Донорлы - акцепторлы байланыс. Комплексті қосылыстар


Slide 1

Батыс Қазақстан облысы

Казталов ауданы

Қараөзен мектеп-лицейі

Сабақтың тақырыбы: Донорлы-акцепторлы байланыс.

Комплексті қосылыстар.

Жасталапова Жанаргүл Жасталапқызы

10 “ә”- сынып оқушысы

Жетекшісі: Мухамбетова Назипа Мұратханқызы

“ҮЗДІК СЛАЙД - 2014» байқауына

2014-2015 оқу жылы

Slide 2

Комплекс қосылыстары түзілетін процестер мәнін ашу үшін швейцария химигі А. Вернер ұсынған және көрнекті ғалымдар Л. А. Чугаев, И. Л. Черняев, А. А. Гринберг толықтырған координациялық теориямен қысқаша танысамыз.

Бұл теорияның негізгі қағидалары мынадай:

1. Комплекс қосылысында иондар мен атомдардың біреуі орталық деп саналады, оны комплекс түзуші деп атайды.

2. Орталық ион (атом) - комплекс түзуші маңында лигандалар деп аталатын қарама-қарсы зарядталған иондар немесе полюсті молекулалар орналасады (координацияланады) .

3. Орталық ион (атом) мен лигандалар қосылыстың ішкі координациялық сферасын түзеді, оны квадрат жақшаға алып жазады.

4. Көп жағдайда орталық ионмен (атоммен) тікелей байланысқан лигандалар саны координациялық сан деп аталады, ол көбінесе 2, 4, 6, 8 мәндеріне ие болады.

5. Орталық ионнан (атомнан) бір шама алысырақ орналасқан иондар сыртқы координациялық сфера түзеді.

Slide 3

Координациялық теория тұрғысынан құрамында аммоний ионы бар (NH4 Cl) тұздар кристаллогидратын алюминаттар құрылысын қарастырамыз (ІІ) . Бұл қосылыстар комплекс қосылыстарына жатады және координациялық теорияға сәйкес олардың химиялық формулаларын схема түрінде төмендегідей белгілейміз:

Slide 4

Коваленттік байланыс түзілу барысында атомдарда ортақ жұп түзу үшін жалқы электрондар әрбір атомда болуы шарт емес. Байланысқа қатынасушы бір атомда электрондар жұбы болса, екіншісінде сол электрондар орналаса алатындай бос орын, яғни деңгейше болса, олар өзара бір-бірімен донорлы-акцепторлы байланыс түзеді. Электрон жұбы бар атом не бөлшек донор, ал бос деңгейшесі бар атом не бөлшек акцептор деп аталынады. Мысалы, аммиак пен хлорлы сутек арасындағы қосылу реакциясы:

Аммиак құрамындағы азоттың бос электрон жұбы хлорсутек молекуласындағы сутек атомының бос s деңгейшесінен орын алып, өзара байланыс түзді. Мұндағы аммиак құрамындағы азот - донор, ал хлорсутек молекуласындағы сутек - акцептор қызметін атқарып тұр. Донорлы-акцепторлы байланысу нәтижесінде көптеген иондардың гидратациялануы, бейорганикалық қосылыстардың өзара қосылуы, комплексті қосылыстардың түзілуі жүзеге асады.

Slide 5

Комплекс қосылыстардың химиялық формулаларын қарапайым түрде жазсақ:

[NH4] Cl, [Cu(Н20) 4] SO4 H2O, Na [Al (OH) 4]

Орталық ион мен (атоммен) лигандалар арасындағы байланыс табиғаты екі жақты болуы мүмкін. Бір жағынан, орталық ионның лигандалармен байланысы электростатикалық тартылыс күшіне негізделген, себебі лигандалар комплекстүзушімен салыстырғанда қарама-қарсы зарядты ион болып келеді. Мысал ретінде натрий алюминатын қарастырамыз (дәлірек, натрий Na[Al(OH) 4] . Бұл қосылыстар орталық алюминий атомының ішінара оң заряды, ал лигандалар - гидроксид-иондарының - теріс заряды бар.

Slide 6

Полюсті молекулалар да, көбінесе су және аммиак молекулалары лигандалар бола алады. Мысалы мыс (ІІ) сульфаты кристалогидратының молекуласында су өзінің теріс заряды полюсімен орталық оң зарядты мыс ионына тартылады. Оны схема түрінде былай көрсетеміз:

Slide 7

Бейтарап комплексті қосылыстардың аталуы

Теріс зарядты лигандтың саны

Теріс зарядты лигандтың атауы

Бейтарап лигандтың саны

Бейтарап лигандтың атауы

Орталық

Атомның атауы

2 - ди

Сl - хлор

2 - ди

NH₃ - амин

платина

Slide 8

Катионды комплексті қосылыстардың аталуы

Анионды комплексті қосылыстардың аталуы

Slide 9

Екінші жағынан, орталық атом мен лигандалар арасында байланыс, аммоний ионы түзілгені сияқты, донорлы-акцепторлы механизммен түзілуі мүмкін.

Көптеген комплекс қосылыстарда орталық ион мен лигандалар арасындағы байланыс электростатикалық тартылыс күштерімен қоса комплекстүзшінің бөлінбеген электрон жұптасымен лигандалардың бос орбитальдары арқылы да байланыстар түзіледі.

Комплекс қосылыстарының көпшілігі - электролиттер. Мысалы калий (ІІ) гексацианоферрат су ертінділерінде төмендегідей диссоциацияланды:

Slide 10

Комплекс қосылыстары диссоциацияланғанда комплекс иондарының түзілетінін, олардың біршама берік екенін, олардың диссоцияциялану дәрежесі өте аз екенін ерекше атаған жөн. Комплексті қосылыстармен іс жүзінде танысу үшін төмендегі тәжірибені жасауға болады.

Сu (OH) 2 + 2NaOH --- Na2 [Cu (OH) 4]

Натрий тетрагидроксокуптриты

Slide 11

Комплекс қосылыстарына тағы да көптеген органикалық заттар жатады, ерекше айтқанда аминдердің сумен және қышқылдармен әрекеттесу өнімдері. Мысалы СН3NH2 мен фениламин (анилин) қышқылдармен әрекеттескенде метиламмоний хлориді CH3NH3*Cl мен фениламмоний хлорид С6Н5NH2*HCl тұздары түзіледі. Бұл тұздар өздерінің құрылысы бойынша комплекс қосылыстарына жатады. Координациялық теорияға сәйкес олардың құрылысы төмендегідей болады:

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Комплексті қосылыстар, олардың жіктелуі ішкі сфералық, біртекті лигандалық, полиядролық. Комплексті қосылыстардың химиялық байланыс теориялары (Вернер, Коссель, Полинг, кристалды өріс теориясы, лигандар өріс теориясы)
Комплексті қосылыстардың жіктелуі
Комплексті қосылыстардың құрылысы
Комплекс түзуші
Кешенді қосылыстар. Кешенді қосылыстардың биологиялық ролі, фарм. препараттартарын алуда және анализдеу кезінде комплексондардың фармация мен медицинада қолданылуы. Гемоглабин және кобальттың комплексті қосылыстарының фармация мен медицинада қолданылуы, химиялық негізі
КОМПЛЕКСТІ ҚОСЫЛЫСТАР
Комплексті қосылыстардың биологиялық рөлі
Координациялық қосылыстардағы валенттік байланыс теориясы
Льюистің қышқылдар мен негіздер теориясы
Комплексті қосылыстарға жалпы анықтама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz