Мектеп пен отбасының тәрбиелік ынтымақтастығы


Slide 1

Отбасы мен мектептің байланысы

Slide 2

« Отбасы мен мектептің байланысы»

Ата - ана - бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата - аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздарымен үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің орынсыз сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шешесі, үй ішінің үлкендері әдептілік танытқаны жөн.

Slide 3

Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау - ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала - әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.

Slide 4

Мектеп балалар тәрбиесі мен отбасы тәрбиесін педагогикалық басқарудағы тікелей іске асыратын маңызды әлеуметтік институт болып табылады. Жас ұрпақты өмірге дайындауда жаңа сапалық белгілер қалып-тасып, дербестікті дамыту, кәсіптік бағдар, білім алу және өздігінен білім алу, қабілеттерді анықтау және дамыту сияқты мәселелерге ерекше маңыз бере бастады. Мектептің, отбасының және жұртшылықтың тәрбиелік қызметі-нің біртұтастығы мектептің мақсатты түрде жүргізген жүйелі жұмыстарының нәтижесі. Ал бұл нәтиже қазіргі заманғы білім беру мекемесіне қойылатын басты талаптардың бірі.

Slide 5

Белгілі педагог В. А. Сухомлинскийдің еңбектерінде ''мектептік-отбасылық тәрбие'' ұғымы кең қолданылады. Оның пікірінше тәрбиені мектептік немесе отбасылық деп қарастыруға болмайды, өйткені бала тұлғасы біртұтас және оны қалыптастыру процесі де біртұтас сипат алады. Міне, осындай біртұтас тәрбие процесінде мектеп жетекші рөл атқарады.

Мектеп отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңітеді және дамытады, осы бағыттта педагогикалық ағарту жұмыстарын жүргізеді, қоғамдық және мектептен тыс ұйымдардың мектеп пен отбасына белсенді түрде көмек көрсетуін ұйымдастырады және бағыттайды, олардың әрекеттерін үйлестіреді. Мектеп басшысының, сынып жетекшісінің жұмыс жүйесі ең тиімді түрлер мен әдістер таңдап алу арқылы ұзақ жылдар барысында қалыптасады. Ол жүйе жұмыстың нәтижелігін қамтамасыз ететіндей талаптарға жауап беруі тиіс.

Slide 6 Slide 7 Slide 8 Slide 9 Slide 10

«Жанұя типтері»

Әмірлі (авторитарлық)

Демократиялық (егемендік)

Бетімен жіберушілік

Рақымшыл жанұя

Сіздің жанұя, жанұя типтерінің қайсысына жатады? (іштей ойланып, сіздің жанұяңыз сіз таңдаған типте болғаны сізді қанағаттандыра ма? . . . Өзгерткіңіз келмей ме? Қалай өзгертер едіңіз? Кімнің көмегі керек?) Ұсынысыңыз, қосар пікіріңіз болса, рефлексия парағына жазып қалдыруға болады.

Slide 11 Slide 12 Slide 13 Slide 14

Қорытынды

Жоғарыдағы даналық сөзге сүйенсек, мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі үшін тек ата-анамен бірігіп жұмыс істеу керек екенін ескерткен. Сондықтан, балаңыздың тамағының тоқтығы мен көңілінің көктігіне қарайтын, құр асыраушысы рөлінен шығып, ендігі жерде, сіздің алдыңызда балаңыздың білім алу жолындағы серіктесі болу міндеті тұр.


Ұқсас жұмыстар
Ата-ана мен бала арасындағы тиімді қарым-қатынас: мектеп пен отбасының ынтымақтастығы
Мектеп пен отбасының тәрбие жұмысын біріктіру: ұйымдастыру және ынтымақтастық әдістері
Тәрбиенің рухани-адамгершілік мәдениеті: мектеп пен отбасының рөлі мен мектеп психологының міндеттері
Мектеп пен отбасының өзара іс-қимылы: маңыздылығы, мақсаттары және формалары
Бастауыш білім беру жүйесінде мектеп пен отбасы ынтымақтастығы: сынып жетекшісінің рөлі мен әдістемесі
Ата-аналармен педагогикалық ағарту: мектеп пен отбасының бірлескен тәрбие үрдісі
Отбасының қызметі, құрылымы және тәрбиелік рөлі
Бала тәрбиесі: мектеп пен отбасының бірлескен іс-әрекеті мен ата-аналармен ынтымақтастық стратегиялары
Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесінің құрылымы, компоненттері және басқару шарттары
Отбасының тәрбиелік потенциалын диагностикалау: құрылымдық ерекшеліктер мен бейімделу-топтасу шкалалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz