Менің ұстазым


Slide 1

Кабылбаева Раушан Курманалиевна

Бастауыш сынып мұғалімі

Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ

Slide 2

Сабақтың тақырыбы:

Менің ұстаздарым

Slide 3

Мақсаты: “Білім”, “еңбек”, “сыйластық” адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: - Оқушыларға мұғалімнің, ата-ананың, үлкендердің, кітаптың өміріндегі “ұстаздары” екендігін түсіндіру - Мұғалім еңбегіне сүйіспеншілігін, кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру: - ұстаздарды бағалауға, сыйлап-құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнекі құралдар: үнтаспа, “жүрекше” пішіндегі ашықхат, фольга түрлі түсті қағаздар.

Slide 4 Slide 5

Мұғалім апай ақ жүрек,

Жүреді бізге бақ тілеп

Білімі ұшан теңіздей

Сөздері балдан тәттірек.

Шаттық шеңбері.

Slide 6

Тапсырма.

Оқушылардың сабақта алған білімдерін іс жүзінде көрсетулеріне мүмкіндік беретін мынандай тапсырмаларды беремін:

- Төменде айтылған ойларды түсіндіріңдер.

- Бұл тапсырманы берудегі мақсат-

оқушылардың мұғалім еңбегін түсініп,

бағалай білуге ықпал ету.

Тапсырманы орындай отырып гүл жасап

шығару.

Slide 7

Мұғалім -білім беруші

Мұғалім -көмекші

Мұғалім -қамқоршы

Мұғалім -ақылшы

Мұғалім -сенімді дос

Мұғалім - бақ тілеуші

Мұғалім - ақ жүрек

Мұғалім - әдептілікке үйретуші

Мұғалім -жақсылыққа үйретуші

Мұғалім - тәрбиелеуші

Мұғалім - мейірімділікке үйретуші

Мұғалім - имандылыққа үйретуші

Slide 8 Slide 9 Slide 10 Slide 11 Slide 12

“Ұстазы жақсының,

ұстамы жақсы”

Дәйексөз

Slide 13

Мұғалім

-Балалар, жалпы біз кімнен немесе неден, тәлім-тәрбие, өнеге алсақ, үйренсек өзімізге соларды ұстаз санаймыз. Біз ұстаздан көп нәрсе үйренеміз.

Slide 14

Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштар мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.

Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? - деп сұрады баласы.

Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса кесіп отырған. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалпымен өскен, -деді атасы.

Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой, -деді баласы.

Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым. Мұнан сен де әбірет (өнеге) алсаң болады. Сен жас ағашсың. Саған да күтім керек. Мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы, түзік кісі болып өсерсің. Бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің, -деді.

Ы. Алтынсарин

Бақша ағаштары.

Slide 15 Slide 16 Slide 17

Берілген сөздерді орындарына қойып, сөзжұмбақты шешіңдер. Керекті сөздер: ұстаз, сағат, ата, кітап, қарбыз.

з

а

т

с

ұ

Slide 18

Ұстаз біліммен сусындатады ;

Ұстаз тәлім-тәрбие береді ;

Ұстаз өмір қиындықтарын жеңуге баулиды ;

Ұстаз табиғатты танып білуді меңгертеді ;

Ұстаз адамдарды түсінуге үйретеді.

Slide 19

- Білім бергеніңіз үшін рақмет!

- Оқуға үйреткеніңіз үшін рақмет!

- Ақылдыққа жетелегеніңіз үшін рақмет!

- Жақсылыққа, әдептілікке, мейрімділікке,

- имандылыққа тәрбиелегеніңіз үшін рақмет!

Slide 20 Slide 21

Зейін қойып,

тыңдағандарыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Ұстазым менің, ұстазым
Бейнеу гуманитарлық экономикалық колледжі ұстазым
ФАЙЛ СОЗДАТЬ
СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕР
Қожаның қаулысы
Қайырлы күн
Көптік жалғау жалғанбайтын зат есімдер
Балаңыздың туған күні
Есімдіктер
Киелі сандар сыры
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz