Абай қарасөздерін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері




Презентация қосу
Абай қарасөздерін оқытудың
тиімді әдіс-тәсілдері

“...Жалпы алғанда, Абайдың осы барлық
қарасөз дейтін мұралары көркем прозаның өзіне
бөлек, бір алуаны боп қалыптанады. Бұлар сюжетті
шығармалар емес. Стиль, мазмұн жағынан алғанда,
осы шығармалар Абайдың өзі тапқан бір алуан көркем
сөздің түрі. Кейде адамгершілік, мораль мәселелеріне
арналған өсиет, толғау тәрізді.”

““......Абай
Абайсөздері
сөздеріжалпы
жалпыадамның
адамныңтүсінуіне
түсінуінеауыр
ауырекені
екенірас.
рас.
Бірақ
Бірақол
олауырлық
ауырлықАбайдың
Абайдыңайта
айтаалмағанынан
алмағанынанболған
болған
кемшілік
кемшілікемес,
емес,оқушылардың
оқушылардыңтүсінерлік
түсінерлікдәрежеге
дәрежегежете
жете
алмағанынан
алмағанынанболатын
болатынкемшілік.
кемшілік.Не
Ненәрсе
нәрсежайынан
жайынан
жазса
жазсада,
да,Абай
Абайтүбірін,
түбірін,тамырын,
тамырын,ішкі
ішкісырын,
сырын,қасиетін
қасиетін
қармай
қармайжазады.
жазады.Сондықтан
Сондықтансөзінің
сөзініңбәрі
бәріде
дехалыққа
халыққа
тіреліп,
тіреліп,оқушылардың
оқушылардыңбіліміне
білімінесын
сынболып
болыптабылады.”
табылады.”

1. Мәтінмен жұмыс
1.Мәтінді өз бетінше оқу.
2.Мәтіндегі түсініксіз сөздермен жұмыс.
3.Мәтінді абзацқа бөліп, оған тақырып қою.
4.Мәтіндегі негізгі ойды анықтау.
5.Мәтінге жай жоспар жасау.

Отыз төртінші сөз
Жай жоспар:
1. Өмір мен өлім құпиясы.
(Өмір бар жерде өлім бар. Өлім жас талғамайды, ол-Алланың жазуы,
өлгендер қайтып келмейді. Мәңгілік еш нәрсе жоқ.)

2. Адам баласына адам баласының бәрі дос.
(Адам баласы «бес күндік» өмірде бір-біріне қонақ. Бір-біріне өшігіп,
жауығып, не болса соған көрсе қызарлық жасап, дүние қуанышын дұрыс
бөлісе алмай жату Алла ісіне лайық емес. Ендеше, бұл дүниеде пендешілік
жасап, ешкімге көз алартпа.)

3. Тілеуіңді құдайдан тіле.
(Мұсылмандықтың негізі «адам адамға дос» деген қағида бар. Адамның

болмысы баршаға ортақ, көрер қызығы, қайғысы екі дүние аралығында.
Пендеге иман керек.
Абай ұсынған жол: Адамға керегі-дүниеге қонақ екенін сезіну, өзінің
мәңгілік еместігін ұғыну, сондықтан «бес күндік» ғұмыр үшін бір-бірімен
қырқыспай, игілікті істер жасауға ұмтылу.

2.Қарасөз мәтініндегі негізгі ойды тірек-сызба арқылы
бейнелеу
Жиырмасыншы сөз
Адамдарға тән “Жалығу” сияқты мінездің пайда болуы жайлы сөз қозғайды.
Жалығу
Дүниенің өткіншілігіне өкіну, өмір қызығынан бой тасалау, безіну.
Жалқаулыққа, қанағатсыздыққа, еріншектікке бой алдыру.

Менің пікірім

Абай пікірі

Жалығу, бойкүйездікке салыну - адамның еркін
жеңетін жаман әрекет. Жалығудың әсерінен
жақсы өмірің лайланады, ертеңгі күніңнен
үмітсізсің. Тек қайраттанып, сілкініп, ертеңгі
күніңе сеніммен ұмтылыс жасасаң, бұл кеселден
құтыларың анық.

Адам баласының айналысып жүрген
ісінен,
кәсібінен,
қызық
думаннан
жалығып жиренуі мүмкін. Егер адам
жалығуға бой алдырса, арты жақсы
болмайды.
Нәтиже

Өмірде өз орнын таппай, мақсатсыз, мәнсіз тіршілік етеді.

Екінші сөз
Өзге халықтардың өмір тәжірибесіндегі тағылымды
жағынан үлгі алу керектігін айтады.
Ноғай (татар)

Абай пікірі:

Абайды
қынжылтқан
ойлар:
Абай
ұсынысы:

Еңбек қылып, мал
табудың жолын
біледі. Салтанат,
әсемдік те соларда.

Сарт (өзбек)
Сарттың екпеген егіні
жоқ, саудагерінің
жүрмеген жері жоқ,
қылмаған шеберлігі жоқ.

Орыс
Орысқа айтар
сөз жоқ, біз
құлы, күңі
қадарлы да
жоқпыз.

Көрші халықтардың өмір тәжірибесіндегі тағылымды жағына
үңіліп, содан үлгі алудың орнына сыртына қарап үркіп,
жаңсақтық жасаппыз. Неге өзбек сияқты егін салмасқа, ноғай
сияқты сауда жасамасқа, орыс сияқты білімге құштар болып,
олармен терезе теңестірмеске?!
Ұлттық дамудың бағыттары
1. Өзіңе өзгелердің көзімен қара.
2. Шаруа істеп, өнер тауып, еңбектен. Сонда қорлықтан құтыласың.

3. Зерттеушілік әдіс
Оқушының өзіндік пікір-болжамы, дүниетанымдық көзқарасы аңғарылады.
Алған білімдерін іс жүзінде қолданады, дағды мен икемділігін
қалыптастырады.

Он бесінші сөз

Ұлы ойшыл адам өміріне ой жүгіртіп, терең топшылау жасап, адамның өзін-өзі
тәрбиелеу мәселесін сөз етеді. Ол адамның қызыққан нәрсені өмірден өзі іздеп, үйрену
кезіндегі есті кісі мен есер кісінің парқын саралайды.
.

«Әуелі пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық
көрмей тұра алмайды».
1.Қызықты нәрсені қызықтау
Есті адам

Есер адам

2.Құмарлық
Орынды іске қызығып, шын
құмарланады, келешек өміріне
ғибрат алады.

Баянсыз, бағасыз нәрсеге қызығып,
өмірінің қымбат шағын өткізіп
алады. Келешекке талап қылмайды,
өкінеді.

Абайша «әрбір құмарлықтың өзі дерт». Құмарлыққа
қолы жете бере адам елтіп, мастыққа бой ұрады.
Ал мастық ақылдың көзін байлайды.

Есті адам

Есер адам

Не нәрсені ақылға салады, бойын алдырмай,
өзіне-өзі ие болады. Құмарлықты ақылға,
ұстамдылыққа жеңгізеді.

Есі кете далақтап, еш нәрсенің парқын
айырмай, ессіз құмарлыққа салынады.

Абайдың қорытынды пікірі:
«Егер есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса
айында бір өзіңнен өзің есеп ал. Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өміріңді қалай өткіздің екен, не
білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды күніңде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса,
не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?»

Оқушы әрекеті:
«Абаймен сырласу» ( ой толғау жазу. «Бір күніңе немесе бір аптаңа өзіңнен өзің есеп ал».)

Нәтижесінде:
Оқушы Абай айтқан өмірге сын көзбен қарауды, өзін - өзі тәрбиелеуді, жақсыдан
ғибрат алып, жаманнан жиреніп, өмірге сабыр - тоқтаммен қарауды үйренеді.

Алтыншы сөз
Ақын қазақтың “Өнер алды-бірлік, ырыс алды-тірлік” деген
мақалы төңірегінде философиялық мәнде ой өрбітеді.
Өнер алды - бірлік

Қазақ ойлайды:

Ас ортақ, ат ортақ,
дәулет ортақ болса,
бірлік - осы.

Абай: замана
көзқарасымен
Бірлік – ақылға бірлік, малға
бірлік емес. Бірлік малға сатылса,
антұрғандықтың басы - осы.

Мен: қазіргі заман
көзқарасымен
Бірлік болмай, тірлік
болмайды. Бірлік бар
жерде береке бар.

Ырыс алды - тірлік
Қазақ ойлайды:

Кеудеден жан
шықпағандық

Абай: замана
көзқарасымен

Көкірегің мен көңілің
тірі болып, адал
еңбекпен мақсатты өмір
сүру.

Мен: қазіргі заман
көзқарасымен
Адам деген атқа лайық
болып, салауатты өмір
сүру, адал еңбек етіп,
өмірдің
мәнін
ұғыну.
Жақсы тірлік қылсаң,
ырысқа кенелесің.

Отыз үшінші сөз
Қазақтың өнерлі адамын Абай әулие санайды. Бірақ сол өнерлі
қазақтың бойында болатын кеселдерін атап береді.

Кесел түрлері:

Өнерлі қазақтың кеселдері:

Талапсыздық

Қолынан келгенге мәз, өнерін ұштауға, жетілдіруге
қыры жоқ.

Еріншектік

Өнерімен күнкөрістік аз ғана мал тапса, соған
тоқмейілсіп, салғырттыққа салынып, еріншектікке
бой алдырады.

Алдауға салыну

Бұл кесел өзге жұрттың кінәсінен болады. Маңайдағы
көрші-көлем, ағайын-туған ондай жігіттің өнерін
қасиетті деп қадірлемей, арзанға бағалап, тегін істетуге
әуес келеді.

Тамыршылдық

Біреулер оны алдап-сулап, соның өнерін өзіне бедел
қылып, соның билігін өз қолына алып, ақыры оны
кіріптар етіп қояды.

Жиырма тоғызыншы сөз
Мақал-мәтелдер

Абайдың сыны

Менің пікірім

“Жарлы болсаң,
арлы болма”

Ардан кеткесін тірі болып
жүргені құрысын

Жетпесімді толтырамын деп,
арсыздыққа баруға болмайды.
Жоғын адал еңбекпен табу –
арлы адамның ісі.

“Қалауын тапса, қар
жанады”, “Сұрауын
тапса, адам баласының
бермесі жоқ”

Сұрауын
табамын,
қалауын
табамын деп қорлықпен өмір
өткізгенше, малды не жерден
сұрау керек, не аққан терден сұрау
керек.

Адам әр нәрсеге талап
қылып, өз еңбегімен күн
көруі керек.

“Атың шықпаса, жер
өрте”

Жер өртеп шығарған аттың
несі мұрат?

Атыңды шығару мұрат емес.
Жеке бастың қамы үшін жөнсіз
іске баруға болмайды. Өзің
жақсы болсаң, атыңды ел
қадірлейді.

“Алтын көрсе періште
жолдан таяды”

Періште алтынды не қылсын,
өзінің көрсеқызар сұмдығын
қоштағалы айтқаны.

Адал өмір сүретін адам арам
жолмен
келетін
олжаға
мойын бұрмайды.

“Ата-анадан мал тәтті,
алтынды үйден жан тәтті”

Ата-анасын малға сатпақ ең
арсыздың қылығы емес пе?

Ата-ана бала үшін өмір
сүреді. Ата-анадан малды
артық көру – арсыздық.

Тыңдағандарыңызға
рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Абай пікірі Менің пікірім
Әдебиетті оқытудың инновациялық әдістемесі, технологиясы
Оқушыларды сыныпқа жас шамаларымен таным қабілеттерібойынша топтастыру
Сабақты мақсатты талдау
АБАЙ
Негізгі интерактивті әдістер
Проблемалық оқыту
Абайдың он жетінші қарасөзі
Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында Биология пәнінен зертханалық оқу үрдісін ұйымдастыруда басшылыққа алатын инновациялық әдіс - тәсілдер
Бастауыш мектепте сөз таптарын оқытудың тиімді әдіс - тәсілдері
Пәндер