өзіне тәуелді етіп алуы туралы (ашса алақанында,жұмса жұмырығында).
14)Мандымсыз іс, болмаса тіршілік туралы (құрыққа сырық жалғап).
15)Біреудің жаман іс, мінезін әшкерелеуді (бет пердесін жұлып алу).
16)Біреудін кемшілігін бетіне айтып, қатты сынау туралы (бетің бар,жүзің бар демей).
17)Біреудің мінін бетіне айта алмау,сыртынан жіңуді (хан артынан жұдырық).
18)Болымсыз бірдемені сылтаулап,істі істегісі келмеу,бүлдіру туралы (бүйректен сирақ шығару).
19)Біреудің, бірдеменің із-түзсіз жоғалып кету жайлы (үшті-күйлі жоғалып;жер жұтып кеткендей)
20)Екі бірдей қайғы-қасіретті басынан кешіру жөнінде (екі оттын ортасында күю).
2- тапсырма.
Деңгейлік тапсырмалар. Мысал келтіріп жаз.
Сөз тіркесі
Алтын сәуле
Күрделі сөздер
Сары ала
Тұрақты тіркестер
Ит арқасы қиянда
Сөз мағынамен тығыз байланысты. Сөз дегеніміззаттың, түрлі құбылыстың, қимыл- әрекеттердің атауы.
Сөз
мағынасы
лексикалық
мағына
және
грамматикалық мағына болып екіге бөлінеді. Лексикалық
мағына- сөздің жеке тұрғанда немесе сөйлемде білдіретін
негізгі ұғым.
Осы сөздерді сөз тұлғасы, сөз таптары, сөйлемдегі
қызметі тұрғысынан қарастырсақ, олардың білдіретін
мағыналары грамматикалық мағыналар болады.
Дыбысталу- сөздің сыртқы қабығы, мағына – сөздің ішкі
мазмұны. Бірақ тілде мағынасын жоғалтқан сөздер де
кездеседі. Мысалы: үшін, дейін, таман т.б. Мұндай сөздер басқа
мағыналы сөздермен тіркесіп қана қолданылады.
Ал осған кеісінше, сөздің ішкі мағынасы сақталып,
дыбысталу түрі өзгеретін де жағдай кездесежді. Мысалы: елусөзі, елліг-еліг- елу;
Сөздердің мағынасы бірде өзгеріп, бірде жоғалып, бірде
жаңарып отырады. Мысалы: малай (татар тілінде- бала), қызқырқын (қырқын- күңнен туған қыз), көкпар (көк бөрі- мықты,
азулы, нағыз көк жал қасқыр)
Сөз мағынамен тығыз байланысты. Сөз дегеніміз –
заттың, түрлі құбылыстың, қимыл-әрекеттердің
ТЕСТ
атауы.
Лексикалық мағынасы бар сөзді табыңыз.
мағынасы
лексикалық
мағына
және
А. Хан Сөз D. Гөрі
грамматикалық
мағына
болып
екіге
бөлінеді.
В. Үйшік
D. Және
Лексикалық мағына – сөздің жеке тұрғанда немесе
С. Үшін
2. Тасымалдауға
сөйлемдекелетін
білдіретін
сөздітап.
негізгі ұғым.
А.даңқ
D. Реңк сөз тұлғасы, сөз таптары, сөйлемдегі
Осы сөздерді
В. Оңай
қызметіЕ. Баға
тұрғысынан
қарастырсақ,
олардың
С. Саңқ
білдіретін мағыналары грамматикалық мағыналар
3. Лексикалық мағынасы жағынан дұрыс тіркесті тап.
болады.
А. Қимас мінез D. Кең талғам
ДыбысталуВ. Шебер
өңір
Е. Кеңсөздің
дала сыртқы қабығы, мағына – сөздің
ішкі тер
мазмұны. Бірақ тілде мағынасын жоғалтқан сөздер
С. Адал
де кездеседі.
Мысалы:
үшін, антоним,
дейін, таман
т.б.
Мұндай
4. Семасиология,
әтимология,
омоним,
синоним
сөздері
тіл
білімінің
қай тарауына
сөздер
басқа жатады?
мағыналы сөздермен тіркесіп қана
А. Лексикология
D. Орфография
қолданылады.
В. Фонетика
Грамматика
Ал Е.
осған
кеісінше, сөздің ішкі мағынасы сақталып,
С. Морфология
дыбысталу түрі өзгеретін де жағдай кездесежді. Мысалы:
5. Грамматикалық мағына дегеніміз не?
елу - сөзі, елліг-еліг- елу;
А. Сөздің түбір күйінде берген ұғымы
Сөздердің
мағынасы
бірде қосымша
өзгеріп, беретін
бірде жоғалып,
В. Сөздің
лексикалық
мағынасына
мағынасы бірде
жаңарып
отырады.
С. Тура
мағына
Мысалы:
малай (татар тілінде- бала), қыз- қырқын
D. Келтірінді
мағына
Е. Ауыспалы
(қырқын-мағына
күңнен туған қыз), көкпар (көк бөрі- мықты, азулы,
нағыз көк жал
5-сабақ. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы. Көп мағыналық.
Мақсаты: Тура және ауыспалы мағынадағы сөздердің қолданылатын орындары. Көп мағыналы
сөздердің ауыспалы мағынада, сөздерден айырмашылығы, қолданылу орындары, тіл мәдениетіне
қатыстылығы туралы түсінік.
Әдістемелік нұсқау: Сөздің тура мағыналары толық мағыналы дербес сөздердің бәріне де
қатыстылығы. Көп мағыналы сөздердің бір негізден шығатындығы, бір сөз табына қатыстылығы.
Түрі: Мәтінмен жұмыс. Талдау.
1-Тапсырма.Сөйлемді оқып, мағыналарын анықтап, қарамен жазылған сөздерлің тура мағынасы
мен ауыспалы мағыналарын түсіндір.
Үй іші толған дүние. Ішің ауырса, тамағыңды тый. Қалада оқып жатқан қарындасыма көз бола
жүр. Көзің ауырса , қолыңды тый. Қолыңнан келетін жұмысқа ғана ұмтыл. Басың ауырса дәрігерге
көрін.
2- Ітапсырма.
Топтық жұмыс. КестеніІІ толтыр.
топ
топ
ІІІ топ
Тура мағыналы сөздер
Ауыспалы мағыналы
Көп мағыналы сөздер
сөздер
3- тапсырма. Деңгейлік тапсырмалар.
І деңгей.
Қарамен жазылған
сөздердің мағынасын
анықтап, түсіндір.
1)Жапырақ кетті, жаз кетті.
Күз болған соң кетті күй.
(Абай-Крылов)
2)Біздің ауылда бақ көп,
«Жалыны қайтар дененің,
Үнемі тұрмас осы шақ,
Талайғы кәрі дүниенің
Бір тетігін ұстап бақ»
(Абай)
Мақалдың жалғасын тап, сөз
мағынасын түсіндір.
1.Құс қанатымен танылар,...
2.Жан қиналмай, ...
ІІ деңгей
Үзіндіден ауыспалы
мағынадағы сөздерді тап.
1.Жем байла, жауырын жаз,
жаныңды ашып,
Қоңырдың қолтық, қойнын толтыр
етке.
(І.Жансүгіров)
2. Жанардың әжесі алмадан қақ
жасады.
4-тапсырма. Шығармашылық жұмыс.
«Сыйлы оқушы деген кім?» ойтолғау.
Қақ, жаз, күй сөздеріне
әртүрлі мағынада сөйлем
құра.
ІІІ деңгей
Қарамен жазылған
сөздер қандай мағынада
жұмсалған?
1.Қап, мынаның баласы!...
Орта қап қара қи да, кәрі
қойдың етімен Ерболды
жөнелтпек болып отырған
сараң үйдің иесі де айтыла
кетті.
(М.Әуезов)
Мақалды толықтыр.
Қанатты жерге ...тұрар,
Қайратты ерге ...тұрар.
Сөз мағынасы өзгеріп, дамып, кеңейіп отыратын өте күрделі
құбылыс.Осыған байланысты сөздің тура және ауыспалы
мағынасы болады.
Сөздің затты я құбылысты атап білдіретін мағынасы тура
мағына деп аталады. Тура мағына әр заттың өзіне ғана тән
жеке мағынасы болып табылады.
Мысалы: ал, ана, бер, айт, арыстан т.б.
Сөздер әрқашан тура мағынада айтыла бермейді. Сөздің
тура мағынасы негізінде туып, өрбіген, жалпы көпшілікке
түсінікті ауыспалы мағыналары да болады.
Лексикалық мағынаның бұл түрін туынды мағына деп
атайды.
Мысалы: Арыстан еді- ай, Исатай.
Сөзді ауыспалы мағынада қолдану – ойды көркем етіп
айтып, берудің құралы.
Тіліміздегі ұзақ уақыт бойы қолданылып келе жатқан
байырғы сөздер жаңа сөз, жаңа мағыналар жасауға ұйтқы
(негіз) болады. Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын
сөздің көп мағыналығы дейміз.Көп мағыналаы сөздер бір
негізден таралады да, бір сөз табына қатысты болады.Мысалы:
жердің беті, судың беті, қыздың беті т.б.
Тест.
1. «Ұя» сөзінің тура мағынасын тап.
А. Алтын ұям- мектебім.
D. Қызын ұясынан ұшырғалы тұр.
В. Әркім өз ұясын аңсайды.
Е. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырды
С. Бүркіт ұясын шыңға салады.
2. Ауыспалы мағынада тұрған сөзді көрсетіңіз. Бұлақтың көзін ашу- игі іс.
А.Бұлақтың
D.Игі
В. Көзін
Е. Іс.
С. Ашу
3. Сөздің ауыспалы мағынасын табыңыз
А. Қарындашын ұштау.
D. Таяқты ұштау.
В. Найзаны ұштау.
Е. Қайланы ұштау.
С. Шеберлікті ұштау.
4. Сәйкестендір.
А. Тура мағына
1. Жаудан тіл әкелді.
В. Ауыспалы мағына
2. Биік тау
С. Көп мағына
3. Биік сезім
D. Тура мағына
4.пышақтың жүзі
Е. Ауыспалы мағына
5. Суық жел
5. сәйкестендір.
А.Заттың, түрлі құбылыстың, қимыл- әрекеттің атауы.
1. Лексикалық
мағына.
В. Айтушы мен тыңдаушыға ортақ мәндегі бір ұғымды білдіреді.
Грамматикалық мағына
С. Ойды көркем етіп айтып берудің құралы.
3. Ауыспалы мағына
D. Сөздің жеке тұрғанда немесе сөйлемде білдіретін негізгі ұғым.
4. Тура
мағына
Е. Сөз тұлғасы, сөз таптары, сөйлемдегі қызметі тұрғысындағы мағынасы. 5. Көп
мағыналық .
6- сабақ. Сөздердің мағыналық топтары.Омоним, синоним, антоним.
Міндеттері: Омоним, синоним, антоним сөздердің анықтамасы, тіл байлығы мен сөз оралымындағы
көрсеткіштерін түсіндіру.
Әдістемелік нұсқаулар: Омоним сөздердің өлең сөздерде қолданылуы.
Синонимдердің тіл мәдениетіне қатыстылығы. Антонимдердің ауыз әдебиеті үлгілеріндегі көрінісі.
Түрі: Талдау, шығармашылық жұмыс.
1-Тапсырма. «Ағайын тату болса ат көп,
Абысын тату болса, ас көп»,- деген мақал бойынша:
1) Ағайын, абысын сөздерінің мағыналарын табу.
2) Тату сөзінің антонимін табу;
3) Ат, ас сөздері қолданылуына қарай басқа қандай мағыналар беретінін мысалмен сипаттау.
4) Көп сөзінің антонимін табу.
5) Тату, көп сөздерінің орнына антонимдерін қойып сөйлемдерді қайта айтып көру керек.
2-Тапсырма.
Есеп тапсырма.
1. Төмендегі сөздерге синонимдес сөздерді тауып жазыңдар.Тауып жазған сөздеріңнің басқы
әріптерінен синоним деген сөз шығатын болсын:Көркем, жақсылық, келбет, епсіз, сенім, жасқану,
қоныс;
2. Басқы әріптерінен Қазақстан деген сөз құралатындай етіп , тәмендегі сөздерге синонимдес сөздер
тауып жазыңдар:Әскер, маңай, жұбай, көрік, мейман, жақ, ас, кідіріс, ар;
3. Төмендегі сөздердің әрқайсысымен синонимдес қанша сөз тауып жазуға болады?Егде, маңғаз,
Тентек, алаңғасар, Қу, дана, құштар, көп;Әрқайсысы үш түрлі мағына білдіретін болсын.
3-Тапсырма. Сөздері оқып, мағынасын анықта. Синонимдік қатар құрастыр.
Алыс.Сүйкімді. Сұлу. Тартымды. Қашық. Өңді. Тәуір. Алщақ. Келбетті. Жаман. Ұстамды. Нашар. Көр.
Әдепті. Қара. Байқа. Аңғар. Тәрбиелі. Көргенді. Білімді. Үлкен. Кең. Көлемді.
4-Тапсырма. Сөйлемдерді оқып, омонимдерді тауып, мағынасын түсіндір.
Жауға жаныңды берсең де, сырыңды берме.Бөлменің ішінен сырдың иісі шығып тұр. Жүрегі ауырған
адам жастықты биік қойып жатуы керек. Жастық шақта білім, өнерге ұмтылған жөн.Ұшақтың қарасы
үзілгенше, Сәуле орнында қозғалмай тұрып қалды. Алыстан бір қара көрінді.
Қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең бай тіл.
Омонимдер біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ мағынасы басқабасқа сөздердің тобын білдіреді. Сырты түрі жағынан омонимдер көп
мағыналы сөздерге ұқсас болып келеді.
Омонимдер:
Көп мағыналы сөздер:
Біркелкі дыбысталып айтыладыда,
Бір негізден
тарағандықтан,
мағынасы әр түрлі болады
мағыналары жағынан өзара
жақын ұқсас болып, олар бір ғана
сөз табына жатады.
Мағыналары бір- біріне жақын, бірақ әр түрлі дыбысталып
айтылатын сөздер тобы синонимдер деп аталады.
Мысалы: пішін, келбет, көрік;
Мағыналары бір – біріне қарама – қарсы болып келетін сөздер
антонимдер деп аталады.
Мысалы: жақсы- жаман, үлкен- кіші, көңілді- қапалы, ал- бер;
ТЕСТ.
1.Омоним қатысқан тіркестерді табыңыз.
А. Есікті аш, аш мал
D. Сары гүл, қызыл гүл
В. Қиын сұрақ, күрделі сұрақ
Е. Мәз болды, ерте түсінді.
С. Инабатты қыз, тәртіпті оқушы,
2. Синонимдік қатарды табыңыз.
А. Еңбек, іскер, жалқау.
D. Өлең, жыр, ән, терме
В. Жаратылыс, табиғат, дүние
Е. Қайрат, жігер, ел
С. Бет, жүз, өң, ауыз
3. Антонимдік жұпты табыңыз.
А. Аштық- тоқтық
D. Алай- түлей
В. Ағыл- тегіл
Е. Жол- жөнекей
С. Жалғыз- жарым
4. Сәйкестендір.
А.Антоним сөз
1. Тақтаға қара
В. Синоним сөз
2. Терең сай
С. Омоним сөз
3. Сөздің патшасы
DТура мағыналы сөз
4. Лезде жеру
Е. Ауыспалы мағыналы сөз
5. Ізгілік пен зұлымдық
5. Сәйкестендір.
1. Бір- біріне қарама- қарсы сөздер.
А. Ауыспалы мағына
2. Мағыналары бір- біріне жақын сөздер
В. Синоним
3. Екі я одан да көп мағынаға ие болуы
С. Антоним
4. Затты я құбылысты атап білдіруі
D. Көп мағына
5. Заттың мағынасын екінші затқа атау етіп қолдану
Е. Тура мағына
6. Мағынасы басқа- басқа сөздер тобы
F. Омоним
7- сабақ. Табу. Эфемизмдер мен дисфемизмдер.
Міндеттері: Көркем –әдеби шығармалардағы кейіпкерлер мінезін көрсетудегі
рөлі
Әдістемелік құралдар: Табу сөздердің қазақ сөздерінде өзара халқының өміріне
көп тарағандығы; Эфимизмдердің ұлттық дәстүрлерге қатысы; Дисфемизмдердің
көркем әдеби шығармалардағы кейіпкерлер сөзін көрсетудгі рөлі.
Түрі: Мәтінмен жұмыс.
1-Тапсырма. Төмендегі мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіріп бер.
Аманқарағай дуанынығ аға сұлтаны Шыңғыс Уалиханов деген төре еді.
Ол адам Кенесары қозғалысына қосылған жоқ, қарсылық та көрсетпей келеді.
Кенесарыға кетіп жатқан елі бар, аға сұлтан мұның екеуіне де дәрменсіздігін көрсетіп,
ортасында тыныш жата берді. Үш жылға созылған таран- таражға селт еткен емес.
Қысқа қарай қырық семіз соғым, жазға қарай қырық сауын бие, жүз бойдақ қой жинап
алды.
Есеней- аға сұлтан кеңесінің ең беделді биі. Әділ де қатал би атанған адам. Ұзақ
ойланады, байламын бір-ақ кесіп айтады. Ұры-қарыға, шылық- былыққа қатал адам.
2-Тапсырма.Төмендегі сөздерді қатыстырып, «Туған жер» тақырыбында әңгіме
құрап жаз. Әңгімеге табу, эвфемизм, дисфемизм сөздерді қатыстыр.
1.Жер көлемі,2.Топырағы, 4.Күзі, 5.Жазы, 6. Қысы, 7. Біздегі аңдар, 8.Біздегі
өсімдіктер,9. Ағаштар,10. Құстар, 11. Мал өсіру, 12. Ел байлығы.
3-Тапсырма. Ойтолғау. «Туған бар табылатын жаныңнан» тақырыбында табу
сөздерді қатыстыра отырып, туыстық атаулар туралы сөз қозғайық.
Көрініс. «Әзілдері жарасқан бұл екеуі кім?»
«Нағашы» тобы.
«Жиен» тобы.
Құдағи қалтадан алынған тапсырма.
1) Төркін- қыздың өз жұрты, туған үй, ауыл- аймағы.
2) Көкбөрі қалтадан алынған тапсырма.
Оған туыстары қайын жұртынан ере барған қайын інілеріне, қайын сіңлілеріне құрмет
көрсетеді. т.б.
Табу негізінен этнографиялық ұғыммен байланысты.
Мифтік ескі наным бойынша атын тура айтуға тыйым
салынған сөздер тіл білімінде табу деп аталады.
Мұндай тыйым салынған сөздер дүние жүзіндегі
халықтардың көпшілігінде кездеседі. Бұл әдет, әсіресе, түркі
халықтарының, оның ішінде қазақ халқының тұрмысында көп
тараған.
Мысалы: шырайлым, итқұс, қарасан,т.б.
Эвфемизм сөздер- сыпайы, жағымды сөздер.
Мысалы: сөзуар, дүние салды,
Эфемизмдер- ойды бейнелеп, көркемдеп жеткізудің бір
тәсілі.
Дисфемизмдер- мағынасы жағынан
эвфемизмдергеқарама- қарсы құбылыс.
Дисфемизм кеміту, қорлау, іске жаратпау ұғымын
тудырады.
Мысалы: боғымен жасты баламен ойнау;
ТЕСТ.
1.Бағы жанып, абройы көтерілген адамға байланысты
қолданылатын тұрақты тіркесін анықтаңыз.
А. Қысқа жібі күрмеуге келмейді.
В. Тасы өрге домалады.
С. Күліп кіріп, күңірене шығу.
D. Тамырына балта шабу.
Е. Тас бауыр.
2. Табу сөзді тап.
А. Қызым
В. Ұлым
С. Сырғалым
D. Бюатыр
Е. Ер жігіт
3. Дисфемизм сөз
А. Қолды болды.
В. Ерек қыз
С. Маңырама.
D. Ұлыма
Е. қырт
8- сабақ. Фразеологизмдер (тұрақты тіркестер). Мақал-мәтелдер.
Мақсаты: Фразеологизмдердің тарихи тамырлары. Мақал- мәтелдермен синонимдес келуі.
Әдістемелік нұсқау. Фразиологизмдердің сөз мәдениетіне қатысы, тарихи тамырлары туралы, мақалмәтелдердің ұлттық ерекшеліктері, Сөз бен ойдың бірлігі.
Түрі: Мәтінмен жұмыс. Талдау.
1-Тапсырма. Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріп, сөйлем құра.
Көзін жеткізу, алдын алу, мысы құру, көңіліне келу, жан шақыру, көз сату, сабасына түсу, ауыз бастырық
беру, түйе бас қылу, басыеа күн туу, соры қайнау, тақымына толтырмау, құлағының құрышын қандыру,
қолды болу, қаны қызу, өыр көрсету, етігін қонышынан басу, қолы қышу, табыс биігінен көріну.
2-Тапсырма.
Тұрақты тіркестер
Арасынан қыл өтпейтін
Ит арқасы қианда
Бетке шіркеу келтіру
Екі езуі екі құлағында
Бармағын шайнау
Тілі шығу
Мағынасы
Сұраула
ры
сөйлеу
Не істеу?
3-Тапсырма.
Төмендегі мақал- мәтелдерді кім көп тауып айта алады?
Сын есім сөзі аралас келген мақалдар
Сан есім сөзі аралас келген мақалдар
Есімдік сөзі аралас келген мақалдар
Есімше аралас келген мақалдар
Көсемше аралас келген мақалдар
Шартты райлы етістіктен келген мақалдар
«сіз» деген ідеп, «біз» деген көмек
Барар жер, басар тау..
Сөйлей- сөйлей шешен боларсың
Атадан жақсы ұл туса, елінің
өамын жейді.
Бетің қисық болса, айнаға
өкпелеме
Бас болмақ оңай, бастамақ қиын
Болымсыз етістіктен баяндауышы бар
мақалдар.
Қарсы
мәнді сөздермен
4-Тапсырма. Топтық
жұмыс.
Не игі? аяқталған мақалмәтелдер
Игі сөзімен аяқталатын
6 мақал тауып айтыңдар. Қай топ тез тауып айтса,
сол топ озады.
Тұрақты тіркестер (фразиологизмдер) – екі немесе бірнеше
сөздің тіркесуі арқылы бір ғана мағынаны білдіретін сөз
тіркестері.
Фразиологизмдерге тән мағына тұрақты тіркесті құрастырушы
сөздердің жеке мағыналарына үнемі сәйкес келе бермейді,
сыңарлары тұтасып барып, бір ғана мағынаны білдіреді.
Мысалы: тас бауыр (мейірімсіз), су жүрек (қорқақ) т.б.
Тұрақты тіркесті құрайтын сөздер бұрыннан
Тайға таңба басқандай
қалыптасқан жүйемен айтылады.
Тұрақты тіркестердің синонимдік баламалары Қыздың жиған жүгіндей- көркем, көрікті;
болады, яғни оларды мағынасы жағынан
жақын сөздермен түсіндіруге келеді.
Тұрақты тіркестер мән- мағынасы жағынан
Ит терісін басына қаптады- басынан
бір- біріне қарама- қарсы (антоним) болып та
сипады, бетінен оты шықты- беті бүлк
Тұрақты тіркестер сияқты мақал- мәтелдер
де- әбден
келеді.
етпеді.
қалыптасқан, орныққан сөздердің тобы. Мақал- мәтелдер
тұрақты тіркестер сияқты аз сөзбен көп мағына білдіреді.
Мақал тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіпріп,
белгілі бір тұжырым жасайды.
Мысалы: Бидайдың кеудесін көтергені- дақылы жоқтығы,
Жігіттің кеудесін көтергені- дақылы жоқтығы.
Мәтелдерде ой- пікір бейнелі әрі тұспалдап айтылған ишара
түрінде болады.
Мысалы: Біреутоңып
секіреді, біреу тойып секіреді.
Мақал
Мәтел
1.Мақалдың
мазмұнында
себебі
мен
Мәтелде істің салдары айтылып, себебі айтылмай
Мақал мен
мәтелдің
айырмашылығы
салдары (нәтижесі) қатар айтылады.
2.Мақал көбінесе құрмалас, сөйлем
күйінде келеді.
қалып қояды.
Мәтел көбіне жай сөйлем күйінде келеді. Кейде
баяндауышы айтылмаған толымсыз сөйлем
күйінде келеді.
ТЕСТ
1. Мақал- мәтелдерден антонимдік қолданыстағы сөздерді белгіле
А. Көктем, көктен нұрын төккен.
D. Жақсыдан шарапат, жаманнан кесепат.
В. Күннің әні- сәулесі, Жердің әні- жемісі. Е. Ас иесімен тәтті, табағымен жақсы.
С. Ойнаса да, ойындағысын айтады.
2. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
А. Шешен кісі
D. Табыстан басы айналу.
В. Күндіз- түні
Е. Жүйрік ат.
С. Есті азамат
3. Еркін сөз тіркесін табыңыз.
А. Әдемі табиғат.
D. Жүз шайысу.
В. Салқын қабақ.
Е. Суық сөз.
С. Тіс жармау.
4. Сәйкестендір.
А. Мақал
1. Көппен көрген ұлы той.
В. Мәтел
2. Жүрек жұтқан, су жүрек
С. Тұрақты сөз тіркесі
3.Аған кесу, ойын ойнау
D. Еркін сөз тіркесі
4. Қолы ашық
Е. Фразеологизм
5. Ақыл жастан, асыл тастан шығады
5. Сәйкестендір.
А. Ой түйінді пікір, өсиет, қорытынды, тұжырым ретінде айтылады.
Тұрақты тіркестер.
В. Негізгі айтылатын ой- пікір жанамалап, тұспалдап, ишара түрінде айтылады.
2. Еркін тіркестер.
С. Құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге немесе басқа сөздермен алмастыруға
3. Фразиологизмдер.
болатын тіркескен сөздер.
D. Мағынасы бір тұтас, құрамын өзгертуге, басқа сөзбен алмастыруға болмайтын,
4. Мақал.
бір сөздің орнына ғана жұмсалатын тіркестер.
Е. Екі немесе бірнеше сөздің тіркесі арқылы бір ғана мағынаны білдіретін сөздер
5. Мәтел.
9- сабақ.
Сөздік қор және сөздік құрам.
Мақсаты:
Байырғы сөздердің мағыналық, тұлғалық белгілері. Архаизмдер мен
историзмдерді ажырата алу. Жаңа сөздердің сөз мәдениетімен қатыстылығы.
Әдістемелік нұсқау: Тілдің сөз байлығын құрайтын сөздік қор және сөздік құрам жөнінде
түсінік қалыптастыру. Сөздік құрамның қоғаммен бірге дамып, өзгеріп отыратындығв. Сөздік
құрамның тармақтары.
Түрі: Ізденіс сабағы.
1-Тапсырма. Мәтінді оқып, айтылған ақыл сөздердің мәнін түсініп, еске сақта.Қарамен
жазылған сөздердің құрамына талда.
Төзім мен еңбек- бәрін де жеңбек. Бүгінгі күн- кешегі күннің шәкірті. Тартымды ісімен
сөйлейді, тартымсыз тілінің ұшымен сөйлейді.
2-Тапсырма. Сиқырлы сұрақтар.
1. Тракторшы, асқазан, кг, бірен- саран сөздерінің құрамдары бірдей ме, қайсысы қалай
жасалған?
2. Қалашық, құлынщақ, ашқыш, шекарашы сөздерін сөз бөлшектеріне талдап, әр бөлшектің
мағынасы мен қызметін түсіндіріңдер.
3. Туынды түбірден тағы бір туынды түбір жасауға болама? Біртүбірге неше жұрнақ
жалғауға болады?
4. Жұрнақтардың барлығы да жаңа мағыналы сөз тудыра ма? Сәл үстеме мағына беретін
жұрнақ жалғанған сөз тауып жаз.
5. Қосымшалы сөздердің бәрі туыны түбір бола ма?
6. Оқырман, көрермен, дейміз, ал сөйлермен, айтарман деп айтыла ма? Мұндағы
жұрнақтар жайында не білесіңдер?
7. Әр шақпаққа бір бөлшектен келтіріп, тәиенде берілген шаөпаөөа жеті бөлшектен
құралған сөз ойлап жаз.
8. Мына сөздерді сөз құрамына, сөз бөлшектеріне талдаңдар.
Бала-шағаларымызға, жаздыгүнгідей, үгітшілеріміз.
9. Қосымша сөз құрамына жата ма?
10. Қай жалғаулар жақсыз қолданылады?
3-Тапсырма. Жарыс ойыны « Көп қосымшалы сөздер»
Топ мүшелері көп қосымшалы сөздер тауып жарысады. Мөлшерлі уақытта көп сөз тауып
жазғандар «жарыста озғандар» деп аталады.
құбылыс.Осыған байланысты сөздің тура және ауыспалы мағынасы
болады.
Сөздің затты я құбылысты атап білдіретін мағынасы тура
мағына деп а
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz