ҰБТ-ға дайындық "Қазақтың ұлттық тағамдары"




Презентация қосу
ҰБТ-ге дайындық
1.Фонетика
2.Лексика
3.Морфология
4.Синтаксис
5.Пунктуация

• Фонетика тақырыбына байланысты толықтыру тест
сұрақтары
• 1. Сөйлеу тілінде дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, естілетін
тілдік құбылысты ............................ дейді

• 2. Дауысты дыбыс тілдің қатысына қарай ........................
және .......................... болып бөлінеді.

• 3. .................................... өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында
кедергіге ұшырап шығуынан жасалады.

• 4. Дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа бітетін
буынды ............................................. буын деп атаймыз.

• 5. Қатар келген екі дыбыстың бір-біріне ықпал етіп
үндесуін ....................................................... дейміз.
•  

Дұрыс жауаптары

1.Дыбыс
2.Жуан және жіңішке
3.Дауыссыз дыбыс
4.Тұйық буын
5.Дыбыс үндестігі



































Синтаксис тақырыбына байланысты таңдау тест сұрақтары
1.Бірыңғай мүшелердің арасына қандай тыныс белгісі қойылады?
А) сызықша
В) үтір
С) нүкте
Д) қос нүкте
Е) нүктелі үтір
2.Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелердің алдынан келсе, одан кейін қойылады.
А) қос нүкте
В) үтір
С) сызықша
Д) нүктелі үтір
Е) нүкте
3.Бұл жолы дастарқанға жүрегі мейірімге толы, жылы жүзді кісілер келіп отырады.( Бірыңғай мүшелер сөйлемнің қай мүшесі болып тұр?)
А) бастауыш
В) баяндауыш
С) толықтауыш
Д) пысықтауыш
Е) анықтауыш
4. Адамзаттың асылы да, ардақтысы да, қысылғанда тірек сүйенері де, қуанғанда сүйсінері де туған жері –өз отаны.
Бірыңғай мүшелер қай сөз таптарынан болып тұр?
А) зат есім, етістік
В) зат есім, етістік, етістік
С) сын есім, сын есім, етістік, етістік
Д) зат есім, етістік, зат есім
Е) етістік, зат есім, етістік
5.Бірыңғай мүшелермен қызметтес, тұлғалас болып, оларды ортақ жинақтау мәнін білдіретін мүшені табыңыз.
А) жалпылауыш сөз
В) бірыңғай мүше
С) тұрлаулы мүше
Д) айқындауыш мүше
Е) оқшау сөз
 

Дұрыс жауаптары

1. В
2. А
3. Е
4. С
5. А

Қазақтың ұлттық тағамдары

Қазақ халқы үщін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. “
Ас- адамның арқауы” деп халқымыз тегін айтпаған. Қазақтың ұлттық
дастарқанында мынадай тамақ түрлерін көруге болады. Ет тағамдары:
қазы-қарта, жал-жая, қуырдақ. Сүт тағамдары: қымыз, шұбат, айран,
қаймақ, ірімшік, құрт, сүзбе. Нан тағамдар: бауырсақ, таба нан, күлше,
шелпек.
Ең негізгі ұлттық тамақ- қазақша ет. Оны кейбір кісілер
“бесбармақ” дейді. Ең құрметті қонақтарға, жасы үлкен қарттарға бас
тартылады. Етті майлы сорпаға піскен нанымен қосып ұсынады.
Тамақтан соң жасы үлкен, құрметті кісі бата береді.
Қонақжайлық- қазақтың қанында бар жақсы қасиет. Бұл біздің
ата-бабаларымызға көшіп-қонып жүрген кездерінде аман қалуларына
мүмкіндік берді. Кез келген қазақ сонау заманда жолға қорықпай шыға
беретін болған, себебі әрбір әулет, отбасында оларға көмек, жатын жер,
тамақ берілетін болған. Себебі көшпенділер қай ауылға барса да, көмек
пен тамақ табылатын болған. Мұндай қонақтарды “құдайы қонақ” деп
атаған.

1. Бірыңғай мүше дегеніміз не?
2. Олар қалай жасалады?

1.Морфологиялық талдау
2.Синтаксистік талдау
Ең құрметті қонақтарға,
жасы үлкен қарттарға бас
тартылады.

• Лексика тақырыбына байланысты көп жауапты тест сұрақтары

• 1. Көнерген сөздер қатарын анықтаңыз
• А) барымта
• В) зейнетақы
• С) бәдірен
• Д) планета
• Е) қылует

• 2. Синоним болып тұрған қатарды табыңыз.
• А) дауа, шипа, ем
• В) анда-санда, оқта-текте
• С) аман-есен, сау-саламат
• Д) ауыл-аймақ, көрші-қолаң
• Е) ұзын-қысқа, биік-аласа

• 3.Қай қатар антонимдік қатар бола алмайды?
• А) уақ-түйек, майда-шүйде
• В) Бұрын-соңды, ертелі кеш
• С) азын-аулақ, қым-қиғаш
• Д) ыстық-суық, қорқақ-батыр
• Е) жақын-алыс, сұлу-әдемі

• 4.Ауыспалы мағынадағы сөзді белгілеңіз
• А) қара тас
• В) терең ойлы
• С) ыстық ықылас
• Д) суық хабар
• Е) домбыра шерту

• 5. Тұрақты сөз тіркестерінің дұрыс баламаларын анықтаңыз
• А) сабақ алу- үйрену
• В) Қаны қайнау- ашулану
• С) тісі шыққан- есейген
• Д) су татиды- тәтті
• Е) көзі ашылу- сауығып кету





 
 
 
 

Дұрыс жауаптары

А, Д, Е
А,В,С
А,С,Е
В, С,Д
А,В,С

Суретке қарап
салалас және
сабақтас
құрмалас
сөйлем
құраңыз.

Сөздерді өз
папкасына
орналастырыңыз.

Сөздікпен жұмыс

• Пунктуация тақырыбына байланысты балама тест сұрақтары
• 1.Қымыз биенің сүтінен дайындалатын денсаулыққа шипалы әрі
жұғымды сусын.
• А) дұрыс
• В) бұрыс
• 2. Қаймақ- сиырдың, қойдың, ешкінің пісірілген сүтінің бетіне
жиналатын маңызы.
• А) дұрыс
• В) бұрыс
• 3.Қазақша ет (бесбармақ, бешбармақ) асқанда ең алдымен жіліктеп
бұзылған етті адам санына қарай мөлшерлейді.
• А) дұрыс
• В) бұрыс
• 4.Жөргем малдың ащы ішегі мен тоқ ішегінен өріп жасалады
• А) дұрыс
• В) бұрыс
• 5.« Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көрерсің»,-деп Айғаным жымиып
қарады,

Дұрыс жауаптары
1. Бұрыс
2. Дұрыс
3. Дұрыс
4. Бұрыс
5. Дұрыс

Жеңіс
кімдікі ?

Сау болыңыздар!


Ұқсас жұмыстар
Оқушыны ҰБТ-ге дайындау
Оқушыны ҰБТ-ға дайындау жұмыстарының тиімділігін арттыру жолдары
Қазақ тілінен тақырыптық тестпен жұмыс істеудің тиімділігі
Сөз мағынасы
Оқушыларды ҰБТ – ға дайындау жұмысының жүйесі
Жоспар жасау Тарау бойынша тест тапсырмаларын дайындау
Әрбір пән бойынша тест тапсырмасының саны
Балаңызды ешкімнің баласымен салыстырмай
ҰБТ - 2012 ГЕОГРАФИЯ
Оқу жылы барысында түлектерге психологиялық көмек көрсету
Пәндер