Білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесінің тиімділігі




Презентация қосу
Батыс Қазақстан облысы
Тасқала ауданы
ЖББ Амангелді орта мектеп-балабақшасы
жоғары санатты
биология пәнінің мұғалімі
Акжигитова Алия Аубекеровна

Баяндама:

“Білім беру
ұйымдарында
электрондық
оқыту жүйесінің
тиімділігі”

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, Н.Ә.Назарбаев

технологиялық
мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның
денсаулығына,
кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі
білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы
Байланысты субъективті деңгейде көтерудегі
демократиялық бастамалардың барлығы мұғалімдер
арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі мұғалімге тек пән
мұғалімі ретінде қабылдау олқылық көрсетеді. Мұғалім
қоғам айнасы. Ертеңгі күнімізге аттамас бұрын бүгінгі
ұстаздың кім екендігіне баға беріп көрейік. Бүгінгі
мұғалім
ата-ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері. Мұғалім –
оқытушы, мұғалім – ұстаз, мұғалім – оқулық авторы,
мұғалім – технолог, мұғалім-жаңалықты дәріптеуші,

Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман
талабына сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік
бермейтіндігін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр.
Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту
процесінде іске асу үшін оны технологияландыру
қажеттілігі
туады.
Білім
беру
үрдісін
ақпараттандыру

жаңа
ақпараттық
технологияларды пайдалану арқылы дамыта
оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту
мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие
үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі
мен сапасын жоғарлатуды көздейді.

Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты:
Оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау,
сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.
Компьютерлік оқыту үрдісінің құрылымдық сызбасын
қарастырайық. Оның құраушы элементтері мұғалім,
оқушы, дидактикалық материалдар мен дербес компьютер.
Осы элементтердің барлығы да бір-біріне өзара әсер ететін
ақпараттар ағынымен байланысқан. Осы құрылымда
алғашқы маңызды аспект ролін мұғалім мен оқушының
компьютерлік сауаттылығын қамтамасыз етуі, яғни
олардың компьютермен және оның сыртқы
құрылымдарымен жұмыс істей білу деңгейлері,
компьютердің жалпы қызмет ету принциптерін түсінуі,
осы жүйенің жалпы мүмкіндіктерін ұғынуы саналады.

Дәстүрлі
оқыту
меңгерудің
деңгейінің
(репродуктивтік,
алгоритмдік,
эвристикалық,
шығармашылық) тек алғашқы екеуін ғана қамтиды,
нәтижесінде
материалдар
жеткілікті
дәреже
меңгерілмейді,
білімнің
жүйелілігі,
беріктілігі
қалыптаспайды. Компьютердің көмегімен тақырыпты
оқу, зерттеу негізінде меңгеруді эвристикалық және
шығармашылық деңгейге жатқызуға болады. Оқушылар
электронды оқулықтан оқығанын, көргенін елестете
отырып тақырыпқа берілген тест сұрақтарын шешеді.
Ал электронды оқулықта тест сұрақтары күрделенген
тест және жеңілдетілген тест түрінде болады.

Қорыта айтқанда компьютерді сабақта қолдану
барысында оқушылар:
•Қарастырылып отырған тақырыптың мағынасын
терең түсінеді;
Оқушы жұмысты орындау барысында ғылыми
зерттеу
жұмысына
тартылады,
оның
бойында
зерттеушілік қабілет пен ынта қалыптаса бастайды.
Кез келген
пән мұғалімін компьютерлік кабинетке
тартып отырған не? Ең бірінші кезекте сабақты
түрлендіру және оқушылардың пәнге деген қызығушылығын
арттыру. Компьютерлік сыныпта өткен сабақта
үйреншікті тыныштық жоқ. Сабақ кезінде оқушылар
проблемаларды
талқылайды,
сабақтың
барысын
қызығушылықпен бақылайды. Бұл кезде мұғалім – оқушы
арақашықтығын ұстау болмайды.

Енді электронды оқулықты пайдаланудың тиімді және
тиімсіз жақтарына тоқталайық
Тиімді жақтары

Оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалын іздеп
отырмайды.

Оқушы оқулықты қажет етпей-ақ информатика негіздерінен кез
келген мәліметті алып, оқып үйренуіне болады.

Тақырыптың үлкен, қиын бөліктерін өткенде қосымша
бейнехабар,
клиптер, аудиохабарларды пайдаланады.

Таңдап алған хабарды көшіруге мүмкіндік бар.

Сарамандық жұмыстар жылдам түсіндіріледі.

Бағдарламаны меңгеруге арналған тест сұрақтармен
қамтамасыз етілген.

Көрнекілік құралдарға деген мұқтаждықты азайтады.

Мүғалім әр оқушымен дербес жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік
туғызады.

Оқушының ой өрісін, дүниетанымын кеңейтуге, тану үрдісіне
ықпал етеді.

Зерттеушілік қабілеті бар тұлға қалыптасады.

ҰБТ-ге даярлаудағы тиімділігі жоғары

Тиімсіз жақтары

Психология-педагогикалық талаптардың
жоқтығы.

Пән аралық байланыстың аздығы.

Көрнекілік материалдарда бірыңғай таңдау.

Оқып үйренудегі мамандық бойынша бағыты
ескерілмеген.

Материалды толық қамтуы немесе оқулықтарды
толық аудару.

Оқушының жеке ерекшелігі, денсаулық жағдайы
ескерілмеген.

Берілген материалдағы санитарлық-гигиеналық
нормалардың сақталмауы.

Компьютердің графикалық мүмкіншілігінің
қолданылуының нашарлығы және әлсіздігі.

Оқушының тіл мәдениетінің төмендеуі «тірі»
қарым-қатынасқа түсе алмауы.

Жоғарыда айтылған тиімсіз жақтарды болдырмау үшін
төмендегідей ұсыныс жасауға болады:
1. Компьютерді сабақтың белгілі бір кезеңдерінде ғана
пайдалану;
2. Компьютерді пайдалану уақытын сақтау;
3. Компьютерді пайдалануда қауіпсіздік ережесін сақтау;
4. Дәстүрлі және электронды оқытуды кіріктіру арқылы
жүргізу. Себебі электронды оқыту – оқу пәнінің негізгі
ғылыми
мазмұнын
қамтитын
компьютерлік
технологияға негізделген оқыту, бақылау, модельдеу,
тестілеу т.б. бағдарламалар жиынтығы. Электрондық
оқулық жай оқулықтарға өте тиімді қосымша
мүмкіндіктер береді.

Атап айтқанда:
Кері байланысты іс жүзінде тез арада
қамтамасыз етеді;
Жай оқулықтағы кездеспейтін қосымша
материалдарды электронды оқулықтардан қысқа
уақытта табуға болады;
Гипермәтінді түсіндірмелерге өту барысында
уақытты үнемдеуге көмектеседі.
Кез келген сабақ бойынша ең бастысы
электронды оқулықтарды дайындаудың бір жүйеге
келтірілген заңдылығы болуы керек

Осыған байланысты электронды оқулықтарды
дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды
ескерген жөн:

Белгілі бір пәнге байланысты дайындалған
оқулықтың сол пәннің типтік бағдарлаиасына
сәйкес болуы;
Электрондық оқулықтар курста оқытылатын
тараулар мен тақырыптарға қатысты дәріс
конспектісін қамтитын негізгі сарамандық және
тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған
қосымша
материалдарға
анықтама,
библиографиялық
көмекші,
аралық
және
қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест
материалдарды
дайындауда
пайдаланылған
әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуы;

Белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3
экрандық беттен артық болмау.

Түрлі сабақтарда электронды оқулықпен жұмыс
нәтижелерін бағалау үшін түрлі диагностикалық
зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар:

Білім мониторингісі;

Сауалнамалар;

Түрліше тестілік бақылаулар;

Жеке оқушылармен әңгіме, пікір алмасу т.б.

Оқушыларды сырттай бақылау
Электрондық оқулықтарды қолдану барысында
оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт
артқандығын жоғарыда айттық. Сондай-ақ мұғалімдер
де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші
құралдарды молынан қолдана алады.

Заман табына сай жас ұрпаққа сапалы білім
беруде электрондық оқулықтарды география
сабағында пайдалану – оқытудың жаңа
технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға
болады. Ой өрісі дамыған шетелдік білім
жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру
жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу
қажет деп ойлаймыз.
ЭО негізгі қасиеттері:

Жинақтылық
Жүйелілік
Эстетикалық көркемділігі
Жылдамдылығы және т.б.

ЭО құрылымы
Материалдың мәтін, сурет,график, кескін,
кесте және т.б. түрде баяндалуы. Ол оның дәстүрлі
оқулықтан ерекшелігін көрсетеді.
Материалддың кескін түрінде баяндалуыоқулық мазмұнының графиктік-мәтіндік түрде
бейнеленуі. Онда оқу материалының негізгі идеясын
айқындайтын үзінділерін оқушының меңгеруіне
ыңғайлы етіп, графиктік түрде бейнелеу.
Өзіндік тексерудің (өзіндік бақылаудың)
тестілік жүйесі. Онда оқу материалын қаншалықты
деңгейде меңгергенін айқындайтын сұрақтар мен
тапсырмалар беріледі.


Ұқсас жұмыстар
Қашықтықтан оқыту технологиялары туралы түсінік
Ақпараттық құзіреттілік
Электронды оқулықтың құрылымы
Тест бағдарламалар пошта
Интернет WWW құралдары
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасының өзге бағдарламалардан ерекшеліктері
Жаңа технологиялар
Ақпараттық технологиялардың пайдасы
Инновациялық технология
Ата - анамен
Пәндер