Жүрек-қан тамырлар жүйесі


Slide 1

№152 мектеп-гимназиясы Тақырыбы : Жүрек-қан тамырлар жүйесі Копбергенова Гаухар Зинабытовна

Slide 2

Модуль

Құрылымы

Сабақ

реті

Модульдің мазмұны

уақыты

Ескертпе

Кіріспе

1 саб

1. Модульге кіру

2. Дәріс «Жүрек-қан тамырлар жүйесі»

§36-40

3. Оқулықпен жұмыс

3 мин

25 мин

17 мин

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

С

ө

й

л

е

с

у

2 саб

«Қарлы кесек»

Оқыта үйрету ойыны

§36-40

А-§36, Б-§37, В-§38, Г-§39, Д-§40

45 мин

Оқушылардың өз бетінше жұмысы

3 саб

«Сұрақтар мен жауаптар» ойыны

§36-40

45 мин

Жұптық жұмыс

4 саб

«зертханалық жұмыс»

№9. Тақырыбы:

Мөлшерлі жүктемеге дейін және кейін тамырдың соғуын есептеу

№10. Тақырыбы:

Қан кеткенде алғашқы көмек көрсету

Жұптық жұмыс

Қорытынды

5 саб

1. Тест

2. Суретпен жұмыс

3. Бағалау

15 мин

15 мин

10 мин

5 мин

Оқушылар

Білімін сараптау

Модуль №8

Жүрек-қан тамырлары жүйесі

(5 сабақ) 8 сынып

Slide 3

«Жүрек-қан тамырлары жүйесі»

тарауы бойынша

Оқушылардың дайындық деңгейіне

қойылатын талаптар

Оқушылардың сипаттай алуы тиіс:

Жүрек және қан тамырларының құрлысын;

Жүректің жұмысын;

Қанайналымның, үлкен және кіші шеңберін;

Қанның артериялық қысымын, қанның тамырлармен қозғалуын;

Жүрек -қан тамырлары жүйесінің ауруларын;

Slide 4

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік:

Оқушыларға жүрек және қан тамырларлар жүйесі оның құрылысы, жүрек жұмысының реттелуі, жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары мен олардың алдын алу шаралары жөнінде жалпы түсінік беру

Slide 5

2. Дамытушылық:

Жүрек-қан тамырлар жүйесі туралы алған теориялық білімінің практикалық маңызын ұғындыру, жүрек ауруларын емдеу мен алдын алудағы Қазақстандық ғалымдардың жетістіктері туралы мағлұматтар беру арқылы дүниетанымын кеңейту, биологиялық тілін жетілдіру.

Slide 6

3. Тәрбиелілік:

Оқушыларды арақ пен темекі сияқты заттарды пайдаланудың зиянды әсері, оның өсіп келе жатқан ағзаның жүрек-қан тамырлар жүйесіне берер кері зардабы жөнінде мағлұмат беретіндігін түсіндіре отырып, дене шынықтыру жұмыстарына тарту арқылы саламатты өмір сүруге шақыру.

Slide 7

1-сабақ

ТБ-1

Жүрек-пішіні конус тәрізді, 2-ші және 5-ші қабырғаның тұсында орналасқан. жүректің массасы 250-300г.

Жүрек төрт қуысты.

Екі жүрекше Екі қарынша

Slide 8

Жүрек қабырғасы

Эпикард миокард эндокард

Slide 9

Қан тамырлары

Артериялар Капиллярлар Веналар

Slide 10

Жүрек циклі

Жүрекшелердің жиырылуы қарыншалардың жиырылуы

үзіліс

Қанайналым

Үлкен шеңбер кіші шеңбер

Slide 11

Артериялық қысымнан болатын ауру түрі

Гипертония Гипотония

Қан кетудің үш түрі

Капиллярлық Веналық Артериялық

Slide 12

Дәрістің тезисі

1. Жүрек және қан тамырларының құрлысы анықтама

2. Артерия, капилляр, вена қан тамырларына анықтама

3. Жүрек автоматизмі

4. Жүрек циклі

5. Жүрек жұмысының реттелуі.

6. Қанайналымның үлкен шеңбері анықтама

7. Қанайналымның кіші шеңбері анықтама

8. Қанның артериялық қысымы

9. Қанның тамырлармен қозғалуы

10. Қан кеткенде көрсетілетін алғашқы көмек.

11. Қорытынды

12. Сұрақтарға жауап беру

13. Тест

Slide 13

2-сабақ

«Қарлы кесек» оқыта үйрету ойыны

Қатысушылардың саны 12-ден25 адамға дейін болуы мүмкін. Егер қатысушылар саны 25-тен кем болса:Мысалға 24 болса-онда «Д-5» бағыттау парағы және жетоны ойыннан алынып тасталынады; Егер 23 болса-«Д-5», «Г-5», егер 22 болса- «Д-5, «Г-5», «В-5» және т. с. с. алынып тасталынады. А әрпі бар бағыттаушы парағын және жетонын(пиджактың өңіріне не кеудесіне қадалады) алған оқушылар «А үстелінің» басына және т. с. с. Мұғалім бір келелі мәселе көтереді, проблемалық сұрақ қояды немесе қандай да бір тапсырма береді(Бәріне ортақ немесе әр топқа жеке-жеке) . 5 адамнан тұратын топ 5-7-15 минут шамасында оқу және қосымша әдебиетті пайдалана отырып, жауап іздейді, оны тезистер түрінде жазып алады. Дайындыққа бөлінген уақыт аяқталған соң, І тур жарияланады. Оқушылар орнынан тұрып, әрқайсысы өздерінің бағыттау парағы бойынша жаңа орынға отырады

Slide 14

Бір турдың уақытын мұғалім үстел басында отырған барлық ойыншылар сөйлесіп, өз көзқарастарын айтып үлгеретіндей есеппен белгілейді(10-15 минут) . Топ ішінде уақытты жүргізуші қадағалап отырады. Алдымен жетонында «А»әрпі бар ойыншы, содан соң кезегімен- «Б», «В»және «Г» әріптері бар ойыншылар сөйлейді. Топ мүшелерін тыңдап болған соң, әрбір оқушы өзі жауабын неғұрлым қызғылықты, жоғары танымдылық, ақпараттық деңгейдегі және дәлелденген деп есептейтін сөйлеушінің нөмірін анықтап, оның нөмірін өзінің бағыттау парағындағы «ЕҢ жақсы сөйлеуші» жолына жазып алады. І тур аяқталған соң, балалар бағыттау парағына сай орын алмастырады да ойынның ІІ туры басталады. Барлық тур(ІІІ-турІV-V) біткеннен соң, оқушылар өздерінің алғашқы орындарына қайта оралып, мұғалім олардың бағыттау парақтарын жинап алады және нәтижесін ортақ параққа жазады. Сол ортақ парақ бойынша ең жақсы ойыншы және ең жақсы команда анықталады.

Slide 15

2-сабақ

«Қарлы кесек»оқыта үйрету ойынының тапсырмалары

«А» тобының тапсырмасы:

§36. Қанайналым мүшелері

«Б» тобының тапсырмасы:

§37. Жүректің жұмысы

«В» тобының тапсырмасы:

§38. Қанайналым. Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері

«Г» тобының тапсырмасы:

§39. Қанның артериялық қысымы. қанның тамырлармен қозғалу

«Д» тобының тапсырмасы:

§38. Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары және олардың алдын алу

Slide 16

1-қатар

2-қатар

3-қатар

4-қатар

5-қатар

6-қатар

3-сабақ

«Сұрақтар мен жауаптар» ойыны

Ойынды материалды өз бетінше игерудің бірінші кезеңінде, яғни сөйлеу бөлімінің бірінші сабақтарында өткізуге болады

І тур.

Оқушылар, әдеттегідей, қатармен партада отырады.

Барлығы 6 қатар

Мұғалім әр жұпқа барлық игеріліп жатқан тақырып бойынша 10 сұрақ жазылған қағаздарды таратады(Немесе тақтаға жазады), 20 минут ішінде әр жұп оқушылардан жауап іздеумен айналысады.

Slide 17

ІІ тур.

2 және 3-қатарда отырған оқушылар орын ауыстырады, 4 және 5- қатарлар да солай істейді, яғни жаңа жұптар пайда болады.

1қатар+3қатар

4қатар+6қатар

2қатар+5қатар

Енді қатар отырған оқушылар кезекпен бір-біріне сұрақтарды қоя бастайды (Сұрақтардың бұрынғы тізім бойынша) .

Әр оқушыда жауаптарды бағалау үшін жеке бланк болады.

Осылайша оқушы тек жұп(Немесе тақ) сұрақтарға ғана жауап береді. Әр жауаптың уақыты-2 минут

Бағаны жұптасы қояды

Slide 18

ІІІ тур.

ІІ турдағы жұмыс біткеннен кейін қатарлар қайтадан алмасады.

Енді кездесетіндер: 1қатар+6қатар

2қатар+3қатар

4қатар+5қатар

(Қатарлардың нөмірлері ойын басынан сақталады) . Басында берілген сұрақтардың тізімі бойынша оқушылар бір-бірін қайтадан тексереді.

Егер ІІ турда оқушылар жұп нөмірлі сұрақтарға жауап берсе, онда ІІІ турда тақ нөмірлі сұрақтарға жауап береді.

Slide 19

3-сабақ

Сұрақтар:

1. Неліктен жүрек үздіксіз және бүкіл өмір бойы қажусыз жұмыс істей алады?

2. Жүрек үшін жүрек қабы қандай рөл атқарады?

3. Жүректі қандай ұлпалар құрайды?

4. Артерия құрлысы қандай?

5. Вена құрлысы қандай?

6. Капилляр дегеніміз не?

7. Жүрек автоматизмі деген не?

8. Қанайналымның кіші шеңберінің тамырларын атаңдар

Slide 20

9. Қанайналымның үлкен шеңберінің тамырларын атаңдар

10. Қанның артериялық қысымы деген не?

11. Қанның тамырлармен үздіксіз қозғалуы неге байланысты?

12. Тамырдың соғуы, тамырдың соғуының қысымы деген не?

13. Жүрек ауруларының негізгі себептері неде?

14. Артериядан қан кетудің қауіптілігі неде?

15. Артериядан қан кеткенде қандай алғашқы көмек шараларын көрсету керек?

Slide 21

Жауаптар:

1. Әрбір жасушаға қоректік заттар, оттек, су тасмалданып, зат алмасу өнімдерін сыртқа шығару жағдайында организмнің тіршілік әрекеті жүзеге асады

2. Жүрек қабындағы сұйықтықтың аздаған мөлшері жүрек бетін ылғалдап, жүрек жиырылғанда үйкелуін азайтады.

3. Жүректі дәнекер ұлпасы құрайды

4. Артерия қабырғасы қалың, иілгіш және серпімді. Олардың құрамына арасынан созылғыш талшықтар өтетін біріңғай салалы бұлшық еттер кіреді.

5. Вена қабырғасы артерия қабырғасына қарағанда жұқа, бұлшық ет және созылғыш талшықтар аз.

6. Ең жіңішке қан тамырлар, олар біздің денеміздің барлық мүшелеріне енетін тармақталған тор түзеді.

7. Жүректің өзінде пайда болатын импульс әсерінен жиырылу қабілеті.

8. өкпеде өкпе артериялары диаметрі кішкентай тамырларға, содан киін өкпе көпіршіктерінің қабырғасын

Slide 22

9. Үлкен шеңберінде артериясында артерия қаны, ал венамен жүрекке вена қаны ағады.

10. Жүрек жұмысы кезінде қанның тамыр қабырғасына түсіретін қысымы.

11. Қан жүректің ырғақты жұмысына байланысты қозғалады.

12. Жүрек әрбір жиырылғанда пайда болатын артерия қабырғасының ырғақты тербелісі. Тамырдың соғу толқынның артериямен таралу жылдамдығы, шамамен, 10 м/с құрайды

13. Шектен тыс дене және психикалық жүктеме жүректің қалыпты жұмысын бұзып, жүрек ауруларын туғызады.

14. Адам өміріне артериялық қан кету едәуір қауіпті болып саналады. Бұл кезде көп қан кетеді.

15. Артериядан қан кеткенде зақымданған жерден сәл жоғары жерден тамырды сүйекке саусақпен басып тұрып, жүйкеге зиян келтірмеу үшін жұмсақ мата салып, жгутпен қысу керек.

Slide 23

Мөлшерлі жүктемеге дейін және кейін тамырдың соғуын есептеу

Керекті құрал жабдықтар:

Секундық бағдаршасы бар сағат немесе секундомер

Жұмыс мақсаты

Тамырдың соғуын есептеуге үйрену.

9-Зертханалық жұмыс

4-сабақ

Slide 24

2. Тамырдың соғуын есептеу арқылы жүрек жиырылуын анықтауды үйрену. Оның әртүрлі жағдайдағы жұмысының ерекшеліктері туралы қорытынды жасау.

Slide 25

1 Минуттағы:

а) отрып, ә) тұрып, б) 10-рет отырып

тұрғаннан кейінгі тамырдың соққысын санаңдар

Slide 26

10-Зертханалық жұмыс

Керекті құрал жабдықтар: созылғыш дәке, қысатын таңғыш, бұрайтын таяқша, әртүрлі созылғыш жгут, жай бинт, йодтың спирттегі 5%-дық ерітіндісі, гемастатикалық губка.

Жұмыс мақсаты:

Жгут салуды үйрену.

2. Қан тамырлары жүйесінің құрылысы мен қызметі туралы білімдеріңді пайдаланып, артериялық және веналық күшті қан кету кезеңінде жгут салу туралы әрекетті түсіндіру

Slide 27

Дұрыс жауабын табыңдар

Slide 28

жүрекше жиырылғанда;

қарынша жиырылғанда

қарынша босаңсығанда

жалпы босаңсығанда

артерияда

венада;

капиллярда

артериолада

қолқада;

өкпе артериясында

капиллярда;

венада

1. Артериялық қысым қай кезде ең көп болады?

2. Қан қысымы неде жоғары?

3. Қан ағысының жылдамдығы неде жоғары?

А

Ә


Ұқсас жұмыстар
Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары және олардың алдын алу
Қан тамырларының зақымдануы
Қан айналым шеңбері
Жүрек қан тамырлар жүйесі ауруларында
Жүрек тамырлар
Қан тамырларының аурулары
Жүрек қан-тамырлар жүйесінің аурулары
Жүрек пен қан тамырлар жүйесі
Адам қан тамырлары
Жүрек және қан айналымы патологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz