Ұзақ жасаудың сырлары




Презентация қосу
Зерттеу жұмысының тақырыбы: Ұзақ жасаудың сырлары
Зерттеу жұмысының авторы:
Мерейқызы

Амандықова Фариза

Мектебі:

Жамбыл ОЖББМ

Сыныбы:

5 сынып

Зерттеу жұмысының басталуы: 2008 жыл
Ғылыми жетекші:

Бастауыш сынып мұғалімі
Нұржамал Қабиева

Ғылыми жұмыстың мақсаты:
Ұзақ өмір сүрудің құпиясын тереңірек білу.
Ұзақ өмір сүре білу тек медицина ғылымына
байланысты емес, әркімнің өз организміне,
өзінің ерік-жігеріне байланысты екендігін
дәлелдеу. Ұзақ өмір сүрудің негізгі себептері
мен құпия сырларын ашып көрсету.

Зерттеу жұмысының жоспары:
1. Кіріспе бөлім
2. Негізгі бөлім






Ұзақ жасаған алпауыттар.
Ұзақ жасаудың сырлары
Ұзақ өмір сүру жайлы ғылыми
зерттеулер.
Өмірім ұзарсын десең...

3. Қорытынды бөлім
4. Қолданылған әдебиеттер

І. Кіріспе бөлім
Кәрілікті кім жақсы көреді дейсің. Әйтсе
де, қаласаң да, қаламасаң да табиғаттың
заңы сондай. Уақыт өз дегенін жасайды.
Бір кездері үлбіреген жас теріні қатпарқатпар әжімдер басады. Адам ағзасы
тозып, әлсіреп, ақырында бақилық болады.
Адамның мезгілсіз ерте қартаюы, ұзақ өмір
сүре алмай қайтыс болуы жөніндегі мәселе
ерте заманнан бері шешілмей келе жатқан
ең күрделі мәселелердің бірі.

Негізгі бөлім
Мықты денсаулық – ұзақ өмір
сыйлайды

Ұзақ жасаған
алпауыттар
Өткен тарихты зерделесек, 150-200 жасқа келген
адамдар аз кездеспеген. Қызықты мысалдарды көптеп
келтіруге болады:
1724 жылы Венгрияда Кцартен деген адам 185 жасқа
келіп қайтыс болған. Америкалық Томас Парр деген кісі 169
жасында қайтыс болған. Сол жасқа дейін ауыл шаруашылық
қызметінен қол үзбеген. Бүкіл жер жүзінде ең ұзақ өмір
сүрген адам ағылшынның ең ірі сүт – май фермасының
қожасы, капиталист Фома Карне 207 жасқа келіп қайтыс
болған. Ол өмір бойы таза ауда көп жүріп, денесін таза
сақтап, оны шынықтырып отыруды әдет еткен.Ғылыми
дректерге қарағанда, жүзден аса өмір сүрген адамдар
көбінесе
таулы
жерлерде,
таза
ауада,
ауыл
шаруашылығымен айналысқан халықтар арасында көп
кездесетінін көреміз.
Шығыс Қытайдағы Чжэцзян провинциясының халқы әрі
ұзақ жасап, әрі көңілді өмір сүретін көрінеді. Соңғы он
жылда мұндағы жүз жасаған қарттардың саны 55% артып,
264 адамға жеткен.

Л.Н. Толстой

Егер адамның өмірі 150-200 жасқа
жетеді деп есептесек халықтың көпшілігі
неге жүзге келмей қайтыс болады? деген
сұрақ туады. Әрине, бұл орынды сұрақ.
Мұның кілті адамның өз қолында.
Адамның өмір сүру салтына байланысты.
Қажырлы еңбек етіп, салуатты өмір
салтын ұстанғандар ғана ұзақ жасап,
өмірін ұзарта алады. Атақты жазушы Л.
Н. Толстой таза ауада шөп шабу, жер
қазу, ағаш кесу жұмыстарын жақсы
көрген. Ол 65 жасында велосипедпен
жүруге үйреніп, қыс күндері коньки
тепкен, ал 82 жасында атқа мініп, 20-22
км жер жүріп, денесін шынықтырған.
Орыс халқының атақты ғалымы И. П.
Павловта қайтыс болғанға дейін ғылымға
көптеген жаңалықтар енгізіп, өмірінің
соңғы күндеріне дейін қара жұмыспен
айналысқан. Ол 86 жасында қайтыс
болды. Қазақ халқының даңқты ақыны
Жамбыл Жабаевта 99 жасқа келгенше
жалынмен
жырлады.
Атқа
мініп,
жайлауға шығып жүрді. Академик А. Н.
Бах 90 жасында қайтыс болды.

Ақшолақова
Жұмабике
әже

Қартаюда алдын ала сақтану және
ұзақ өмір сүру үшін ең алдымен дене
еңбегіне
араласқан
жөн.
Еңбек
еткенде бүкіл ағза жұмыс істейді. Бұл
дененің әрбір мүшесіне қажетті шарт.
Осының арқасында қан айналу, тыныс
алу процестерді жақсарады. Пайдалы
еңбек, дұрыс тамақтану мен тынығу,
қолайлы тұрмыс арқылы ұзақ өмір
сүрген
адамдар
қазірде
көп.
Жусандыой ауылы бойынша айтып
өтетін
болсақ
өзімнің
әжем
Ақшолақова Жұмабике 97 жасында
қайтыс болды. Әжемнің әңгімелерінен
байқайтыным ол кісі үнемі ауыл
шаруашылығында
қол
еңбегімен
шұғылданған.
жасына
дейін
еңбектен қол үзбей, үй шаруасында
жеңіл – желпі жұмыстар атқарды.
Ұзақ жасауының бір сыры тынымсыз
еңбек деп ойлаймын. Әжем жас
кезінде соқамен жер жыртып, шөпті
айырмен
маялағанын
айтып
отыратын.

Олжатаева
Үміт әже

Жусандыой ауылы
бойынша қазір ұзақ
жасаушы Олжатаева
Үміт әже. Ол әженің де
әңгімесінен тынымсыз
еңбек етіп, салауатты
өмір сүріп, мәнді өмір
сүргенін көруге болады.
Ол кісі де 90 жасқа
келгенше еңбектен қол
үзбей, үй
шаруасындағы жеңілжелпі жұмыстарды
атқарды. Үміт әже 98
жасында қайтыс болды.

Ұзақ жасаудың
сырлары
Осы бір ғажайып ахуалды егжей-тегжейлі зерттеген
сарапшылар мұның бес түрлі себебі барын анықтапты.

Бірінші себеп – отбасының татулығы, балаларымен
және немерелерімен қарым – қатнастағы жарасымдылық.
Олардың көбі немере – шөберелеріне дейінгі үрім –
бұтағымен аралас – құралас бірге тірлік кешеді екен.

Екінші себеп – ұзақ жасаған қарттардың бәрі таңертең
ерте тұрады, дене шынықтыру жаттығуларын жасаудан да
бас тартпайды.

Үшінші себеп – үш мәрте тамақтанып, көбінесе көкөніске
және басқа да дәруменді өсімдіктерге ден қояды.
• Төртіншіден, осынау жер ұйық өлкенің ауа райы.
• Бесіншіден, оны мекендеген ардагерлердің анау – мынау
қиындықтарға қыңқ ете қоймайтын жайдары мінезі екен.
Ұзақ жасағанда арасындағы тағы бір ұқсастық, ол –
қанағатшылдық, тіршіліктің қай ісіне де тәубе ете білу.

Ұзақ жасағандарды зерттей жүріп байқағаным көп
жасаған қарттардың бәрінің де өмірге деген көзқарасы
бір жерден шығып жататындығы.
Ешқайсысы өмірді жек көрмейді, бәрінің де
мінездері ашық, шыншыл. Ғұмыр жолында көрген
қиындықтары
мен
шеккен
азаптарын
айтып
шағынбайды. Жүз жасаған жандар өлімнен жас кезінде
де қорықпаған, енді тіпті де тайсалмайды. Олардың 50%
астамы о дүниені ойлап қайғырмайтынын, 37% бүгін
өлседе риза екенін айтады.
Күллі қиындық, ауру – сырқау атаулының, кейде
тіпті өмірмен қоштасудың бастау көзі белгілі бір
құндылыққа шектен тыс табынып, құлдық ұрушылық
болып табылады. Ол, бәлкім, отбасы, жұмыс, кәсіпкер,
серіктес, ақша, махаббат, болар... Өйткені нақтылы бір
адамдар да, оқиғалар мен заттар да әрдайым
қиялыңдағыдай болып шықайды ғой. Міне, осыдан келіп
наразылық, түңілу, ауру пайда болады. Ал, мұның қай –
қайсысы да адамның жаны мен тәнін жегідей жеп,
ғұмырын қысқартады.

Ұзақ өмір сүру жайлы ғылыми
зерттеулер
• Медицина мен ғылыми-техникалық және
әлеуметтік жетістіктер нәтижесінде халық
денсаулығын сақтау ісінде бұл күндері көптеген
игі істерге қол жетті. Атап айтқанда, бұрын адам
өміріне қатер төндіріп келген көптеген аурулар
атымен жойылды. Адам өмірін медицина мен
әлеуметтік жетістіктерді пайдалану арқылы
ұзартуға болатынын өмірдің өзі дәлелдеді. Қазіргі
кезде ұзақ өмір сүретін адамдардың саны артуда.
• Адамның өмірін ұзарту мүмкіндіктері мен
қартаю процесін тежеу шараларын зерттеу ісімен
айналысатын ғылым саласын геронтология деп
атайды. Геронтологтардың зерттеулеріне
қарағанда адамның өмір жасын ұзартудың басты
шарты - әркімнің өз тұрмыс салтына байланысты.



«Өмірге көзқарасымыз бен оны танып-білуіміздің
ұзақ өмір сүруге қатысты мұншалықты маңызды
болуында не сыр бар?! »

Ағылшын ғалымдарын осы сұрақ айрықша
толғандырды. Адамның ойы оның физиологиясына
организміне қалай әсер етеді? Адамның миы оң
жақ және сол жақ жарты шарлардан тұрады.
Екеуінің ара қатынасы таразыны еске түсіреді.
Ғалымдар оны «биологиялық тепе – теңдік
механизмі» деп атады. Таразының бір табағында
мағлұматтар қазынасы да, екіншісінде – біздің ішкі
көзқарасымыз, ой – пікіріміз, құндылықтарымыз,
адасуларымыз және т.б. орналасқан. Тоқ етерін
айтқанда, ой- пиғылымыз шындыққа таянған
сайын
тепе

теңдік
орныға,
денсаулық
жағдайымыз
жақсара
түседі.
Керісінше,
санамызда теріс пиғылдар билесе, күш – қуатымыз
кеміп, ісіміз ілгері баспай қояды, жан азабы мен
тән азабына ұшыраймыз.

Өмірім ұзарсын десең...
Германия оқымыстысы Манфред Кенлехнердің еңбегінде
денсаулықты сақтап, ұзақ жасаудың жеті қағидасын атап көрсеткен.
Бір қарағанда пәлендей жаңалығы жоқ, әмбеге белгілі жайлар
сияқтанып көрінгенімен, мұнда айтылған кеңестер адамның
күнделікті жүріс–тұрысына жол сілтерлік бағдарлама ретінде
ұсынамын.


Тынысыңызды дұрыс алыңыз. Йогтардың қарапайым
жаттығуларын, тыныс терапиясын және гимнастиканы
меңгерген жөн. Тіпті айқайлау, күлу, жылау сияқты «тыныш
табу массаны» арқылы да көңіл күйін жақсартуға болады.
Қалай тыныс алудың ғана емес, немен тыныс алудың да
маңызы зор. Сондықтан таза ауада көбірек қыдыруға
тырысыңыз, шылым шегуден ада – күде арылыңыз.

Сусынды дұрыс іше біліңіз. Күн сайын екі жарым литрдей
сұйықтық ішіңіз. Тек сонда ғана денедегі қалдық заттардан
арылуға болады. Сүтті жаңа сауылған күйінде ішуге
тырысыңыз. Неғұрлым сіңімді болу үшін оны жаңа піскен
жеміспен ішкен жөн. Лимонадқа, кока – кола тектес
сусындарға әуес болмаңыз.

Дұрыс тамақтана біліңіз. Өлім – жітімнің 30 проценттейі
тамақты дұрыс ішпеуден болады. Түнге қарай асқазанға аса
көп салмақ түсірмеңіз. Тамақ – тамақтың арасында алма,
сәбіз, қатқан нан сияқты болымсыз бірдеңелермен жүрек
жалғай салған жөн. Әртүрлі тамақ ішуге, көбінесе
ескірмеген тағамдарды пайдалануға тырысыңыз. Тамақты
үнемі бір мезгілде және бір жерде ішуге тырысу керек.
Құрамын үнемі өзгертіп отыру керек.
Дұрыс қимылдай біліңіз. Қазір өркениет жағдайында
көптеген адам қимылдың аздығынан жапа шегеді. Ондай
жандарға ең керегі –спорт. Жаттығу олардың жүрегін
жасартуға, бойына қосымша күш – жігер жинауға, денесінің
қорғаныс қабілетін күшейтуге, тіршіліктің-қызығын сезінуге
мүмкіндік береді. Ең әуелі жүгірумен шұғылданыңыз. 15-20
минуттық жүгіріс өте-мөте пайдалы, бірақ оның алдында
біраз уақыт тез жүріп алған дұрыс. Суда жүзудің, велосипед
пен
шаңғы
тебудің,
би
билеп,
йогтардың
кейбір
жаттығуларын жасап тұру керек. Таңертең кереуетте
жатып аяғыңызбен « велосипед тебіңіз» отырып киінуші
болмаңыз. Көбірек жаяу жүруге, үстіңгі қабаттарға
лифтімен емес, жаяу көтерілуге тырысыңыз. Теледидар
алдында көп отырмаңыз, ал егер экрандағы жағдайлар тым
қызықтырып бара жатса, креслода отырған бойыңызда аратұра жүгіріп, әрі желкеңіздің бұлшық еттерін біршама
босатып алыңыз.

5.

Дұрыс тыныға біліңіз. Біздің заманымыз жан беріп, жан алған
аласапыран оқиғаларға толы, ал бұл әр алуан ауру- сырқауға себепші
болады. Тек демалыс кезінде ғана емес, күн сайын дұрыстап тынығуды
үйреніңіз, жаныңызға жағатын бір алданыш тауып алыңыз, биге,
моншаға барыңыз, т.б. Қажудан арыламын деп кофеин, никотин
қабылдау, алкогольді ішімдікке жоламау керек.
6. Дұрыс сақтана біліңіз. Әртүрлі аурулардың алдын алуды бала кезден-ақ
бастаған жөн. Ешқандай жасандылығы жоқ, табиғи түрде, тәртіпті өмір
сүріңіз. Жүрек ұстамасына ұрынбас үшін шылым шекпеңіз, майлы
тағамға әуес болмаңыз, салмағыңызға абай болып, көбірек қимылдаңыз.
Дұрыс ойлай біліңіз. Адамның көңіл күйі, ақыл-ойы денсаулығына әсер
етеді. «Бақытсыздық туралы ойлаған адам бақытсыздыққа душар
болады, ауру туралы ойлаған адам өзгеден бұрын ауруға шалдығады.»
Дұрыс ойлай білу дегеніміз – ойыңды тәртіпке келтіре білу, оны сенімді
де саналы түрде жақсылыққа бағыттау деген сөз.
Кімде-кім осылай ете алса, ол өзінің денсаулығын да берік негізге қоя
біледі. Адамның тәні, ақыл–ойы мен жан-жүрегі, рухани қалпы өзара
байланысты, сондықтан бұлардың біреуі өзгерсе өзгелері де өзгеріске
ұшырайды.

ІІІ. Қорытынды бөлім








Жоғарыдағы мәселелерді талдай отырып, ата-аналар
есінде мына мәселелерді ескерсе деймін.
Әрбір ата-ана өз балаларының ағзасын жастайынан
шынықтыру және оларды таза ауада молырақ жүргізу керек.
Олар үшін шана, коньки, шаңғы, велосипед;т.б. ойын
құралдарынан ақша аямауы керек. Ойын ойнау таза ауада
шынығудың ең негізгі құралы.
Ересек адамдардың өзі күніне 15-20 минуттай дене
жаттығуын жасап, жүгіруі керек. Жұмысқа жаяу барып,
жаяу қайту және ұйықтар алдында жарты сағат шамасында
таза ауада жүріп қайту өте қажет.
Таза ауада саяхат пен серуеннің де үлкен маңызы бар.
Денсаулығы мықты, ыстық-суыққа бірдей төзімді, ұзақ
жасаймын деген әрбір Қазақстан азаматы дене шынықтыру,
спорт жаттығуларына аса көңіл аударуы керек.
Балалардың денсаулығы мықты, жаны да, тәні де күшті,
қайратты болып өсуі, өздерінің жұмыс қабілетін сақтай
отырып, ұзақ жасауы үшін әрбір адам тиімді тамақтану
тәртібін, тағамдардың емдік қасиетін білудің де маңызы зор.

IV. Қолданылған әдебиеттер





Өмір кілті өз қолымызда.
Богдашкин К.А., 1984 жыл, Алматы
Айта жүрер әңгіме. Құрманғазы
Қараманұлы, 2004 жыл, Алматы,
«Жазушы» баспасы
«Орал өңірі» газеті. 2008 жыл, 24
сәуір, №76
Интернет материалдары


Ұқсас жұмыстар
ГРУЗИНСКИЙ ІРІМШІК
Өнер философиясы
Микроскопияның негіздеушісі, 1680 жылдан бастап Лондон королдік қоғамының мүшесі
Отбасы ынтымағы
Табиғат жұмбақтары
Табиғат тылсымы
КӨСЕМСӨЗ МҰРАСЫ
Баға жане баға жасау жайлы
Ұзын өмір жолы
Гиперактивті балалар
Пәндер