Әлем елдерінің жаңа жылды қарсы алу дәстүрлері


Slide 1

«Балқаш қаласының ЖББ №5 орта мектебі» КММ

Орындаған информатика пәнінің мұғалімі,

5 «А» сыныпбының сынып жетекшісі:

Мұқаметжан Тоғжан Дәуренқызы

Slide 2

Әлем елдерінің жаңа жылды қарсы алу дәстүрлері

Slide 3

Жаңа жыл мерекесінен асқан көңілді мереке жоқ. Адам баласы жаңа жылды жақсы үміт, жақсы ниет - тілекпен қуана қарсы алады. Дегенмен, әр халықтың бұл мерекені күтетін өз дәстүрі бар. Осыған байланысты біз әр елдің рәсімдерінен кішкене мәлімет беруді жөн көрдік.

Жалпы, қазақтар үшін Жаңа жыл мерекесі наурыздың 22-сінде басталған. Бұл күні күн мен түннің теңеліп, мал төлдеп, көктемнің гүлденген шағында жұрт та жасарып, қыз-жігіттер ерекше құлпырып, әсем жырмен айналаны әнге бөлеп, неше түрлі ұлттық ойындар ойнайды. Абыр-сабыр наурыз көже пісіріліп, үй-үйді аралап, қыдырып жүрген адамдарға көше толы болады. Сондай-ақ, бұл күндері сандықтағы ең тәтті тағамдар шығарылып, ой мен қырдағы сағынысқан жұрт табысып, дастарқандары неше күн жиылмай тойлайтын болған.

Slide 4 Slide 5

Жаңа жылды әшекейлі шыршамен қарсы алу дәстүрін Ресейде 1700 жылы қаңтардың бірінде I Петр енгізді. Дәл осы жылы Ресейде жаңаша жыл санау басталды. Осы I Петрдің өзі басқарған Мәскеудегі мейрам таяға шейін созылған. Міне, осыдан бері Жаңа жыл шыршасының айналасында мейрамдау кәдуілгі салтқа айналды.

Slide 6

Жер шарында Жаңа жылды ең алдымен қарсы алатын халық - Фиджи архипелагінің 160 аралының тұрғындары екен» ол архипелагта 320 арал бар, бірақ кейбіреудерін жұрт мекендемейді екен.

Slide 7

Шотландия мен Уэлсте ескі жылдың соңғы секундында есікті кеңірек ашып, ескі жылмен қош айтысып, "шығарып" жібереді де, Жаңа жылды "кіргізеді".

Кения халқында Жаңа жылды керек десеңіз, суда қарсы алу салтқа айналыпты. Бұл күнді барша кениялықтар өзенге, көлге суға түсіп, қайыққа мініп, ән салып, сауық-сайран кұрып, ойын-күлкімен өткізеді.

Slide 8

Австралияда Жаңа жыл 1 қаңтардан басталады. Дегенмен, нақ осы уақытта ол жерде күннің ыстық болатыны сондай, Аяз ата мен Ақша қар сыйлықтарын суға түсерде киетін киімдерімен жүріп таратады. Өз кезегінде осындай аздаған киімдік ерекшеліктері болмаса ағылшын тілді елдердегі үрдістен алшақ кете қоймаған.

Slide 9

Үндістанның әр ауданында Жаңа жылды әр уақытта (қыркүйектен наурызға дейін) қарсы алады. Үй иесі от Анасының міндеті - үйін өз қолымен істелген түрлі әдемі заттармен безендіру. Бұл елде Жаңа жыл мерекесінде ұшырылған батпырауықты садақпен атады екен. Кеш соңында әркім өз өнеріне сай сыйлықтармен марапатталады.

Slide 10

Жаңа жылды алғаш рет Панамада қарсы алған кісінің тосыннан қорқып қалуы ықтимал. Өйткені, мұнда Жаңа мереке өрт сөндіргіш

мұнарадағы зор қоңыраудың құлақ тұндырарлық ащы даусымен басталады.

Халық туыстарын, таныстарын, тіпті бейтаныстарын да осы қоңыраудың қуатты күмбірі астында құттықтайды. Осы күні мұнда керемет шу көтеріледі: автокөлік сигналдары шыңғырып, сирена даусы ұлып, адамдар улап-шулап, не болса соны даңғырата қағып, азан-қазан болады. Бұл кезде жас балалар түгіл үлкендердің де қуанышында шек болмайды.

Жаңа Жылыңызбен!

Slide 11

Болгарияда Жаңа жыл дастарқанына басқа да тәтті тағамдармен қатар күміс теңге қосып, бірнеше қабат етіп пісірген самса қойылады. Оның жанында денсаулық пен ұзақ өмір сүрудің белгісі ретінде кизил ағашының бір бұтағы жатуға тиіс. Күміс теңгені алған адам Жаңа жылда зор бақытқа кенеледі деп есептелінеді. Дастарқан басында әлдеқалай біреу түшкіріп қалса, жақсы ырым саналып, оған көктемде туған алғашқы қозыны, лақты, құлынды сыйға тартады.

Slide 12

Иранда Жаңа жылды наурызда қарсы алады. Ел халқы мерекелік дастарқанға тұқым, жеміс-жидек, қытай пиязы, сіркесу қояды екен. Дәл сағат 12. 00-де үстел басында қолына күміс теңге ұстауға тиіс. Әйшесе, халық нанымында ол адам жыл бойы жат елде емір кешеді.

Slide 13

Бразилиялықтар Жаңа жылда көшелеріндегі бағандарды гүлдермен, қоңыраулармен безендіріп тастайды.

Slide 14

Жапонияда да Жаңа жыл 1 қаңтардан басталады. Үйге «зұлым рухтарды» кіргізбес үшін жапондар кіреберіске сабан байламдарын іліп қояды. Яғни, бұл әрекет өз түсініктерінше бақыт әкеледі деп есептеледі. Тағы бір өзіндік ерекшеліктері, нақ Жаңа жыл енетін сәтте олар жаппай қатты күле бастайды. Жергілікті түсінік бойынша күлкі жетістік пен сәттілік шақырады.

Slide 15

Қытайда Жаңа жыл 17 қаңтар мен 19 қаңтар аралығында, аспандағы ай жаңарғанда енеді. Әлемдік стандарт қаншалықты өміршең десек те, көне өркениеттер орталығы болған бұл ел осылайша ілкі дәстүрінен айнымай отыр. Көше шерулері бұл мерекенің ең маңызды бөлігі. Мыңдаған шырағдандар жағылып, Жаңа жылдың жолын ашу рәсімі жасалады. Қытайлықтардың пайымынша, Жаңа жыл залым рухтар қоршауында болады. Сондықтан да оларды қорқытып, қуалау үшін шартылдақтарды жарған ләзім. Кейде олар есіктер мен терезелерді қағазбен бітеп, ішке залым рухтардың кірмеуін қадағалайды.

Slide 16

Жаңа Жылдарыңыз құтты болсын !!!


Ұқсас жұмыстар
Көрісу күні
АТАМЕКЕН ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ
Жаһандану және Қазақстан экономикасы
Суық соғыс
Ислам мәдениеті
Атар таңға, шығар күнге Тәу - тәу
ФИЛОСОИЯЛЫҚ АНТРОПОЛОГИЯ
Шет елдердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат
Хоум - стейджинг
Монархия, аристократия және демократия: мәні мен ерекшеліктері (нақты елдер мысалында)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz